Берілген диломдық жобада құжаттармен жұмыс жасауды жеңілдететін



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата18.12.2017
өлшемі0,49 Mb.
#4836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
    Навигация по данной странице:
  • 3 LIFERAY

21 

 

3 LIFERAY 

 

 

3.1 Liferay туралы түсінік 



 

Корпоративті  портал  (Enterprise  Information  Portal  -  EIP)  –  бизнесті 

дамытуға,  жаңа  клиенттерді  іздеуге,  сатылымдарды  ұлғайтуға  және 

клиенттермен  толықтай  қарым-қатынасу  үшін  интернетті  қолданатын 

компанияның өкілдігі.  

Корпоративті  портал  (интранет-портал)  –  бұл  компанияның  барлық 

бөлімдеріндегі  қызметкерлерді  және  қолданылатын  ақпараттық  жүйелерді 

бірегей  ақпараттық  кеңістікке  біріктіретін  шешім.  Корпоративті  портал 

компания ішіндегі коммуникацияны жеңілдету үшін қажет, яғни корпоративті 

портал  көмегімен  бизнестің  тиімділігін  арттыруға,  бизнес-процестерді 

жеделдетуге болады. 

Құжаттар 

ағыны, 

бизнес-процестерді 



басқару, 

клиенттермен 

әрекеттесуді басқару,  ресурстарды  жобалау,  есеп  берулерді  құру  – бұлардың 

бәрі және одан да басқа заманауи компаниялар қолданатын жүйелер бір біріне 

біріктірілуі 

мүмкін. 


Бұндай 

жүйені 


қолдану 

барлық 


компания 

қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді және олардың тиімділігін арттырады. 

Біріккен  жүйе  бүкіл  компания  басшылары  мен  бөлімдер  басшыларына 

процесстерге  деген  толық  басқару  мүмкіндігін  береді,  яғни  басқару 

тиімділігін арттырады. 

Liferay  Portal  –  коорпоративті  порталдарды,  яғни  бір  жерде  бірнеше 

коорпоративті  қолданбаға  орталықтандарылған  рұқсат  алуға  арналған 

шешімдерді  құруға  арналған  бағдарламалық  қамтыма.  Оның  көмегімен 

корпоративті қолданбалар интеграциясын қолдайтын порталдар, динамикалық 

веб-сайттар,  білім  қорын  және  әлеуметтік  желілер  құруға  болады. 

Қызметкерлер  деректерге  қол  жету  және  ақпаратпен  алмасу  үшін  бір 

қолданбаны  қолданады.  Ашық  кодпен  қос  лицензиямен  (GNU  GPL  және  

коммерциялық) таратылады. Liferay әлемде өте танымал. 2011 жылдан бастап 

Gartner  аналитикалық  агенттігі  өзінің  Magic  Quadrant  for  Horizontal  Portals 

есебінде Liferay-ді Microsoft, IBM, SAP  және Oracle-мен қатар көшбасшылар 

қатарына қосып келеді.   Ресми сайттан порталды төрт миллионнан (4000000) 

астам  жүктелген  және  әртүрлі  кәсіпорындағы  350-500  мың  орнатылым  бар. 

Олардың  арасында  Францияның  қорғаныс  министірлігі,  Cisco,  Andorra 

Telecom және т.б. 

 

Liferay-ді  кейде  CMS  (Content  management  system  –  контентті  басқару 



жүйесі)  ретінде  немесе  веб-қолданбаларға  арналған  платформа  ретінде 

анықтайды. Liferay Portal Java тілінде жазылған.  

Liferay Portal қолданушыға әртүрлі қолданбаларға жалпы рұқсат беруді 

жалғыз  бір  сайт  көмегімен  баптауға  мүмкіндік  береді.  Баптау портлет деп 

аталатын функционалдық модульдер арқылы іске асырылады. Liferay бірнеше 

тілде  жазылған  портлеттерді  қолдайды.  Liferay  қолданба  құрастырушы  үшін 




22 

 

күрделі  бағдарламалық  интерфейс  болғанымен,  оны  орнату  және  бастапқы 



администрациялау  үшін  бағдарламалау  дағдалары  қажет  емес.  Liferay  Portal 

Java тілінде құрастырылған және Java Runtime Environment ортасындағы кез-

келген есептеу платформасында және қолданба серверінде жұмыс жасайды. 

Liferay  орнатылғаннан  кейін  базалық  жүйеде  кейбір  оптималды 

жиынтық  болады.  Liferay-дің  барлық  қосымша  мүмкіндіктері  портлет  деп 

аталатын модульдерді қосу арқылы іске асырылады.  

Портлет –  қолданушылық  веб-порталдың  қосылатын,  ауыстырылатын 

компоненті.  Портлет  портал  бетінде  орналастырылады.  Әдетте  портал  беті 

әрқайсысы  портлетті  көрсететін  бір-бірін  жаппайтын  портлеттік  терезе 

түрінде  көрсетіледі.  Осылайша,  портлет  (немесе  портлеттер  жиынтығы) 

порталда  орналасқан  жалғыз  бір  веб-косымша(қолданба)  ретінде  көрінеді. 

Портлетке мысалдар: email, ауа-райы жайлы хабар, соңғы жаңалықтар. 

Портлеттерді  әртүрлі  программалау  тілдерінде  –  Java,  PHP,  Ruby, 

Python,  Grails  және  тағы  басқа  фреймворктарда  дербес  құруға  болады. 

Құрастырушылар  қолданбаны  құруды  жеңілдететін  IDE,  SDK    және  API 

ұсынады. Сондықтар портлеттерді және Liferay тақырыптарын 

 

GitHub, sf.net, 



Google  Code  және  басқа  да  ресурстардан  іздеп  табуға  болады.  Жобаның 

құжаттары  және  ашықтығы  керек  болған  жағдайда  кез-келген  қолданбаны 

қосуға  мүмкіндік  береді.  Liferay-дің  қазіргі  нұсқасы  орыс  тілін  қолдамайды, 

сондықтан жергіліктеу портлет арқылы іске асырылады.  

Liferay  сервері  кез-келген  өлшемдегі  мекемелерде  қолдануға  дайын, 

жеңіл  масштабталады,  кластерде  жұмыс  істеуге  болады.  Каталогтар 

қызметтері  LDAP  және  Active  Directory,  Single  Sign-On  (CAS,  OpenSSO, 

NTML,  SiteMinder)  жүйелерімен  интеграциялануды  қолдайды.  Поштамен 

жұмыс  үшін  кез-келген  SMTP/S,  IMAP/S  немесе  POP3/S  жарайды.  Барлық 

қолданбалар мен ақпараттар әртүрлі әдістер арқылы (SOAP, REST, RSS, ішкі 

API) бірыңғай интерфейске интеграцияланады.  

Liferay-ді  қолданумен  құрылған  портал  ішіні  контентті  басқару  жүйесі, 

блогтар,  wiki,  форум,  білім  базасы,  хабарландыру  тақтасы,  құжат  алмасу, 

біріккен жұмысты (күнтізбе, тапсырмалар, хабарландыру, хабарламен алмасу) 

ұйымдастыру  құралдары,  бизнес-процестердә  басқару  және  клиенттермен 

әрекеттесу, ресурстарды жобалау және тағы басқаларды қосуға мүмкіндік бар. 

Қолданушы  мессенджерден  басқа  кіріктірілген  веб-клиент  көмегімен 

электрондық  поштаға  рұқсат  алады.  Бұдан  басқа  хабарландыру  және  тарату 

жүйелері (email, RSS, SMS және тағы басқа) іске асырылған. 

Liferay-дің  бір  орнатылымы  бірнеше  мекеме  мен  сайттарға  қызмет 

көрсете  алады.  Портал  бір  уақытта  бірнеше  интерфейс  тілін  қолдайды, 

қосылған  кезде  браузер  баптамасы  бойынша  парақша  беріледі.  Порталдың 

сыртқы  келбеті  экран  өлшеміне  қарай  соның  ішінде  мобильді  құрылғылар 

үшін де автоматты түрде бапталады. 

Liferay  келесі  деректер  қорын  басқару  жүйелерін  қолдайды:  MySQL, 

DB2,  Oracle,  PostgreSQL,  SQL  Server  және  Sybase.  деректер  қорын  басқару 

жүйесін  Liferay-ді  орнату  кезінде  таңдау  қажет.  Бұл  дипломдық  жобаның 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау