Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Экономикалық теория кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
курстық жұмыстарды орындауға арналған
«Экономикалық теория» пәні бойынша
050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін
Павлодар
Лист утверждения к методическим указаниям | | Ф СО ПГУ 7.18.1/05 |
БЕКІТЕМІН
ҚЭФ деканы
___________Эрназаров Т.Я.
«___»___________200__ж.
Құрастырушы: аға оқытушы_________________ Еркебаева Г.А
Экономикалық теория кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
курстық жұмыстарды орындауға арналған
«Экономикалық теория» пәні бойынша
050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін
Кафедра отырысында Ұсынылады
«___»_____________200__ж., хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________ Байтаева Г.Р.
(қолы)
Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК Мақұлданды
«___»___________200__ж., хаттама №___
ОӘК төрайымы ___________________ Сидорова Л.А.
(қолы)
1 Кіріспе
Курстық жұмыс студенттердің «Экономикалық теория» пәнін зерделеу кезеңінде орындайтын ғылыми зерттеулерінің көлемі мен мазмұнын қорытынды түрінде көрсететін дербес орындалатын талдама және студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесіндегі маңызды саты болып табылады. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің білімін тереңдету.
Курстық жұмысты орындау студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан тақырыпты бекітіп алғаннан кейін оған қатысты әдебиеттерді зерделеп, олардың тізімін жасап бұл тақырыпқа байланысты концепцияларды, көзқарастарды жан-жақты қарастыру қажет.
Курстық жұмысты орындаудың негізігі міндеттері:
студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;
әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;
студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:
Курстық жұмысты орындаудың алдында ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен мұқият танысып жұмысқа қойылатын талаптарды нақты білу керек.
2 Тапсырманың вариантын таңдап алу
Әрбір студент курстық жұмыстың тақырыбын сынақ кітапшасының номерінің соңғы цифры бойынша және өз аттарының бірінші әріпі бойынша таңдап алады (1 кесте)
Кесте 1- Курстық жұмыс тақырыптарының варианттары
Фамилияняң бірінші әрпі
|
Сынақ кітапшасінің ақырғы номері
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
А-Е
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Ж-К
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
Л-О
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
П-Т
|
31
|
32
|
33
|
34
|
35
|
36
|
37
|
38
|
39
|
40
|
У-Ц
|
41
|
42
|
43
|
44
|
45
|
46
|
47
|
48
|
49
|
50
|
Ч-Я
|
51
|
52
|
53
|
54
|
55
|
56
|
57
|
58
|
1
|
2
|
3 Экономикалық теория пәні бойынша курстық жұмысты орындауға және рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмысының тақырыбы сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша студенттердің өздері таңдап алады.Ескертетін жағдай, бір топтағы студенттер арасында тақырып қайталанбауы тиіс.
Алдымен курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу қажет болады. Тақырып дұрыс анықталса, онда жұмыс та белгіленген мерзімде орындалады. Егер де таңдап алынған тақырып бірыңғай болса, онда басымдыққа ғылыми жетекшісімен тақырыбын бірінші болып бекіткен студент ие болады немесе бұл мәселе студенттердің өзара келісімі бойынша шешілуі мүмкін.
Тақырыпты саналы да мақсатты түрде таңдайды. Ол үшін тақырыптың теориялық мән-мазмұнын, негізгі сұрақтарын және мақсаттық проблемаларын қолдағы бар әдебиет оқулықтардан алдын-ала оқып біліп алған дұрыс болады.
Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар:
теоретикалық ережелердің ағымдағы нақты экономикалық үдерістермен байланысы;
жұмыста қолданылған нақты материалдарды талдай және қорытындылай білу;
жұмыс жоспарын жасау (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды);
жұмыстың ғылыми аппаратын дұрыс рәсімдеу (сілтеме, түсіндірме, қолданылған әдебиеттердің тізімі);
жұмыс мәтінін жоспарға сәйкес баяндау;
курстық жұмыстың көлемі стандартты қағаздың (А-4) бір жақ бетінде компьютерде 1 интервалдық тәртіппен терілген 20-25 беттік мәтінін құрайды.
Курстық жұмысты орындай үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
тақырыпты таңдау
ғылыми әдебиеттерді зерделеу және библиографияны құрастыру;
зерттеудің жұмыс бағдарламасын әзірлеу және теоретикалық, статистикалық ақпараттарды жинау;
жиналған материалдарды қорытындылау және жұмыстың жеке тарауларын жазу;
жетекшінің ескертулерін есепке алу негізінде мәтінді соңғы өңдеу;
курстық жұмысты рәсімдеу және оны қорғауға даярлау;
курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмыстың мәтіндік бөлімі титулдық беттен, мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Жалпы кез-келген тақырыптық курстық жұмысты негізінен үш бағытта анықтап жазған ұтымды. Біріншіден, курстық жұмыстың тақырыбын категориялық – анықтамалық түрде талдап жазады. Екіншіден, курстық жұмыста қаралатын тақырыптың негізгі мәселесі жүйелі түрде, белгілі бір экономикалық модель (концепция), шаруашылық механизм ретінде суреттеледі. Үшіншіден, осылай категориялық және теориялық деңгейде толық анықталған проблеманы, Қазақстанның нақты экономикалық-әлеуметтік жағдайларымен байланыстыра отырып, оның тәжірибелік-практикалық бағытын ашып беру-курстық жұмыстың түпкі мақсаты болады.
Осылай анықталған курстық жұмыстың ішкі мазмұндық логикасы мен құрылымына сәйкес оның (курстық жұмыстың) мазмұны жасалады.
Мазмұны- бұл студенттің курстық жұмысы бойынша жол нұсқағыш. Жұмыстың мазмұны алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан-жақты баяндап талдауға жол ашатын түрде анықталып қойылған сұрақ-мәселелерден құралады. Ол кіріспенің алдында болады.
Бірінші сұрақ тақырыптың мәнін ашатын категориялар мен принциптерге арналып қойылады. Екінші сұрақ тақырыптың экономикалық мазмұнын суреттейтін механизм- модель ретінде Қазақстанның шаруашылық жағдайларымен байланыстыра баяндап беруге арналғаны дұрыс болады.
Сонымен курстық жұмыстың тақырыбы: 1) категориялық, 2) теориялық, 3) тәжірибелік деңгейде анықталады. Осы айтылған үш бағыт курстық жұмыстың негізгі мазмұндық бөлімі болады. Бұдан басқа, жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері де беріледі.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі. Кіріспе 3-ші беттен басталады. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады.
Сондай-ақ, жұмыстың соңында жоспарда қойылған және негізгі бөлімде баяндалып жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалып, қорытынды ретінде 1-2 бетке ықшамдалып беріледі. Соңында қолданылған әдебиеттер тізім және қосымша материалдар тіркеледі.
Курстық жұмысқа қойылатын тағы да бір талап- ол жұмысты белгіленген тәртіпке сай дұрыс безендірілуі.
Әдетте 2-3 тараудан тұратын негізгі бөлімде ғылыми дәлелдерге негізделген теоретикалық ережелерді, курстық жұмыста ресми құжаттарды, Қазақстан материалдарын қолдану қажет және қаралған сұрақтарды әртүрлі схемалар, кесте таблицалар, график-схемаларды қолданып баяндау.
Толық орындалып біткен жұмыс жетекшіге тапсырылады. Жетекші жұмысқа өз пікірін білдіреді. Онды бағаланған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.
Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта өңделіп жазылады.
Курстық жұмысты қорғаудың күні мен уақыты оқу жоспарымен белгіленеді.
Жазып орындаған жұмысын студент ауызша ашық түрде, жетекші мен басқа студенттердің алдында, комиссия мүшелерінің қатысуымен қорғайды.
Автор 5-7 минут уақыт мерзімінде курстық жұмыста қаралған мәселелердің мазмұнын толық баяндап беруі керек. Екіншіден, жетекші және комиссия мүшелерінің қойған сауал-сұрақтарына ұтымды жауап беруі қажет. Осылай қорғаудың нәтижесінде курстық жұмыс және оны орындаған студент өзінің қорытынды бағасын алады. Бағасы сынақ ведомысына және студент кітапшасына жазылады, оны растайтын оқытушының қолы қойылады.
Студент бақылаудың қорытынды түрі емтиханға курстық жұмысын қорғағаннан кейін ғана жіберіледі.
«Экономикалық теория» пәні бойынша курстық жүмыстардың тақырыптары
1. Экономикалық теория дамуының негізгі кезеңдері
2. Жекешелендіру меншік қатынастары өзгерістерінің факторы ретінде
3. Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи формалары
4. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
5. Инфляция теориялары. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесстер
6. Капитал экономикалық категория ретінде. Капиталдың пайда болу шарттары
7. Өндірістік капитал теориясы. Қазақстан Республикасындағы өндірістік капиталдың қалыптасуы
8. Банктік несие және оның экономика дамуындағы рөлі
9. Сауда капиталы және оның Қазақстан Республикасындағы қалыптасу ерекшеліктері
10. Жалақы рыноктық экономикадағы табыстың маңызды түрі
11. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық мәні және формалары
12. Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
13. Пайда экономикалық категория ретінде. Пайда формалары
14. Қоғамдық өндірістің тиімділігі:мәні, мақсаттары, көрсеткіштері
15. Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері
16. Бәсекенің мәні, түрлері, бәсекелестік күрес формалары
17. Монополия: пайда болу себептері, мәні, ұйымдық-құқықтық формалары
18. Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың дамуы. «Ауыл» бағдарламасы
19. Рынок, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
20. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
21. Сұраныс заңы. Сұраныстың икемділігі: түрлері, өлшемдері
22. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың икемділігі
23. Инвестициялық саясат: мәні, жүзеге асыру формалары
24. Инвестициялар мен жинақтардың өзара байланысы. Олардың қатынасына әсер ететін факторлар.
25. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі салық саясаты
26. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
27. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджеттің рөлі
28. Мемлекеттік қарыз макроэкономикалық реттеудің маңызды инструменті ретінде
29. Қазақстан Республикасындағы антиинфляциялық саясат
30. Әлеуметтік саясат, оның қағидалары мен көрсеткіштері
31. Әлемдік экономика: ХХІ ғасыр табалдырығындағы құрылымы мен даму тенденциялары
32. Халықаралық экономикалық қатынастар: құрылымы мен ерекшеліктері. Халықаралық стандарт
33. Халықаралық еңбек бөлінісінің тиімділігі
34. ТҰК халықаралық капитал бірігуінің формасы ретінде
35. Экономикалық циклдар теориясы
36. Экономикалық дағдарыс: мәні, пайда болу себептері және одан шығу әдістері
37. Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
38. Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
39. Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің қалыптасу мәселелері.
40. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
41. Шағын бизнес: артықшылықтарының сипатты белгілері, шетелдік тәжірибе және ҚР-да қалыптасу мәселелері
42. Фирманы басқарудың ұйымдық құрылымдары: әлемдік тәжірибе мен қазіргі тенденциялар
43. Экономикалық өсу және экология мәселелері
44. Әлеуметтік қорғау жүйесі: генезисі және эволюциясы
45. Қазақстанның инновациялық даму стратегиясы
46. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату факторлары
47. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму мәселелері
48. Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу (шет елдердің және Қазақстанның тәжірибесі)
49. Экономикалық қауіпсіздік: мәні, сипатты белгілері және қамтамасыз ету құралдары
50. Адам капиталы теориясы
51. Аралас экономика: мәні және Қазақстан Республикасында даму ерекшеліктері
52. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
53. Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының дамуы
54. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары
55. Жалақы теориясы: мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
56. Макроэкономикалық тұрақсыздық және жұмыссыздық
57. Қазақстанның 2015 ж. дейінгі индустриалы-инновациялық даму бағдарламасының басымдықтары
58. Экономикалық жүйе: мәні және элементтері
59. Несие, мәні, ұйымдастыру қағидалары
60. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: мақсаты және факторлары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999.
Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998.
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002
Ескалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзқарас. Алматы, 2004
Экономикалық теория бойынша практикалық курс құралы/профессор Жатқынбаевтың жетекшілігімен/Алматы,2006ж. 300 бет
Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С.Баймұхамбетов. Астана 2002 ж.
Қосымша:
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 28 ақпан, Алматы, 2007 ж.
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясы» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2006 ж.
«Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жыл 2-ші наурыз
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, Атамұра -2005 ж. 48-бет
Елемесов Р.Е. Предмет, теория и методология экономической науки. Вестник КазНУ №5,2006 ж.
Гутова Н.Н. Проблемы развития экономической теории в Казахстане. Вестник КазНУ №6,2004 ж.
Жексембина. Экономика ілімдерінің даму эволюциясы. Экономика негіздері. №1-3, 2004 ж.
Дүйсекова А.К. Экономикалық теорияның мектептеріндегі капитал теориясы туралы көзқарастар. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006 ж. 136 бет.
Садіраликов М. Қазақстандағы нарық мәселелері. Экономика негіздері. №1, 2006 ж.
Қабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстане. – Алматы, 1979.
Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. – Алматы, 1998.
Ескерту: Курстық жұмысты орындау кезінде қосымша әдебиеттерді қолдануға шектеу қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |