Батырова Мадина Туракбаевна Оқытушы Кафедра Ақтау қаласының 3б шағын ауданында, №9 ғимаратта, 3-қабатта орналасқан, телефоны Кездесу сағаттары: сабақ



жүктеу 211,28 Kb.
бет20/28
Дата11.01.2022
өлшемі211,28 Kb.
#32314
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
жерді бағалау умк

Жер категориялар

1990 жылдар


2007 жылдар






млн.

га.


%

млн

га.

%


Барлық жерлер

271,6

100

270,1

100

Ауыл шаруашылық мақсатындағы

220,7


11,3


93,1


71,6


Халық орналасқан жерлер

2,1


0,8


20,2


7,1


Өндiрiстiк жерлер

19,8

7,3

11,1

6,4


Ерекше қорғалатын территория

9,9


3,6


22,2


4,0

Көлiк


0,8

0,3

1,2

0,3
Орман қорлар

0,8

0,3

3,6

0,3
Су қорлары

17,5

6,4

118,7

10,3

Ауыл шаруашылық жерлердiң қолданушыларына жерге ақы төлеуден басқа негiзгi жердi шаруашылық айналымынан шығару себебi, ол егу алаңының және ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң және өсiмдiктер өнiмiн өндiру көлемiн қысқарту болып табылады. 1990 жылдан бастап 16 млн. гектарға астам ауыл шаруашылық негiзiндегi жерлер азық-түлiк жағдайымен қамтамасыз ету және жеке шаруашылықты кеңейту мақсатында ауыстырылды.

Көптеген шаруашылық субъектiлердiң жайылым жерлердi қолданудан бас тартуына байланысты, ең алдымен шөлейт және шөлдi зоналардың орман қорына ұзақ мерзiмдi қолдануға 12,3 млн. гектар жер қайтарылды және 100 млн-ға жуық жерi жер қойнауының құрамына өткiзiлдi. Нәтижесiнде олардың алаңы 6,8 есе көбейдi. Бұл жерлер тұрғылықты орындаушы органдардың қол астына кiргiзiлдi және экономикалық қажеттiлiк туындаса бұл жерлер жеке меншiкке немесе ауыл шаруашылығына жер қолданушыларға немесе басқа да қажеттiлiктерге өткiзiледi. Осыған байланысты жер категориясының нарықтық институттағы жер қолданудың және жерге ақы төлеу қатынасының өзгеруi мүмкiн.

«Бюджетке төленетiн салықтар мен мiндеттi төлемдер» Қазақстан Республикасының кодексiне байланысты жердiң келесi категориялары салық салуға жатпайды:

- елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, cу қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы жерлерге жататы.

- ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскiлерi. Оларға жатады: Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.

Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аумақтардың ашық – сарғылт, құба, сұр – құба, ашық және кәдiмгi сұр топырақты, сондай – ақ таулы аумақтардың таулы-далалық, және таулы альпiлiк жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi.

Жеке тұлғаларға өзiндiк үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

- Көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге.

- Көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстары мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскiсiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi деп есептелінедi. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:

1/ Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшiн:

- көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

- көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. Басқа елдi мекендер үшiн:

- көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда – 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

- көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

ҚР Салық кодексі бойынша жалпы ережелер. 323-бап.1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

2. Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер босалқы запастағы жерлерді қоспағанда тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға осы Кодекстің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.

4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

324-бап. Төлеушілер

1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтарда салық салынатын объектілері бар құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі — заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер деп танылады.

3. Мыналар:

1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) осы Кодекстің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі:

- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;

- үй маңындағы жер учаскелері;

- жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

- гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша — "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының (2), алып тасталды.) 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.




жүктеу 211,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау