Бекенова А. С. магистр, оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ



жүктеу 134,89 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі134,89 Kb.
#22162


Бекенова А.С. - магистр, оқытушы, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

Садыкова Г.А. - оқытушы, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

 

ЖОБА НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ 



 

Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қоғамдағы барлық салада үлкен 

өзгерістерді талап етеді. Қоғам мүшесі информатиканы тек компьютерлік сауаттану құралы 

ретінде емес, іргелі пән ретінде қабылдауы үшін оқытудың жаңа түрлерін, әдістерін қолдану 

туралы мәселелер туындайды. Сондықтан информатиканы оқыту барысында білім алушының 

жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, жинақтаған мәліметтерін 

жүйелеп, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістердің 

рөлі артып отыр. Осындай әдістің бірі – “жобалық әдіс” деуге болады. 

Жобалық әдісті жеке қызығушылықтарын ескере отырып, балалардың мақсатты әрекетіне 

бағыттау үшін ХХ ғасырдың басында американ ғалымы Дж.Дьюи жүзеге асырды. 1905 жылы орыс 

педагогы С.Т.Шацкий оқытуда осы әдісті пайдалануға тырысты. Кейін 20-шы жылдары кеңестік 

жалпы білім беретін мектептерде жобалық әдіс оқушыларды оқытудың негізгі бағыты ретінде 

кеңінен енгізілді, бірақ 1931 жылы бұл әдіс көмегімен жалпы білім беретін пәндерден оқушы 

білімін көтеру мүмкін емес деген қорытынды жасалды. Және кеңестік жалпы білім беретін 

мектептер түгелдей дәстүрлі оқытуға көшірілді. Ал шетелдік педагогикада жобалық әдіс өз 

жалғасын тауып, дами түсті. Оған практикада тексерілген прогрессивті оқыту элементтері 

қосылды. Бірақ идеяның мәні сол күйінде қалды – оқушылардың өзбетіндік әрекетін 

ұйымдастыра отырып, оқуға ынталандыру, олардың алдына жаңа білім мен біліктің пайда 

болуына әкелетін мақсаттар мен мәселелер қою. Қазіргі кезде жобалық әдіс мәні бұл 

оқушылардың алған білімдерін өмірде қайда және қалай пайдалануды түсінуі болып табылады. 

Жобалық әдіс – бұл құзыреттілікке бағытталған білім технологиясы. 

Жобалық әдісті қолдану оқыту процесіне оқу жобаларын кеңінен енгізу болып табылады. Бұл әдіс 

білім алушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.  

Әлемдік білім беру жүйелерінің тәжірибелері және шығармашылық негізде жұмыс істейтін 

оқытушылардың ізденістері жобалық әдісті қамтитын және жобалар арқылы жұмыс істеуді талап 

ететін педагогикалық ситуациялардың сан алуан болатындығын көрсетеді:  

- бір сабақтық жобалардан бастап бүкіл бір оқу жылына арналған жобалар; 

- жеке тақырыпты оқыту немесе  зерттеу жобаларынан бастап пәнаралық, пәннен тыс жобаларға 

дейінгі жобалар; 

тұтас бір бағыттағы телекоммуникациялық жобалар. 




Жобалық әдісті курстың жекелеген бөлімдері бойынша тиімді қолдану сәйкес оқу жобаларының 

нақты орындалуымен тікелей байланысты. Сондықтан оқу жобаларын құру барысында пән 

оқытушысы, алдымен, бұл жобаның оқу жоспарында алатын орнын, мақсат, міндеттерін 

айқындап алуы қажет. Сонымен қатар, ол білім алушының жаңа жобаға деген көзқарасын, 

алғашқы әсерлерін, нәтижелерді жария ету тәсілін, т.б. жәйттерді болжайды. Басқаша айтқанда, 

жаңа оқу жобасын ойлап табу және құрастыру үшін оның орындалу әдістемесін білу қажет. Бұл 

әдістеме мынадай талаптарға сай болуы тиіс: жобаның кезеңділігі, нәтижелілігі орындалу 

мерзіміне және орнына сәйкестілігі, нәтиженің көрнектілігі. 

Анықтама бойынша, оқу жобасы – білім алушының өз бетінше, топтаса, әрі шығармашылықпен 

жасаған іс-қимылдары негізінде қол жеткізіп, көрнекі түрде көрсететін нәтижелер алуына 

бағытталған, қатаң түрде тұжырымдалмаған тапсырма. 

Іс жүзінде тақырып беріледі, мақсаты және нәтижесі көрсетіледі, жұмысты орындауға қажетті 

шарттар және материалдық-техникалық қамсыздандыру жағдайлары туғызылады. 

Оқу жобаларын қолдану әдістемесі білім алушының нақты бір мәселені тұжырымдап, оған сәйкес 

есепті айқындап, нәтижесінде сол есепті компьютер көмегімен шешуінен тұрады. Ондай есептер, 

әдетте, көп уақытты, оның өңделу барысына жүйелі түрде қарауды қажет етеді және білім алушы 

компьютер көмегімен кез келген есепті шешу технологиясын білуі тиіс: есептің қойылуына сәйкес 

мәселелерді, ішкі есептерді көре білу, есеп қойылған салаға сәйкес пәнді меңгеру, мәселенің 

математикалық тұжырымын қоя білу, одан есептің алгоритм мен программасына көшіп, алынған 

нәтижесін талдай білуі [1]. Мысалы:«Экономикалық математикалық модельдеу» пәнінде 

«Транспорттық есептер» тақырыбын өткенде берілген экономикалық есептің математикалық 

моделі жасалып және ол компьютер көмегімен шешіледі. Сол сияқты «Алгоритм тілінде 

программалау» пәнінен «Есептерді компьютерде шешудің кезеңдері», «Web технология» пәнінен 

«HTML тілінде сайт жасау» және т.б. тақырыптарда жобамен жұмыс жасалады. 

Оқыту барысында жобалардың орындалуын ұйымдастыру және басқару үшін  оқытушының 

өзінен төмендегідей біліктілік талап етіледі: 

жоғары деңгейлі программалау тілдерін білу; 



ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерін толық меңгеру, алгоритмнің базалық структураларын 

ұйымдастыра білу; 

жобалардың тиісті айқындамаларын құру ерекшеліктерін білу; 



жобалық әдістің принциптік негізін  білу; 

жобаларды құру процесін бақылау әдістерін білу; 



жобалық әдісті қолданып, информатиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін білу; 

жоғары оқу орнында информатика курсының мазмұнына сәйкес анықталған негізгі пәндер 



құрамына сәйкес қажетті бөлімдер бойынша білімдері мен тәжірибелері, машықтарының  болуы. 

Осындай талаптардың әрбір нақты тақырыпқа қатысты орындалуы жобалық әдіс арқылы оқыту 

әдістемесінің үлгісін төмендегідей нұсқада ұсынуға негіз болады: 

жобалық әдістің мәнін ашу; 




 

жобаларды тиімді топтастыру, түрлерге бөлу; 



жобалардың айқындамаларын құру; 

программалық жобалардың құрылу принциптерін түсіндіру; 



жобалық әдісті оқыту барысында қолдану технологиясын ашып көрсету; 

жобаларды орындау кезеңдерін айқындау; 



жобаларды құрудың талданған үлгісін беру; 

тақырыптық, сабақтық, оқу жылына, т.б. арналған жобалар үлгілерін ұсыну; 



сабақ деңгейіндегі жобаның орны мен рөлін көрсету; 

сабақтан тыс орындалатын жобаларды атау. 



Оқу жобаларын қолданып оқытудың тиімділігі жобаларды орындау процесінде қол жеткізілуге 

тиісті мынадай нәтижелерден көрінеді: 

білім алушының жоба есебі алынған салаға қатысты пәнге қызығушылығы артады және 



сол сала аймағындағы білімі молаяды; 

жобаны орындау барысында білім алушының алған білімі қолданылады, тереңдетіледі 



және дамытылады; 

жобаның нәтижесіне жету арқылы білім алушының білімгердің кәсіби мамандану 



тәжірибесі бекітіледі; 

білім алушының өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады және дамиды; 



білімгердің жобамен жұмыс жасау барысында шешім қабылдау, шешімге сәйкес 

ұсыныстар жасау және шығармашылық қабілеттері дами түседі, қалыптасады; 

білім алушының мәселені шешуге қажетті тиімді де сапалы технологияны таңдауға 



қатысты ой-өрісі сараланады және дамиды; 

білім алушының міндетті сезіну қабілеті мен жауапкершілігі шыңдалады [2]. 



Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар 

мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады: 

1. 

Демонстрациялық жобалау;  



2. 

Зерттеушілік жобалау; 

3. 

Шығармашылық жобалау;  



4. 

Рөлді-ойындық жобалау;  

5. 

Ақпараттық жобалау; 




6. 

Үйретуші жобалау; 

7. 

Моножобалау; 



8. 

Пәнаралық жобалау; 

9. 

Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;  



10. 

Қысқа мерзімді жобалау; 

11. 

Ойын жобалауы [3]. 



Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері: 

Іздеу кезеңі:  

- Мәселені іздеу және талдау. 

- Жоба тақырыбын таңдау. 

- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау. 

- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. 

Конструкторлық кезеңі:  

 

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.  



- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. 

- Дайындау технологиясын таңдау. 

- Экономикалық баға беру. 

- Экологиялық сараптама жасау. 

- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. 

Технологиялық кезең:  

- Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және 

құрылғыларды таңдау. 

- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.  

- Сапаға ағымдық бақылау жасау.  

- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. 

Қорытынды кезең:  

- Жобаның орындалуының сапалық бағасы.  

- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.  




- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне 

қосу, жариялау) [4]. 

Білім берудің тиімділігі әр уақытта оқытушыға байланысты екені белгілі.  

Жобалық шығармашылық жұмыстар бізде бұрыннан қолданылып келеді, тек соңғы кездері оған 

компьютер көмегімен жүзеге асыру бұл жұмысқа жаңа импульс берді. Мотивация – жоба жұмысы 

оқушыны зерттеуші ретінде сезіндіреді, ал компьютер көмегіне жүгінгенде олардың 

қызығушылығы арта түседі. 

«Шығармашыл мұғалімдер желісі» (Innovative Teachers Network , ITN) (1-сурет) - бұл оқу процесіне 

ақпараттық технологиялар енгізумен айналысатын педагогтар үшін Microsoft фирмасымен 

құрылған веб-портал. Мұнда оқытушылар оқу процесіне АКТ пайдалануға қатысты түрлі 

материалдар мен ресурстар табуына болады, әріптестерімен қарым-қатынаста болып, ақпараттық 

технологиялар көмегімен оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әдістеме мен жобаларды 

құру бойынша әртүрлі сайыстарға қатысуға болады. Ресейде ITN-порталдың ресми  іске қосылуы 

2005 жылдың күзінде жүзеге асты.  

 

  

 



1-сурет Шығармашыл мұғалімдер желісі 

 

Virtual Classroom Tour (VCT) жобалары ағылшын тілінен аударғанда «Класс бөлмесі бойынша 



виртуальды тур» деген мағына береді. VCT жобалары оқытудың жобалық әдісін қолданып, сабақ 

өткізу әдістемесін қамтиды. Мұндай жобалар көбінесе бірнеше пәндерді қатар қамтиды және 

жұмыс барысында АКТ қолдануды көздейді. Жобаны сипаттау құрылымын және басқа 

оқытушылардың тәжірибесін қарай отырып, әрбір оқытушы өз жобасын құру мүмкіндігі бар.  

VCT-жобаны жүзеге асыру шеңберінде оқытушы жобалық әдісті пайдаланып, сабақ өткізеді. Түрлі 

технологиялар және ресурстар көмегімен оқушылар, мысалы, табиғи процестерді модельдейді, 

әртүрлі заттар мен құбылыстардың тарихын зерттейді немесе белгілі бір тарихи кезеңде өмір 

сүретін ойдан шығарылған кейіпкерлерді дүниеге әкеледі, ал бұл өз кезегінде оқу процесін 

танымды және қызықты ете түседі [5]. 

Педагог рөлі - алғашқы кезеңде VCT-жоба – жаңа іс болған кезде оқытушы «идея генераторы» 

ретінде рөл атқарады. Ал соңынан идея өз-өзінен туындайды да оқытушы тек жүзеге асыруға 

көмекші болады.  

Жобалық шығармашылық жұмыстар соңғы кезде көптеп қолданылып келеді, компьютер 

көмегімен жүзеге асыру бұл жұмысқа жаңа импульс берді. Жоба жұмысы оқушыны зерттеуші 

ретінде сезіндіреді, ал компьютер көмегіне жүгінгенде олардың қызығушылығы арта түседі. 

Информатика сабағында жобалау әдісі танымды белсендіретін және тереңдететін проблемалық 

оқытуды жүзеге асыруға, өз бетімен ойлауға және әрекет етуге, топтық әрекетке оқытуға 

мүмкіндік береді.  




Осы жобалық технологияға сүйене отырып, информатикадан өткізілген қорытынды сабақта топты 

әрқайсысы 3 адамнан тұратын 5 кішкентай топқа бөліп, жоба тақырыптары ұсынылды.  

 

I топ. Ақпараттық процестер 



 

ІI топ. Информатика - жаңа ғасыр ғылымы 

 

IІІ топ. Компьютерлік желілер 



 

IV топ. Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар  

 

V топ. Ақпараттық қоғамдағы адам  



Содан кейін әрбір топ жоба орындалуының жоғарыда аталған кезеңдерінен өтті. Қойылатын талап 

- берілген тақырып бойынша әдебиеттерден, баспасөз беттерінен, Интернеттен, электрондық 

оқулықтардан жинақтаған материалдарды компьютерлік нұсқада презентациялап қорғау.  

Ақпарат іздеу көздері: оқу құралдарымен жұмыс, ғылыми әдебиеттермен, электрондық 

оқулықтармен, Интернет сайттарында жұмыс. Жұмыс нәтижесі сызбалар, суреттер, компьютерлік 

жұмыстар болуы тиіс. Жобаны қорғауға қажетті құралдар (аппараттық және программалық): 

компьютер, мультимедиялық видеопроектор, интерактивті тақта, MS Windows ОЖ, MS Office, 

ActivStudio. Әрбір топ өз жобасын 12 минут шеңберінде қорғауы тиіс.  

Студенттер үлкен шығармашылықпен, қызығушылықпен өз жобаларын жүзеге асырды.  

Жас ұрпақты саналы, өз бетімен жұмыс істей алатын зерттеуші етіп тәрбиелеуде жобалық әдістің, 

ал оны жүзеге асыруда VCT-жоба үлгісін қолданудың маңызы зор. Сондықтан ақпараттық заманда 

ақпараттық мәдениетті болуға тырысу керек. Жоба негізінде оқыту – білім сапасын көтеру құралы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1. 

А.Т.Байбақтина. «Информатиканы оқытуда проектілер әдісін қолдану технологиясы және 

программалық проектілер айқындамаларын құру негіздері туралы». «ММ ИТОН» Абай атындағы 

АМУ 75 жылдығына арналған ІІ Халықаралық ғылыми конференция материалдары, 67 бет, 

Алматы, 2003ж. 

2. 


А.Т.Байбақтина. «Информатиканы оқытуда проектілік әдісті қолдану мәселесі туралы», 

Абай атындағы АМУ Вестник журналы, Алматы, 2002ж., желтоқсан, 47-50 б. 

3. 

Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования 



/Под ред.– М., 2009ж.  

4. 


Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования 

/Под ред.– М., 2000ж.  

5. 

www.lbz.ru www.apkpro.ru www.ntf.ru сайттары. 



 

*** 



В статье рассматриваются особенности применения проектного метода при преподавании 

информатики.  



*** 

The article tells about the mean of the project method’s using in teaching informatics. 



жүктеу 134,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау