Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1353



жүктеу 107,66 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі107,66 Kb.
#14437

Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын  тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекiтiлген



Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорынның (бұдан әрi – кәсiпорын) басшысын конкурстық iрiктеу, тағайындау және аттестаттау тәртiбiн регламенттейдi.
2. Кәсiпорынның басшысын конкурстық iрiктеудi, тағайындауды және аттестаттауды, оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) жүргiзедi.
3. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі


4. Кәсiпорын басшысының қызметіне кандидатураларды iрiктеу кезiнде қойылатын негiзгi талаптар мыналар болып табылады:
1) қажеттi бейiнi бойынша жоғары бiлiмінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекiткен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кәсiби даярлық деңгейiнің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсiпорнының бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
5. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган):
1) конкурсты өткiзу туралы шешiм қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын анықтайды;
3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырады, тиісті саланың уәкілетті органы өкілдерінің арасынан Комиссия төрағасын және Комиссия хатшысын тағайындайды.
7. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
8. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебiнен конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етедi;
3) конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шешімді енгізеді.
9. Республикалық, облыстық және аудандық кәсiпорын басшысының қызметін атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) интернет-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) конкурс өткізілетін күні мен орны;
2) орналасқан орнын, пошталық мекен-жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орны­нан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс стажына, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруiне болады.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
13. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
14. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекiткен тиiстi кәсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби бiлiмi анықталады.
15. Комиссияның шешiмi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және Комиссия хаттамасына қоса тіркелетін.
Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешiм Комиссияның барлық мүшелерi мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
16. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін екі үміткерден кем конкурстық өтінім ұсынылса немесе конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайта­рылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
17. Комиссия отырысын өткізу кезінде бейне немесе аудио жазу жүзеге асырылады.

2.1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы


мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу
18. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау мәселесі жөнінде ұсынысты байқау кеңесіне келісуге енгізеді.
19. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.
20. Байқау кеңесі ұсынылған кандидатура бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) кәсіпорын басшысын таңдау бойынша қайта конкурс өткізеді. Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) ұсынған мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын көп дегенде екі рет келіспеуге құқылы.

2.2 Басшыны қызметке тағайындау


21. Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушымен және осы Қағидалардың 2.1-кіші бөлімінде көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы еңбек шартын (бұдан әрi – Шарт) жасасады және кәсiпорынның басшысы танысуы тиiс қызметке тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 2.1-кіші бөлімінде көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңына сәйкес:
1) тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметiне өзінің мәртебесін және оған негізделген беделін жеке, топтық және қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкелуі мүмкін іс-қимылдарға жол бермеу мақсатында шектеулердi қабылдауға жазбаша келiсiмiн;
2) тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
табысы туралы декларацияны;
көрсетiлген мүлiктiң бағалау құны мен орналасқан жерiн көрсете отырып, салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi мүлкі туралы декларацияны;
мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi салымдар туралы және бағалы қағаздар тура­лы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi бағалы қағаздар туралы, сондай-ақ осы тұлғалар жеке немесе басқа тұлғалармен бiрлесiп иелiк eтуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн және көрсетiлген ұйымдардың толық банктiк және өзге де деректемелерiн көрсете отырып, акционер немесе заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе делдалдық қатысуы туралы;
егер тұлға немесе оның зайыбы (жұбайы) осы трасттардың бенефициары болса, тиiстi банктiк шоттардың нөмiрлерiн көрсете отырып, трасттар мен олар тiркелген мемлекеттер;
тұлғаға немесе зайыбына (жұбайына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң бір мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық немесе қаржылық қаражатты ұстау немесе уақытша сақтау жөнiндегi тұлғамен шарттық қатынастары, келiсiмдері мен мiндеттемелері (оның iшiнде ауызша) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi беруi қажет.
22. Шарт тараптардың келiсiмiмен анықталатын кемінде бір жыл мерзiмге жасалады. Қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Шарт тараптардың келiсiмi бойынша ұзартылуы немесе жаңа мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Шартта сынақ мерзiмi белгiленеді. Сынақ мерзiмi аяқталғаннан кейiн кәсiпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, Шартты тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұза алады.
23. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын – тиісті саланың уәкілетті органымен;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын – жергілікті атқарушы органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, мемлекеттік кәсіпорын басшысының:
таза табыстың белгіленген бір бөлігінің бюджетке уақтылы аударылуы;
қаржы-шаруашылық қызметінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
мемлекеттік мүлікті пайдалану кезіндегі заңсыз әрекеттері;
мемлекеттік мүліктің тізіліміне ақпараттың уақтылы және сапалы берілуі;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
24. Шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұзылуы мүмкiн.
25. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) кәсіпорын басшысымен шартты бұзу мәселесін алдын ала байқау кеңестерімен келіседі.

3. Аттестаттау жүргiзу тәртібі


26. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемi кәсiпорын басшысының өзіне жүктелген мiндеттердi орындау қабiлетi болып табылады.
27. Кәсiпорынның басшысы кәсiпорын басшысы қызметінде болған әрбiр келесі үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді.
Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешiктiрілмей өткiзiледi.
28. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы аттестаттау өткiзу мерзiмдерi және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесi бекітілетiн бұйрық шығарады.
Аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) құрылымдық бөлiмшелерiнiң, кадр және заң қызметтерінiң басшылары енгізiледі.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға, хатшы тағайындалады.
29. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметі кәсiпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау өткізу күніне дейін бiр айдан кешіктірмей оны өткiзу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.
30. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) құрылымдық бөлiмшелерiмен бiрлесiп, кәсiпорын басшысының кәсiби, жеке басының қасиеттері негізделген бағалауын, қызметінiң нәтижелерiн қамтитын қызметтік мінездеме ресімдейді.
31. Кадр қызметi кәсiпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн күнтізбелік жиырма күннен кешіктiрілмейтiн мерзiмде оған берiлген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.
32. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) кадр қызметi аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешімі енгiзiлетiн аттестаттау парағын ресімдейді.
33. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын жiбередi.
34. Аттестаттау әңгiмелесу нысанында жүргiзiледi. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемiнде үштен екісi қатысқан кезде, заңды деп саналады.
Дауыс беру нәтижелерi комиссия мүшелерінiң көпшілiк дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Аттестаттау комиссиясының мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және Комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.
35. Комиссия отырысына дәлелді себептермен қатыспаған кәсiпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейiн өтедi.
Комиссияның отырысына аттестатталатын басшы дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы мінездеменің негізінде оның қатысуынсыз аттестаттауды өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
36. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгiмелесуден кейiн мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатады;
3) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
37. Комиссия отырысын өткізу кезінде бейне немесе аудио жазу жүзеге асырылады.
38. Аттестаттау комиссиясының атқаратын қызметке сәйкес келмеуі туралы шешiм қабылдауы аттестаттаудың терiс нәтижесi болып табылады.
39. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық немесе құпия дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәсiлi аттестаттау комиссиясының қалауы бойынша таңдап алынады.
40. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізiлген сәттен бастап алты айдан кейiн өткiзіледi. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мынадай шешiмдердің бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне сәйкес келедi;
2) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
41. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттау комиссиясының шешiмiмен танысады.
42. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерiн бiр ай мерзiмде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы бекiтедi.
43. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) басшысы бекiткен аттестаттаудың терiс нәтижелерi кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату үшiн негіздеме болып табылады.
4. Қорытынды ережелер
44. Кәсiпорын басшысы қызметінің бос орнына орналасуға конкурс өткiзу, оны тағайындау және аттестаттау кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қаралады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қарашадағы №1353 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 287-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 685 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 881 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 379-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 976 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 287-құжат).
жүктеу 107,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау