«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Дәріс 8: Егіншіліктің заманауй жүйелерінің артықшылықтары мен кемістіктері, ауылшаруашылық өсімдіктердің өмір сүру жағыдайын онтайландыру



жүктеу 0,79 Mb.
бет91/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Дәріс 8: Егіншіліктің заманауй жүйелерінің артықшылықтары мен кемістіктері, ауылшаруашылық өсімдіктердің өмір сүру жағыдайын онтайландыру

Дәріс мақсаты:

Егіншіліктің заманауй жүйелерінің артықшылықтары мен кемістіктерін студенттерге түсіндіру



Сүрақтар:

  1. Егіншіліктің заманауй жүйелерінің артықшылықтары мен кемістіктері

  2. ауылшаруашылық өсімдіктердің өмір сүру жағыдайын онтайландыру

Экологиялық артықшылығы

  • Жердің жоғарғы қабатының қалыптасуы үнемі жүріп жататын үдеріс . Милиондаған жылдары бойы шөгінді жыныстар, органикалық және минералдық заттар жиналып құнарлы қабап құрды.

  • Кәзір бірнеше онжылдықтың ішінде егіншіліктін механикаландырған кезінде біз сол қабатты құртыға мүмкүншілігіміз бар Жылына әлемде алты миллион гектар құнарлы жер жоиылады.

  • Эрозия - это результат потери почвой ее плодородных качеств, что в свою очередь является прямым результатом воздействия методов традиционного интенсивного земледелия.

Ылғалды-ресурсты үнемдейтін (консервлейтін) технологиялар

  • Агрономияда егіншіліктін екі түрі бар: әдеттегі немесе қарқынды егіншілік және үнемдейтін егіншілік.

  • Әдеттегі егіншілікте жердді жырту арқылы қолайлды жағыдау туады, оның нәтижесінде құнарлық жоиылады. Үнемдегіш егіншілікте топырақ жердің құрылымын өзгертпей өнделеді..

Топырақты минималды өндеу

Арамшөптермен күресу үшін бір немесе бірнеше культивация жасау керек. Өсімдік қалдықтардың біразы жабын (мульча) ретінде топырақтың бетінде қалады. Бірнеше өндеуді қиыстырған агрегаттармен өндейді, терен өндеуден көбінесе бас тартады, арамшөптермен күресуді гербицидтермен жасайды.

Топырақты бірнеше рет немесе бір рет таяз өндеу, культивация немесе тырмалау жасайды. Сабан және аныз сабақтар жабынды ретінде топырақтың бетінде жатады. Таяз өндеген жерге жабынды қабаты бар жерге себу өткізеді. Жабын топырақтың бетінен булануды және эрозияны азайтады.

Бү жағыдайда эксплуатациялы шығындар күрт азаяды. Топырақтың құнарлығы артады, оның құрылымы жақсарады. Топырақ фаунасына қолайлы жағыдай туады.



Топырақ өңдеудi шағындау

Ұзақ уақыт бойы топырақты механикалық өңдеу оның құнарлылығын арттырудың тиiмдi құралы деп есептелiнiп келдi. Кейiннен топырақты белсендi өңдеудiң оның қара шiрiндiсiнiң азаюы, шаңдануы, жел және су эрозиясының пайда болуы сияқты топырақтың құнарлылығын төмендететiн, яғни тоздыратын жағымсыз жағдайлармен тығыз байланысты екенi белгiлi болды.

Далалық аймақтарда топырақты қайырмалы құралдармен шектен тыс көп өңдеу бiрден екi жағымсыз жағдайға әкелiп соқты. Бiр жағынан-құрғақшылық, екiншi жағынан жел эрозиясы шұғыл көрiнiс алды. Топырақты өңдеу нақтылы топырақ-климат жағдайларына экологиялық бейiмделген, топырақ қорғайтын болуы керектiгi айқын болды. Тек осындай жағдайда ғана топырақты табиғат күшiнiң бұзушылық әсерiнен қорғап, мәдени дақылдардың өсуiне қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк туады. Топырақты өңдеу iлiмiнiң осындай әдiснамалық (методологиялық) негiзiнен топырақты өңдеудiң бiрiншi принципi – оны шағындау (минимализация) туындайды (60).

Елуiншi жылдарда көптеген зерттеулердiң нәтижесiнде топырақты өңдеудiң жаңа тәсiлдерi мен жаңа бағыттары пайда бола бастады. Оны топырақты шағындап өңдеу деп атады. Бұл өңдеудiң саны мен тереңдiгiн азайту, бiр жұмыс процесiнде бiрнеше операцияны бiрге атқару және гербицидтер қолдану, арқылы энергетикалық шығынды төмендететiн топырақ өңдеу (30).

Топырақты өңдеудi шағындаудың бiрнеше жолы бар, ал керектiсiн нақтылы топырақ-климат жағдайына қарай таңдап алады.

1. Өңдеудiң сапасын арттыру және гербицидтер қолданумен Қштастыра жүргiзу арқылы топырақты өңдеудiң санын азайту. Бұл жол сүрi танаптарды өңдеу мен отамалы дақылдарды өсіргенде жиi қолданылады.

2. Агрегаттың бiр өтуiнде топырақ өңдеудiң бiрнеше тәсiлiн бiрге атқару. Мысалы, СЗС-2,1 тұқымсепкiш-культиваторы бiр өткенде егiн себу алдындағы культивация, тұқым себу, тыңайтқыш сiңiру және тұқым себiлген қатарды тығыздауды бiрге атқарады.

3. Топырақты өңдеуде химиялық немесе нөлдiк тәсiлдi қолдану. Мұнда топырақты механикалық өңдеу, арамшөптермен күрестiң құралы ретiнде толығынан гербицидтермен алмастырылған. Мысалы, гербицидтi сүрi танапта жаппай әсер ететiн жанасу гербицидтерiн және талғап әсер ететiн жүйелi гербицидтердi қолдануды ұштастыра жүргiзу арқылы арамшөптердi толық жоюға болады, ал топырақтың бетiнде аңыз паясы және басқа өсімдік қалдықтары сақталады. Бiрақ, мұнда топырақтың тығыздығы мен су өткізгіштігінiң жағымсыз жағдайларының тууына жол берiлмегенi дұрыс. Сондықтан топырақтың нольдiк өңдеуi тек қара шiрiндiсi мол болғанда ғана мүмкiн.

Блисов Т.М. (9) атап көрсеткендей, Торғай ауыл шаруашылық тәжiрибе стансасының жеңiл саздақ қара қоңыр топырақтарындағы бес танапты дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстерде негiзгi өңдеудiң нөлдiк жүйесiн (гербицидтi сүрi танап және басқа танаптарда өңдеусiз) пайдалану сүрi танапта 23-25 см және басқа танаптарда 12-14 см өңдеумен алмастырғанда бiр айналымда өнімнің 3,1 ц/га төмендеуіне әкелiп соқан. Өңдеу шағындалған жүйе (жазықтiлгiштi-гербицидтi сүрi танапта 23-25 см қопсыту, басқа танаптарда өңделмеген) бойынша жүргiзiлгенде өнімнің төмендеуі 2,0 ц/га болған.

4. Өнiмдi төмендетпейтiн жағдайда топырақты өңдеудiң тереңдiгiн азайту. Агрофизикалық көрсеткіштерi жақсы топырақтарда, дақылдардың өнімділігін кемiтпей, Ұзақ уақыт топырақтың тек беткi қабатын өңдеудiң немесе саяз өңдеудiң мүмкiндiктерi бар. Бұл жағдайда арамшөптермен күресте гербицидтер және сүрi танап пайдаланылады.

Н.М.Тулайков саяз өңдеудi пайдаланудың мүмкiндiктерi туралы: «… Бiз тұқымды себетiн қабатты жақсылап дайындасақ, егер өсімдіктердің жас тамырлары бiрнеше күннен кейiн, ғылымның барлық ережесi бойынша жыртылған топырақ қабатынан төмен кетсе жеткiлiктi емес пе» - деп жазды (106).

5. Топырақтың өңделетін бетiнiң ауданын азайту. Топырақты өңдеудi шағындаудың бұл түрi, егiндi тiкелей себу әдiсiн қолданғанда, яғни топырақта жiңiшке жолақ қана өңделiп, оған тұқым себiлгенде, пайдаланылады. Жердiң бетiнiң басқа бөлігі өсімдік қалдықтарының жамылғы қабаты астында болады. Арамшөптермен күрес гербицидтердiң көмегiмен жүргiзiледi (48).

Солтүстiк Қазақстанда топырақты өңдеудi шағындаудың басты жағдайларына арамшөптермен күресте химиялық заттарды пайдалануды және топырақтың бетiнде аңыз паясын сақтайтын топырақты өңдеудiң жазықтiлгiштi құралдарын қолдануды жатқызуға болады.

СібАШҒЗИ-да бiр өткенде себу алдындағы культивацияны, дәндi дақылдар мен тыңайтқышты шашыранды себудi, тұқым себiлген қабатты жаппай тығыздап, топырақтың бетiн қопсытатын әмбебап-құрамалы машина жасаған. Машинаның мынадай жұмыс органдары бар: алымы 55 см жазықтiлгiш табан; тығыздағыштың екi бөлімi; тұқым мен тыңайтқыш салатын қораптар; тұқымды ауа қысымымен себетiн тетiк; гидромотор арқылы жұмыс iстейтiн жоғарғы қысымды желдеткiш. Бұл машинаның тұқымсепкiшiн алып тастап, культиватор ретiнде қолдануға болады (55).

Қазіргі қолданылып жүрген және дайындалып жатқан құрамалы машиналарды Мазатов Н.К. мен Сердечный А.Н. (61) мәлiмдегендей үш топқа бөлуге болады: топырақтың беткi қабатын және егiн себу алдында өңдеуге арналған құрама машиналар мен агрегаттар; топырақты дайындауға және егiн себуге арналған машиналар мен агрегаттар; топырақтың негiзгi өңдеуiн жүргiзуге арналған құрамалы агрегаттар. Құрамалы агрегаттарды пайдалану танаптардан қуатты, ауыр тракторлардың өтуiнiң санын азайтады.

Жабындап себу

Таяз өнделген жерде аныздардың қалдықтарынан жабындалып себіледі. Жабын қабаты ылғалдың булануына кедергі болады, су және жел эрозиясына қарсы тұрады. Әдеттегі өндеуге қарағанда жанармай аз кетеді. Топырақтың құнарлығы және құрылымдылығы артады



Үнемдегіш егіншілікке өту кезеніндегі кемістіктері

  • Ауыр құрылымсыз, қарашірігі аз топырақтың шамадан тыс тығыздалуы. Су өткізгіштігі төмендеуі байқалады, сондықтан бүл технологияға өткенде құрылымды, қарашірік мөлшері 3 пайыздан кем емес топырақтарда отамалы дақылдары жоқ ауыспалы егістерде бастаған дұрыс болады

  • Өсімдік қалдықтары. Өсімдік қалдықтары көп болғанда және сабан ұндақталмаған болса және топырақ бетінде тегіс емес орналасса топыраққа тұқымды онтайлы теренділікке енгізу қиындап кетеді. Бұл жерде дискілі сошнигімен сепкіштер қажет болады. Дискілі сошниктердер топырақтың бетін онай кесіп сабанмен тығылмайды.

  • Үнемдегіш егіншілікте егісті қорғау жүйесі ең бір осал жерлерінің бірі.

  • I этап – арамшөптермен ластануына және зиянкестердің зиянынының артуына байланысты фитосанитарлы жағыдайдың нәшәрлауы.

  • II этап - фитосанитарлы жағыдайдың стабилизацисы (3-4 жыл)

  • III этап –топырақтың табиғи механизмдерінің реттелуіне байланысты зиянда организмдердің азаюы

Топырақты нөлдік өндеу (No-Till)

Топырақты бірде өндеу өткізбей өнделмеген танапта тікелей себу жасалады. Өсімдік қалдықтары (аныз сабақтары мен ұнтақталған сабан), топырақ бетінде қалған, қардық жиналуына, эрозия үдерістерінің азаюына, топырақтың құрылымының жақсаруына күздік дақылдардың төменгі температуралардан қорғанылуына, қоректік заттардың жиналуына себепші болады, Жамбыр құрттар мен топырақтағы микроағзалар саны арта түседі. Өндірістік шағындар, оның ішінде жанар май қүрт азаяды. Сонымен қатар қоршаған орта сақталады, ылғал тиімді жұмсалады.



жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау