«№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Біріңғай ақпараттық білім беру ортасындағы мектепішілік бақылау
Орындаған: Бақтыгүл Хайдарова
Шиелі ауданы, Ботабай ауылы “№228 Шәймерден
Бәкіров атындағы орта мектебі”
КММ директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары
Қызылорда қаласы
2017 жыл
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
Қазіргіміз бен өткеніміздің және болашағымыздың арасындағы байланысқа үнемі талдау жасап отырмасақ, онда біз жұмыс істей алмаймыз -мектептегі педагогтық басшылық жасаудың логикасы осында жатыр.Көре білу ол біріншіден, өткен жолыңа көз жіберу, талдау жасау, содан бүгінгі күннің жетістіктері мен кемшіліктерінің қайнар көзін табу болып табылады.
Мектепті ғылыми негізде басқару ісі мектеп басшылығының педагогикалық құбылыстың мәніне талдау жасай білуінен басталады.
Оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару, жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады.
Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады.Бұл тек бар фактілерді жинау ғана емес. Мектепішілік басқару ісінде құрғақ фактілерді жинау өте қауіпті, тіпті қатерлі іс. Педагогикалық талдау ісі дамыта оқыту арқылы мектепті басқару ісін көздейді. Оқу жылының қорытындысына педагогикалық талдау жасау ісін дамыта оқытудың ең бастысы – талдау (анализ).Бұл-барлық негізгі факторларды зерттеу, өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктердің себебін анықтау болып табылады.
Мектепішілік басқару ісіндегі педагогикалық талдаудың алатын орн
Оқу жылына жасалған талдаудың нәтижелері- педагогикалық ұжымның алдына қойылған оқу жылының мақсаттар мен міндеттерді түйіндеуге мүмкіндік береді.
Мектеп жұмысын педагогикалық ұжымның өткен оқу жылында жасаған жұмыстарына ғылыми түрде талдау жасамай, жоспарлау мүмкін емес. Бұрыңғы тәжірибе мен оның нәтижелерін есепке алмаса, жоспар тек формальды құжат есебінде ғана қалады. Педагогикалық талдау мектепті дамыта оқыта отырып басқару функциясы, осы күрделі үрдістің танымдық жақтары нақтылы өмірдің спецификалық аспектісін тану, талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, абстрактілеу, үйлесімділеу сияқты әдістемелердің көмегімен іске асырлады. Мектептегі жасалынған жұмыстардың талдау нәтижелері, жалпы мектеп жұмысының алға басуының моделі іспеттес.
Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау мүмкіндігі оқу білімінің деңгейін нақтылауда, тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуында, оқыту сапасының нақты бағалануында, мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруында пайда болады.
Дамыта оқыту мектебінде оқу жылында талдау қортындысы, әр жылдардағы нәтижелерді салыстыру, педагогикалық процестің даму бағытын анықтау, күрделі әлеуметтік педагогикалық жүйенің өзіндік дамуын анықтауда маңызды ие болады.
Мектептің оқу жылы ішінде істеген жұмысты терең білу, мектеп басшысы мен ұжымның алдындағы оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесі ғана емес, педагогикалық істі ұйымдастыру тәжірибесін, өткен жылғы кемшіліктерді қайталамау, зерттелген жолдар мен педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын көрсетеді.Бұл білім өткен жыл мен жаңа оқу жылының дәстүрлерін сақтап, мектеп жұмысының белгілі бөліктерін жетілдіруге, қалыптасқан жақсы дәстүрлерді сақтауға, мектеп өмірінің бар саласында үздіксіз алға басуға жәрдемдеседі.
Оқу жылында педагогикалық талдау әр мұғалім үшін мектептегі педагогикалық үрдіс туралы толық түсінік қалыптастырады. Мұнсыз мұғалімге оқушылармен жұмыс істеуге жеке мақсаттарды анықтау мүмкін емес. Бұл талдау әр мұғалімге, сынып жетекшілеріне, басқа педагогикалық ұжым мүшелеріне мектеп туралы жүйелі де толыққанды түсінік бере алады.Жыл қорытындысын талдау мұғалімнің күнделікті жұмысындағы көптеген жалпы ақиқаттан жеке фактілерге ауысу логикасына көрсету өзегі болып саналады.
Сауатты, терең жасалған педагогикалық талдау әр мұғалімнің өз сабағының сапасымен және оқушыларының білім сапасы арасындағы байланысты көруге және өз еңбегіне сырт көзбен баға беруге мүмкіндік береді, мұғалімнің жіберген қателіктерін қайталамау жолдарын көрсетеді.
Қорытынды педагогикалық кеңесте педагогикалық ұжымның әр мүшесі бағдарламаны қалай орындады, өз жұмысына қандай жаңалық қосты және өткен оқу жылындағы жұмыстарында қандай ерекшеліктер болғаны жөнінде естуі керек.
Дамыта оқыту мектебінде педагогикалық талдау инновациялық үрдістер енгізеді, баға береді, эксперименттік жұмыстарға қорытынды жасайды, ұжымының зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарының тиімділігі мен нақтылығын анықтап көрсетеді.
Мұндай сауатты, терең талдау болмаса, мектеп басшылары да, педагогикалық ұжым және жеке мұғалім де ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, кемшіліктердің себептерін, ұжымның жеке, жалпы істерінің нәтижелерін және келешекте кеткен кемшіліктерді болдырмау жолдарын білмейді. Бұл ұжымды ең қатерлі жағдай- жайбарақаттылыққа әкеліп соғады. Оқу жылына қорытынды жасаудың жинақталған, жүйеге келтірілген, классификацияланған мәлімет базасынсыз іске асыру мүмкін емес.
Бұл мәліметтер блок бойынша педагогикалық мониторинг көмегімен оқу жылы бойында жинақталады.
Мониторинг түсінігі педагогикаға экология және социология ғылымынан келді. Экологиядағы мониторинг қоршаған ортаны төтенше ауытқушылықтан сақтауды үздіксіз қадағалау болып табылады. Педагогикалық, мониторинг педагогикалық жүйедегі мәлімет ақпараттарды жинақтау, сақтау, жүйелеу және таратудың түрі.
Педагогикалық талдаулар ішіндегі мектеп басшысы үшін ең күрделісі оқу жылында талдау жасау, яғни мектеп басшыснан тек әдістемелік дайындық қана емес, сонымен бірге талдау обьектісін жан-жақты білуді талап етеді. Әрине, барлық оқу-тәрбие үрдісінде барлық жұмыстардың нәтижесі мен дамуын талдау мүмкін емес. Сондықтан талдау обьектілерінен негізгі бөліктерін ғана анықтау керек. Осы обьектілерді блоктарға топтау қажет. Блок дегеніміз белгілі бір мақсаттарға бағытталған жүйе. Осындай блоктардың бірі:
Мектепішілік басқарудың тиімділігі мен ықпалдылығы.
Мақсаты:
Мектепішілік басқарудың педагогикалық үрдістің дамуына, нәтижеліліктің қалыптасуына, даму режиміне әсер етуін анықтау.
Блок мазмұны төмендегідей:
1.Педагогикалық ұжымды бір мақсаттылыққа ұйымдастырудағы басқару аппаратының жұмысы.
2.Ынтымақтастықтың, мектеп өміріндегі жариялылықтың қалыптасуына басшылық үрдісінің әсері.
3.Ұжымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкімшіліктің-жағдай туғызуы.
4.Мектепішілік мәдениеттің қалыптасуына басшылық әрекеттердің тиімділігі.
5. Оқуда білім, білік, икем, дамудың жоғары деңгейін көтеруде, жеке тұлғаны тәрбиелеуде басшылық аппараттың жұмысы.
6. Осы көрсетілгендерді жүйелеуде және дамытудағы басшылық аппаратты жағдайы.
7. Мектептегі басшылық аппараттың жұмысының тиімділік, нақтылық, аналитикалық жағдайы.
8. Мектеп әкімшілігі іс-әрекеттеріндегі мақсаттылықтың барысы мен нақтылығы.
9. Жоспарлау функциясын іске асырудағы тиімділік пен нақтылық.
10.Оқу-тәрбие үрдісінің әрбір буынындағы ұйымдастырушылықтың тиімділігі мен нақтылығы.
11. Мектепішілік бақылаудың ықпалдылығы, әр түрлілігі.
12. Басшылық аппараттың мотивациялық, координациялық іс-әрекеті.
13.Пәндік кафедраларды құрудағы басшылық жұмыстың нәтижесі.
14. Бір мақсатты ұжым, педагогикалық үрдістің бүтінділігін қалыптастырудағы мектепішілік басқарудың әсері.
15. Инновациялық үрдістерді іске қосудағы басшылық жұмыстың нәтижесі.
16.Педагогикалық және ғылыми әдістемелік кеңестің жұмыстарының тиімділігі.
17. Мектептің шаруашылық және финанстық жұмыстарына талдау.
Оқу жылындағы талдау қорытындысын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
· Педагогикалық үрдістің дамуы жөнінде жыл бойына жүйелі мәлімет жинақтау.
· Жиналған мәліметтерді топтарға бөліп, аналитикалық таблицалар құру.
· Графиктердің көмегімен көрсеткіштер арасындағы функциональды байланыстарды анықтау.
· Осы жұмыстардың негізінде талдау жасау, жоспар жасау.
· Алынған мәліметтерді жинақтау кезеңі.
· Қорытындылау кезеңі.
·Оқу жылы қорытындысы бойынша баяндама жасау.
· Жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
І Мектепшілік бақылау мен басшылық жасауды жоспарлаудың
құрылымы бойынша үлгі нұсқау.
Бақылау түрі
|
Оқу жылында не зерттеледі.
|
|
IX
|
X
|
XI
|
XII
|
І
|
ІІ-VI
|
1. фронтальдық
|
|
Кәсіби және әдістеме-лік жүйелік-терді зерттеу (9 сынып оқушы-ларын аттеста-циялау қорытын-дысы бойын-ша) Қорытын-ды: әкімшіл-ік кеңесі
|
|
Аттеста-ция бойынша өтініш берген мұғалім-дердің оқу тәрбиелік іс-әрекетіне талдау жасау және бағалау. Қорытынды: эксперт-тік топ мәжілісі.
|
ХІ сыныпта сабақ жүргізе-тін
мұғалім-дердің кәсіби іс-әрекетін зерттеу. Қорытынды: эксперт-тік топ мәжілісі.
|
|
2. тақырыпты бақылау
|
Қазақ тілі мен математика бойынша монито-ринг (5,7с.) Қорытынды: пән бірлесті-гінің мәжілісі.
|
3-сынып тардағы бақылау жұмыста-ры. Қорытын-ды: бастау-ыш сынып бірлесті-гі
|
4-сынып тардағы оқыту-дың әдіс-темелік аппараы Тақы-рып: Дауысты дыбыс-тар емлесі. Бақылау диктан-ты, оның анализі. Қорытын-ды: бастау-ыш сынып бірлесті-гі
|
6-сынып оқушы-ларының білім-білік дағды-лары. Сабаққа қатына-су, талдау жасау. Қорытынды: пән бірлесті-гінің мәжілісі.
|
Орыс тілі, ма-темати-ка пәндері-нің мони-торингі. Салыс-тырма-лы анализ. Қорытын-ды: Орыс тілі, ма-тематика пән бірлесті-гінің мәжілісі.
|
7-сынып тардағы матема-тика «Көп мүше-лер» тақы-рыбы бойын-ша оқу нәтижесі. Қорытынды: мате-матика пән бірлесті-гі
|
3. сыныпты жалпылау бақылауы
|
|
8-сынып- тардың оқу-тәрбие жүйесіне талдау. Қорытынды: директор жанындағы кеңес ата-ана-лар
жиналы-сы
|
|
9-сынып-тар бой-ынша психоло-гиялық педаго-гикалық зерттеу. Қорытынды: директор жанында-ғы кеңес, жеке консульта-ция.
|
|
4,9,11 сынып-тарда «Бітіру-ші сынып-тардың жалпы оқу машық-тарының қалып-тасуы» тақыры-бында әлеумет-тік зерттеу жүргізу. Қоры-тынды: пед.
кеңес.
|
4. ескерту
|
Жаңа келген мұғалім- дердің кәсіби әдістеме-лік ше-берлігін зерттеу. Қорытынды: жеке әңгімеле-су.
|
|
Жас маман-дардың кәсіби және әдістеме-лік ше-берлігін зерттеу. Қорытынды: жеке әңгімеле-су.
|
|
Тәжіри-бесі мұғалім-дердің әдісте-мелік ше-берлігін зерттеу және практи-калық көмек көрсету. Қорытынды: жеке әңгімеле-су.
|
|
ІІ. Оқу-тәрбие процесін тексеру қорытындысы бойынша жазылатын текстік анықтаманың
ҮЛГІСІ
Анықтаманың құрылысы мен негізгі компоненттері.
1-бөлім – Кіріспеде «Не?», «Кіммен?», «Қашан?», «Не үшін?» деген тірек сұрақтарға жауап беріледі.
2-бөлім – факті мен дәлелдер кіретін, жағдайды бағалауы көрсетілген, оқушы біліміндегі олқылықтардың болу себептері анықталатын аналитикалық бөлім. Бұл жерде «Сабақ қалай өтті?», «Не болды? және ол қандай себептен болды деген сауалдарға жауап беріледі».
3-бөлім – оқыту жағдайына жалпы баға берілетін, оқушылардың білім-білік дағдыларының деңгейін анықтаудың қорытындысы. Бұл бөлімде «Мұғалімге қандай ұсыныс, нұсқау берілу керек?» деген сауалға жауап қайтарылады.
Анықтама мазмұны
1-бөлім – Кіріспе, оның мазмұны:
- зерттеу пәні;
- зерттеу мерзімі;
- тексеру тақырыбы;
- тексеру мақсаты мен бағдарламасы;
- кім тексереді;
- істелген жұмыс көлемі (қатысқан сабақтар саны, пән бірлестіктерінің саны, не тексерілді, қанша бақылау жұмысы мен ауызша сұраулар өткізілді, дәптер, журнал, т.б. құжаттарды тексеру барысы).
2-бөлім – аналитикалық, оның мазмұны:
-тексеру барысындағы зерттелген мәселеге жалпы мінездеме;
- жасалған шешімнің дұрыстығы мен кемшілігі;
- сабақтардың жағымды және нашар тұстарының болу себептері;
- нәтижеге жетудің себеп-салдарын, байланысын ашып көрсету.
3-бөлім – қорытындылау, жинақтау:
- анализ нәтижесін жинақтау. Қорытынды жасау;
- орындалу мерзімі көрсетілген нақты нұсқауды ұсыну;
- қорытындылауды өткізудің мерзімі мен түрін көрсету.
Мектеп басшысының басқару жұмысын зерттеу үлгісі.
|
І МЕКТЕПІШІЛІК ТЕКСЕРУ
Мақсаты: Педагогикалық зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдану туралы мәліметтер жинақтау.
|
|
|
|
1.1.
|
Бақылаудың объектісін көрсету.
|
|
|
|
1.2.
|
Бақылаудың мақсатын анықтау.
|
|
|
|
1.3.
|
Өзекті мәселенің жоспарын құру.
|
|
|
|
1.4.
|
Тексерудің қайталануы, оның тиімділігін анықтау мақсаты.
|
|
|
|
1.5.
|
Тексерудің жариялылығы, ескертілуі.
|
|
|
|
|
АҒЫМДЫҚ ТЕКСЕРУ
|
|
|
|
1а.1
|
Мұғалімдердің сабаққа дайындығын тексере білу.
|
|
|
|
1а.2
|
Сынып журналын тексере білу, тексеру жүйесін жүргізе білу.
|
|
|
|
1а.3
|
Дәптер тексеру, жұмысын орындау, білу, тексеру әдістері.
|
|
|
|
1а.4
|
Күнделік тексеруді жүргізе білу, тексеру әдістері.
|
|
|
|
1а.5
|
Алынған, жиналған деректер бойынша, оқу-тәрбие процесін жинақтау.
|
|
|
|
|
ІІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АНАЛИЗ
Мақсаты: Жинақталған мәліметтер бойынша проблеманы анықтау, оны шешу әдістерін белгілеу.
|
|
|
|
2.1.
|
Проблеманы анықтау, мақсат, талаптарын қою.
|
|
|
|
2.2.
|
Қорытындының негізін таба білу.
|
|
|
|
2.3.
|
Кедергілерін таба білу.
|
|
|
|
2.4.
|
Негізгі элементтер бойынша қолданылатын әдіс-шаралар кұру.
|
|
|
|
2.5.
|
Әдіс-шараларды тексеру мақсаты мен қайталау анализін жасау.
|
|
|
|
|
ІІІ ЖОСПАРЛАУ
|
|
|
|
3.1.
|
Нақты мақсат, тапсырмаға талап қоя білу.
|
|
|
|
3.2.
|
Қойылған мақсат, талаптардың сәйкестендірілуі.
|
|
|
|
3.3.
|
Педагогикалық құбылыстарды терең зерттеу, дамыту бағытымен эксперименттер жоспарлау.
|
|
|
|
3.4.
|
Әдістемелік жұмыстардың жоспарын құру.
|
|
|
|
3.5.
|
Оқыту мен тәрбиелеудің бірігуі.
|
|
|
|
|
IV ҰЙЫМДАСТЫРУ
|
|
|
|
4.1.
|
Пед.кеңестің мақсаты мен міндетін айқындау.
|
|
|
|
4.2.
|
Объектіні белгілеу, оны зерттеу әдістерінің бағдарламасын құрау.
|
|
|
|
4.3.
|
Ұжымдық пед.кеңесте қаралатын мәселелердің өзектілігі.
|
|
|
|
|
IVа. ҰЖЫМДА ДҰРЫС ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ОРНАТУ.
|
|
|
|
4.4.
|
Ұжым мүшелерінің байланысы:
1.Оқушылармен.
2.Педагогикалық.
3.Жетекшілік.
|
|
|
|
Мектепшілік бақылауды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқауы.
Мектепшілік тексерудің жоспарын құрарда мынадай тұжырымдарды басшылыққа алу керек:
1. Мектепішілік тексеру (МІТ) – оқу тәрбие процесін талдаудан туындайтын басқарудың бір функциясы.
2. МІТ-дің негізгі міндеттері:
а) оқу-тәрбие процесінің жағдайы туралы мәліметтердің жиынтығы және оларды талқылау.
б) барлық әкімшілік шешімдерін іске асыруда кері байланысты қамтамасыз ету.
3. МІТ-нің негізгі принциптері:
а) жоспарлылық;
б) негізділік;
б) барлық процесті қамту;
в) теориялық және әдістемелік дайындылық.
4. МІТ-нің қорытындысы басқарудың тиімді шешімдерін қабылдауда негіз болуы керек.
5. МІТ-нің объектілері (іс-тәжірибе компоненттері бойынша):
Р/с
|
МІТ объектілері
|
Тексерудің негізгі талаптары.
|
1.
|
Оқу процесі
|
Оқу жоспарының орындалуы.
Оқушылардың білім, білік деңгейі.
Мұғалім жұмысының нәтижесі.
Дарынды окушылармен жеке жұмыс.
Сабақтан тыс пәндік іс-әрекеттің сапасы.
Оқушылардың өз бетімен дамуындағы танымдық іс-әрекеттері.
|
2.
|
Тәрбие процесі
|
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейі.
Оқушылардың қоғамдық белсенділігінің деңгейі.
Сынып жетекшісінің жұмыс сапасы.
Тәрбие процесендегі ата-ана ролі.
Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шаралардың сапасы.
Оқушылардың денсаулығы және дене шынықтыру деңгейі.
Тәрбиесі төмен балалармен жүргізілген жұмыс сапасы.
|
3.
|
Әдістемелік жұмыстар
|
Әр мұғалімнің әдістемелік жұмыс деңгейі.
Әр сынып жетекшісінің әдістемелік жұмыс деңгейі.
Педагогтің іс-тәжірибесін тарату механизмі.
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін көтеру.
|
4.
|
Ғылыми және зерттеушілік іс-әрекеттер
|
Бүл іс-әрекеттің мектептің өркендеу концепциялық сәйкестігі.
Жаңа еңгізілген жаңалықтың ғылыми негізділігі, оның тәтижесі.
Педагогтардың ғылыми білімінің деңгейі.
Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері.
|
5.
|
Психологиялық жағдай
|
Мұғалімдердің және оқушылардың психологиялық үйлесімділік көрсеткіші. (үйлесімсіздігі)
Қандай да бір жаңа құрылымды енгізгенде, қандай да бір проблеманы шешкенде оған ұжымның психологиялық дайындығы.
|
6.
|
Оқу-тәрбие процесін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету
|
Еңбекті қорғау.
Санитарлық-гигиеналық жағдай.
Оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету.
Оқу техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
|
Әр түрлі белгілерге қарай топтастырылған МІТ-нің түрлері.
а) тексерудің орындалу белгілері бойынша:
Р/с
|
Тексеру түрлері.
|
Түсініктеме
|
1.
|
Ұжымдық
|
Тексеруге барлық басшылық сатысы тартылады: әкімшілік, кафедра жетекшілері, тәжірибелі мұғалімдер және нақты көрсетілген объекті мен талаптар бойынша оқушы, ата-ана.
|
2.
|
Өзара тексеру
|
Тексеруге кафедра жетекшілері, тәжірибелі мұғалімдер және төлімгерлер арқылы сынып жетекшілері тартылады. Өзара сабаққа қатысу, тәрбиелік іс-шаралар.
|
3.
|
Өзін-өзі тексеру
|
Тәжірибесі мол ұстаз бен сынып жетекшісінің ұсынылған схема, алгоритм бойынша міндетті үзбей есеп беріп отыруы керек.
|
4.
|
Әкімшілік жоспарды тексеру
|
Мектепішілік тексеру жоспарына сәйкес директор, оның орынбасарлары, кафедра жетекшілерінің тексеруі.
|
5.
|
Әкімшіліктің жоспардан тыс тексеруі
|
Күтпеген жағдайларға байланысты директордың, оның орынбасарларының тексеруі.
|
ә) тексеру объектілерінің қамтылуы бойынша:
Р/с
|
Тексеру түрлері
|
Тексеру объектілері.
|
1.
|
Жалпылама сыныптық.
|
Белгілі бір сынып оқушыларының білім және тәрбие деңгейі
Сыныптағы сабақ берудің сапасы мен әдіс-тәсілдері.
Сынып жетекшісінің жұмыс сапасы.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана міндетінің орындалуы.
|
2.
|
Фронтальды
|
Барлық немесе жекелеген сыныптағы белгілі бір пәннің оқытылу жағдайы.
Барлық немесе параллель сыныптардағы сынып жетекшілерінің жұмыс жағдайы.
|
3.
|
Тақырыптық
|
Ұжымның белгілі бір проблемамен жұмыс жасауы.
Оқушылардың белгілі бір пәннің, белгілі бір білім-біліктілік деңгейі.
Белгілі бар бағыт бойынша сынып жетекшілерінің жұмысының біліктілік барысы (мысалы, оқушылар күнделігімен жұмыс).
|
4.
|
Жеке тұлғалық (арнай)
|
Мұғалімнің жалпы немесе белгілі бір бағыт бойынша алынған жұмысының әдістемелік деңгейі және оқытушының іс-әрекетінің нәтижесі.
|
5.
|
Шолу.
|
Мектеп құжаттарының жағдайы.
Мұғалімдердің еңбек тәртібін орындауы.
Оқу-техника құралдарының жағдайы.
|
б) пайдаланған әдіс-тәсілдер бойынша:
Р/с
|
Тексеру түрі
|
Жолдары (түсініктеме)
|
1.
|
Бақылау
|
Сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысу, оларға талдау жасау.
|
2.
|
Құжаттарды тексеру
|
Сынып журналымен, оқушы күнделіктерімен, сабақ жоспарымен, оқушылардың жеке іс-қағазымен, техника қауіпсіздігі журналымен жұмыс.
|
3.
|
Жауап алу.
а) ауызша
ә) жазбаша
- бақылау жұмысы (срез)
- ашық анкета
- жабық түрде сұрақтарға жауап беру.
|
Арнайы дайындалған бағдарлама бойынша мақсатты немесе еркін әңгімелесу.
Оқушылардың білім-білік дағдыларының деңгей тексеріледі.
Берілген сұрақтарға жауаптың ңұсқалары, түрлері шектелмейді.
Жауаптары шектеулі (иә, жоқ)
|
4.
|
Тест.
|
Жекелеген айырмашылықтарды саралау үшін психологиялық диагностика тәсілі.
|
5.
|
Жедел талдау.
|
Қатысқан сабақтың немесе іс-шараларды өткізгендермен және қатысушылармен бірлесіп жасаған талдауы.
|
6.
|
Ретроспективтік талдау.
|
Өткен жылдардағы мектеп түлектерінің пікірі және түсу емтихандарының барысы негізінде жоғары оқу орындары оқытушыларының пікірі бойынша мектептің іс-әрекетіне берілген баға.
|
в) логикалық тізбектеу бойынша:
- осы кезеңдегі
- алдын-ала
- аралық
- қорытынды
г) кезеңдердің қайталануы бойынша:
-эпизодты (оқу жылының нақты айы, тоқсаны)
-периодты (күнделікті, апта сайын)
ІІ. Мектепішілік бақылауды іске асырудың құрылымы (структурасы)
Кез келген бақылаудың түрі анықталған тізбек бойынша жүзеге асады.
Олар:
-тексерудің негізі, себебі;
- мақсат құруы;
-болатын тексеруге алдын-ала алгоритімін және құрылымдық схемасын жасау;
-схема бойынша тексерілетін объекті туралы мәліметтерді жинау, танысу;
-тексерудің нәтижесі бойынша негізі, қорытынды ұсыныстар, дәлірек айтқанда;
-негізі жетістіктердің (кемшіліктердің) себептері ашылады.
-ұсыныстар нақтыланады;
-әкімшіліктің шешімі қабылданады (мамандарды ауыстыру, тәжірибені тарату);
-келесі тексерудің мерзімі нақтыланады (керек жағдайда);
-қажетті деңгейде тексерудің қорытындысы талқыланады (педкеңес, медкеңес, кіші педкеңес, т.б.).
Белгілі бір бақылау түрі бойынша тексеру тізбегінің мысалы:
І. Жалпылама-сыныптық тексеру.
1. Тексерудің себептері.
Белгілі бір сыныпты тексеру үшін олардың білім сапасы, онда жұмыс істейтін мұғалімдердің жұмысының сапасын, сыныппен жұмысы, сынып жетекшісінің, ата-ананың ролі, ұжымдағы психологиялық жағдай себеп, негіз болады. Өткен оқу жылына талдау жүргізгенде міндетті түрде мына мәлімет болу керек:
Барлық сынып оқушылары білім сапасы бойынша үш топқа бөлініп, ортақ бөлім ретінде мектеп бойынша немесе басқыш бойынша орташа білім сапасы алынады.
Жоғары білім сапасы
|
Орта білім сапасы
(жалпы мектеп бойынша)
|
Төмен білім сапасы
|
Сынып
|
%
|
Сынып
|
%
|
Сынып
|
%
|
|
|
|
|
|
|
Ең төменгі білім сапасын көрсеткен сыныпты міндетті түрде жалпылама сыныптық тексеруге алады, ең жоғары білім сапасын көрсеткен сыныпта да жалпылама сыныптық тексеруге алуға болады, бірақ оның мақсаттары басқа болады.
2. Тексерудің мақсатын анықтау.
Сыныптағы үлгерімнің төмен болу себептерін анықтау, оларды жою жолдары (сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің, сынып жетекшісінің, ата-анасының іс тәжірибесін жалпылау).
3. Алдын-ала мәлімет жинау:
а) өткен оқу жылындағы үлгерім (сынып жетекшісі жасайды);
ә) оқушылардың бір немесе екі «3»-ке және «2» шыққан пәндері (сынып жетекшісі жасайды);
б) оқушылардың сабаққа қатысуы (сынып жетекшесі жасайды);
в) кіші педкеңестің және оқушылар анкетасының қорытындысы бойынша оқушылардың сабақта өзін-өзі ұстауы (тексеруші сынып жасайды).
4. Тексеру схемасы
Р/с
|
Тексеру объектісі
|
Тексеру жолдары
|
Тексеру әдіс-тәсілдері
|
1.
|
Оқушылар сабағын көп жіберетін және үлгермеушілері көп мұғалімдердің жұмысына жеке тұлғалық тексеру.
|
Тексеру жүйесі және білім деңгейінің есебі.
Оқушылар біліміне қойылатын талаптың деңгейі.
Оқушылармен дифференциалды жұмыс істеу.
Түсіндіру әдісі.
Пәнге қызығушылығын арттырудағы әдіс-тәсілдері.
Оқушылармен қарым-қатынасы.
Оқушылардың сабақта өзін-өзі ұстауы.
Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыруы.
|
Әңгімелеу.
Бақылау жұмысы.
Бақылау.
Анкета жүргізу.
Шұғыл талдау.
|
2.
|
Сынып жетекшісінің жұмысы
|
Оқу-тәрбие жоспары.
Оқушы күнделігі.
Журналмен жұмыс.
Ата-анамен жұмыс.
Сыныптан тыс шаралар.
Оқушымен жеке жұмыс.
|
Құжаттармен жұмыс.
Бақылау.
Ата-анамен әңгіме.
Оқушылар анкетасы.
|
3.
|
Оқушылардың үлгерімі
|
Үлгерімі нашар, көп сабақ жіберген оқушыларды бақылау.
|
Бақылау (2-3 күн барлық сабаққа қатысу арқылы)
|
4.
|
Сыныптағы психологиялық жағдай
|
Оқушылар арасында, оқушы мен мұғалім, ата-ана арасында кикілжіңнің бар болуы.
|
Анкета
|
Бүл тексеруге психолог, тәрбие жөніндегі орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі, кафедра меңгерушілері, пән мұғалімдері қатысады.
5. Тексерудің қорытындысы.
Жалпы қорытынды: сыныптағы нашар үлгерімнің себептері:
Р/с
|
Тексеру объектісі
|
Әкімшіліктен болатын шешім түрлері
|
1.
|
Мұғалім
|
Сыныптағы мұғалімді ауыстыру.
Әдістемелік нұсқаулар беру.
Тәлімгер тағайындау.
Ескерту жасау.
Мұғалімді жеке тұлғалық ескерту, бақылауға алу.
|
2.
|
Оқушы
|
Оқушыны басқа сыныпқа (мектепке) ауыстыру.
Мектепішілік жеке бақылауға алу.
Оқушылар және мұғалімдер тарапынан тікелей көмек ұйымдастыру.
Тәртібі нашар болғандықтан сөгіс беру.
|
3.
|
Сынып жетекшісі
|
Сынып жетекшісін ауыстыру.
Сынып жетекшісі жұмысына жеке бақылау жүргізу.
Әдістемелік көмек көрсету.
Тәлімгер беру.
Ескерту жасау.
|
4.
|
Ата-аналар
|
Бақылауға байланысты апта сайын келуін міндеттеу.
Ата-ананың міндетіне ескерту жасау.
Педагогтік, психологиялық көмек көрсету.
Мектепішілік және жеке бақылауға қою немесе ИДН-ға бақылауға алу.
|
5.
|
Келесі тексерудің мерзімі
|
Тексерудің қорытындысы мектеп бұйрығымен негізделеді.
|
6. Тексерудің қорытындысын талқылау:
- кіші педкеңесте
- оқушылар жиналысында
- ата-ана жиналысында
- сынып жетекшісімен, оқушымен ата-анамен (қажет болса) жеке әңгіме өткізу арқылы.
Фронтальді тексеру.
1.Тексерудің себептері:
- өткен оқу жылында мектеп бойынша белгілі пәннен білім сапасының төмен болуы;
- жаңа енгізілген пәннің жағдайы;
- белгілі бір пәнді оқытуда жоспарлы тексеру.
2.Мақсаты:
Мысалы: 1-7 сыныптардағы «Валеология» пәнінің оқытылуын тексеру.
3. Схемасы:
Тексеру объектісі
|
Тексеру сұрақтары
|
Орындаушы
(тексеру әдіс-тәсілдері)
|
1. Пәннің мазмұны
|
Жаңа енгізілген пәннің мазмұнының мақсатқа сай келуі.
|
Ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар, шақырылған методистер (құжаттармен, тақырыптық, күнтізбелік жоспарлармен, сынып журналдарымен жұмыс, әңгіме өткізу).
|
2. Оқыту әдіс-тәсілі.
|
Оқыту әдіс-тәсіліндегі ерекшеліктер. Оқушылардың сабақтағы шығармашылық белсенділігінің мүмкіндігі. Оқушылармен дифференциялды жұмыс жасау. Оқушылардың пәнге қызығушылығының көрсеткіші.
|
Ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар, кафедра жетекшілері, шақырылған әдіскерлер (сабақтарға қатысу, мұғаліммен әңгіме өткізу)
|
3. Оқушы-лардың практикалық машықтары
|
Жұмыс жасаудағы олардың ойлау жүйесі, қабілеті, өз бетімен шешім қабылдауы.
|
Ғылыми жұмыс және оқу ісінің орынбасарлары, пән кафедралары жетекшілері, сынып жетекшісі (тексерушінің бақылау ерездері)
|
4. Мұғалім шеберлігі.
|
Осы пәнмен жұмыс жасау мұғалімнің жалпы оқыту әдіс-тәсілінің дамуына жағдай жасай ма?
|
Ғ.ж.ж. орынбасары (әңгіме өткізу).
|
5.Тексеру барысында мүмкін болатын қорытындылар.
Жалпы қорытынды:
- Берілген пәннің оқытылу жағдайындағы мақсатына сәйкес келуі.
- Берілген пәннің оқыту әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптар.
- Берілген пәннің бағдарламасына қажетті түзетулер.
- Осы пәнді бір мұғалімнің немесе барлық мұғалімдердің оқыту тиімділігін анықтау.
6. Тексеру қорытындысы бойынша мүмкін болатын әкімшілік шешімдері.
Тексеру объектісі
|
Шешім, тұжырымдар
|
1. Пән мазмұны.
|
Жасаған тақырыптың жоспары мақсатқа сәйкес келуіне байланысты басқа сыныптарғы түзету жасау жөне тарату (жасаған мұғалімнің аты-жөні).
|
2. Оқыту әдісі.
|
Барлық мұғалімдерге осы оқыту әдіс-тәсілдерін орындауды міндеттеу.
Мына мұғалімдерге оқыту әдіс-тәсілдерінен тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар беру.
Мына мұғалімге бұл пәнді оқытуға рұхсат етпеу.
|
7. Тексеру қорытындысы талқылау:
- ғылыми-әдістемелік консультация орталығының отырысында.
- әдістемелік кеңестің отырысында.
- пән кафедрасының отырысында.
- ата –аналар жиналысында.
Достарыңызбен бөлісу: |