23
деректер қорын басқару жүйесі ретінде MySQL алынды. MySQL – Oracle
корпорациясы жасап шығарған еркін реляциялық деректерді басқару жүйесі.
Платформа мүмкіндіктері:
Жеңіл жобалау.
Liferay портал ішкі және сыртқы порталдарды жобалауды, қолданушы
жекеленген ақпараттар мен қызметтерді алу үшін міндеттелген жүйеге кіруді,
ақпараттарды публикациялау үшін күрделі бизнес процесстерді қолдану қажет
ететін жағдайларды жеңілдетеді. Liferay портал мекеменің барлық ендірілген
жүйелеріне қолданушының бірегей интерфейсін ұсынады – бұл өз кезегінде
соңғы қолданушылардың жұмысын жеңілдетеді.
Мекеменің ақпараттық кеңістігіне интеграциялаудың қуатты
құралдары.
Liferay порталы мекеменің ақпараттық кеңістігіне жеңіл ендіріледі. Бір
жағынан бар жүйелерге бірегей интерфейс ұсына отырып, жүйемен SOAP,
REST, RSS және т.б протоколдар арқылы қарым-қатынаса алады.
Ендірілген модульдердің көптеген түрі.
Орнатылудан кейін көптеген модуль (60-тан астам) – бәсекелестерге
қарағанда әлде-қайда көп түрін қолдануға болады.
Кірудің бірыңғай нүктесі (SSO).
Барлық жүйелерді бір терезеге жинап олармен осы терезеде жұмыс
жасау мүмкіндігі. Liferay порталы көптеген қолданбаларды біріктіре отырып
қолданушының өзінің барлық ақпараттына бір рет бірыңғай нүктесі (SSO)
арқылы авторизацияланып қол жеткізе алады.
Қосымша атрибуттар.
Портал администраторы порталдың кез-келген стандартты объектісінің
(қолданушы, қауым, мекеме, парақша, блог, құжаттар және олардың дестесін,
сурет, форум хабарламаларын, күнтізбе, вики-парақша...) қосымша
атрибуттарын өзгерте, қоса, жоя және жақсарта алады.
Бизнес ережелер.
Қолдашуның іс-әрекетеріне, орнына және басқа параметрлеріне
байланысты администратор баптайтын бизнес ережелер арқылы порталдың
функцияналдануының қосымша жекешелендіру мүмкіндігі бар.
Қауымдар (топтар) мен мекемелер.
Портал қолданушыларды мекеме иерархиясына біріктіруге мүмкіндік
береді.
Қолданушы персонолизациясы.
Қолданушы өзінің жеке парақшасын модульдер қосы және жоя отырып,
модуль атрибуттарын өзгерте отырып баптай алады. Жеке парақша бүкіл
қолданушылар үшін де және жеке қолданушы үшін ғана рұқсат етіле алады.
Рольге байланысты көрініс.
Портал әртүрлі қолданушыларға бір адрес бойынша әртүрлі мазмұнды
парақша алуға мүмкіндік береді. Бұл қолданушы, қауым және рольдерді
баптау арқылы іске асырылады.
Динамикалық Drag&Drop.
24
Liferay портал ең алғаш болып парақшаға модульдерді қарапайым
тышқанды жылжыту арқылы қосуды ұсынған.
Өнімділік аудиті және бақылауы.
Liferay портал администраторларға өнімділік бойынша кілттік
статистикасын көруге мүмкіндік береді. Бұл администраторларға өнімділікті
анализдеуге және қолданулатын ресурстарды оптимизациялауға мүмкіндік
береді.
Іздеу және таңбалау.
Портал объектілеріне таңба қою арқылы оларды іздеуді жеңілдету
мүмкіндігі.
Көп тілдікті қолдау.
Халықаралық және көптілді мекемелер орнатудан кейін 30-дан астам тіл
қолдауын алады. Қолданушы тілдерді бір шертумен өзгерте алады. Жаңа тілді
қосу да өте жеңіл.
3.1-сурет – Орнутадан кейінгі басты терезе
3.2 Портлет
Liferay порталында веб-қолданбалар портлет деп аталады. Басқа да
көптеген веб-қолданбалар сияқты портлет сұраныстарды өңдейді және
жауаптарды генерациялайды. Жауап ретінде портлет браузерде көрінетін
мазмұн (мысалы, HTML, XHTML) қайтарады. Портлеттің басқа веб-
колданбадан қандай айырмашылығы бар деген сұрақ тууы мүмкін. Портлеттің
веб-қолданбадан басты айырмашылығы – портлет веб-парақша бөлігінде
орындалады. Портлет жазу кезінде тек қана портлеттік қолданбаны ескеру
қажет, парақшаның басқа бөліктері (навигация, жоғарғы баннер және
интерфейстің басқа глобальді элементі) басқа компонеттермен өңделеді. Басқа
25
айырмашылықтарына келетін болсақ портлет тек портал серверінде
орындалады. Осылайшы портлет порталда бар басқа сүйеулерді қолдана
алады, яғни бұл портлеттің негізгі функциясын жобалауға мүмкіндік береді.
Парақшада портлеттерді администратор немесе белгілі рұқсаттары бар
қолданушылар орналастыра алады. Бір парақшада бірнеше портлет
орналастыруға болады. Портал парақша макетін басқарғандықтан портлеттің
өлшемін, орналасқан жерін портлет кодына өзгеріс енгізбей өзгертуге болады.
Басқа веб-қолданбаларда бұндай операция жасау үшін кодты қайта жазу қажет
болады. Бұдан басқа бір портлет бүкіл парақшада орналаса алады. Қысқаша
айтқанда портлет веб-қолданбаларды құру кезінде пайда болатын көптеген
проблемаларды жеңілдетеді.
3.2-сурет – Портлеттердің парақшада орналасуы
Liferay порталының портлеттері стандаттар негізінде жасалынған. 2003
жылы Java Portlet Specification 1.0 (JSR-168) стандарты портал мен портлет
қандай болу керектігін бекітті. 2008 жылы Java Portlet Specification 2.0 (JSR-
286) стандарты (JSR-168) негізінде құрылды және ол портлеттер аралық
қарым-қатынас (IPC - inter-portlet communication) және тағы басқа
функцияларды іске асырды. Жақынды шыққан Java Portlet Specification 3.0
(JSR-362) стандарты Liferay порталы мн портлеттерінің эволюцисын
жалғастыруда.
Сервлет
негізінде
құрылған
веб-қолданбалардан
портлеттің
айырмашылқтарын атап өтейік. Портлеттер сұраныстарды бірнеше кезеңдерге