Бексейітова А. Т


Сабақтың тақырыбы 13: 70-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар мен қиыншылықтар



жүктеу 1,93 Mb.
бет4/5
Дата12.02.2018
өлшемі1,93 Mb.
#9428
1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы 13: 70-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар мен қиыншылықтар
Максаты: Оқушылардың тараудан алған білімін жинақтау. Түсінбеген,

болмаса шала түсінген мәліметтерді дұрыс түсіндіріп жеткізу.



Дамытушылық: Оқушының тез ойлануын, ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

Тәрбиелілігі: Достарын тыңдай білуге, өз сөзін өзі түзеп, алған акпаратты дұрыс жеткізіп, тілін дамытып, білімін арттыру.
Түрі: Интеллектуалдық шоу ойыны.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Екі оқушы кезекпен-кезек топтарға сұрақ қойып отырады. Екі әділқазы

болады. Сынып екі топқа бөлінеді.

Жоспар.


1. «Бәйге» (шарты: сұраққа тез жауап беру). Әрбір сұраққа 10 ұпай.

2. «Кім тапқыр?» (шарты: тапсырманың жылын анықтау).

3. «Көкпар» (шарты: топпен акылдаса отырып. сұраққа жауап беру).

4. «Қарлы кесек» ойыны (оқушылар біріне-бірі бата береді).

Қорытынды шешімі: Оқушыларға баға қою, оқушылардың ескермей кеткен, шала жауап берген сұрақтарын толықтырып, нені дұрыс түсінді, нені еске алмады, соны толықтыру.

Армысыздар, құрметті оқушылар, қонақтар! 70-80 жылдардағы

әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар мен қиыншылықтарды

интеллектуалдық шоу ойынына арқау еткіміз келеді.


1 жүргізуші:

«Бәйге». 1 - топқа сұрақтар.

1. Ғылыми өндірістік бірлестіктер дегеніміз...

2. Қазақстанның өндірісіне ғылыми-техникалық жаңалык еңгізілді ме?

3.1970-85 жж. өнеркәсіпті өркендетуге қанша қаражат жұмсалды?

(40,8 млрд. сом).

4. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Одақ бойынша Қазақстан

нешінші орында болды? (3 - орында).

5. 1970-80 жылдарда қанша кәсіпорын іске қосылды? (170).

6.1975 жылы 6 - наурызда Павлодарда қанша трактор шығарылды? (Павлодар трактор зауытының бас конвейерінен жүз мыңыншы ДТ-75 М «Қазақстан» тракторы құрастырылып шығарылды).

7. Одақ бойынша Екібастұз көмір өндіруден нешінші орында болды?

(4 - орын).

8. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді. Мысалы келтіріңіздер.

9. Республика егістіктерінде қанша трактор болды? (1967-82 ж.ж. 239 мың

трактор болды).

10. 1970 жылғы мектеп, мектеп оқушылар саны қанша болды? (10,154

мектеп, 3 млн. 226 мың окушы).


2 жүргізуші:

2 - топқа сұрақтар:

1. 1986 жылы мектеп, оқушылар саны қанша болды? (8,728 мектеп, 348

мың оқушы).

2. Орта білім беруге көшу қай жылы болды? (1972 жылы).

3. Ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен бірігіп істейтін өндіріс орындары

1971 жылы қанша болды? (28).

4. Өзен-Гурьев-Куйбышев мұнай күбырының ұзындығы қанша? (1400

км).


5. Қазақстанның барлық кәсіпорындары энергиямен қай жылы қамтамасыз етілді?( 1975 ж.).

6. Талдыкқорғанда қандай зауыт, Ертісте қандай СЭС-ның құрылысы басталды? (Талдыкорғанда аккумулятор, Ертісте Шүлбі СЭС-ы).

7. 1971-85 жылдары ауылшаруашылығына қанша қаржы жұмсалды?

(18 млрд. сом).

8. Ауыл шаруашылығында қанша комбайн, қанша трактор болды?

(109 мын комбайн, 239 мың трактор, 184 мың жүк автомобильдері болды. (1967-82 жж)).

9. Ірі аймактық өндірістік кешендерді атаңдар.

10. Ауыл шаруашылығы мемлекетке неге қарыздар болды?


1-жүргізуші: Қымбатты достар, алған біліміміз жадымызда қаншалықты қалғанын білу үшін келесі «Кім тапқыр?» сайысына көшеміз. Әрбір дүрыс жауапқа 10 ұпай.

1 –топтың сұрақтары

1.70-80 жылдары шыққан ғылыми еңбектерді атаңдар.

2. Академик Айтхожин қандай жаңалық ашты, нешінші жылы? (1976

жылы өсімдіктердің жасушаларынан инфросомаларды тапты).

3. 80 жылдары алғаш терендетіп оқытатын қай мектеп ашылды? (Қазіргі О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернат).

4.70 жылдары ең төменгі жалақы қанша болды? (70 сом).

5. 70 жылдары республикада қанша орта білім беретін мектеп болды?

(10,154).

6. «Қазақстанның өсімдіктері» неше том болып жарық көрді? (9 том).

7.Сокольский қай салада жаңалык ашты? (Химия саласында катализаторды электрохимиялық әдіспен алуды алғаш ұсынды).

8. «Қан мен тер» кімнің шығармасы, автор туралы не білесіңдер?

9. О. Сүлейменовтың 7 томдық еңбегінің тұсау кесері қашан, қай жерде болды? (Ұлттық кітапханада 12.12.2004 ж.).

10. Атақты опера әншілерін атаңдар. Олар туралы қызықты мәлімет

беріңдер.

11. Аймақтық өндіріс кешеңдерін картадан көрсетіңдер.

12.10 минутта тараудағы жылдарды жазыңдар. (1 оқушы).



2-жүргізуші: 2-топқа сұрактар:

1. 1974 жылы қай қойылым үшін қай ұжымга қандай сыйлық берілді?

(М. Әуезов атындағы академиялық драма театр ұжымына «Қан мен тер» койылымы үшін Мемлекеттік сыйлыкберілді).

2. Ж. Молдагалиевтің қандай шығармаларын жатқа айта аласындар.

3. Мектептерде кабинеттік оқу жүйесі қашан енгізілді? (1972 жылы).

4. Республикада қанша жоғары оқу орны, қанша студент болды?

(55 ЖОО, 273,3 мын студент).

5. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» қанша том? (10 том).

6. Ахмет Сафин қай ғылымды дамытты? (гидрофизика мен гидрогеология ғылымдарын).

7. «Ұлпан» повесі кімдікі, қай жылы орыс тіліне аударылып, авторы қандай атақ алды? (1975 жылы желтоқсанда Ғ. Мүсірепов жазушылардың ішінен тұңғыш рет Социалистік Енбек Ері атағын алды).

8. «Атаманның ақыры» картинасының авторы кім? (Ш. Айманов).

9. Атақты композиторларды ата. Н. Тілендиев туралы не білесіндер?

10. Ш. Калдаяковтың бір әнін орындай аласыңдар ма?

11.70 жылдары салынған өндіріс орындарын картадан көрсетіндер.

12.10 минутта тараудағы жылдарды жазындар. (1 окушы).
1-жүргізуші: Енді «Көкпар» ойынын ойнасақ. Әрбір топқа 5 сұрақ

беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. 1 -топқа сұрақтар:

1. Кемелденген социализм кімнің идеясы, қай жылы айтылды?

(1967 жылы Л.И. Брежнев).

2.1968 жылғы Чехословакиядағы оқиғаға көзкарасын қандай?

3. Сахаров не үшін жазалаңды?

4. О. Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабы не үшін қолданыстан шығарушы?

5. Қазақстан шетелдермен қандай байланыстар жасады?



2-жургізуші: 2 - топқа сұрақтар:

1. Ауғанстан соғысының зияны.

2. Кенес халқы қалыптасты деген пікір қайда айтылды? Оның астарында не жатыр?

3. Қытаймен қатынас салкындады. Дәлелде.

4. Әлемдік социализмнің даму қарқыны неге бәсендеді?

5. Қазақстан ғалымдары қай елдермен, қандай проблемада қатынас жасады?



1-жүргізуші: «Қарлы кесек» ойынын ойнаймыз. Бүгінгі Қазақстандағы

окиғаларға байланысты 1 топқа 4 сұрақ беріледі. Олардың жауаптарын екінші топ толықтырады, сынайды, бағалайды.

1. «Астана» танкерін қай қалада жасады, тұсаукесері қашан өтті? Ұзындығы, ені қанша? Қазақстаннан кім қатысты? (Санкт-Пегербургте жасалған, ұзындығы 149, ені 17 метр. 12.12.2004 жылы болды, Ж. Аубакирова қатысты.

Жазға салым Атырауға әкелінеді).

2. Ә. Қастеев туралы не білесіңдер?

3. Білім министрі кім? (Ж. Түймебаев)

4. Жазушы Сәкен Жүнісовтің 70-ке келген мерейтойы қашан атап өтілді?

Оның қандай шығармаларын білесіңдер? (20.12.2004 жылы, «Заманай мен Аманай», «Жаңа жылдық кроссворд», «Өліара», «Ақан сері - Ақтоқты»).

2-жүргізуші: 2 - топқа сұрақтар.

1. Үкі Әжиев туралы мәлімет. («Жайлауда», «Әже мен немере», «Қазақ

мадоннасы», «Бақташы қыз». Оның суреттері шетелдерде қойылып, көрерменнен өз бағасын алып жүр).

2. «Алматы» танкерінің құрылысы қашан бітеді? (Атырау қаласына

әкелінеді, құрылысы 2005 жыл көктемде бітеді, мұнай тасиды).

3. Алматы қаласының әкімі ауысты. (Ауыл шаруашылық министрі болған А. Есімов болды).

4. Ертістің сол жағында Астанада қандай мекемелердің құрылысы аяқталады деп қашан айтылды? (Жоғарғы Сот Кеңесі, Парламент үйі, Президент резиденциясы,16.12.2004 жылы айтылды).
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, тақтага жазады. Оқушыларға баға қойылады


Сабақтың тақырыбы 14: Қазақстандағы жекешелендіру
Мақсаты: Қазақстанның өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық

дамукөрсеткіштері. Қарама-қарсы тенденциялар. Жекешелендіру.

А) Оқушылар өткен білімдерін жаңа білімді нақты косу арқылы ұштастырып толықтырды. Тақырыпты жан-жақты ашты, талқылады, салыстырды.

Б) Оқушы өзінің де, өзгенің де ойын тыңдай білді, сыйлады. Топпен,

жұтшен жұмыс жасады.
Әдісі: СТО.

Көрнекіліктер: Карта, маркер, аққағаз, сызбалар. Карта. Н. Назарбаев

«Казакстан - 2030» Жолдауы, Казакстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы.


Эпиграф. Окушылар сабақ соңында сабақтың эпиграфын өздері тауып таңдайды.
Сабактың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.



Жоспары:

1. Жекешелендіру карсаңындағы Қазақстандағы дағдарыс.

2. Қазақстандағы экономиканы жекешелендіру

3. Жекешелендіру кезеңдері.

4. Жекешелендіру кезіндегі кемшіліктер
II. Кызығушылыкты ояту.

«Елес» стратегиясы.



Мұғалім: Балалар, біз «Тәуелсіздік жолында» тарауын бастап кеттік.

Тәуелсіздігімізді айкындайтын осы күнге дейін елімізде болып жаткан кандай шараларды білеміз?



Оқушылар: Рәміздер, Астана, Президент, Ұлттық валюта т.б.

Мұғалім: - Тәуелсіздік алғаннан кейін экономикада өзгерістер болды

ма? (Рефераттар).



Окушылар: - Болды.

Мұғалім: - Олай болса, балалар, сіздер кез-келген меншіктің иесі бол-

ғыңыз келе ме?



Окушылар: - Иә.

Мұғалім: - Бір сәт көзімізді жұмайык, ненің иесі болғын келеді? Көз

алдымызға елестетейік.



Мұғалім: - Енді дәптерге жазамыз. Олайболса: Біздің такырыбымыз. Қазақстандағы жекешелендіру.

Сабақ соңында: эпиграф



III. Мағынаны ашу. Сыныптағы оқушылар 4 топқа бөлінеді. 1,2,3,4.

Әр топқа мәтін таратылады.



Стратегиясы: ЖигСО-1. Бүтінді бөлшектеу. Бөлшекті бүтіндеу.

1. Жеке-жеке таратылды. Оқи отырып не туралы айтылғанын, түсінгенін қағаз бетіне түсіреді. Өз тобы берілген мәтінді бір-біріне түсіндірді. Талқылады, ойлады.

2. Әр сандар әр топтарға барып өздеріне берілген мәтінді тұтас түсіндіріп меңгертіп шықты.
I топ мәтіні.

Жекешелендіру карсаңындағы Қазақстандағы дағдарыстар.

80-ші жылдардың аяғы Кеңестер Одағының барлық саласында қамтылган дағдарыстар Қазақстанға да әсерін тигізді. 1987 жылы одан әрі тереңдей түсіп, бұған қарсы үкімет жүргізіп отырған бағыт өз нәтижесін бермей өндірістің құлдырауына алып келді. Бұл ең 1-ші экономикадағы қаржы жағдайының құнсыздануы (инфляция) болды.

2-шіден. Кәсіпорындарда өз меншігіндегі айналым қаржыларының

жетіспеушілігінен өкіметке салық, кәсіпорындар арасындағы өзара төлемдер, жұмысшылардың еңбекақы қарыздары төленбей жатты. 1995 жылы 1 казанда еңбекақы қарызы - 25100,8 млнға жетті, ал уакытында төленбеуінен зейнетакы - 1997 жылы - 35 млрд теңгеге жетті.

3-шіден. Өнеркәсіпте электр қуаты, отын жетіспегендіктен (себебі оғанда толейтін қарызы 50 млрд теңгеге жеткен еді) өнім өндірудің кемуіне әкелді.

Мыс: 1995 жылы өндірірілген көмір 1994 жылғы өндірілген көмірдің 76,6% еді.

4-шіден. Жеңіл өнеркәсіп аяк киім, кілем, тігін т.б. тоқтап қалды.

5-шіден. Жұмыссыздық саны 643 мың адамға өссе, өндірістің тоқтауы

салдарынан ақысыз демалыстағылар 192 мың адамға жетті.

6-шыдан. Ауылдағы еңбек проблемасы ерекше ауыр болып жұмыссыздардың көпшілігі - 54,8% ауылда тұрды.


II топ мәтіні.

Нарыктық экономикаға өту - жекешелендіру Қазакстанға не үшін кажет?

Қоғам алға жылжыған сайын адам еңбегі жеңілденді. Ол өзіне қажетті

тауарды өзі шығарды, өзі айырбастап алады. Бұл алу-сату деген - нарықтық экономика деген мағына. Алу - сатудың арасында тауардың өтімділігі үшін бәсеке пайда болады. Осы бәсекеге кұрылған экономика – жекеменшік немесе жекешелендіру. Жекеменшік - мүлік қожасы, иесі, толык билік жүргізуші (мыс: фирма, жер, капитал иесі).

Қазақстанда ескі мемлекеттік меншіктегі экономиканы түбірімен жойып-жекешелендіру басталды. Кімге беру қажет дегенде шаруашылықты тиімді ұйымдастыратын меншік иелеріне беру.

Н. Назарбаев: «Соңғы кезде «көлеңкелі экономика» алып сатарлар, саудагерлер т.б. кәсіп орындарды сатып алып, мамандарды жалдамалы жұмысшы қылудан тайынбайды. Сондықтан да кәсіпорында жұмыс істейтін коллективке алуына мүмкіндік беремін». Коллектив өз калауы бойынша пайда табу мақсатында акция аркылы шетел азаматына сата алады.

Жекешелеңдіру мақсаты: Мемлекет экономиканың бір ісіне араласпау, реттеп отыру.

1. Кәсіпкерлікті дамыту.

2. Кәсіпорыңдарды мемлекет иелігінен алу.

3. Жеке меншік секторын құру.

4. Бәсекелестікті күшейту.

5. Еркін баға.

6. Инфляциямен күресу
III. Топ мәтіні. Жекешелендіру кезеңдері.

Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталады. Үкімет бағдарламасы бойынша бұрынғы мемлекеттік меншіктегі дүниені 3 кезең ішінде жекешелендіріп болу кажет болды.



1-кезең. 1991-92 жыл. Бұл шағын жекешелендіру. Шағын және орта

кәсіпорындардың (дүкен, монша, асхана, киім тігу) 50% жекешелендіру

жоспарлаңды.

2-кезең. 1992-93 жыл. Орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Осы кезде көптеген объектілер жергілікті мүлік комитеттерінің шешімімен конкурссыз, аукционсыз өте төмен бағаға сатылып кетіп жатты.



3-кезең. Қазақстан парламенті осы жоспарсыз процесті реттеу үшін

жекешелеңдірудің 1993-95 жылдарға арналған ұлттықбағдарламасын кабылдады. Онда арнайы комитет кұрылып, меншік Республика азаматтарына тегін таратылып, әрбір адам «жекешелендіру купоны» деп аталатын кұжатка ие болды. Купон иесі - купонды жинақтаушы инвестициялық корға өз еркімен берді. Қазакстаңда 200-ге жуык қор құрылды. Ал қор аукционға шыққан өнеркәсіп кәсіпорыңдарының акцияларын иеленді.


IV топ мәтіні.

Жекешелендіру кезіндегі кемшіліктер «Әттеген-ай».
1995 ж. Жекешелендіру бағдарламасы көптеген кемшіліктерге жол берді. Ең басты мақсаты - жекешелендірудің тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторымен және бәсекелестік ортаны калыптастыра алмады.

- Экономикалық-әлеуметтік жағдайдың жақсаруына жағдай жасамады.

- Сатылған 1 кәсіпорынға бірнеше процент акциялары бар қорлар иелік етті.

- Ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдік компанияларға сатылды.

Әсіресе еліміздің байлығының көздері Карағанды металлургия және Соколов - Сарыбай комбинаттары, Жезқазған, Балқаш мыс қорыту, Павлодар алюминий зауыты сатылып кетті. Қазір бұның зардабын тартып жүрміз. Шетелдік инвесторлар еңбекакьіны уақытындатөлемеуі 1998 ж. 18 млрд жетті. Бұл Кентау (Оңтүстік Казакстан облысы) Тау-кең өнеркәсібі жұмысшылары. 1997, 1998 жылдары бірінен соң бірі ереуілге шықты. Бұл жағдайлар экономикалық реформаның тиімсіздігін көрсетті

Мұғалім: Демек бұдан шығатьш корытынды.

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын таңдайык.

1. «Таршылықты көрмеген, кеңділіктің парқын білмейді.»

Халық даналығы.

2. «Экономика неғұрлым еркін болса, соғұрлым әлеуметтік болады.»

Эрхард.


3. «Халқымыз әркім өз тағдырының иесі өзі екені түсінді. Азаматтығым

ең асылым деп білген ата-бабаларымыздың намысшылдығына тартты, ешкімнен кем емес екенімізді, жұрт істегенді істей алатынымызды дәлелдеді.»

Н. Назарбаев.

Үй тапсырмасы беріледі

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы 15: Экономикалық даму: нарықтық қатынастардың орнығуы.
Мақсаты:

Білімділік: экономикалық реформалар, нарық және нарықтық қатынастар, нарықтық серіктестіктер, нарықтық экономикаға көшудің объективтік қажеттігі туралы мағлұматтар беру; ұлттық валютаны енгізудің маңыздылығын ашып көрсету.

Дамытушылық: сабаққа оқушыларды қатыстыра отырып, түсіндіру, өз ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыра, ауызша талдау және негізгі мәселелерін жазғызу тәсілдері көмегімен оқытылып, үйретіледі.

Тәрбиелік: демократизмге тәрбиелеу; дүниеге, қоғамға көзқкрксын бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, қосымша газет материалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Қазақстан 2030» халыққа жолдауы.
Жаңа сабақтың жоспары:

1. Нарық туралы түсінік;

2. Нарық экономиканың негізі;

3. Нарықтық экономикаға көшудің объективтік қажеттілігі;

4. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың маңызы;

5. Ұлттық валютаның айналымға енгізілуі



Сабақтың барысы: Сабақты түсіндіру және қорытындылау кезінде келесі мәліметтер мен деректерге тоқталу және жазғызу керек:

Нарық дегеніміз – өнім шығарушылар мен мен өнімді тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байланысы. Нарық – экономикалық өмірдің өзегі және демократияландырудың негізі. Нарық жағдайында мемлекеттік меншік азайып, ол көп түрлі меншікке айналады. Нарық – адамдарды тиімді еңбек етуге, ынтымаққа, бірлікке бағыттайды, ғылыми–техникалық ілгерілеушілікті одан әрі дамытып, өнімді бәсекеге жетуге ынталандырады.Ілгерілеушілік үрдіс неғұрлым жоғары болған сайын бәсеке жоғарылай түседі, олардың саны көбейіп, тиімділігі артады. Еңбек өнімділігі де арта түседі.
Мұғалімнің сұрағы: Нарық жағдайында экономикада қандай өзгерістер болуы мүмкін?
1-ші оқушы: Ең негізгісі қоғамдық меншіктің экономикадағы үлесі азаяды, аралас, тең, жеке меншіктер пайда болады. Ол үшін меншікті мемлекеттен ажырату, жекешелендіру және оны дамыту керек. Нарықтық қатынас тауар өндірушілердің дербестігін, шаруашылық бостандығын береді. Нарықтық қатынасқа көшу туралы республикада экономикалық реформа жүргізіледі.Жекешелендіруді жүзеге асыру үшін сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық мекемелер, үйлер, негізінен, жеке адамдарға сатылады. Аукциондар арқылы олар ұжымдарға, жеке азаматтарға сатылады. Соның нәтижесінде кооперативтер, ұсақ ұжымдар, шеберхана, дүкенді меңгерушілер пакйда болады. Сонымен, меншікті мемлекеттен ажырату, жекешелендіру көп түрлі меншікті қалыптастыруға әкеледі. Меншік түріне қарамастан біздің елемізде барлық тауар өндірушілерге дербестік, кәсіпкерлік бостандық берілуде.
2-ші оқушы: Нарыққа көшудегу шешуші фактордың бірі – өнімнің бағасы. Нарықта бағаны мемлекет реттемейді, бағаны өз дербестігін алған әрбір кешен өзінің өніміне бағаны өзі қоюға құқылы. Ол ұстаным бұзылса оның дербестігі, ынтасы жойылады. Өкімет жанынан құрылған антимонополиялық комитет бақылау жұмысын атқарады, баға саясатын реттейді. Нарықтық қатынастың құрамдас бөлімінің – банк жүйесін реформалау. Республикада бірнеше банкілер құрылды. Олар мемлекет бақылауынан шығарылып, дербестігін алуда. Сондай–ақ коммерциялық банктер де құрылды. Мемлекет нарыққа қаржы беру, салық, ақша–қаражат, валюталық және кедендік заңдылық арқылы ісер етеді. Нарыққа өтудің келенсіз құбылыстары да болады. Оның негізгілері – бағаның шексіз өсуі мен жұмыссыздық. Экономикалық реформада халықтығ шеккен зияның өтеуде қарастырылады, ол бағаның және халыққа қызмет көрсетудің қымбаттауымен, ақшаның құнсыздығымен байланысты. Сонда қоғамның экономикалық өмірін реттеуші мемлекет емес, нарық болады.

Мұғалім: Нарық жағдайындағы экономикалық құлдыраудың себебі неде?
Оқушы: Мал шығыныңың өте көп болуы. Сонымен қатар, экспорттың жайы жіне төлем дағдарысының күшейе түсуі.Қазақстан өнеркәсіп өнімдерін нарыққа шығарыа пайда таба алмады. КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстанның өзіндік құны төмен астығына да сұраныс азайды.
Төмендегі тапсырманы орындау:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасында қалыптасқан ахуалын көрсететін кесте сызып, толтырыңыз.


1991жылмен салыстырғанда 1992 жылы негізгі өнімдердің азаюы

Өнім шығару

14,8 %

Электр қуаты

3,9%

Шойын қорту

5,8%


Темір өндіру

20%


Сабақты қорытындылау: Экономикадағы бейберекет жағдайының себептері – республиканың тәуелсіздік алуына байланысты бұрынғы байланыстардың үзіліп қалуы, өтпелі кезеңнің қиындықтары, экономикадағы бұрмалаушылық, бақылаудың жауапсыздығы, сыбайлас жемқорлықтың етек алуы болды. 1993 жылы 12 қарашада ҚР–ң Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының және Республика Министрлер Кабинетінің бірлескен мәжілісі өткізілді, оның шешімі бойынша 15 қарашада ұлттық валюта–теңгені айналымға енгізу туралы жарлық шықты. Осы сәттен бастап еліміз ұлттық валюта бар елге айналды. Ұлттық валютаның айналымға енгізілуінің әлеуметтік–рухани маңызы болды, халықаралық аранадағы саяси беделінің де көтерілуіне де септігін тигізді.
Үйге тапсырма: 1. Соңғы үш жылдың ішінде республикадағы мұнай өнімдерінің жылдық көлемі және экспортқа шығарылып жатқан үлесі туралы кесте құру (баспасөз материалдарын пайдалану). 2. Ұғымдармен жұмыс: төлем дағдарысы, дефолт, ұлттық валюта.

Сабақтың тақырыбы 16: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ТМД-ң құрылуы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы туралы мағлұмат беру; тәуелсіздіктің тарихы және халықаралық маңызын ашу; ТМД-ның құрылуы туралы баяндау.



Дамытушылық: Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту.

Тәрбиелік: Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу.
Көрнекі-құралдар: КСРО-ның саяси картасы, «Қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіру кезеңдерін», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуын» көрсететін кестелер.
Қосымша материал: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңының мәтіні. («Қазақстан тарихы» хрестоматиясынан).
Сабақтың әдісі: Өзара белсенділікті арттыру әдісі («Маңызына қарай тіз», «Кім жылдам»), баяндау және құжатпен жұмыс.
Сабақтың барысы: Мұғалім алдымен Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының алғышарттарына қысқаша тоқталады. Тақырыпта ел тарихындағы аса ірі саяси оқиға – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы туралы баяндалады.

Кесте

1920 ж.

26 тамыз


1936 ж.

5 желтоқсан



1990 ж.

25 қазан


1991 ж.

16 желтоқсан



«Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Республикасын құру туралы» декрет

КСРО Кеңестерінің Төтенше VІІ съезінде КСРО Конституциясының қабылдануы. Онда Қазақстанның Қазақ Кеңестік Социалистік Республика мәртебесіне ие болуы

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдануы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдауы

Мұғалім кестені пайдалана отырып, оқушыны тарихқа саяхат жасата отырып, қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған күнге – 1991 жылдың 16 желтоқсанына алып келеді.

«Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануның тарихи маңызын» түсіндіруді оқушылардың өзара белсенділігін арттыру әдісі шеңберінде қолданылатын «маңызына қарай тізу» деп аталатын жұмыс түрін қолданып жүзеге асыруға болады. Ол үшін оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі: оқушылар кітаптың сол тақырыпшасын мұқият оқып шығып, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудың маңызын сипаттап, өте қысқа және дәл тіркестермен, тезистік стильде жазып шығады. Жазғандарын маңызына қарай ретпен орналастырады. Бұған қатысты ескеретін екі жай бар. Олардың біріншісі – оқушылар осы тақырыпшаның алғашқы екі азат жолындағы тәуелсіздіктің қалай келгені және оған кімдердің үлес қосқаны туралы материалдарды шатастырмауы керек. Мәселеге тура қатысы бар материалды оқушылар соңғы үш азат жолынан табады. Екіншісі – тұжырымдар өте қысқа және нақты, мазмұны жағынан бірін-бірі қайталамайтын болуы және алты пункттен аспауы керек.

Сонда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудың тарихи маңызы төмендегідей ретпен тұжырымдалады:

- Қазақстан жеке мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық құрамына енді;

- шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде қолданылып келген республика экономикасы нарық қатынастыры негізінде экономикалық өрлеу жолына түсті;

- қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетуден құтылды, ұлттық нышандар қайта жаңғыра бастады;

- Қазақстан халқы азаматтық еркіндікті, әлеуметтік теңдікті сезінді, демократизмге жол ашылды;

- тарихи «ақтаңдақтардың» сырлары ашылды, жазықсыз жазалағандар ақталды;

- шетелдерге тентіреп кетуге мәжбүр болған Қазақстан азаматтарына тарихи Отанына қайта оралуға жол ашылды.

Бұл жерде мұғалім сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып, тұжырымдарды оқулық мәтіндегі тіркестерді теріп алуға немесе идеяны алып отырып, өз сөзімен тұжырымдап жазуға ерік береді. Келтірілген пункттердің маңызына қарай орналастырылуы төңірегінде пікірталас туады. Енді әр топ өз жұмыстарының дұрыстығын дәлелдейді. Олардың бірі мәселені алдымен мемлекеттік, ұлттық, содан кейін экономикалық мүдделер тұрғысынан қарау, екіншісі – мемлекеттік-экономикалық ұлттық ретімен немесе тұжырымдарды басқаша ретпен орналастыруы мүмкін.

«Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының халықаралық маңызын» бөлек атап, өзінше мән беріп оқытқан жөн. Бұл жерде оқушылардың назарын аударатын сол уақытқа, кезеңге сай айтылар екі мәселе бар. Олардың біріншісі – Еуразия құрлығында жаңа демократиялық жолмен өрлеу бағытын ұстанған мемлекеттің пайда болуы болса, екіншісі – аумағында атом қаруы орналасқан мемлекет ретінде Қазақстанның әр қадамына әлем саясатшыларының жіті көз тігуі және Қазақстанның атом қаруын таратпау жэөніндегі бастамасы болып табылады.

«ТМД құрылуы» атты төртінші тақырыпшаны шартты түрде «Кім жылдам?» деп аталатын ойын түрін жүргізіп түсіндіруге болады. Ол үшін оқушыларға кестені толтыру тапсырылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы


ТМД-ға мүше болған бұрынғы одақтас республикалар

ТМД-ға мүшелікке енбеген республикалар

Ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізу туралы келісімге қол қойған елдер









Бекіту сұрақтары:

1. ТМД-ға бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған қандай елдер кірмей қалды?

2. ТМД құрылуының маңызы неде?

3. ТМД-ң қазіргі күйі қандай?



Сабақтың тақырыбы 17: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мақсаты:

1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан-

жақты таныстыру.

2. Оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіріп, одан әрі дамыту.

3. Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметтеп, мактан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халык үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету. Оқушыларды Отанды сүюге, кұрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазакстан Республикасының картасы, Казакстан Республикасының рәміздері, суреттер, буклет, Казакстан Республикасының Конституциясы, плакатка жазылған сөздер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ оқытуда қолданылатьш әдістер: Ұжымдық оқыту әдісі, «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары, ой шақыру, бес жол өлең, түртіп алу стратегиялары; тест түрлері, кесте толтыру; «Жұлдызды сағат» ойыны, картамен жұмыс.

Сабақтың барысыі:

I. Ұйымдастыру.

Әнұран орындалады. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабактың

мақсаты және ерекшелігімен таныстыру. Оқушыларды топка бөлу.

1. Елтаңба.

2. Ту.


З.Әнұран.

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Жұлдызды сағат» ойыны. (Кім жылдам?).



Сұрақтар:

1. Археология дегеніміз не?

2. Этнография дегеніміз не?

3. Карта дегеніміз не?

4. Глобус дегеніміз не

5. Дін дегеніміз не? (Адам баласының жаратушыға, айналаны қоршаған

ортаға деген наным, сенімі).

6. Әлемдік беделге ие болған діндерді ата.

7. Топономика нені зерттейтін ғылым?

8. Архитектура дегеніміз не?

9. Ертедегі қазақтар қандай киім киген, оларды неден жасаған?

10. Нумизматика нені зерттейтін ғылым?

11. Геральдика нені зерттейтін ғылым?

12. Таңбалар мен белгілер не үшін қажет болды?

13. Теңге ақша неліктен кажет болды? Ақшаа қалай пайда болды?

14. Қазіргі төл теңгеміз қашан пайда болды?



III. Үй тапсырмасын қорытындылау.
IV. Жаңа сабақ.

Жоспары:


1. Мемлекеттікбелгілер, рәміздер.

2. Мемлекеттік Елтаңба.

3. МемлекетгікТу.

4. Мемлекеттік Әнұран.


Жаңа сабақтың жүргізілу барысы.

I. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.

1.Отан деген не?

2. Біздің Отанымыз қай ел?

3. Қазақкстан қандай ел?

4. Қазақкстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

5. Қазақстан Республикасын кім басқарады?

6. Қазақстан Республикасының территориясын картадан көрсет. Астана-

сы кай кала?

7. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Мұғалім сөзі: Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Қазақстан Республикасының рәміздері». Балалар, бүгінгі тақырып жөнінде жалпы не білесіздер? Әркайсыларың дәптерлеріңе не білетіндеріңді жазындар.

Енді ой бөлісейік. Жазғанымызды талқылайық. Сонымен осы тақырыптағы кілт сөздерге назар аударайық.



Елтаңба. Ту. Әнұран.

II. Мағынаны ажырату сатысы.

Ал еңді, оқушылар, бұл тақырып сіздерге бастауыш сыныптан және тәрбие жұмыстарынан таныс екен. Соған байланысты сіздер мәтіңді оқи отырып, түртіп алу стратегиясына сәйкес кестені толтырыңдар.




Білемін

Білдім

Білгім келеді









Алдымен, оқушылар, тақырыптағы білетіндерің туралы айтып, кестенің бірінші баганасын толтырамыз.

1. Еліміздің рәміздері Ту, Елтанба, Әнұран.

2. Еліміздің рәміздері 1992 жылы 4.06. қабылданды.

3. Еліміздің рәміздерінің авторы.

4. Қыскаша рәміздерге сипаттама.

5. Әнұранды жатқа білемін.

Екінші бағанаға мәтіңді оқу арқылы қосымша нені білгенімізді жазамыз.

1. Мемлекеттікрәміздердің дайындалу, жариялану тарихымен таныстық.

2. Рәміздердің ерекшеліктеріне, оңда нелер бейнеленгеніне жете талдау жасадық.

3. Рәміздердің авторларының өмірімен таныстық.

Үшінші бағанаға бұл тақырыпқа қосымша нені білгілері келетінін жазады.

1. Еліміздің жаңа Әнұранының авторлары туралы.
V. Еңді меңгерген білімді бекіту. Ой толғаныс.

І. Бес жол өлең стратегиясы.1 топ. Елтаңба.

1. Елтаңба

2. Еңселі, мазмұнды

3. Елтаңба еліміздің егемендігінің белгісі

4. Кұрметтейді, кадірлейді

5. Герб
2 топ. Ту.

І.Ту

2. Тұғырлы, көгілдір



3. Туына байланысты елің танимыз
Ситуациялық сұрақтар.

1. Мемлекетіміздің Әнұранының ауыстырулы неде деп ойлайсыздар?

2. Мемлекетіміздің Әнұраны қандай жағдайларда шырқалып, Ту қандай жағдайларда көтеріледі?
VI. Сабақты корытындылау.

Сонымен, оқушылар, біз Қазакстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Мемлекеттік белгілерді, нышандарды кұрмет тұту — әрбір казақстандық азаматтың міндеті. Елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің ең басты құжаты немесе заңы калай аталады? (Конституция). Біздің Ата Заңымыз, яғни, Конституциямыздың 34-бабының 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» деп

көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасының балалар кұкығы туралы

заңының 20 - бабында «Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, баска адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» деп көрсетілген. Сондықтан еліміздің рәміздерін, соның ішінде, қасиетті көк байрағымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор кұрметпен қарап, тұмардай сақтау - бәріміздің абыройлы міндетіміз. Әсіресе, ел ертеңі, болашағы - сендер үшін бұдан аскан мактаныш пен міндет болмаса керек деген корытындыға келеміз.


VII. Окушыларды багалау.
VIII. Үйге тапсырма: Қазақстан — менің Отаным. (Шығарма жазу).

Еліміздің рәміздері, шежіресі туралы шағын қойын кітапша жасау.

Әнұранды жатка, әнімен білу.
Сабақтың соңы Әнұранмен аяқталады

Сабақтың тақырыбы 18: Қазақстан Республикасының Президенті
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың кұкықтық білімін өз мемлекетіміздегі

органдар құрылымы мен атқаратын қызметтерін білуге үйрету.



Тәрбиелік мақсаты: Окушылардың құқықтық тәртібін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: Құқыктық оқу тұрғысындағы оқушы шығармашылығы мен ғылыми ізденістерін дамыту. Саралап және деңгейлеп окуды жетілдіру.
Көрнекілігі: Планшет, хаттамалар, баспасөз материалдарды, саяси-әдеби оқулықтар, магнитофон, тест аппарат, қанатты сөздер.
Өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пән аралык байланыс: Әдебиет, тарих, ән сабағы, география пәндерімен байланыс.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ.
І. Сабақ барысы:

1. Оқушылармен шарт құру:

а)Тәртіп сақтау;

б) Уақытты тиімді пайдалану;

в) Бір-бірімізді әділ бағалау.

г) Сабаққа қорытындыны өзіміз жасау.

2. Сабақ барысындағы жұмыс жоспарын жасау:

а) Ұйымдастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу, сараптау:

1) Жұлдыздар;

2) Екпінділер;

3) Талапкерлер.

ә) Ой қозғау;

б) Ой ашар;

в) Ой-жинақтау.

Окушылардың ұйымдастыру кезеңінен кейін өтілетін сабақтарды еске

алу, оқушы ойын козғау. Төмеңдегі сұрақтар бойынша жауаптар алу.

а) Мемлекет қашан және неліктен пайда болды?

ә) Тәуелсіздіктің негізгі белгілерін ата;

б) Құқық дегеніміз не?

в) ҚР Конституциясының 1-бабын түсіндіріп бер.

3. Оқушыларға бағалау таралымын беру, бір-бірін бағалату.

II. Негізгі бөлім.

1. Ой ашар. Жаңа сабактың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қазақстан Республикасының Президенті

Жаңа сабақты бастамас бұрын Президент лауазымы туралы түсінік беру.

Қазақстан халқының мемлекеттік тарихынан Президенттік басқаруға дейінгі

даму тарихына шолу жасау.

ҚР Президент басқаратын мемлекет ретінде сипаттайтын белгілерді,

мемлекет басқарудың 3 буыны мен Президенттің байланысы, Президенттің

органдар жүйесіндегі орны туралы түсіңдіру.

Проблемалы ситуация арқылы жаңа сабаққа бағыт беру.

а) Алғаш рет Түрік қағандығында елді кім басқарды? (Қаған)

ә) Шыңғыс ұрпактары тұсында елді кім басқарды? (Хан)

б) Кеңестік жүйе тұсында мемлекетті кім басқарды? (Кеңес Одағы Орталык Комитетінін хатшысы.)

в) Қазақстанда Президенттік лауазым қашан енгізілді? (1990 ж.)

Елді ҚР Президенттік басқару жүйесінің мәнін ашу.

Қазақстанда Президенттік лауазым 1990 жылы 24 сәуірде енгізілді. Ол

кезде заң бойынша Президенттің өкілеттігі шектеулі, ал Жоғарғы Кеңестің

өкілеттігі шектеусіз болды.

Біздің Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот

тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрылды.

Президент бұл тармақтармен байланысты болды.

I. Президент Парламентпен байланысты болды.

1. Парламент қабылдаған заңға Президент қол қойды. Президенттің тыйым салу хакы (вето) бар.

2. Президент белгілі бір мерзім ішінде заң қабылдау мәселелері бойынша парламентті алмастыру.

3. Қалыпты жұмыс істей алмаса Президент Парламентті тарата алады.

4. Халықпен келіссөздер жүргізеді, шарттарды бекітеді.

II. Премьер-министрлер тағайындайды.

- Үкімет құрылымын анықтайды.

- Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды.

- Министрлерді тағайындайды, босатады.

- Заң жобасын еңгізу туралы Үкіметке тапсырма береді.

III. Президенттің сот билігіне де қатысы бар.

- Жоғары сот кеңесін құрады, өзі оның төрағасы болады.

- Сот органдарын жақсартуға қатысады.

Президент референдум өткізуге құқылы.

Президент мемлекет басшысы. Халықаралық қатынастарда халық пен

мемлекет атынан сейлеуге хақылы. Президент халық мүддесіне қызмет етеді.

Оқушы жұмысы:

Саралап, деңгейлеп жұмыстар жүргізу

1. «Талапкерлер» тобы, орта үлгерушілер. Суретті тестпен жүмыс жүргізеді.

Төмендегі баптар бойынша суреттер беріледі. Бапты оқушы өзі тауып

жазу керек.

1) Заң алдында жұрттың бәрі тең. (14-бап)

2) Ешкімнің ар-ожданына қол сұғуға болмайды. (17-бап)

3) Азаматтардың шығармашылық еркіндігіне кепіддік беріледі. (20-бап)

2. «Екпінділер» тобы, жақсы үлгерушілер. Тесттік аппаратпен жүмыс

жасайды, бұрынғы берілген білім мен жаңа сабак (яғни, қазақ халкының мемлекеттік тарихы - Түрік қағандығынан Президенттік баскаруға дейін) арасына «Көпір».


.
3. «Жұлдыздар» тобы, озаттар. ВЕНН диаграммасы бойынша жаңа сабақ негізіндегі ұғымдарын яғни Президенттің басқару буындарының байланысы мен атқару міндеттерін ашып, диафаммаға жазып түсіреді.


Диафаммадан «Жұлдыздар» тобы түгел дәптерге жазып түсіреді.
ІІІ. Үйге тапсырма: Тапсырманы 3 топқа деңгейлеп беру.

1. «Жүддыздар». Егерде мен Президент болсам...

2. «Екпіңділер». Егер мен министр болсам...

3. «Талапкерлер» Егер мен сот болсам...

Үшеуіне ортақ тапсырма: шығармашылықпен жұмыс жасау «Президент

пырағы».


жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау