«бекітемін» атф деканы с. С. Табултаев


ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА



жүктеу 0,62 Mb.
бет2/3
Дата07.12.2017
өлшемі0,62 Mb.
#3447
1   2   3

ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА


Қайта деректемелер: «Информатика».

Кейінгі деректемелер: «Web-бағдарламалау», «Интернет – технологиялары»,

«Компьютерлік модельдеу».



Оқытудың мақсаты: студенттердің жалпы техникалық пен мамандырылған пәндерді оқып білуге, сонымен қатар келешектегі кәсіптік және басқару жұмысында керек болатын білімдер, икемдер мен дағдыларды алуы.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Сызбаларды тұрғызу теориясы. Сызбаларды тұрғызу кезінде пайдаланылатын стандарттар. Сызбаларды тұрғызу практикасы. AutoCAD әмбебап графикалық жүйеде жұмыс істеу негіздері.

Оқыту нәтижелері:

Білу тиіс:

  • КҚБЖ стандарттарының сызбаларға және схемаларға қойылатын негізгі талаптарын.

Істей алу керек:

  • Негізгі және жинақталған бірліктер сызбасы бойынша бейнелерді орындауды.

  • AutoCAD жүйесінде сызбалар мен сұлбаларды орындауды;

  • сызбаларды оқуды үйрену,яғни кескіндеріне қарап,қарапайым бөлшектердің геометриялық формасын анықтауды және дененің өзіне немесе құрастыру сызбаға қарап дененің кескіндерін орындауды.

  • Дағдысы болу керек:

  • нүктелердің,түзулердің,жазықтардың және кейбір сызықтар мен беттердің түрлерінің кескіндерін тұрғызу теориялық негіздерімен;

  • AutoCAD жүйесінің компьютерлік графика негіздерімен;

  • өз мамандығында кеңінен тараған бөлшектер қосылыстарының кескіндерімен;

  • әр түрлі заттардың түрлеріне жасалған конструкторлық құжаттардың құрамымен.

«Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасы
КОМПЬЮТЕРЛІК СЫЗУ ЖӘНЕ 3D-МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗДЕРІ

Қайта деректемелер: «Информатика».

Кейінгі деректемелер:«Web-бағдарламалау», «Интернет - технологиялары», «Компьютерлік модельдеу».

Оқытудың мақсаты: студенттердің жалпы техникалық пен мамандырылған пәндерді оқып білуге, сонымен қатар келешектегі кәсіптік және басқару жұмысында керек болатын білімдер, икемдер мен дағдаларды алуы.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Ортогональді жобалау әдістері. Сызбаларды тұрғызу кезінде пайдаланылатын стандарттар. AutoCAD әмбебап графикалық жүйеде екі өлшемді сызбалар мен сұлбаларды үш өлшемді модельдеуді орындау.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • КҚБЖ стандарттарының сызбаларға және схемалар қойылатын негізгі талаптарын орындауға;

Істей алуы тиіс:

  • негізгі және жинақталған бірліктер сызбасы бойынша бейнелерді орындау керек;

  • AutoCAD жүйесінде сызбалар мен сұлбаларды сызу;

  • сызбаларды оқуды үйрену, яғни кескіндеріне қарап қарапайым бөлшектердің геометриялық формасын дененің өзіне немесе құрастыру сызбаға қарап, дененің кескіндерін орындауды.

Дағдысы болу керек:

  • сызбаларды оқуды үйрену, яғни кескіндеріне қарап қарапайым бөлшектердің геометриялық формасын анықтауды және дененің өзіне немесе құрастыру сызбаға қарап кескіндерін орындау;

  • AutoCAD жүйесінде сызбалар мен сұлбаларды сызу;

  • өз мамандығында кеңінен тараған бөлшектер қосылыстарының кескіндерімен;

  • әр түрлі заттардың түрлеріне жасалған конструкторлық құжаттардың құрамымен танысу.

«Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасы
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

Пререквизиттер: «Математикалық анализ», «Алгебра және геометрия».

Постреквизиттер: «Сұлбатехникасы»,«Электронды аспап және сұлбатехникасы».

Оқытудың мақсаты: тұрақты, синусоидалық, периодты синусоидалы емес токтарды есептеу мен талдау әдісі.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Тұрақты токтың электрлі тізбегін талдау әдісі мен негізгі заңдары, гармоникалық әсер етудегі сызықты электрлік тізбек, индуктивті байланыс тізбегі, электрлік тізбек резонансы, периодты синусоидалы емес әсер етудегі тізбек, төрт полюс, электрлік фильтрлер, төменгі және жоғары жиілікті.

Оқытудың нәтижесі:

Білу керек:

  • сызықты тұрақты және бірфазалы синусоидалы токты есептеу әдісі мен негізгі заңдары; периодты синусоидалы емес әсер етудің тізбегі, индуктивті байланыс тізбегін.

Істей алу керек:

  • білімді қолдану, «Электрлік тізбек теориясы» курсын қолданбалы тапсырма шешімін табуды.

Дағдысы болу керек:

  • сызықты электрлік тізбектер арқылы инженерлік тапсырмаларды есептеуге.

«Электрлік тізбектің негізгі теориясы» кафедра

ТІЗБЕКТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Қайта деректемелер: «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау».

Кейінгі деректемелер: «Сұлбатехника», «Электр аспаптары және сұлбатехника».

Оқытудың мақсаты: тұрақты, синусоидалы және периодтық синусоидалы емес тоқтардың электр тізбектеріндегі қалыптасқан үрдістерді есептеу мен талдау әдістерін; резонансты режимдердің есепту әдістерін; периодты синусоидалы емес әсер кезінде тізбектерді есептеу әдістерін; төртполюсті есептеу әдістерін оқып білу болып табылады.



Пәннің қысқаша сипаттамасы: Тұрақты тоқтың электр тізбектерінің негізгі ұғымдары, заңдары мен есептеу әдістері, гармоникалық әсерлер кезіндегі сызықты электр тізбектері, электр тізбектеріндегі резонанс, периодты синусоидалы емес әсер кезіндегі тізбектер, төртполюстер, электр сүзгілері: төмен жиілікті, жоғары жиілікті және RC сүзгілері.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:



  • тұрақты, синусоидалы және периодты синусоидалы емес токтың сызықты электр тізбектерін есептеудің негізгі заңдылықтары мен әдістерін, төртполюстің электр тізбектерінің резонансты режимдерін.

Істей алуы тиіс:

  • «Электр тізбектерінің теориясы» курсын оқып білуде қолданбалы тапсырмаларды шығару;

Дағдысы болу керек:

  • сызықты электр тізбегінің орныққан кезеңінде есептеу әдістерін қолдана инженерлік есептерді шығару.

«Электр техникасының теориялық негіздері» кафедрасы
ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАПТАР ЖӘНЕ СХЕМОТЕХНИКА

Қайта деректемелері: «Тілдер және автоматтар теориясы», «Электрлік тізбектер теориясы».

Кейінгі деректемелері: «ЭЕМ және жүйелер», «Ауқымды және жергілікті компьютерлік тораптар».

Оқытудың мақсаты: студентті ЭЕМ тораптары және құрылғыларының жұмысын схемотехникалық жолдар арқылы тұрғызу элементтерімен таныстыру, сонымен қатар әртүрлі аналогтік және сандық электрондық құрылғыларын.

Пәннің қысқаша мазмұны: цифрлық схемотехника элементтері, торабы және құрылғысы; микросхемадағы стандарттық элементтердің негізін сәйкесінше тұрғызу ұстанымдары және құрылғылары; ЭЕМ, автоматика жүйесі, телекоммуникациялар, ақпаратты өлшегіш техникалар - типтік функционалдық

Білу керек:

  • жалпы үдеріс ұстанымдарында болып жатқан электрондық құралдар; электрондық құрылғыны және жүйені тұрғызу ұстанымдары;

Істей алу керек:

  • құрылғының мінездемесін және ақпаратты түзетудің аналогтік және сандық жүйесінің жалпылама қорытындылау құрылысын тұрғызу.

Дағдылары:

  • анализ және синтез әдісін қолдану, техникалық шешімдер қабылдау, электрондық құрылғыларда электронды аналогтік және сандық комбанациондық сұлбаны жобалау; қорытынды әдісті, жинақтауды және техникалық шешуді электрондық құрылғыларда қолдану.

«Электроника» – кафедрасы
СХЕМОТЕХНИКА

Қайта деректемелері:«Информатика», «Электр тізбектерінің теориясы», «Микроэлектроника», «Дискретті математика».

Кейінгі деректемелері: «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар», «ЭЕМ және жүйелер».

Оқытудың мақсаты: студенттердің цифрлық жүйелердің элементтерінің, буындарының және құрылғыларының қызметі және микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері мен олардың жұмысының ұйымдастырылу тәртібі жөніндегі білімін қалыптастыру.

Пәннің қысқаша мазмұны: Негізгі логикалық функциялар. Логикалық функциялардың көрсетілім түрлері – кестелі және логикалық өрнектер түрінде. Логикалық функцияларды минимизациялау. Логикалық функциялардың іскерлік толықтығы. Шеффер, Пирс және екілік қосу функциялары. Негізгі логикалық элементтер және олардың сипаттамалары. Әмбебап логикалық элементтер. Үшжағдайлы элементтер және олардың қолданылуы. Қиыстырма құрылғылардың құрылу принциптері. Қалыпты қиыстырма құрылғылар – шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорлар, демультиплексорлар, қосуыштар. Қиыстырма құрылғылардың дешифраторлар мен мультиплексорлар негізінде жүзеге асырылуы.

Оқытудың нәтижесі:

Білу керек:

  • электрондық құрылғылардың іс-әрекеттерінің жалпы принциптері;

  • ақпараттық жүйелер мен сандық құрылғыларды құру принциптері.

Істей алу керек:

  • ақпараттық жүйелер мен құрылғылардың сипаттамаларының жалпы құрылымын анализдеу;

Дағдылары:

  • жүйедегі электрондық құрылғыларды жобалау;

  • ақпараттық жүйелердегі компьютерлік синтездеу және анализдеу әдістерін қолдану.

«Электроника» кафедрасы
ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қайта деректемелер: «Информатика», «Бағдарламалау технологиялары».

Кейінгі деректемелер: «Ақпараттық жүйелерді жобалау және құру», «Компьютерлік жүйелер мен тораптар».

Оқытудың мақсаты: DOS, WINDOWS, UNIX операциялық жүйелерімен жұмыс кезінде дағдысы болу керек және жүйелерді құру бойынша білімдер алу.

Пәннің қысқаша мазмұны: Жүйелік бағдарламалық қамтаманың есептері. BIOS көмегімен сыртқы құрылғылардың берілгендермен алмасу және ОЖ ішкі функцияларымен, құрылғылардың драйверлері және ОЖ ішкі функцияларымен, құрылғылардың драйверлері және ОЖ өңдеудің тәжірибелік дағдылары. Операциялық жүйелерді және BIOS мүмкіндіктерін қолдана отырып бағдарламалармен жұиыс істеу.



Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • операциялық жүйелердің құрылуы мен құрылымдарының принциптері.

Істей алуы керек:

  • Windows 95/98/NT/2000/XP (ОЖ функциялары,жадының виртуалды адрестелуі, көпесептілік, артықшылықтарын жоспарлау үрдістерін басқару,файлдық жүйе) функционалдау құрылымдары мен механизмдерін.

Дағдысы болу керек:

  • Windows 95\98, windows XP конфигурациясы мен жұмысына.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР



Қайта деректемелер: «Информатика», «Бағдарламалау технологиясы», «Ақпараттық жүйелер негіздері».

Кейінгі деректемелер: «Дискреттік математика», «Визуалды бағдарламалау»,

Оқытудың мақсаты: операциялық жүйелерді құру негіздері бойынша білімдерді алу, DOS, WINDOWS, UNIX операциялық жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын үйрену.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Операциялық жүйелерді құрудың жалпы принциптері, түрлері, функционалдау ерекшеліктері, операциялық жүйелердің даму жетістіктері. Операциялық жүйелердің сәулеті. Ресурстарды басқару. Файлдық жүйелер. С++ тілінің тәжірибелік бағдарламалау дағдылары

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • операциялық жүйелердің құрылуы мен құрылымдарының принциптерін.

Істей алуы керек:

  • Windows 95/98/NT/2000/XP (ОЖ функциялары, жадының виртуалды адрестелуі, көпесептілік, артықшылықтарын жоспарлау үрдістерін басқару, файлдық жүйе) функционалдау құрылымдары мен механизмдерін.

Дағдысы болу керек:

  • Windows 95/98, Windows XP конфигурациясы мен жұмысына.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қайта деректемелер: «Информатика», «Бағдарламалау технологиясы».

Кейінгі деректемелер: «Компьютерлік жүйелер мен желілер», «Ақпараттық-басқару жүйелері».

Оқытудың мақсаты: Интернет технологиялар пәнінің мақсаты технологияларын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін меңгеру, интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау әдістерін оқыту болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: технологиялар, Интернет ұйымдастыру мен функцияландыру принциптері, Интернет аясындағы қоладнылатын қосымшаларды жобалау, құрылу технологиясы.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • интернетте қолданылатын ұйымдастыру принциптерін, қызмет ету мен ақпаратты өңдеу технологияларын;

Істей алуы тиіс:

  • қазіргі интернет-технологиялары негізінде программалық қосымшаларды кұруды;

Дағдысы болу керек:

  • интернеттің қазіргі перспективалары мен дамуы беталыстары туралы.

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы
WEB-БАҒДАРЛАМАЛАУ

Қайта деректемелері: «Информатика», «Программалау тілі және технологиясы», «Обьектті - бағытталған бағдарламалау».

Кейінгі деректемелері: Дипломдық жобалау.

Оқытудың мақсаты: технологияларды игеру, ұйымдастыру қағыйдасын және Интернетпен жұмыс істей алу, интернет ортасында қолданбаларды жобалау үшін әдістеріне үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны: Web программалау үшін қосымшаларды жасаудың негізі. Программалық құрал-саймандарды жіктеу. Web-программалау үшін программа құрлымы. Клиент және сервер де қосымшаны орындау. Қолданбалы интерфейісті әзірлеу, интерактивті интерфейс, навигация. Синтакисті тіліде жазылуы және скрипті тілі (HTLM, XML, JS, VBS, PERL, PHP).

Оқытудың нәтижесі:

Білу керек:

  • ұйымның ұстанымдарын, Интернет және Web-технологияда қызымет көрсету ақпарытты өңдеу.

Істей алу керек:

  • заманауи Web-технология негізінде программалық қосымша құру.

Дағдылары:

  • заманауи Web-технологияның беталысы мен даму болашағын көрсету .

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы


№ р/с

Цикл

Пәннің сандық коды

Пән атаулары

Семе стр

Кредиттер саны

3 курс

1

БД(ВК)

3218

Дискретті математика

5

2

3219

Дискретті жүйелердің үлгілері және әдістері

5

2

БД(ВК)

3208

Визуалды бағдарламалау

5

3

3209

Компьюетрлік технологиялар негіздері

5

3

БД(ВК)

3234

Метрология, стандарттау және өлшем

5

2

3235

Стандарттау және өлшемдер, LabVIEW кешендері

5

4

ПД(ВК)

2226

WEB - технологиялар

5

3

2227

WEB - дизайн

5

5

БД(ВК)

3210

ЭЕМ және жүйелер

5

3

3211

Компьютерлік жүйелер және желілер

5

6

ПД(ВК)

3317

Электр энергиясының шығарылуы, берілуі және үлестірілуі негіздері

5

3




3320

Инфокоммуникациялық жүйелердің өлшем негіздері

5


ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА

Қайта деректемелер: «Алгебра жән геометрия», «Математикалық талдау».

Кейінгі деректемелер: «Операциялық зерттеу негіздер.

Оқытудың мақсаты: математикалық зерттеулердің теоремаларын, формулаларын, заңдарын, әдістері және негізгі түсініктерін игеру болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Жиындар мен жиынмен орындалатын операциялар. Жиын құру әдістері. Универсум. Эйлер диаграммасы. Жиындарды көбейту.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • жиындар теориясының және математикалық логика теорияларының негізгі ұғымдарын: жиынның булеаны, универсум, жиынның қуаты, Эйлер-Венн диаграммасы, өзара бірмәнді сәйкестіктер, логика формулалары, бинарлық қатынастар, логика және предикаттарды есептеу, предикаттар, кванторларды, графтар бөлігі, ағаштар, жүктелген графтағы минималды діңгек ағаштар, Эйлер шынжыры және циклдары, транспорттық желідегі ағын туралы.

Істей алуы тиіс:

  • ДҚФ және КҚФ келтіру, дизъюнктивті қалыпты формалар класында минимизациялау, формулалардың бірмәнділігін қолданғанда;

  • қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалармен классикалық математикалық есептерді шешуде

Дағдысы болу керек:

  • машықтандыру есептерінің шешімдерінің тиімді әдістерін анықтау

«Жоғарғы математика» кафедрасы

ДИСКРЕТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Қайта деректемелер «Алгебра және геометрия», «Математикалық анализ».

Кейінгі деректемелер: «Операцияларды зерттеу негіздері», «Шешім қабылдау теориясы».

Оқытудың мақсаты: математикалық зерттеулердің теоремаларын, формулаларын, заңдарын, әдістері және негізгі түсініктерін игеру болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Жиындар элементі теориясы, Сәйкестік, бейнелер және функциялар, бағандар теориясы, көліктік желілер. Маршруттарды бағандардан іздеу. Көліктік желілер.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • жиындар теориясының және математикалық логика теорияларының негізгі ұғымдарын: жиынның булеандары, универсум, жиынның қуаты, Эйлер-Венн диаграммасы, өзара бірмәнді сәйкестіктер, логика формулалары, бинарлық қатынастар, логика және предикаттарды есептеу, предикаттар, кванторларды, графтар бөлігі, ағаштар, жүктелген графтағы минималды діңгек ағаштар, Эйлер шынжыры және циклдары, транспорттық желідегі ағын туралы.

Істей алуы тиіс:

  • қисындылық компоненттері мен баған сандарын табу: цикломатикалық, хроматикалық, ішкі және сыртқы тұрақтылықты, Форд-Фалькерсон алгоритмін пайдалана отырып, максималды ағынын құру.

  • математикалық тапсырмалардың шешімінің классикалық әдісін пайдаланып, заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолдану.

Дағдысы болу керек:

  • классикалық математикалық тапсырмалармен байланыстыратын қолданбалы тапсырмалардың шешімі.

«Жоғарғы математика» кафедрасы
ВИЗУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ

Қайта деректемелер: «Информатика», «Бағдарламалау технологиясы».

Кейінгі деректемелер: «Ақпаратты басқару жүйесі», «АЖ жобалау және құрылымы».

Оқытудың мақсаты: студенттермен сәулетін жобалау және бағдарлама пакеттерінің функционалдық модульдерін құруға, стандарттарға сәйкес бағдарламалық құжаттарды құру, технологияларды таңдау дәрежесін алу, солардың негізінде жоғары деңгейлі тілдерінде бағдарламалар құру болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бағдарламалаудың графикалық тілі: негізгі түсініктері мен элементтері. Құрастырудың визуалды құралдары. Визуалды бағдарламаларды құру технологиясы. Жаратылыстану-ғылыми есептерін шешу. C++, Builder, Visual C++, FBD тілдері.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • сынып спецификациясына байланысты негізгі түсініктерін, сыныптар иеррархиясын мақсатты түрде таңдауды.

Істей алуы тиіс:

  • тәжірибеде бағдарламалау технологиясының әдістемесі мен құралдарын пайдалана білу.

Дағдысы болу керек:

  • құжаттарды рәсімдеумен бағдарламаларды жобалау.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
КОМПЬЮТЕР ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗДЕРІ

Қайта деректемелер: «Информатика», «Бағдарламалау технологиясы».

Кейінгі деректемелер: «Ақпараттық-басқару жүйелері», «АЖ жобалау және құру».

Оқытудың мақсаты: заманауи компьютерлік технологиялардың түсініктері мен пайдаланылуы. Ғылыми зерттеулер облысында компьютерлік технологияларды пайдалануда білімдерді дамыту.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: бағдарламалық қамсыздандырудың классификациясымен, компьютерлік технологиялар үшін бағдарламалық қамсыздандыруды құрудың функциялары мен принциптерімен студенттерді таныстыру.

Оқытудың мақсаты:

Білу керек:

  • ауқымды және жергілікті компьютерлік тораптарды құру принциптері, интернет-технологияларының негіздері, кәсіби цикл пәндерінде проблемалы-бағытталған қолданбалы бағдарламалық құралдарды пайдаланудың типтік процедураларын;

Істей алуы керек:

  • заманауи дербес технологияларды пайдалану, қызметтің ғылыми және білім беру сферасының тиімділігін көтеруге әсер ететін коммуникация құралдарын пайдалану, аспаптардың физикалық және математикалық модельдерін және электрониканың құрылғыларын өңдеу.

Дағдысы болу керек:

  • модельдеудің заманауи бағдарламалық құралдарымен (CAD), аспаптар, сұлбалар және электрониканың құрылғыларын тиімді жобалауға; аспаптарды математикалық модельдеу және олардың параметрлерін тиімділеу мақсатында технологиялық процесстер әдістерін.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ

Қайта деректемелер: : «Математикалық талдау», «Физика», «Электр тізбектерінің теориясы», «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика».

Кейіңгі деректемелер: : «Ақпараттық жүйелер негіздері».

Оқытудың мақсаты: Әдістер жиынтығын, өлшемді ұйымдастыруды бағдарламалық және қисынды қамтамасыз етуді біріктіру; өлшеудің негізгі әдістері мен құралдарының даму тенденциясы мен күйі, электронды тізбектер мен сигналдардың сипаттамаларын өлшеу технологияларын оқу, олардың дәлдігін бағалау; виртуалдық құралдарды жасау және өлшеулер жүргізу.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Нормативті құжатының стандартқа сериясының сәйкес келуі 9000. Әдістер құрамының негізгі электронды түрде өзгертілген (тоқ, әртүрлі сигналдардың мықтылығы әртүрлі форма арқылы белсенділігі өте көп болады). Технологияның эксплуатациялық аспабы және жүйелік өлшемі арқылы сәйкес келеді. Метрологиялық сұрақтар және процесстер стандарттау және сертификаттау процесін өлшейді.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • өлшеу құралдары мен таңдау әдістерін, өлшеуді орындауды және өлшеу нәтижелерін дәлдігін бағалауды.

Істей алуы керек:

  • кедергі бойынша және кернеуді тоқ бойынша математикалық қателігінің сипаттауды;

  • өлшеу нәтижесі мен дәлдігін бағалау, физикалық мөлшермен түрін өлшеуді орындау мен өлшеу құралы және таңдау әдісімен байланысты ғылыми және өндірістік тапсырманы шешуді.

Дағдылану:

  • метрологияның негізгі түсініктері және қалыптары, әрекет ету принциптері, қасиеттері, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеудің үлестірілген құралдарының сипаттамасына;

  • әртүрлі физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістеріне.

«Электроника» кафедрасы
СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕР, LABVIEW КЕШЕНДЕРІ

Қайта деректемелер: : «Математикалық статистика және ықтималдылық теориясы», «Электрлік тізбегінің теориясы», «Физика», «Математикалық талдау».

Кейіңгі деректемелер: : «Ақпараттық жүйенің негіздері».

Оқытудың мақсаты: Бакалавр студенттері үшін міндетті пән болып табылады және жалпы мамандандырылған пән болып табылады. «қолданушылардың заңын қорғауда,қызметі және затының сертификаты,стандарты, өлшем бірлігімен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңында құқықты базалы пән болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Автоматты өлшеу процесі үшін LabVIEW комплексін практикалық қолдануда және өлшеу мен стандарттау процесі. LabVIEW 7.1 және LabVIEW 8.0. Real Time режимінде және LabVIEW виртуалды құрылғымен фазаға ығысу бұрышын немесе жиілігін өлшеу

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • өлшеу құралдары мен таңдау әдістерін, өлшеуді орындауды және өлшеу нәтижелерін дәлдігін бағалауды.

Істей алуы керек:

  • кедергі бойынша және кернеуді тоқ бойынша математикалық қателігінің сипаттауды;

  • өлшеу нәтижесі мен дәлдігін бағалау, физикалық мөлшермен түрін өлшеуді орындау мен өлшеу құралы және таңдау әдісімен байланысты ғылыми және өндірістік тапсырманы шешуді.

Дағдылану:

  • метрологияның негізгі түсініктері және қалыптары, әрекет ету принциптері, қасиеттері, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеудің үлестірілген құралдарының сипаттамасына;

  • әртүрлі физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістеріне.

«Электроника» кафедрасы
WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қайта деректемелер: «Ақпараттану»,«Бағдарламалау технологиясы».

Кейінгі деректемелер: «Ақпараттық жүйелерді жобалау және өңдеу». Дипломдық жоба.

Оқытудың мақсаты: «Web-технологиялары» пәнін оқытудың мақсаты қазіргі заманғы технологияны пайдаланып Интернетті функционалдау және үрдістерін ұйымдастыру, Интернет ортасында қосымшаларды оқыту әдістерін жобалауды игеру болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Интернет технологиялары негіздері. "Торап" термині ұғымы. Клиент – серверлік архитектурасы. Провайдерлер және олардың тораптары. Интернеттің коммуникациялау модельдері.Pull және Push моделдер коммуникациялары. Интернет сервистерінің коммуникациялық сипаттамалары. Қолданушының Интернетке қосылуын ұйымдастыру.«Соңғы миля». Коммутациялы каналдары барторап. Модем. Интернет тораптарына қосылу технологиялары. DSL, ISDN технологиялары. DSL-технологиялары.

Білу керек:

  • ақпаратты өңдеу технологияларын және Интернетті функциональдауды, ұйымдастыру үрдістерін;

Істей алуы тиіс:

  • қазіргі заманғы Интернет технологиясы негізінде программалық қосымшаларды құру;

Дағдысы болу керек:

  • қазіргі заманғы перспектива мен интернет – программалаудың даму тенденциясын білу.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
WEB ДИЗАЙН

Қайта деректемелері: «Информатика», «Компьютерлік сызу негіздері және 3Д-модельдеу».

Кейінгі деректемелері«ақпараттық жүйелерді жобалау және өңдеу». Дипломдық жоба.

Оқытудың мақсаты:

Интернет ортасында қолдану үшін жоба қосымшасының әдістемесін оқу.Интернет қызметі және ұйымдастыру ұстанымдары технологияны меңгеру.



Пәннің қысқаша сипаттамасы: Web-дизайндар жайлы түсінік, ақпаратты өңдеу және жіберу; әр түрлі деңдейдегі жүйелерде Web-дизайнды қолданумен байланысты сұрақтар кешені, Web-қосымшалар қолдану ерекшеліктері. Web-дизайн мамандарына заманауи кәсіби талаптар.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • интернет қолдана отырып ақпаратты өңдеу технологиясы және интернет қызметтері, ұйымдастыру ұстанымдары;

Істей алуы тиіс:

  • заманауи интернет технологиясының негізінде бағдарламаны құру.

Дағдысы болу керек:

  • интернеттің даму тенденциясында және заманауи перспективінде елестете білу.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
ЭЕМ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕР

Қайта деректемелері: информатика, бағдарламалау тілдері мен технологиялары.

Кейінгі деректемелері: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер, «С++ бағдарламалау тілі».

Оқытудың мақсаты: ақпаратты өңдеу және басқару, әр түрлі көрсеткіштегі есептеуіш жүйелерді функцияландыру принциптері мен құрылымдары, есептеуіш үрдістер ұйымының принциптері мен автоматтандырылған жүйелердің техникалық құралдары туралы білім беру.

Пәннің қысқаша мазмұны: Электронды есептеу машиналары. ЭЕМ сұлбатехникалық негіздері. ЭЕМ арифметикалық негіздері. ЭЕМ логикалық жобалаудың негіздері. ЭЕМ жады. Процессорлар. Ақпаратты енгізу жэне шығаруды ұйымдастыру. Есептеу кешендері мен тораптарын ұйымдастыру.

Оқытудың нәтижесі:,

Білу керек:

  • есептеуіш техника құралдарының заманауи аналогты және сандық элементтік базасын, ақпаратты өңдеудегі электрондық құралдардың тораптары мен элементтер есептерін жобалау әдістерін;

  • -жалпы ЭЕМ және жеке құрылғылардың функционалдық және ұйымдық негізгі принциптері, сондай-ақ есептеуіш жүйелер және кешендер, ЭЕМ-нің көбірек таралған класстері мен типтері аясындағы мүмкіндіктері мен сипаттамалары;

  • есептеуіш жүйесі архитектурасының құрылу принциптері.

Істей алу керек:

  • автоматтандырылған жүйелердің техникалық құрылымын анализдеуге арналған формальды аппарат;

  • АСОИУ-ды құрудағы микпроцессорлық құрылғылардың электрондық сызбаларын анализдеу және синтездеу әдістері;

  • АСОИУ-ды құрудағы есептеуіш жүйелердің мүмкіндіктері.

Дағдылары:

  • ЭЕМ құрылғыларының және электрондық элементтердің есептеулерін орындау, микропроцессорлық бақылаушыларды жобалау;

  • ЭЕМ және есептеуіш жүйелердің архитектурасының бағаларын, анализдерін кешендеу.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЖЕЛІЛЕР

Қайта деректемелері: «Ақпараттану», «Ақпараттық жүйелер негіздері», «Объектілі –бағытталған бағдарламалау», «Операциялық жүйелер».

Кейінгі деректемелері: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», Ақпараттық жүйелерді басқару».

Оқытудың мақсаты: компьютерлік жүйелер мен желілерді функционалдау және ұйымдастыру принциптерін игеру, жүйе мен желідегі персональды компьютердің жұмыс істеу ерекшеліктері, заманауи компьютерлік желілік технологиялармен танысу, ауқымды желілермен жұмыс істеуден тәжірибелік дағды алу.

Пәннің қысқаша мазмұны: Компьютерлік тораптар жайлы жалпы түсінік. Негізгі анықтамалар. Желілердің классификациясы. Жергілікті компьютерлік желілердің топологиясы Компьютерлік желідегі аппараттық және бағдарламалық стандарты. Ашық жүйелердің өзара байланысын ұйымдастырудың эталондық моделі. «Ашық жүйе» түсінігі. Коммуникациялық протоколдардың стандартты стектері. OSI стегі. TCP/IP стегі. IPX/SPX стекі. NetBIOS/SMB стекі. SNA стекі. DECnet стекі. OSI моделінің комуникациялы функционалдық сәйкестігі.

Оқытудың нәтижесі:



Білу керек:

  • желілік топология, хаттама түрлері, мүмкін қорлар және рұқсат алу құқығы, желілік типтік бағдарламамен қамсыздандыру, бағдарлама аралық коммуникациялар, ауқымды желілерге қосатын хаттамалар мен негізгі қызмет түрлері.

Істей алу керек:

  • желі топологиясы мен хаттамасын нақты мақсаттарға таңдау, керекті желі қорларын анықтау, қолданушылар арасындағы рұқсат алу құқығын үлестіру, типтік бағдарламалық қамсыздандыруды реттеу, компьютерлік жүйелер мен желілердің мүмкіндіктерін сауатты пайдалана білу.

Дағдылары:

  • Интернет желісіне қатынас құру әдістерін;

  • желіде әкімшілік ету, талдау жүргізу мен басқарудың жалпы қағидаттарын, т.б

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛУЫ,БЕРІЛУІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРІЛУ НЕГІЗДЕРІ

Қайта деректемелер: «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау»

Кейінгі деректемелер: «Сұлбатехника», «Электрленген тізбектер және сұлбатехника».

Оқытудың мақсаты: Электрқуаттың сапасы сондай-ақ жобаланған және эксплуатациялық экономикада жобалануы, сараптамалық режимдерінің электрленген байланыс және жүйелердің есептік аудандарын жасау.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Электрқуаттың мәселелерін анықтау. Электроэнергияның мүмкіндіктері және компактіленген және сымсыз сымдардың электрберуі. Жобаланудың құрылымы жаңартылған түрлерін анықтау және мәселелерін шешу. Электрленген байланыстың реттелуі,күшейтілуі энергияның көп мөлшерде шығындалуы, төмендетілуі.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • электрленген энергияның сараптамалық есептелімдерінің әдістері, электрленген байланыс өзгерістердің енгізілуі,қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері және электрленген байланыстың әдістері және есептелімдердің сараптамалық электр қуаттары.

Істей алуы керек:

  • электрленген байланыстың режимдері тұйықталған және тұйықталмаған электрленген байланыстың деректерінің бастапқы және соңғы сымдарының есептелімдері қиын тұйықталған байланыстардың әдістері; орнатылған есептелімдердің режимдері қарапайымдалған тұйықталған электрлер байланыстары.

Дағдысы болу керек:

  • типтелген таңдаулардың көз қарастары нақты класстардың тәуелділігі,күшейтілген байланыстары. Реактивті электрленген жүйенің реттелген транформаттары және автотранформаттарының салмақты тәуелділігі.

«Электрожабдықтау өнеркәсібінің кәсіпорны» кафедрасы
ИНФОКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЛШЕМ НЕГІЗДЕРІ

Қайта деректемелер: «Информатика», «Алгоритм деректер құрылымы және бағдарламалау».

Кейінгі деректемелер: «Обьектіге бағытталған бағдарламалау», «ERP негіздері және жасалу класстары».

Оқытудың мақсаты: ОББ мазмұны бағдарламамен қамсыздандыратын іс жүзінде қолданылатын әр түрлі компьютерлік ақпараттық байланыстар көмегіне жүгінеді. Басқару ұстанымдары бағдарламалық функционалды негіздерін жасалуын білу.

Пәннің қысқаша мазмұны: Интеллектуалды инфокоммуникационалды жүйенің элементтері жобалау байланыстарының есептелімдерінің бастапқы деректерінің сараптамалық нәтижесінде жобалануын қадағалайды.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • заманауи ақпараттық байланыстың теориясының негіздері. Ақпараттық ресурстар. Ақпараттық байланыстың құрылымы және модельдерін;

  • OSI жүйесінің ашық түрде әрекеттесуін базалық жетілікдеңгейлі эталондарының модельдерін;

  • ақпараттық ағындардың бағдарлануының әдістері және ақпараттық коммутацияның әдістерін;

  • байланыстардың әрекеттесуін аппараттық түрлерін белгілеу ортасын;

  • байланыс қызметтерінің хаттамасының жасалуын;

  • диагностикалық байланыстардың әкімшілік құрылымының ұстанымдарын анықтау;

  • Ақпараттық байланыстардың сақталуы,қауіпсіздігінің ұстанымдары;

  • Аппараттық және бағдарламалық амалдардың, перспективті дамуын.

Істей алуы керек:

  • ақпараттық байланыстың басқару технологиясының ауыстырылуы, негізгі құрылымының деңгейлерін жүзеге асыру;

  • жобалау ақпараттық байланысының әдістерін қолдану;

  • ОС Windows базасының ақпараттық байланыстарының функционалды диагностикасының әкімшілік пакеттерінің заманауи тұрғыға байланысты қолдану.

Дағдысы болу керек:

  • Инфокоммуникациялық жүйенің байланыстарының технологиялық деңгейде алып жүру.

«Телекоммуникациялар жүйесі» кафедрасы


№ р/с

Цикл

пәннің сандық коды

Пәннің атауы


Семестр

Кредит саны

4 курс

1

НП(ВК)

4313

Еңбек қорғау

7

2

4314

Өндіріс қауіпсіздігі

7

2

КП(ВК)

4309

Деректер қорларын және білім қорларын ұйымдастыру

7

3

4310

Корпоративті деректер қоры

7

3

КП(ВК)

4214

Ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары

7

2

4215

Ақпараттық технологиялардың техникалық құралдары

7

4

КП(ВК)

4307

ІТ-жобаларды басқару

7

3

4308

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

7

5

КП(ВК)

4315

Ақпараттық-басқарушы жүйелер

7

2

4316

Көп деңгейлі басқару жүйелері

7

6

НП(ВК)

4228

Шешімді қабылдау теориясы

7

2

4229

Операцияларды зерттеу негіздері

7

7

КП(ВК)

4311

Ақпараттық жүйелерді жобалау және оңтайландыру

7

3

4312

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістері мен құралдары

7

8

КП(ВК)

4319

Энергетикадағы ақпараттық желі құрылымдары және ерекшеліктері

7

2

4322

Сымсыз байланыс объекттері үшін ақпараттық жүйелердің құрылымы және ерекшеліктері

7


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Қайта деректемелер: «Физика», «Математика», «химия», «информатика», «электротехниканың теория негіздері»

Кейіңгі деректемелер: «Еңбекті қорғау». «Қоршаған ортаны қорғау»

Оқытудың мақсаты: Пәнді оқыту барысында болашақ мамандарға төмендегілерге қажет теориялық және машықтану білімдер беру:

  • еңбекке қолайлы жағдай жасау;

  • санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың цехтарындағы қондырғы және құрылғыларды рационалды түрде орналастыру;

  • кәсіби ауруларды және өндірістік травматизмді болдырмайтын жаңа техникамен технологияларды өңдеуге байланысты сұрақтарды шығармашылық шешу.

Пәннің қысқаша мазмұны: Курс өндірістік қауіпсіздікті заңдарға және нормативтік құжаттарға сәйкес басқару және ұйымдастыру проблемалары бойынша оқытылатын міндетті пән болып табылады.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • жану үрдісінің теориялық негіздері және өрт сөндірудің заманауи әдістерін.

Істей алу керек:

  • өрт категориясын анықтау, өрт сөндіру құралының қолданылатын түрін, өрт сөндіру техникасының қажетті саны, өрт сөндіру уақытын.

Дағдысы болу керек:

  • өрт жарылыс қауіпсіздігін теориялық негізіндегі жану үрдісі және өрт сөндірудің заманауи әдістері бойынша.

Кафедра«Қоршаған орта және еңбек қорғау»
ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК

Қайта деректемелер: «Математика», «Физика», «Химия», «Экология және тұрақты даму», «ӨТҚ және ҚОҚ өлшеу және бақылау әдістеіне».

Пәннің мақсаты:

  • болашақ мамандарды, келесідей қажетті, теориялық және практикалық білімдер беру керек:

  • қоршаған орта және адам денсаулығы мен өмірі үшін, сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлеміне қауіпті өнімдер мен процесстермен қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

  • тұтынушыларды өнім, қызмет сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты адасуға алып келетін әрекеттерден алдын ала ескерту;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою;

  • отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

  • табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Пәннің қысқаша мазмұны: Төтенше жағдайлардағы байланыс пен телекоммуникация, экологиялық мониторинг, кәсіби және экологиялық тәуекелін бағалау әдістері, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ағын суларды тазарту, энергетика объекттерін функциялау тұрақтылығы. Теориялық және практикалық сұрақтарды меңгеру нәтижесінде студенттердің дипломдық жұмысын өңдеген кезде қолданылады.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • еңбек шарты бойынша талдау әдісі және қауіпсіздік бойынша өндіріс құрылымын.

Істей алу керек:

    • жаңа ақпараттық технология негізінде әртүрлі өңдеу. Өндірістік травматизм.

Дағдысы болу керек:

    • жаңа ақпараттық технология негізінде әртүрлі өңдеу. Өндірістік травматизм.

Кафедра«ӨТҚ және ҚОҚ»
ДЕРЕКТЕР ҚОРЛАРЫН ЖӘНЕ БІЛІМ ҚОРЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қайта деректемелер: «Деректер қорының жүйелері», «Web технологиялары».

Кейінгі деректемелер: Дипломдық жұмыс.

Оқытудың мақсаты: энергетика, телекоммуникация және байланыс бойынша замнауи кәсіпорындарда инфрақұрылымды қызметтендіретін қазіргі дерек қор технологиясы мен әдісін қолдануды қамтамасыз ететін, бiлiм және ғылым кешенiн қалыптастыру болып табылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Дерекқорды орнату ұстанымы. ДҚБЖ Oracle негізі. Клиент-серверлік дерек қорларды құру және басқару. PL/SQL да бағдарламалау (ұсыныстарды, шараларды, триггерді және қызметін құру). Стандартты қызметтерді қолдану. Үлестірілген дерек қорларды қорғау.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • жүйелік талдау;

  • дерек қор құрылымын және кәсіпорын құрылымдарын, ішкі жүйдегі мәліметтердің таралуын.

Істей алу керек:

  • автоматтандырылған бизнес-процестің дәрежесін бағалау;

  • ақпараттық жүйенің толық жұмысын қамтамасыз ететін қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • қазіргі корпоративтік дерек қорлврды жобалаудың әдісі мен технологиясын қолдану, барын қамтамасыз ету және инфрақұрылым қызметі.

Дағдысы болу керек:

  • есептеуіш құралдар жиынтық әдістерін, телекоммуникацияны, инженерлік жүйені, деректік ақпараттық-басқару жүйесін және дерекқор басқару жүйесін практикалық қолдану.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
КОРПОРАТИВТІ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ

Қайта деректемелер: «Деректер қорының жүйелері», «Web технологиялары».

Кейінгі деректемелер: Дипломдық жұмыс.

Оқытудың мақсаты: Инфраструктураның заманауи энергетикасы және телекоммуникациялық желісі. Заманауи деректер қоры,қамсыздандырылған әдісі мен заманауи деректер қоры.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Корпоративті деректер қорының жұмыс істеу принциптері. Oracle ДҚБЖ негіздері. Кубтарды жобалау. Клиент-серверлік деректер қорын құру және басқару. PL/SQL (тілдің синтаксисі, басқару конструкциялары, деректер типтері). Динамикалық PL/SQL. Корпоративті деректер қорын қорғау.

Оқыту нәтижелері:

Білуі керек:

  • жүйелік талдаулар жасауды;

  • деректер қорының инфрақұрылымын және өнеркәсіптің ресурстарын;

  • жүйелер арасында өзара ақпарат алмасу ағындарын.

Істей алуы керек:

  • бизнес-процестарды автоматтандыру;

  • деректер қорын ақпаратық жүйелерде ұйымдастыру;

  • корпоративтік деректер қорын жобалауда, құруда қазіргі заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып жасау.

Дағдысы болу керек:

  • қазіргі заманғы есептеу жүйелерін, ақпараттық жүйелерді, ақпаратты өңдеу

  • жүйлерін, деректер қорын жобалауды, деректер қоры моделдерін, деректер қорын басқару жүйелерін.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАРЫ

Қайта деректемелері: информатика, алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау, ақпараттық жүйелердің негіздері, операциялық жүйелер.

Оқыту мақсаты: заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың даму тенденциясының негіздерін игеру.

Пәннің қысқаша мазмұны: ақпараттық модельдерді құру принциптері, алынған нәтижеге сараптама жүргізу, заманауи ақпараттық технологияларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану.

Оқыту нәтижелері:

Білу керек:

  • қайта жасалған ақпараттың заманауи ақпараттық құралдарының негіздерін, есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыз етуге негізделген дамыту және дәрежесінің заманауи күйі.

жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау