Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет42/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162

122

Ал  қара  орын  варианты  «мекен,  қоныс»  деген  ұғымды  береді. 

Монғол тілінде орон сөзі «ел, мемлекет, өлке, жер, территория» де-

ген  мағыналарды  береді.  Көптеген  сөздің  түркі-монғол  тілдеріне 

ортақтығын,  әсіресе,  мағыналары  күңгірттенген  сөздерді  монғол 

тілінен  табуға  болатындығын  ескерсек,  бұл  жердегі  орын  сөзін 

«ел, мемлекет, ел мекендеген территория» деген мағынадағы түркі-

монғол сөзі деуге болады. Және бір жорамал: қара орун тіркесі XI 

ғасырдағы  Қашқари  сөздігінің  көрсетуіне  қарағанда,  ертеректегі 

түркі тілдерінде ауыспалы мағынада «мола» ұғымында қолданылған. 

Сонда «Қарындас пен қара орын қалғаннан соң» деген өлең жолын 

«ағайын-туыс (қарындас бұл жерде «туыс») пен ата-бабаның сүйегі 

жатқан жерді тастап кеткеннен соң» деп те түсінуге болады. Қазақтар 

үшін  ата-баба  сүйегін  тастап  кету  –  ең  ауыр  зобалаңның  зардабы 

болмақ. Сірә, мал-мүлікті қалдырып кетуден гөрі, қара орынды – ата-

баба жатқан жерді қалдырып босу – қазақ халқына ауырырақ екендігі 

сөзсіз.

Қазақ  тілінде  қара  орын  тіркесін  хан  тағы  тіркесінің  синонимі 



ретінде жұмсау да кездеседі. Дулат Бабатайұлы:

Қымызы бар хош алса, 

Дүрдиісіп мінгендей 

Қара орын – хан тағына, – 

дейді.  Бұл  жердегі  қара  орынның  мағынасы  «мемлекет»  дегеннен 

ұзап кетпейді. Тақ та – мемлекетті билеудің белгісі ғой. Бірақ орын/

орон сөзінің бұл мағынасы қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол ор-

ман болып өзгеруі, одан барып қара орман тіркесінің «мал-мүлік» де-

ген мағынада жұмсалып кетуі әбден ықтимал немесе қара орын мен 



қара орман тіркестерінің екеуі о бастан екі бөлек қалыптасқан болуы 

да мүмкін. Тіпті болмаса орман сөзінің «мал-мүлік» деген қосымша 

мағынасы  да  болуы  ғажап  емес,  өйткені  біз  бұл  күнде  көптеген 

сөздің бір кездердегі тура не ауыспалы мағыналарының бәрін түгел 

біле бермейміз. Сондықтан қара орман тіркесінің этимологиясы мен 

мағыналарын (ертедегі) іздестіре түсу артық емес.



ҚАРАШЫ.  Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  өткен  ғасырлардағы 

ақын-жыраулары тілінде қарашы/қараша сөзі жиі кездеседі:

Уақытыңыз толғанда, 

Қарашаң қашар қасыңнан... (Бұхар).

Ханның жақсы болмағы – 

Қарашының елдігі (Бұхар).

Жай-қоныстан айырылып,

Мен бір қаңғып жүрген қарашы (Махамбет).



123

Қарашы сөзі мақал-мәтелдерде көбінесе хан сөзімен қатар жүреді: 

«Хан – қазық, қарашы – азық»; «Хан қасында қарашың болса, қара 

жерден  кемең  жүрер»;  «Ханды  Құдай  алайын  десе,  қарашысымен 

қас болар»; «Ханның ісі қарашыға да түседі». Бұл мақал-мәтелдерге 

қарағанда, қарашы – хан қасындағы адам, яғни қарашы сөзі «ханға 

қызмет ететін, соған бағынышты, бірақ саяси-праволық және эконо- 

микалық жағынан басы азат әлеуметтік топ өкілі» дегенді білдірген 

тәрізді.  Өткен  ғасырдағы  қазақ  тілінің  лексикографтары  қарашы  

сөзін  «қол  астындағы,  бодан  адам»  (подвластный,  подданный)  деп 

аударады (Кирг.-русск. сл. 1987). Бұл – қарашы сөзінің жалпы мағы- 

насы,  ал  дәлірек  анықтасақ,  белгілі  бір  хандықтың,  патшалықтың 

қол астындағы бағынышты кез келген адам қарашы деп аталмаған, 

ханға тікелей қызмет еткендер қарашы болған. Тарғын батыр өз ха-

нына ренжіп:

Қадір білмес сен итке

Қарашы болып ие етемін, – дейді.

Орта  ғасырларда  қарашы  деп  ханның  (әміршінің)  қасындағы 

сановниктерді, кеңесшілерді (бұлар да тақта отырған ханға ақылы- 

мен қызмет ететіндер ғой) атаған. Қазақ хандарының тарихын зерт-

теген В.В.Вельяминов-Зернов былай деп жазады: «Қырымда қарачы 

дегендер  –  басты-басты  ақсүйектер  әулеттерінің  бектері  және  хан-

ды  сағалаған  адамдар.  Қырымдағы  сияқты,  қарачылар  Қазанда  да 

болған, ноғайлыларда да болған... Жылнамаларда орыстың ең үлкен 

чиновниктерін де қарачылар деп атайды» (Вельяминов-Зернов, 409). 

Қасым  (ордасының)  ханы  Оразмұхамедтің  (қазақтың  сұлтаны, 

Тәуекел ханның немесе інісі) оң тізесін басқан (тақтың оң жағында 

отыратын) жалайырдан шыққан биі, шежіреші Қадырғали Қосымұлы 

өзін «Оразмұхамедтің қарашысымын» дейді.

Қарашы  (харачу)  сөзі  монғол  тілінде  де  болған.  Әуелде  харачу  

деп  Шыңғысхан  әулетіне  жатпайтын  адамды  немесе  руды  атаған. 

Кейін келе монғол тілінде де бұл сөз «қара халық, бұқара» деген мәнде 

жұмсалатын болған. Демек, қарашы сөзінің «қожасының шаруасын 

шаруалаушы, жалшы» мағынасы тіпті бертінде, хандық дәуір өткен 

соң  пайда  болғанға  ұқсайды.  Бертінгі  заманда  қазақ  қоғамындағы 

байлар мен ел билеушілердің әлеуметтік-экономикалық салмағы ар-

тып, енді олар да өз айналасына бұрынғы хандар сияқты қызметкер 

топты ұстай алатын болған. Бұл қызметшілердің бірқатары бұрынғы 

дәстүрмен  қарашы  (қараша)  аталса,  енді  бірқатары  байғұс,  қоңсы, 



жалшы сияқты аттарға ие болған тәрізді (байғұс сөзі қазірде «бей-

шара» мағынасында қолданылатын болса, күні кешеге дейін бұл сөз 

«жалшы, қызметші» мағынасында да жұмсалып келген).



124

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі қараша сөзін «ескі бай ауылдың, 

әлді,  мықты  жуандардың,  атқамінерлердің  (?)  төңірегіндегі  кедей-

кепшіктер» деп анықтайды (ҚТТС, 11, 1961, 40). М. Әуезов бұл сөзді  

«бағынышты,  тәуелді  жай  кісі,  қызметші»  мәнінде  жұмсаған 

(Жанпейісов, 81). Ал қазақ ауыз әдебиеті мен XV-XVIII ғасырлардағы 

өлең-жырларда қарашы сөзі «ханға қызмет етуші, соның құзырындағы 

адамы» деген мағынада қолданылған.



ҚАРУЫН  ҚАЙТАРУ.  ЕРУЛІГЕ  ҚАРУЛЫ.  Әдеби  тілде 

де,  күнделікті  сөйлеу  тілінде  де  жиі  қолданылатын  бұл  тұрақты 

тіркестердегі  қару,  қарулы  деген  –  қандай  сөздер?  Қару  –  түркі-

монғолдың  ортақ  сөзі  болу  керек.  Қару  монғол  тілінде  «жауап, 

қайтарым» деген мағынаны береді. Бұл сөз хоруй түрінде якут тілінде 

де осы мағынада келеді. Сонда қаруын қайтару – «бір нәрсенің жа-

уабын (есесін) қайтару (беру)» деген ұғымда қолданылатын күрделі 

сөз  болып  шығады.  Еруліге  –  қарулы  дегенде  де  қарулы  сөзі  «жа- 

уап,  қайтарым»  деген  мағынада  келіп  тұр.  Ерулі  сөзі  де  монғол 

тілімен іліктес болар, мұнда эре(х) – «1) іздеу, сұрастыру, 2) сұрау, 

тілеу»  мағыналарында  қолданылатын  етістік.  Оның  ырықсыз  етіс 

түрі  эрүүле(х)  –  «іздету,  сұрастыру,  сұрату».  Демек,  еруліге  қарулы 

–  «сұратқанға  –  жауап,  іздегенге,  сұрағанға  –  қайтарым».  Не  бол-

маса  ерулі  сөзі  «біреудің  жолына  тосқауыл  болып,  кес-кестеу» 

мағынасындағы  ээрэ(х)  етістігіне  қатысты  ма  екен?  О  баста  «жо-

лыма бөгет болып тұрсаң, соған жауап ретінде есесін қайтарамын» 

деген мағынада қалыптасқан тіркес болуы да мүмкін. Қайткенде де 

қазақ тілінде қар- етістігінің «жауап, қайтарым» мағынасы болғаны 

байқалады, оған қарым, қарымта, қарымжы, сыйға сый көрсететін 

салт  атауы  болып  келетін  қарулық  сөздері  куә  (дәлел).  Бұлардың 

барлығында да «жақсылыққа жақсылықпен, жаман іске жамандықпен 

қайтарылатын жауап, қайтарым» мағынасы бар.



ҚАРЫНДАСҚарындас сөзі бүгінге дейін екі мағынада қолда- 

нылады. Осы күнгі әдеби нормадағы актив мағынасы – «ер адамның 

жасы  кіші  әйел  жынысты  туысқаны»  және  «жалпы  ер  адамға  бай-

ланысты айтылғандағы жасы кіші әйелдің атауы». Бұл сөздің түпкі 

мағынасы,  көне  түркі  жазба  нұсқаларында  көрсетілген  мағынасы 

–  «туысқан  адам,  бір  жұрттың  адамы».  Қазақ  тілінде  де  бұл  сөз 

бұрын жалпы «туысқандар, руластар, аға-іні» деген ұғымда жиірек 

қолданылған. Мысалы, Асанқайғының:

Ол күнде қарындастан қайырым кетер, – 

дегенінде де, Шалкиіздің:




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау