4.4 Іскерлік ойын
Іскерлік ойын – бұл іскер өмірде озу мақсатында ойналынатын ойын. Іскерлік ойын – өмірде болуы мүмкін жағдайларды модельдеуге, қателесіп, шын өмірде қайта қателеспеу үшін қатені анализдеуге мүмкіндік беретін оқыту формасы.
Іскерлік ойын – іскерлік әрекеттің түрлі жағдайлары оның орындаудың жаңа әдістерін іздеу арқылы жасалынатын амал.
Іскерлік ойын – адам белсенділігі мен қоғамның қарым-қатынасын имитирлейді. Ойын сонымен қатар, эффективті оқыту формасы болып табылады, себебі оқу пәнінің абстрактылы мінезі мен шынайы әрекеті арасындағы қарсылықты шешеді.
Іскерлік ойынның көптеген атаулары мен түрлері бар, олар жүргізу әдістемесі мен қойылған мақсаттарға сай дидактикалық және басқару ойындары рольдік ойындар, мәселелі- ориентирленген, ұйымдастыру әрекеті және т.б.
Іскерлік ойындардың дамуының негізгі бағыттары:
Ғылыми зерттеулер ұйымдастыруы немесе жасалуында қолданылады, іскерлік ойындар адам іс-әрекетін қадағалайтын жағдай жасай алады.
Іскерлік ойында қолданылатын тематикалар:
Салыстырмалы түрде аз уақытта ойналатын ойындар экспериментальді деп аталады. Олар түрлі зерттеулер немесе дәрістер оқығанда юллюстрациялар ретінде қолданылады.Компьютерлер қолданылатын ойындар, компьютерлік ойындар,- деп аталады.
Іскерлік әрекеттерде толық ұйымдастыру мен бірге стратегия таңдауды модельдейтін ойындар кәсіпкерлік ойындар деп аталады.
Іскерлік ойын ойыншылардың импровизациялық ойлауын дамыта отырып жоғары темппен өсуде. Осыдан соң саны және өкілі бойынша алдын-ала құрылған топтар әрқайсысы шешуі керек мәселелердің бірі бойынша миға шабуыл жасау үшін өз бөлмелеріне шығарылады. Мұндай әрбір топта ойын техник-әдіскер болады, оның міндеті процесті шеберлікпен ұйымдастыру. Әрбір жаңа миға шабуыл кезінде ізденуші топтың жұмысы берілген мәселе бойынша басшыны таңдаудан басталады. Ол басшы топтың жұмысын ұйымдастыруы, конференцияға баяндама дайындауы және бәсекелестік сайыста іс-әрекеттің таңдалған бағдарламасын қорғап шығуы керек. Басшымен бірге оппонент сайланады, оның міндеті топтардың бағдарламаларына баға беру. Әдіскер ізденуші топтың жетекшісіне ұжымдық жұмысты ұйымдастыруға ұсынысты жасауға көмектеседі. Ойын техник-әдіскер әрбір мәселеден ізденуші топтың жаңа басшысы және жаңа оппонент сайлануына қол жеткізуі керек, осылайша ойынның барлық қатысушыларының максимальді белсенділігіне жетеді. Басшыны таңдау кезінде демократиялылық сақталуы керек: Басшылыққа жетекшілер де, қатардағы мамандар да тартылуы керек.
Өзіндік жұмыс аяқталған соң, ізденуші топ жалпы конференцияда өзінің жобасын қорғайды. Баяндамаға әдетте келесі талаптар қойылады:
Қойылған мәселеге қысқаша талдау жасау.
Таңдалған ұсыныстарды негіздеу.
Ұсыныстардың практикалық маңыздылығын және оның іске асу мүмкіндігін дәлелдеу.
Мәселелік-бағдарлы іскерлік ойында барлығы тең, административтік қызметтер ойын кезінде «жойылады», ешкім өз мүмкіндіктерін қолданбауы керек. Барлық идеялар айтылуға рұқсат етіледі, бірақ ойын процесінде жеке басты сынауға жол берілмейді. Бұл базада әртүрлі көз қарасты, пікірді, тәжірибелерді жақындататын және бүтін дүниені жасауға мүмкіндік беретін өзара қарым- қатынастар қалыптасады. Мұндай технология мәселеге терең үңілуге, адамды арасында өзара түсінушілікті қамтамасыз етуге және ситуацияны бұзып шығуға қабілетті әлеуметтік іс-әрекеттер бірлігіне жетуге, тоқырауды шешуге немесе өзекті мәселелердің жаңа шешімін құруға мүмкіндік береді. Конференцияда сөйлейтін басшылар іскерлік ойын ұйымдастырушыларына өз сөздерінің жазбаша жазбасын тапсырады. Әр топтың оппоненттері де өз жазбаларын тапсырады. Сол сияқты іскерлік ойынның барлық конференцияларының видеожазбасы жүргізіледі. Осылдайша сұрақтар, жауаптар және пікір талас сәттері жазылады. Өз жазбаларын ойынды ұйымдастырушылар, эксперттік комисия мүшелері және ойын техник-әдіскерлер де жүргізеді. Барлық жиналған матиериалдар негізінде біріккен есеп дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |