Жерге орналастыру кезеңдері:
жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
дайындық жұмыстары;
жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
жерге орналастыру жобасын орындау.
1.2 Жер мониторингі
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одна әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін бастапқы, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға моніторинг жүргізу үшін база болып табылады.
Жерге меншік нысандарына жердің нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жері жер мониторингінің объектісі болып табылады.
Жер мониторингінің міндеттері:
жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын қамтамасыз ету.
Жерді жүйелі түрде бақылаудың, суретке түсірудің, зерттеудің, түгендеудің нәтижелері жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың материалдары, мұрағаттық деректер, жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін апарат көздері болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылады, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастры жұмысы:
жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалануды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер – кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
жер – кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді.
Достарыңызбен бөлісу: |