Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В061100» – «Физика және астрономия» мамандығы үшін
«МЕХАНИКА ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Механика және молекулалық физика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмасаны
|
1
|
Материялық нүкте және қатты дене кинематикасы. Салыстырмалылық принципі. Галилей және Лоренц түрленді-рулері. Түрлендірулердің инварианттары
|
2
|
2
|
Материялық нүктенің динамикасы. Ньютонның заңдары. Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары. Массасы ауыспалы денелердің динамикасы
|
3
|
3
|
Күштің элементар жұмысы. Потенциалдық және кинетикалық энергия. Энергияның сақталу заңы. Соқтығысулар. Гравитациялық өрістегі қозғалыс.
|
5
|
4
|
Қысым және температура. Газдың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Идеал газдардағы процестер.
|
6
|
5
|
Статистикалық әдіс. Максвелл үлестірілімі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жылусыйымдылық.
|
5
|
6
|
Термодинамиканың екінші бастамасы. Циклдық процестер. Энтропия. Клаузиус теңсіздігі. Қайтымсыз процестердегі энтропияның өзгерісі. Газдардағы молекулааралық әсерлесулер. Сұйықтар. Қатты денелер. Фазалық ауысымдар
|
4
|
|
Бір нұсқадағы тапсырма саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Механика және молекулалық физика» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды. Студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |