21
3 LIFERAY
3.1 Liferay туралы түсінік
Корпоративті портал (Enterprise Information Portal - EIP) – бизнесті
дамытуға, жаңа клиенттерді іздеуге, сатылымдарды ұлғайтуға және
клиенттермен толықтай қарым-қатынасу үшін интернетті қолданатын
компанияның өкілдігі.
Корпоративті портал (интранет-портал) – бұл компанияның барлық
бөлімдеріндегі қызметкерлерді және қолданылатын ақпараттық жүйелерді
бірегей ақпараттық кеңістікке біріктіретін шешім. Корпоративті портал
компания ішіндегі коммуникацияны жеңілдету үшін қажет, яғни корпоративті
портал көмегімен бизнестің тиімділігін арттыруға, бизнес-процестерді
жеделдетуге болады.
Құжаттар
ағыны,
бизнес-процестерді
басқару,
клиенттермен
әрекеттесуді басқару, ресурстарды жобалау, есеп берулерді құру – бұлардың
бәрі және одан да басқа заманауи компаниялар қолданатын жүйелер бір біріне
біріктірілуі
мүмкін.
Бұндай
жүйені
қолдану
барлық
компания
қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді және олардың тиімділігін арттырады.
Біріккен жүйе бүкіл компания басшылары мен бөлімдер басшыларына
процесстерге деген толық басқару мүмкіндігін береді, яғни басқару
тиімділігін арттырады.
Liferay Portal – коорпоративті порталдарды, яғни бір жерде бірнеше
коорпоративті қолданбаға орталықтандарылған рұқсат алуға арналған
шешімдерді құруға арналған бағдарламалық қамтыма. Оның көмегімен
корпоративті қолданбалар интеграциясын қолдайтын порталдар, динамикалық
веб-сайттар, білім қорын және әлеуметтік желілер құруға болады.
Қызметкерлер деректерге қол жету және ақпаратпен алмасу үшін бір
қолданбаны қолданады. Ашық кодпен қос лицензиямен (GNU GPL және
коммерциялық) таратылады. Liferay әлемде өте танымал. 2011 жылдан бастап
Gartner аналитикалық агенттігі өзінің Magic Quadrant for Horizontal Portals
есебінде Liferay-ді Microsoft, IBM, SAP және Oracle-мен қатар көшбасшылар
қатарына қосып келеді. Ресми сайттан порталды төрт миллионнан (4000000)
астам жүктелген және әртүрлі кәсіпорындағы 350-500 мың орнатылым бар.
Олардың арасында Францияның қорғаныс министірлігі, Cisco, Andorra
Telecom және т.б.
Liferay-ді кейде CMS (Content management system – контентті басқару
жүйесі) ретінде немесе веб-қолданбаларға арналған платформа ретінде
анықтайды. Liferay Portal Java тілінде жазылған.
Liferay Portal қолданушыға әртүрлі қолданбаларға жалпы рұқсат беруді
жалғыз бір сайт көмегімен баптауға мүмкіндік береді. Баптау портлет деп
аталатын функционалдық модульдер арқылы іске асырылады. Liferay бірнеше
тілде жазылған портлеттерді қолдайды. Liferay қолданба құрастырушы үшін
22
күрделі бағдарламалық интерфейс болғанымен, оны орнату және бастапқы
администрациялау үшін бағдарламалау дағдалары қажет емес. Liferay Portal
Java тілінде құрастырылған және Java Runtime Environment ортасындағы кез-
келген есептеу платформасында және қолданба серверінде жұмыс жасайды.
Liferay орнатылғаннан кейін базалық жүйеде кейбір оптималды
жиынтық болады. Liferay-дің барлық қосымша мүмкіндіктері портлет деп
аталатын модульдерді қосу арқылы іске асырылады.
Портлет – қолданушылық веб-порталдың қосылатын, ауыстырылатын
компоненті. Портлет портал бетінде орналастырылады. Әдетте портал беті
әрқайсысы портлетті көрсететін бір-бірін жаппайтын портлеттік терезе
түрінде көрсетіледі. Осылайша, портлет (немесе портлеттер жиынтығы)
порталда орналасқан жалғыз бір веб-косымша(қолданба) ретінде көрінеді.
Портлетке мысалдар: email, ауа-райы жайлы хабар, соңғы жаңалықтар.
Портлеттерді әртүрлі программалау тілдерінде – Java, PHP, Ruby,
Python, Grails және тағы басқа фреймворктарда дербес құруға болады.
Құрастырушылар қолданбаны құруды жеңілдететін IDE, SDK және API
ұсынады. Сондықтар портлеттерді және Liferay тақырыптарын
GitHub, sf.net,
Google Code және басқа да ресурстардан іздеп табуға болады. Жобаның
құжаттары және ашықтығы керек болған жағдайда кез-келген қолданбаны
қосуға мүмкіндік береді. Liferay-дің қазіргі нұсқасы орыс тілін қолдамайды,
сондықтан жергіліктеу портлет арқылы іске асырылады.
Liferay сервері кез-келген өлшемдегі мекемелерде қолдануға дайын,
жеңіл масштабталады, кластерде жұмыс істеуге болады. Каталогтар
қызметтері LDAP және Active Directory, Single Sign-On (CAS, OpenSSO,
NTML, SiteMinder) жүйелерімен интеграциялануды қолдайды. Поштамен
жұмыс үшін кез-келген SMTP/S, IMAP/S немесе POP3/S жарайды. Барлық
қолданбалар мен ақпараттар әртүрлі әдістер арқылы (SOAP, REST, RSS, ішкі
API) бірыңғай интерфейске интеграцияланады.
Liferay-ді қолданумен құрылған портал ішіні контентті басқару жүйесі,
блогтар, wiki, форум, білім базасы, хабарландыру тақтасы, құжат алмасу,
біріккен жұмысты (күнтізбе, тапсырмалар, хабарландыру, хабарламен алмасу)
ұйымдастыру құралдары, бизнес-процестердә басқару және клиенттермен
әрекеттесу, ресурстарды жобалау және тағы басқаларды қосуға мүмкіндік бар.
Қолданушы мессенджерден басқа кіріктірілген веб-клиент көмегімен
электрондық поштаға рұқсат алады. Бұдан басқа хабарландыру және тарату
жүйелері (email, RSS, SMS және тағы басқа) іске асырылған.
Liferay-дің бір орнатылымы бірнеше мекеме мен сайттарға қызмет
көрсете алады. Портал бір уақытта бірнеше интерфейс тілін қолдайды,
қосылған кезде браузер баптамасы бойынша парақша беріледі. Порталдың
сыртқы келбеті экран өлшеміне қарай соның ішінде мобильді құрылғылар
үшін де автоматты түрде бапталады.
Liferay келесі деректер қорын басқару жүйелерін қолдайды: MySQL,
DB2, Oracle, PostgreSQL, SQL Server және Sybase. деректер қорын басқару
жүйесін Liferay-ді орнату кезінде таңдау қажет. Бұл дипломдық жобаның