1.1Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу.
Жерге орналастыру жер катынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдарға бағытталған Қазақстан Республикасының жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.
Жерге орналастыру мыналарды қамтиды:
ландшафтық – экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық жобаларын және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;
белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді, олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;
жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысанасы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
топографиялық – геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
жер ресурстарын жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды.
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланудың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін норматив тік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;
жер ресурстарын ҚР табиғи жағдайларды кешенді бақылау жүйесінде зерттеу;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер мониторингі және жер – бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістемелерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
шекараларда әкімшілік – аумақтық құрылымдарды, меншік иелерінің, жер пайдаланудың жер учаскелерін орнықтыра және бекіте отырып жерге орналастыру;
жерлердің саны, сапасы туралы ақпаратты дайындау;
жер-бағалаушылық жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің анықтау;
жерді аймақтарға бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |