Баяндама Тақырыбы: “Психологиядағы бала сөзі теориясы. /А. Валлон, Ж. Пиаже, В. Штерн



жүктеу 12,69 Kb.
Дата09.11.2022
өлшемі12,69 Kb.
#40086
Срсп5(1) психо



Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (КМТжИУ)
Баяндама
Тақырыбы: “Психологиядағы бала сөзі теориясы. /А.Валлон, Ж.Пиаже, В.Штерн/
Пәні: “Жас ерекшелік психологиясы”
Орындаған: Полат Мадина
Тобы: Химия 21/1
Тексерген: Егенисова.А.К

Ақтау 2022


Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, — дей; Штерн, — біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, — дейді Штерн, — қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді.Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні — сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты «Бұл не?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай?


Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі» деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын еске алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағытта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарынан кездестіреміз.
Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.
Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі — тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.
Екішіден, тәжірибелік зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.
Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.
Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын сәби кейін де бұл шарттылықты түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың пікір айтты.
Гумбольдтік тіл туралы күлдіргі әңгімелерінде орыс солдатынын судың түрлі тілде әрқилы аталатыны жөнінде терең ойға шомып, судың атауы тек біздің тілде ғана дұрыс аталады, ал басқалардың бәрі суды дұрыс атамайды деп қасарысады. Гумбольдтің бұл әнгімесіңде түйінді мәселе етіп қойып отыруының мәні заттың аты сол нәрсенін өзімен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі баланың сөздің сырын ұрынуда мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.
Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, «арба аттын алдына жегіледі»; Істің мәні мынадай: сәбидің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар «мынаны былай атайық, ананы олай атайық» деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды.
Штерн де дәл осыны айтады. Сәбидің белгі мен мағына арасындағы байланысты түсінуі қалай пайда болатынын, өмірдің әр түрлі сатысында бұл түсінік алуан турлі болатынын түсіндіру орнына ол былай деп қателік жіберді. Ең алдымен жаналық жасалады, яғни тілі шықпаған сәби тіл деген түсінікті игері» үлгереді. Бұл теория бойынша тіл ол туралы түсініктен шығады ал бұл ретте іс жүзіндегі даму барысы былай өтеді: сөйлеу процесінде сәбидің тіл туралы белгілі түсінігі қалыптасады.

А.Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па — ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «кёремет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды


Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз.Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның заңды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.
жүктеу 12,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау