Дәрістің мазмұны:
1. Топтық психотерапия туралы түсінік.
2. Топтық психотерапиядағы түсініктер мен категориялар.
Топтық психотерапия қазіргі уақытта кең тараған және де өзіндік орыны бар психотерапия бағыттарының бірі.
Психотерапия бағыттарының ішінде (мінез-құлық терапиясы, психодрамма, гелитальт, психосинтез т.б.) психокоррекциялық жұмыс жүргізуде өзіндік маңызға ие, және де мұнда психотерапияның түрлі бағыттары қолданылады. Олардан негізгі ерекшелігі басты жұмыс пен жауапкершілік тек психотерапевке қана емес топ мүшелеріне де қатысты болып табылады.
Топтық психотерапия идеялары әсіресе гуманистік психология мен психотерапияға жақын, алайда бұл бағыттарды Адлер идеяларынан көруге болады.
«Топтық психотерапия» терминін алғаш 1932ж. Яков Морено қолданды, яғни психотерапияның жекелей емес, топ болып жүргізілуі болып табылады. Одан кейін медицина және медицина емес психотерапия өкілдері бұл форма мен әдіске өзіндік анықтамаларын берді.
С.Крахотвил (1978ж.) топтық динамикалық қарым-қатынас өзара әрекеттесу тігінен және көлденең арқылы жүзеге асуы өте жақсы нәтиже бере алады деп тұжырымдаған болатын. Алайда, бұл «тігінен» және «көлденең» түсінігі менеджменттегідей (басшы – бағыну т.б.) қатынас атмосферасы өзара үйлесім табады, мұны Адлер «тең дәрежедегі жұп » деп атаған болатын.
Көптеген авторлар бұл әдіс өзара бірлесу атмосферасы яғни клиенттер мен психотерапевттердің бір-бірімен араласуы белсенділікті танытады дейді.
Кейде топтық психотерапия мен қатар ұжымдық психотерапия ұғымында кездестіруге болады. Либих (1974), Вельвовский (1986) сияқты т.б. белгілі мамандар бұл терминдерді ұқсас деп тұжырымдамайды.
Алайда өзге авторлар «ұжымдық психотерапияны» тек ұжымдық жұмыс жасау түріндегі жай ғана ұжым болып жұмыс жасауын айтады.
Психотерапияның бағыты ретінде топтық терапияның да өзіндік терминдері мен анықтамалары бар.
Алдымен, психотерапиялық топ ұғымынан басталық.
Психотерапиялық топ (20 адамға дейін) терапиядағы аз ғана топ болып саналады, яғни мұнда адамдар өзара келісімді біріккен жалпы және жеке психологиялық мәселелер бар адамдар қатысады.
Топ «қазір және осында» принципін басты назарға алады.
Психотерапиялық топтың кең тараған 2 типі бар:
шебер тренинг тобы
encounter
Шебер тренинг тобы - әдетте психотерапевтте орталықтандырылған яғни оның басшылығы айқын жеткілікті безінеді.
Encounter тобы (жоғары) негізгі жұмыс пен жауапкершілік топ мүшелеріне ауысады.
Алайда, қазіргі кезде көпшілік психоаналиктер топтық әдістерді тек уақытты үнемдеу мақсатында емес, қайта тиімді болу үшін қолданылады.
Топтық психотерапияның әдіс ретінде қолданылуын Якоба Мореноның 1931 жылы шыққан «топтық психотерапия» журналында кең түрде айтылған.
Сонымен қатар, топтық психотерапия өкілдерінің бірі Карл Роджерс. Оның қосқан маңызды үлесі гуманистік терапия жұмысы немесе анти белсенді бағыт, яғни терапияның клиентке орталықтандырылуы. Ол осы әсерде encounter – топ түсінігін еске түсірген болатын. Карл Роджерстің негізгі идеясы мен әдістері. Л.А.Петровскийдің «әлеуметтік – психологиялық тренингтің теоретикалық және әдістемелік мәселесі» (М.1982) атты еңбегінде жазылған.
Топтық психотерапиясының медицинада қолданылуы С.Кратохвиланың «невроздар топтық психотерапиясы» (1978) атты кітабымен байланысты.
Осы бағыттағы аса қызықты еңбектер Б.Д.Карвасаркс және С.Ледердің «топтық психотерапия» (1990) еңбегі және С.С.Либихтің еңбектері, А.Л.Тройсман, Н.В.Иванова, А.И.Захарова және т.б. еңбектері бар.
Психокоррекциялық топта мына бір әдістемесі қолданылады:
мәселені шешу тобы;
ұжымаралық қарым-қатынасты оқыту тобы (әдетте бұл топтағы адамдар іскер адамдар, саясаткерлер, әртүрлі басшылар)
топ бойы
терапевтік топтар
Психокоррекциялық топтың негізгі мінездемесін айқын түйіндеген
Лэкин болады. Ол 1972 жылы басылған еңбегінде көрсеткен. Ол топтық психотерапиядағы процестің маңызды атмосфера мен қарастырады.
эмоцияны шығару арқылы жеңілдеу
берілу сезімінің тууы
өзіндік жасыру міндеті
мінез-құлықтың жаңа дағдыларын сынау
топтың ұжымаралық қарым-қатынас еркіндігін санкциелеу.
Топтағы басқару көшбасшымен топ арасында жауапкершілікті бөлісу.
Қазіргі уақытта топтық психотерапияның көптеген практиктері жақсы
жүйеленген К.Рудестамның «Топтық психотерапия» (1990) атты еңбегінқолданады.
Топта әртүрлі әлеуметтік ситуацияларды талдайды, мұнда адамдар аналогиялық немесе ерекшеленген яғни жалпыға қызықты мәселелермен келеді, өзгеге көмектесу арқылы өзіне де көмек бере алады. Яғни, топ мүшелерінің барлығы тек көрермен ғана емес, әркелей олар қызығушылық танытады.
Алайда айтып кететіні, топтық терапия кез-келген адамдарға немесе кездейсоқ жағдайларға жүргізіле бермейді. Бұл жерде психотерапевтің шеберлігін талап етеді, яғни топтық психотерапияны қолданылуын немесе керек еместігін білгені абзал.
Әдетте өмірдегі қиын жағдаяттарды шешуде әңгімелесу терапиясы тиімдірек болады. Мұнда клиент проблемасын өзін түсінетін басқа жандарға айта отырып, проблеманың шешу жолдарын бірлесе қарастырады.
Топ мүшесі ретінде психоз және интеллектісі төмен адамдарды қабылдамауы керек өйткені, интеллектісі төмен адам әңгімелесуде барлығына түсінікті мәселесуде детальдарды қайталап сұрай беруі мүмкін.
Олар өзге топ мүшелеріне түсінікті нәрсені қайталату бұл олардың назарын басқа жаққа аудартуы мүмкін, яғни топтың әңгімелесуді бұрады. Сондықтанда, жақсырақ тұрып ойланған жөн.
Терапиялық топқа қатысушылар 3-5-тен 20 адамға дейін сандар бойынша ажыратылады. Кейбір терапевтер 30 адаммен де топ құрыпта жұмыс жасай алады. Психокоррекциялық топта көп жағдайларда адам саны 8-ден 12-ге дейін болады.
Әдетте топ құрылады, мынадай белгілер болса:
проблемалық белгілер (жалпы психологиялық мәселелер және невроздар)
жеке белгілер (жалпы ерекше қызығуы, интеллект деңгейі, мінез сипаты)
демографиялық белгілер (ұлттық-этникалық қауым, жас, жыныс)
Кейбір авторлардың (Беннис, Шеппард) ойынша гетерегонді топтарды
ұйымдастыруды тиімдірек дейді. Яғни олар қоғам моделінің шындығына жақын болады. Сондықтан да біз клиенттерімізді тиімді ұйымдастыра аламыз. Мұндай топта әртүрлі көзқарастар және де дау-жанжалдар болуы мүмкін, ал былай қарағанда қоғамдағы шындық ситуацияларды құрап өзара түсінісуді қалыптастырады.
Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: сонда топтың психологиялық климаты «жылы», болуы керек пе, әлде қоғамдағы шындық шартқа сай болуы тиіс пе?
Гетерогенді топ (құрамы бойынша әртүрлі) әдетте арнайы (терапевт бақылауымен) дау-жанжалды қосады. Ол, яғни ашушаң адамдардың эмоцияларын бақылау мақсатында қолданылады.
Гомогенді (бірыңғай) тобы мұнда тез арада жақсы атмосфера құрып, жалпы психологиялық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. Алайда, көптеген практиктердін айтуынша осындай жақсы қарым-қатынас моделімен өз-өзін сенімділікпен болған топтар лабораторды модель ретінде қала берген, яғни клиенттер шын өмірінде шамалы.
Барлық психокоррекциялық топтың практикалық түрлерінің қатысушыларына қойылатын негізгі ережелері:
қатысушылармен қарым-қатынаста сенімділік пен ашықтылықтың болуы.
Эмоциональді тұрақсыздықтың көбіне болуы;
«қазір және осында» принципі.
Әдетте топтық терапия жұмысы аптасына 3-4 рет өткізіледі. Әрбір сеанс 1-1,5 сағатқа созылады. Алайда, бұл тек бағыт көрсету ғана, жұмыс шарты мен мақсатына сәйкес психотерапевт өзгерте алады.
Топтық психотерапияның түсініктері мен категориялары.
Топтық психотерапияның толық жеке бағыт ретінде өзіндік түсінікті аппараттары бар.Алдымен, оған мына бір түсініктер кіреді, рөл, норма, мінез-құлық түрі, көшбасшылық, топтық үрдіс.
Рөл.
Әрбір адам өмірінде әртүрлі қандай да бір рөлді немесе бірнеше рөлді игереді, Мәселелен, ол бастық, және бағынушы; ер адам және әке т.б. Ал, психокоррекциялық топта ол бейтаныс адамдармен кездеседі, яғни қандай да бір өзіне ресми түрде рөлді алады. Алайда психокоррекциялық топта ол басқа рөлді иемденеді, яғни алыс болмаса да кез-келген адамға оңайға соқпайды.
Мәселен, басқаруға үйренбеген кейбір адамдар топты басқара отырып көшбасшылықты игере алады, ал басшы болған адам қарама-қарсы бағынушы рөлшін ойнайды.
Сорнымен қатар топта қарама-қарсы рөлдер болады. Кейбір мамандар (Лири, 1957) бір-біріне қарама-қарсы сезімдермен тұратын эмоцияларды бөледі: махаббат-қызғаныш, күшті-әлсіз, жұмсақтылық-қаттылық т.б. Келлерман (1979) 4 түрлі қарама-қайшылықты бөледі: Романтик-скептик, күнәсіз, философ, Пуританин-кооператор (бірігуші)
Психокоррекциялық топ қарама-қайшылықтарға сүйене отырып, қалыпты құрыла алады.Сонымен қатар, өте жұмсақ, жылы топ шындық мәселелердің шешімін таба алмайды, тек сырттай қарағанда жақсы топ болып қана қалады.Оған қарама-қарсы өте сыншыл топ. Бұл топ мүшелері психологиялық қорғаныс атмосферасын құрады, бұл топта сыртқы және ішкі дау-жанжалдың себептерін көре алмайды.
Сондықтан да топ оптимальді түрде мейірімді және сыншылда болуы қажет.
Норма.
Психокоррекциялық топтағы норма ұғымы басқа топтық және қоғамдық норма түсінігіменде ұқсас болып табылады.
Әрбір қоғам, ұйымдар сонымен қатар кішкене топтардың өзіне тән ресми және ресми емес мінез-құлық нормалары берілген, және де топтық бұзылыстар болған жағдайда әртүрлі санкция түрлері қолданылады. Мінез-құлықтың топтық нормаларымен сәйкестендірілу, яғни ресмилі немесе формальді емес қолдауын қажет етеді, яғни топ мүшесі өзінің статусын жоғарылата алады. Сондықтанда психокоррекциялық топтың өзіне тән мінез-құлық нормалары белгіленген. Бұл әрине топ алдына қойылған мақсатпен ұштастырылады.
Психокоррекциялық топтарда тұрақты регламент болғанымен олардың ортақ жүйелері көп және де ең басты маңсы топ мүшелерінің жеке мәселелерін шешу болып табылады.
Бұл нормалар жеткілікті түрде Б.Д.Карвасарскийдің (1985ж.) жіктемесінде толық айтылған.
« психокоррекциялық топтың әрбір мүшесі міндетті болып »;
топтық жұмыстағы күн тәртібін орындайды.
Топ ішінде ашық әрі сенімді болуы керек.
Топ ішінде жолдастарына көмек бере отырып, өз мінез-құлқын өзгертуге амалдарды ала алады.
Жалпы сөйлемнен аулақ болуы қажет, өзінің және жолдастарының мәселесі мен мазасызданудың нақтысын айтып; «қазір және осында» принциппің қолданған жөн.
Топ мүшелерінің пікірлерін және кеңестерін тыңдай отырып, ойланып өзі шешім шығарғаны абзал.
(Цит. По: Кондрашенко В.Т., ДонскойД.И. – 1997 бет 321-322)
Топты басқару.
Әдетте әлеуметтану және басқару психологиясында басшылық ету 3 стильде жүзеге асырылады; авторитарлы, демократиялық, либеральды.
Алайда, көптеген авторлардың айтуынша топта таза стиль болмайды. (Мәселен, «таза» сангвиник, холерик, мелонхолик, флегматик т.б. болмайды).
Бұл басқару стильдері топтық психотерапиядағы қарым-қатынаста өзіндік орын алды. (Левин, Липпит,Уайт, 1939) Олар: авторитарлі, демократиялық, либеральді.
Айтып кететін жайт, қандайда болмасын әр стилдің өзіндік жетістігімен кемшілігі қатар жүреді. Жас психотерапевтер алайда өздеріне басқару стилін таңдауда қателіктеркетеді.
Топты басқарудың авторитарлі стилі.
Мұндай стильді меңгерген психотерапевт топ көшбасшысы, әрі басқарушы болып табылады. Алайда, мұндай стильді топта толығымен демократиялық стиль жоқ деп айтуға болмайды.(Әйтпесе, бұл топтық психотерапияға жатпайды).
Сонымен қатар, топ іс-әрекеті, дискуссия психотерапевт бағытымен жүзеге асады, яғни мұнда ол кәсіби шеберлігін таныта білуі керек.
Бұл стильді қолдана отырып, еске түсіретін жағдай авторитарлі көшбасшы сонда да топтық терапияда топ мүшесі болып қала береді.
Демократиялық стиль.
Демократия – бұл шашыраңқылық және барлығына еркін болушылық. Сонымен қатар халық билігі, яғни заңсыз барлығына бірдей болуы.
Сонымен қатар, ежелгі адамдардың айтуынша: демократия- заң билігі. (көпшілік қызығушылығын есепке алған, барлығына бірдей болуы).
Ал, топтық психотерапияда басқару демократиялық стиль – бұл ұжымдық бақылаудың, яғни топ мүшелерінің шешімдерді толық талқылап дұқрыс нәтиже шығару; әрине топ нормаларының міндетіне сай болуы керек.
Либеральді (антиавторитарлі) стиль.
Бір қарағанда бұл стиль басқару стилінің түрлі деп айту қиынға соғады. Алайда бұл психотерапевт үшін тиімді болып бабылады, яғни топ ішінде жақсы сезіну тек ситуацияларда ғана емес алдағы уақытта да даму үшін де пайдалы болып табылады.
Сонымен қатар, психотерапевт өзіне сенімді болған жағдайда ған топқа орала алады. Топтық терапияда бақылап қана қоймай, топ ішіндегі дау-жанжалды анықтап топқа қатысушылардың проблемасын шешудегі сөйлесуіне көмек береді.
Топ ішінде дау-жанжалдың, пікірталастың болмауы топқа қатысушылардың ашылуына кедергі болуы мүмкін. Алайда, бұл пікірталастар қатысушылардың қарым-қатынасына зиянын тигізбеуі қажет.
Шебер терапевтер ситуация талаптарына сай индивидуальді-типикалық стильдерге 3 стильді де кең қолданылады.
Әрине авторитарлі стильді конфликтік жағдайды қолдану жеңіл әрі тез тоқтатуға болуы мүмкін. Алайда бұл топтың тыныштандырылуын сақтауға көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл топтық проблеманы шешуде невроздық жағдайлар тудыруы мүмкін. Сондықтан көптеген психотерапевттер демократиялық стилді қолданғанды қалайды.
№ 9 дәріс
Тақырып: Ойын терапиясы және оның даму тарихы.
Дәріс мазмұны:
Ойын терапиясы туралы түсінік.
Балалар психотерапиясы мен ойын терапиясының даму тарихы.
Ойын деген не? Біздің білуімізше ойынның мінез-құлқына тсініктеме беру қиын, себебі кез келген іс-әрекет ойыға ұқсай бермейді. Біздің сәтті деп ойлайтын тұжырымдамаларымыздың көбі Бейтсонның сөздері болып табылады. Олардың біріншісі көпшіліктің айтып жүрген Сан-Диего зоопаркінің маймылдары жайындағы әңгімелермен байланысты. Жануарлар барлық уақыт бір-бірімен төбелесіп жатады, бірақ олар бір-біріне ешқандай қауіп төндірмейді. Кейбіреулер маймылдар осылайша ойнайды дейді. Бейтсон психотерапия жайында осыған ұқсас тұжырым жасайды: психотерапиялық жұмыста эмоцияны қоса барлық іс-әрекеттер өз көріністерін тапса да, болып жатырғанның бәрі ойын сияқты көрінеді. Соған қарамастан, психотерапия үрдісінде адамдар шын өмірдегі сияқты ұайымдап, қобалжиды.
Сонымен қатар, төменде келтірілген сөздер де Бейтсонға тиісті болып табылады: « «Ойын» сөзіне қандай түсініктеме беруге болады? Бұл сөз болып жатқан іс-әрекеттер ерекше мәнге ие болатын белгілі бір ортаны білдіреді. Мүмкін, ойынның маңыздылығы адамның күнделікті өмірдегі әдетке айналған мазмұндардан бас тартуына байланысты болар.» Мүмкін, ойынның мәні мазмұнға ие болу болар?
Ойын психотерапиясы өзінің биопсихоәлеуметтік ортасында белгілі бір бұзушылықтар жасай отырып, баланың қандай да бір лабораторияға түсу үрдісі болып табылады. Бұл жерде оның ата-анасымен қарым-қатынасы зерттеу жүргізудің алаңы болып табылуы мүмкін. Ойынның ерекше жағдайына байланысты ата-аналар балаларына өз сүйіспеншіліктерін жоғары деңгейде сездіртүі мүмкін. Бұл жерде олар тұрмыс жағдайында көрсетуге батылдары жетпеген инфантилді белгілерін де көрсетуі мүмкін. Олар уақытша «жарымжанды», «ақымақ», «жауапкершіліксіз» болуы мүмкін. Олар еденде жатып, жарымжанды, ақымақ болып, немесе агрессивті не күндегіге қарағанда одан да қатал болып көрінуі мүмкін.
Ойынның ерекше әлемінде психотерапевт өзін шын өмірді бейнелеуде еркін сезінеді. Ол қаталдықты, қорқынышты немесе жатсынуды бейнелеуі мүмкін. Біздің бір танысымыз бір күні өзінің клиенті балаға- «Соқыр болып қалдым»,- деп айтыпты. Бұл уақытта бала оның дәл алдында отырған болатын. Оиында адамдар арасындағы әртүрлә қарым-қатынастарды бейнелеуге болады. Бұған мысал ретінде Д.Левидің сиблингтермен жасаған жұмысын айтуға болады. Ол үш қуыршақты қолданған: біреуі анасын бейнелеген, екіншісі – бөбекті, үшіншісі – үлкен баласын (клиенттің). Психотерапевт баламен бірге анасын бейнелейтін фигураға балшықтан көкірек жасап, оған бөбекті бейнелейтін фигураны қойған. Бұл жағдайда сиблингтер арасындағы қатынасты, үлкен баласының кіші баласына деген қызғаныш сезімін анықтауға болады.
Тақта мен борды қолдана отырып, қорқыныш және агрессия тудыратын әртүрлі көріністер көрсетуге болады. Ойыншық солдаттарды қолдана отырып, еденде батальді көріністер көрсетуге болады. Бұл жағдайда мектептерге, емханаларға, қалаларға, елдерге, ата-аналарға, балаларға, психотерапевттерге «бомбалар құлауы» мүмкін. Бұлардың бәрі «шын өмірден» алшақ болғандықтан әсері күшті болуы мүмкін.
Қолданылып отырған фигуралар шын адамдар емес, бірақ жаны бар кейіпкерлерді салатын белгілер болып табылады. Былайша қарағанда, ойын психотерапиясы кабинеті жаңа заманның кинотеатрімен теңеледі. Осының бәрін баланың шындық ретінде қабылдауы, оның «қалыпты емес» және инфонтильді мінез-құлықының көрініс беруіне шыдамдылығын арттыра түседі.
Ең алғашқы балалармен психотерапияны өткізуді қазіргі таңда аты әлемге әйгілі өзінің пациенті Ганстың фобиялық реакцияларын жеңілдете отырып қолданған Фрейд болып табылады. Фрейдтің өзі терапия үрдісіне қатыспай, тек Ганстың әкесіне баланың ішкі қорқыныш сезімдері мен келіспеушіліктерін шешуге кеңес беріп отырды. Бұл ең алғашқы дочерняя терапия деп аталатын бағыттың пайда болуына негіз қалаған терапия болды.
Ойын психотерапияда 1919 жылға дейін, яғни Хуг-Хельмут ойынды бала психоанализінің бөлігі ретінде санауды ұсынғанға дейін қолданылмаған болатын. Бірақ, Анна Фрейд және Мела-ни Кляйн ойын элементтерін балалармен жұмыс жасау әдісі ретінде өздерінің сессияларына қолданғаны туралы жазған. Бұл екі теоретик, және де балалармен жұмыс жасағанда психоанализді қолданған олардың ізбасарлары тек қана өздерінің әдістерін емес, сонымен қатар олардың негізінде жатқан теориялық үлгілерін модификациялай бастады. Жалпы, осы психоаналитикалық емдеудің модификациясын «психодинамикалық терапия» тақырыбына біріктіруге болады. Бұның ең басты нысаны – баланың проблемеларын шешуге көмектесу. Анна Фрейд және Мела-ни Кляйн ойынды емдеу үрдісінің бір бөлігі ретінде есептесе де, олар ойынды әртүрлі нұсқада қолданған.
1928 жылы Анна Фрейд ойынды балаларды қызықтыру үшін өзінің сессияларында қолдана бастады. Бұл әдістің қолданылуының негізгі себебі терапиялық альянс концепциясы болып табылады. Дәстүрлі психоанализде аналитикалық жұмыстың көп бөлігі пациенттің сау жағы мен терапевт өз күштерін пациенттің ауру көріністерімен күресу үшін біріктірген кезінде аяқталады деген көзқарас бар. Бұл қосылу терапиялық альянс деп аталады. Анна Фрейд емделуге балалар өз еркімен емес, ата-анасының жетектеуімен келетінін, және де балада емес оның ата-анасында шағымдар болатынын байқаған. Сонымен қатар ол түс көрудің анализі және еркін ассоцияцияның терапиялық әдістерінің балаларға жат екендігін түсінген. Сол себепті балаға көмектесу және онымен альянсқа түсу үшін, өз пациенттерімен қарым-қатынасқа түсу үшін ол ойынды қолданған.
Балалар психотерапиясындағы балалармен ойын. Жанұя психотерапиясында терапевттің мақсаты – барлық жанұя мүшелері өздерін жақсы сезініп, өз ойларын еркін білдіре алатын жұмыс ортасын орнату болып табылады. Бұл бөлменің жабдықталуы мен психотерапиялық сессияның немесе консультацияның ұйымдастырылуына байланысты болады. Көп жағдайда терапияның нәтижелі болуы психотерапевттің клиентті зейін салып тыңдауы, онымен қарым-қатынасқа түсуі, сезімдерін білдіруі, қобалжудан құтылуы, өзінің клиентті түсінуге әзір екендігін сездірте алуына байланысты. Мұның бәрі «контекстуальді тұрақты қабілет» деп аталады.
Психотерапевттің жанұя адамдарын қабылдауға әзір екендігін көрсетуі – жұмыс ортасын қалыптастырудың бірінші қадамы болып табылады. Бұл үшін олармен арнайы кездесу ұйымдастыру. Егер жанұяда емшектегі сәби немесе 3 жастағы тынымсыз бөбек болса, психотерапевт сессияны оның қатысуымен өткізуге әзір болуы қажет. Бұл жағдайда ойын тәсілдерін қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін. Психотерапевт кішкене баласы бар жанұя мүшелерімен бірге ойынға қатыса алуы қажет. Психотерапевттің контекстуальді тұрақты қабілеті ойын үрдісінде оның өзін жайлы сезінуін, күнделікті жанұяда болатын жағдайлардан қысылмауын қамтамасыз етуі қажет.
Сессия кезінде әртүрлі дыбыстардың шығарылуы - қалыпты жағдай болып табылады. Ол туралы психотерапевтті ескертіп отыру қажет емес. Сол сияқты, кейбір психотерапевттер балаларды емдеу үрдісінің қатысушысы ретінде тән алмайды. Бұл қалыпты жағдай, себебі психотерапевттер тек қана ересектер және жасөспірімдермен жұмыс жасауға әзірленеді. Олардың кебіреулері жанұяда бала болған жағдайда консультацияға бала психотерапевтіне жібергенді жөн көреді. Өкінішке орай балалармен жұмыс жасау тәжірибесі жоқ психотерапевттер 13 жастан кіші балаларды жанұя психотерапиясынан шеттетеді. Бұл жағдайда жанұяна да, бала да, психотерапевт те маңызды жағдайлардан құр қалады. Себебі жанұяның бір мүшесінсіз жанұяның толық бейнесі берілмейді және жанұя мүшелері өз эмоцияларын толық жеткізе алмайды.
Кішкене балалармен жұмыс жасауға бағытталған психотерапевттер көп жағдайда нақты ойын психотерапиясына мамандандырылмайды және олар жанұя психотераписын өткізу тәсілдерін меңгермеген болып шығады.
№10 дәріс.
Тақырып: Ойын терапиясын жүргізудегі ойынның қызметі.
Дәріс мазмұны:
Ойын терапиясының негізгі мәселелері
Ойын терапиясын жүргізудегі ойынның қызметі
Ойын терапиясының маңызды сұрақтары бөлімінде біз негізгі екі саланы қарастырамыз. Олардың біріншісі – бұл терапевттің жеке тұлғалығы, екіншісі – жаңа қоғамдағы және жеке психикалық денсаулық саласындағы мәдениеттің ролі. Психотерапияның нәтижесі жемісті болуында терапевт тұлғасы маңызды роль атқарады, бірақ бұл роль көбіне ұмытылып қалады немесе теріске шығарылады. Философия, құндылықтар, тәжірибелер, мәдени меншіктілік, терапевттің отбасылық және басқа да тәжірибелері терапияның әрбір қайшылықтарына әсер етеді. Бұл құбылмалықтар өз кезегінде терапевттің стиліне, оның сөз саптауына, сессия уақытында оның киіну мен жүру мәдениетіне, оның әртүрлі клиенттерге деген әдеттегі көңіл бөлу әдістеріне,және де клиенттердің оған көңіл бөлушілігіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, терапевттің жұмыс уақытында таңдап алған әдістері мен теориялық бағыттары оның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ең маңыздысы, психотерапевттің өз жұмысында өзін тануы және бұл жағдайда ол ең тиімді шешім қабылдады деген рационализацияның артына тығылмауы болып табылады. Себебі, терапевт клиенттің қажеттіліктерін көрмей қалып, нәтижесінде терапия өз әсерін жоғалтумен қатар науқастық (ятрогендік) жағдайларға да алып келуі мүмкін.
Бала психотерапиясының клиенттік жетістіктері теориялық үлгіге негізделетінін есепке ала отырып, бұл теория терапиялық араласудың нәтижелі болу немесе болмауына кепілдік бермейтіндігін ескерген жөн. Вейц терапиялық кездесулер кезінде балалардың мінез-құлықтары мен тұлғалық ерекшеліктерінің жақсаруына терапевттің теориялық бағдарлануы байланысты емес екндігін байқаған. Ерексектерге өткізілген психотерапия үрдісін зерттеу нәтижелері терапевттің клиенттерге өзінің қиын мәселелерін жаңаша түсінуіне көмек беру қабілеті оның қандай да бір теориялық парадигмаға жатуына қарағанда маңыздырақ екендігін көрсетті. Шерк және Рассел өзгеріске кепіл болатын төмендегі алты үрдісті көрсетті.
Интерпритация нәтижесінде жүзеге асатын инсайт.
Қолғабыс жасау, яғни, психотерапия үрдісінде пайда болған клиент үшін оңайға түспейтін өмірлік өзгертулерді енгізу кезінде терапевттің оны қолдай білу қабілеті.
Клиенттердің қосымша қабілеттерінің дамуы.
Баланың тұлғааралық қатынастарының өзгеруінің әсерінен когнитивті ортаның бұзылу коррекциясы.
Терапевттің барлық уақыт қолдауы және оның өзін, іс-әрекеттерін бағалауы нәтижесінде клиенттің өзіндік бағалауының жоғарылауы.
Терапиялық жұмыс баланың эмоционалдық реттеушілігін жақсартуға бағытталғандықтан оның өзін адектватты ұстауына әсер ететін эмоционалдық қарсылықтың төмендеуі.
Бұл үрдістер әртүрлі позициядағы теориялық үлгілерде көрініс тапса да (мысалы, әдетте инсайт психоаналитикалық, ал қате құрылу коррекциясы– когнитивті-бихевиоралді әдіс ретінде есептеледі), Шерк және Рассель оларды нәтижелі терапияның әрбіреуінде қолдануды ұсынды.
Терапевттің теориялық бағдарлылығына қарамастан сауатты өткізіліп жатырған психотерапия клиенттің қабілетін жаңа, бірақ та, сонымен қатар жүиеленген түрде теріс ұйымдастырады. Теория осы теріс ұйымдастырылудың тек жүйесін құрады. Терапияға келген клиент паталогиялық мінез-құлықтың бүтіндей бейнесін көрсетіп береді. Ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-әрекеттерді жасауға қабілетсіз. Терапевт оған бұл қиын мәселелерді жаңаша түсінуге көмектеседі. Бұл жаңаша түсіну клиенттің ойлануына және дұрыс іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді, ал сауатты көрсетілуі – мінез-құлықтың өзгеруін зерттеуге мотивация туғызады. Егер, клиенттерге көрсетілетін ақпараттарды топтайтын терапевттің жүйесі немесе теориясы нақты және түсінікті болса, клиент бұл жүйені біртіндеп игеріп алады және ешкімге тәуелсіз дұрыс ойлануды, өзінің мінез-құлқын өзгертуді дамытады. Клиент пен терапевт өзара вербальды қатынаста болғанда бұл үрдіс оңайлықпен орындалса да, балалармен жұмыс жасағанда оны терапиялық және вербальді уайымдаушылықты комбинациялау арқылы жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар терапияға өздері қиыншылықтан шығудың жолын таба алмағандықтан келеді деген көзқарас туады. Өздерінің базальді қажеттіліктерін қанағаттандырудың жолдарын табуға қабілеттері жетпейді. Терапияда олар терапевтпен бірге қиын мәселені шешудің жолын іздеу үрдісін тиімді деп санайды. Осыған байланысты, психотерапия әлеуметтік мәселелерді шешудің формасы болып табылады деген идея туындайды. Терапевт клиентке шешім қабылдауға, сол шешімді бағалауға және жүзеге асыруға және де алынған нәтижені бағалауға көмектеседі.
Психоанализ процедурасына келіп жүрген клиенттер өз өміріндегі қорқыныштарын және қорғаныштықтарын тудыратын өткен тәжірибелер мен ішкі қайшылықтарын түсінетін болады. Гуманисттікке бағдарланған психотерапия курсына қатысып жүрген клиенттер өздерінің қабілеттерін жаңаша түсіне бастайды, өз қажеттіліктерін өздері қанағаттандыру және өзі үшін салауатты ортаны орнату қабілеті мен құқығын сезінеді. Бихевиоральді терапевттердің пациенттері өздерін жаңаша ұстайтындығын аңғарады. Егер терапевттің бағдарлылығы клиенттің жақсы нәтижеге ерісуіне өзгерістер енгізбесе, терапевттің нақты бір бағытты ұстануы жайында ойлануы керек пе? Әрине, мұндай жағдайда жауап «Ия!» болады.
Терапевттің теориялық дайындығы, оның қандай болуына қарамастан, - бұл клиенттердің қиыншылықтарын түсінушілікті, оған көмектесу үшін қажетті әдістер мен техникаларды, және де қол жеткен нәтижелердің көрсеткіштерін өз ішіне алатын жүйе болып табылады. Терапевттің теориялық қоры жүиеленбесе әлеуметтік мәселелерді шешудің әрбір құрылымы сәтсіз болады. Клиент өзінің қиыншылықтарын жаңаша түсіне алмайды, себебі терапиялық үрдіс логикаға емес кездейсоқтыққа негізделеді. Мысалы, клиентке қоғамдық орындарда үрейдің пайда болуының төментеуін түсіндіргенде, терапевт клиенттің бала кезінде өзінің анасымен қарым-қатынасқа түскенде туындаған қиындықтарына тап болуы мүмкін. Бұл екі компанент те өзара байланыста болуы мүмкін, бірақ терапевт клиентке олардың әрқайсысының себебін түсіндіріп болғанша клиент сессиядан бұл үрдістерді түсінбей кетуі мүмкін. Егер клиент бұл үрдісті түсінбей көп ойланса ол терапиядан мүлде бас тартуы немесе оны бір керемет ретінде санап оған бағынышты болып қалуы мүмкін. Сонымен қоса, клиент өз мәселелерін өзі шешуді үйрене алмайды және бұл өмірдегі ең төмен көрсеткішті көрсететін болады.
Егер таңдалып отырған теориялық үлгі емдеуде нәтиже көрсетпесе, онда басқа бір теория жұмысты жоспарлауға және пациентке түсіндіруге әсерін тигізеді деген көзқарас туады. Белгілі бір теориялық үлгіні таңдамас бұрын терапевт теорияның филосовиялық мазмұнын ғана емес, сонымен қатар өзінің жекелік философиясын жақсы түсініп алуы қажет.
№ 11 дәріс
Тақырып: Ойын терапиясының теориялық негізділігі
Дәріс мазмұны:
1.Эриксон.Фрейд теориялары
2.Бихевиористік әдіс сипаты
З.Фрейд теориялары. Австриялық невропатолог, психиатр және психолог Зигмунд Фрейдтің ілімінен басқа, ешқандай психологиялық ілім баға беруде келіспеушіліктер туғызған жоқ. Фрейдизм «адамның жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.
Психиатрлар мен невропатологтардың көптеген бақылаулары адам-21 ғасырдағы психология бейнеленгендей,интеллектуалдандырылған тіршілік иесі емес екенін көрсетті.Олардың бақылаулары,адамның психикалық өмірі аффектілер мен эмоцияларға,қызығушылықтар мен құмарлықтарға,бір-біріне қарама-қайшы,кейде адамның қабылдауы мен ойлауын басқаша көрсететін,ұмтылыстар мен тілектерге толы екенін көрсетті.Адам көп жағдайда өз қылықтарының себептерін,мотивтерін білмейді және өзінің бойындағы кейбір ілімдерді,естеліктерді жоққа шығарады,бірақ оларды гипноз әсерінде көрсете алады.Осы бақылаулар психоаналитикалық фрейдистік теорияны жасаудың көзі болды.
З.Фрейд өзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады,сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады:ағза мінез-құлықтың қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді.З.Фрейд невропатолог-дәрігер болды.Оның пациенттері психикалық-жүйке ауруларына шалдыққандар еді.Бірақ олардың жүйке жүйесінің құрлысынан аурудың себебін түсіну мүмкін болмады.Ол өз тәжірибесінде,анатомо-физиологиялық ұғымдар түсіндірмейтін,айғақтарды жиі кездестірді.З.Фрейд алдында мынадай дилемма пайда болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема тұрғысынан қарау керек пе,әлде белгілі бір психологиялық айғақтарға жүгіну керек пе?
З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты.Бұрынғы түсініктеме схемаларын ығыстырып,жаңаларын ұсынды.Ол өзінің емдеу тәжірибесінде ерікті ассоциациялар әдісін кең қолданды.Әрбір ассоциация қандай да бір себептің салдарынан басталады деп санады.Ассоциация арқылы ол өзінің пациенттерінің ойын білуге тырысты.
З.Фрейд ұғымдарының өзегі болып метаморфозалар идеясы қалыптасты.З.Фрейдтің сәбидің жыныстық дамуы және эдипов комплексінің теориясы баламалар мен талқылауларға негізделіп жасалған,сондықтан да ғылымды емес,мифологияны білдіреді.
З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал еткен,басқа модельді ұсынды.Онда тұлға үш негізгі компоненттерден тұрады және олар терминдермен белгіленеді деп тұжырымдалған:ид-ол,эго-мен және супер-эго-менен жоғары.Ид-инстинктерді тасымалдаушы:ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып,рақаттану ұстанымына бағынады.Эго-шынайылық ұстанымына бағынады,сыртқы әлемнің ерекшеліктерін,оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді.Супер-эго-рухани стандарттарды тасымалдаушы.Бұл сыншы және цензор рөлін атқаратын тұлға бөлігі.Егер эго идқа тиімді,ал супер-эгоға қарсы әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса,ол өзін кінәлі сезініп,ұялып,өзін-өзі жазалайды.Эгоға қоятын әр түрлі инстанциялардың-ид және супер-эго-талаптары ұқсамайтындықтан,ол үнемі келіспеушілікте болады.Мұндай жағдай төзгісіз күштеу тудырады.Бұл күштеуден эго арнайы қорғаныс механизмдері-ығыстыру,сублимация,және т.б.арқылы құтылады.
Ығыстыру дегеніміз-тұлға қабылдамайтын,белсенді құбылыстарды жою.Сублимация - тыйым салынған жыныстық қуаттың басқа әрекет түрінде шығу механизмі.
Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады.Психоанализ адамның мінез-құлқының серіппелері мен қуат қоры туралы адамның өзі жайлы ұғымдарынан көбірек айтуға тырысты.Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды.З.Фрейдтегі психикалық куаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рөлін атқарды.Ағза да,қоғам да пішінделетін материал түрінде қарстырылды.
Бихевиористік бағыт. Ғылым тарихы,20 ғасырдың басында,жоғарыда айтылған барлық себептер салдарынан өз объектісі ретінде сананы емес,адамның мінез-құлқын қарстыратын бағыттың пайда болғанын көрсетеді.Мінез-құлық психологиясы АҚШ –та ерекше дамыды.Л.И.Анцыферова былай деп жазды:дәл осы жерде «интроспективтік әдіске негізделген психология,капитализмнің қарқынды дамуы тудырған,мұндай дағдылық міндеттемелер алдында мүлдем жәрдемсіз болып қалды,адамның дағдылық әрекетін қажетті жаққа қарай өзгерту және қадағалаудың нақтылы мәселесін шешуге көмектесетін психология керек болды».
Осының негізінде психологиядағы бихевиоризм бағытына сай келетін,белгілі бір философиялық жүйе (прагматизм)жасалады.
Американдық психолог Дж.Уотсон (1873-1958)1913 жылы психологияны,сана психологиясының ұғымдары орын алмайтын,мінез-құлық туралы ғылым түрінде көрсетті.Ол психологиядағы зерттеулердің тақырыбы мен әдісі бұған дейін жансақ түсінілді деп айтып,психология ілімінің тақырыбы ретінде-сананы емес,мінез-құлықты,ал субъективтік әдістің орнына-объективтік әдісті пайдалануды қажет деп жариялады.Батыс психологтары мұны «бихевиористік революцияның»басталуы деп бағалады. Бихевиоризм-бұл прагматикалық бағыт және ол тез дамушы капиталистік экономика сұраныстарының салдарынан пайда болды.Бихевиористер мақсаты - психологияны «мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын» ғылым саласына айналдыру.
Дж.Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештене жоқ және оның кез келген көрінісі-сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты.Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді.Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция»формуласымен анықтады.Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды психикасыз психологияға айналдырды.
Дж.Уотсонның 1925 жылы шыққан «Бихевиоризм»кітабының мағынасы мынадай еді:сыртқы тітіркендіргіштерге әсер ете отырып,кез келген қалыптағы кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға»болады.Адамның өзіндік және туа біткен сенімдері ғана емес,оның қатынастары мен көзқарастары да теріске шығарылды.Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы адамның ешқандай ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.
Алайда,30-шы жылдары бихевиоризм идеялары шайқала бастады.Америкада кезекті экономикалық дағдарыс басталды,жұмыссыздық,қайыршылық пайда болды.Әлеуметтік ортаны және оған адамның қатынасын ескеру керек болды:оның сыртқы реакциясын ғана емес,оның мотивтерін,көңіл-күйін,көзқарастарын.Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс (1869-1962) былай деп жазды:Біз көп жағдайда адамның аяқтарын,қолдарын және вокальдық мүшелерін-олардың тілектерін басқару арқылы ғана басқара аламыз.Ол мотивация туралы ілімді жасай отырып,бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция»схемасын ығыстырып,оған аралық бөлімді-ағза және оның бағыттарын енгізді.Осылайша «қатаң»бихевиоризм шайқалып,мінез-құлық психологиясын қайта құру басталды.Оны Эдвард Толмен және Кларк Халл басқарды,ал жаңа бағыт «необихевиоризм»деген атауға ие болды.Олар психологиядан дәстүрлі ұғымдарды-бейне,мотив және т.б.шығарып тастауға болмайды деп санап,олар реакция мен ынтаның арасында болады деп болжады.Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар»ұғымын енгізді.Бұл ұғым ретінде,тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында болатын,танымдық және себептік факторлар жиынтығы түсінілді.Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
Сонымен бихевиоризм психологияны ағзаның мінез-құлқы туралы табиғи ғылымға айналдырғысы келді.Бірақ ағза оның схемаларынан ешқандай орын алмады.Бихевиоризм мен необихевиоризмнің барлық нұсқаларының басты қателігі-олардың әдістемелік негізі-«өмір лабиринтіндегі»адам мінез-құлқының детерминаторын атжалман мінез-құлқының детерминаторына теңестіретін,адамның механистикалық философиясы және позитивизм.Бұл екі әдістемелік көзқарастардың тұрақсыз болғанын осы нәтижелер көрсетіп отыр.
№ 12 дәріс
Тақырып: Ойын терапиясындағы балалар дамуына сипаттама
Дәріс мазмұны:
1.Балалар дамуына сипаттама (бірінші және екінші деңгей)
2.Когнитивті даму сипаты
Бірінші денгейдегі балалар: туғаннан екі жасқа дейінгі балалардың негізгі міндеті – өзін коршаған ортаға бейімделу, айналадағы ортаға қызығушылықпен қарап үйрену.
Когнитивті даму. Бірінші кезендегі балалар, Пиаже анықтаған сенсоматорлық фаза, бала дүниеге келуінен бастау алып, шамамен екі жасқа толғанға дейін жалғасады. Бұл кезеңнің аяқталуына баланың тіл менгеру кезенің айтады. Басқа ешқандай кезендегі даму сенсоматорлық кезендегідей жылдам жүрмейді. Бұл балалар үшін ең керемет кезең, өйткені баланың әр уайымы – жаңа; ешбір қайталануы мүмкін емес, бұрын болған нәрсеге ұқсамайды. Бала сенсоматорлық ақпараттың барлық түрін қабылдайды.
Денелік даму. Бірінші кезең – бұл баланың когнитивтік бағытының тез даму уақыты, бірақ сонымен қатар бұл моторикалық дамудың тез өзгеретін уақыты. Алғашында балаларда өте аз қозғалыс жасау мүмкіндігі болады. Біртіндеп олар бейімделе бастайды, белгілі бір затқа өз қозғалысын бағыттайды. Олар аунауды, бір затқа қарай еңбектеуді, отыруды және жүруді біртіндеп үйренеді. Әрбір жаңа қимылды үйрену, олар үшін басқалардан тәуелсіз болып, өзінің кейбір қажеттілігін өтеуге үйренеді. Моторлық даму артта қалған немесе шамадан тыс балада ата-анаға деген сүйіспеншілігі өте жоғары болу қиыншылығы орын алуы мүмкін.
Эмоциялық даму. Бірінші кезенде балаларда өзіндік даму дәрежесі байқау алады. Оның психологиялық күйі өзінің қөңілін білдіре алуы әбден мүмкін. Балалар кем дегенде үш физиологиялық кезеңді әр түрлі қабылдауы мүмкін. Олар өз денелерінің ыңғайлы жағдайда болуын сезіне алады. Сонымен қатар олар ауырсыну жағдайын да сезінуі мүмкін. Баланың қанағат немесе ауырсыну жағдайын қарапайым құралдар арқылы да байқауға болады.
Ата-ананың қадағалауынан бөлек, бала бұл үш физиологиялық жағдайды өзінің бірінші даму кезеңінде басыныа өткізеді.
Фрейд, балалардың эмоционалдық күйінен басқа, олардың ішкі күйін сипаттаған.
Фрейд Пиажеден елу жыл бұрын өмір сүрсе де, ол баланың ортақ стимулды біріктіру бағытын мойындаған, яғни қоршаған ортадан келетін жағдайды. Оның ойынша бала гупка тәрізді бардығын өзіне сініріп, яғни қабылдап алады, ол ақпаратты әлде бір өндеуден откізбейді.
Әлеуметтік даму. Бірінші кезеңдегі дамудың психологиялық аспектісі барлық когнитивтік немесе моторлық дамуының қиыншылығы, яғни бұл кезеңде балада кездесетін кедергі, бүл өзінің алғашқы сезімінде түрлі процесстер нәтижесінде қалыптасатын өзін тұлға сезінуі.
Малер бүл жағдайды қалыпты аутизм есебінде суреттеген. Алғашқы айларда балалар еш нәрсе жасамайтын сияқты болып көрінеді, яғни тек ақпарат жинаудан басқа.
Бұл кезеңде бала мен ата-ананың қарым-қатынасы баланың қажеттілігіне байланысты болып келеді, яғни өзін ауырсыну жағдайында ата-аналарын іздей бастайды және өның жағдайы жақсы болған кезде олардан алшақ бола алады. Бұл баланың бірінші кезеңдегі биологиялык дамуын көрсетеді. Ата- ананын және қоршаған орта адамдарының балаға әсер етуі бірінші кезеңде өте маңызды. Бірақ бұларды баланың биологиялық тұқым қуалаушылығымен салымтыруға болмайды. Яғни баланың айналасы қанша психо-экологиялық жағынан жақсы болғанымен, баланың невротикалық құрылымын дәл анықтай алмайды.
Ойындық даму. Барлық кезеңде де ойындық даму басқа да даму жағдайларымен қатар жүреді. Сол себепті де оны зерттеу мақсатында бөліп қарау өте қиын. Осыған қарамастан екі жасқа дейігі балалардың ойындық даму эволюциясын қадағгалап көрейік. Бастапқы 4 айда ең маңызды ойын – бұл ұнамды жаттығулар жасау болып табылады. 4 және 8 ай аралығы балалар өз денесіне емес, керісінше қоршаған ортасына назар аудартатын жаттығулар жасағанды қалайды. Баланың тарелканы қасықпен соғыуы, оңың өзінің кенеттен естілген қатты дыбысқа өз көңілінің ауатының байқатады. Әзірге ол қауіпті жарғдайдың жоқ екенін сезінбейінше, ол озінің іс-әрекетін қайталай береді. 8 – 12 айда балалар қорқыныш сезімімен өз ата-анасын іздей бастайды, өзіммен жасырынбақ ойнап жүрген, т. с. с.
12 ден – 18 айда бала қайталау кезінде оның озге болуын қалайды. Мысалға егер бала бұрын дыбыс шығару үшін тек бір тарелканы қасықпен соғатын болса, енді ол басқа да түрлі заттарға қасықты соғып, басқа дыбыстардың шығатының аңғарады. 18 айға келгенде сенсомоторлық ойын кезені аяқталып, оның орнына символикалық ойындар қалыптасады.
Баланы бірінші кезенде өсуі, оның осы кезге дейін алған тәжірибесі маңызды жағдай. Бұл терапевтке баланың жеке, этникалық және мәдени ңұсқауларын есепке алуға комектеседі.
Кейбір факторлар, яғни баланың ата-аналарымен өткізген бір күн немесе бірінші кезеңде откізілген уақыты, белгілі бір кезеңді көрсетеді.
Екінші деңгейдегі балалар: 2 жастан бастап 6 жасқа дейігі балалардың бастапқы міндеті болып өзін қоршаған ортасына жақсы қөзқарас қалыптастыру болып табылыды. Сонымен қатар олар бұл жас кезеңінде озінің әрекетінің дұрыс еместігінен және басқа, яғни одан үлкен (мықты) тұлғаның ықпалынан қорқады.
Когнитивті даму. Бұрын айтылғандай баланың бірінші даму кезенінен екіншісіне өтуі бала тілінің дамуына байланысты. Бұл дамудың міндеті – бала тілін жүйелі пайдалану, қиын деген лингвистикалық атауларға үйренуі болып табылады. Пиаже бұл кезеңді дооперациональді фаза деп көрсеткен. Бұл фаза кезінде басымдылық тілге байланысты болып саналады. Мысалға, бала “ит” деген бір ғана сөзді жаттап алып, оңы тең бірнеше итке байланысты айтады, және керісінше, ит деп мысықты да айта алады. Егер жанындағы адам ит пен мысықтын айырмашылығын, мысық иттен кіші болады деп түсіндірсе, онда бала кез келген кішкене итті де мысық деп атауы әбден мүмкін. Сонымен бұл фаза когнитивтік жағынан 2 сигметке бөліп қарауға болады: біріншісі 18 және 36 ай аралығы, яғни бала тілін дамытылу кезі және 3 және 6 жас аралығы, яғни бала санасында объектердін орны алып қалыптасуы.
Эмоциялық даму.Екіші денгейдегі эмоциялық дамуда бала өзін - өзі дамытпу байқалады. Эмоциясы жақсы сезініледі, бастысы, бала оңы сезіне алады.
Баланың аффекті сөздігі әдетте, жақсылық және өкініштен тұрады.
Әлеуметтік даму. Бұрын айтылғанда екінші кезенде баланың әлеуметтік дамуы эмоциялық дамумен байланысты. Түрлі жағдайға билік ете білу – бұл озін толық түсіну, ягни басқа тұлғамен салыстырғанда. Бұл кезеңде бала озін басқа озінің құрдастарымен салыстырады.
№ 13дәріс
Тақырып: Балалар дамуына сипаттама (үшінші және төртінші деңгей)
Дәріс мазмұны:
1.Балалар дамуына сипаттама (үшінші және төртінші деңгей)
2.Когнитивті даму сипаты
Үшінші деңгейдегі балалар: Балалар көп жағдайда өзін және әлемді түсіну үшін және білімінің дамуын тексеру үшін өз денесін пайдаланады. Мысалы, бала өзенге әр түрлі мөлшердегі тасты лақтыра отырып, оның салмағы, күші, траекториясы туралы мәліметтер қабылдайды.
Ерте балалық шақтың мәселесін Пиаженің бақылауларына сүйене отырып қарастыратын боламыз.
Үшінші деңгейдегі балалар: 6 жастағы және шамалау топтағылардың дағдылары,9 жастағы балалардың алғашқы мақсатын танып білу,бала кінә сезімін сынай алады. 9 және 12 жаста балалар өздеріне үлес қосу үшін оқиды,топпен жұмыстану және өзінің ұмтылу дамуымен күресу және мақұлдауды қажет етеді.
Когнитивтік даму: Үшінші деңгей балалары 6-11 жастағы балалардың нақтылы операция сатылары орнында болады,қабілеттіліктерді сақтау,жүйеліктерді топтастыру және салып бітіру.Балалар түйсіктердің ықпалын жасауында артынан когнитивтік қабілетті қолданады.Балалар хабарды салыстыра алады және қарама-қарсы қойыпта салыстырады.Олар қазір нені жоғары бағалайды,заттың қара және ақтармен және ненің сұр болады екенін, фактілерді және әсерленушіліктерді үрлейді.
Төртінші деңгейдегі балалар: Мына саты ерте кезеңдегі алғашқы жаңа жағдайларға,дара және топталған дағдылар қалдануға-балаларды үйрету.Олардың өз ұқсастықтары-адам үшін бейімді күресу.Балалардың даму тапы төртінші деңгейде. «12 және 18 жыл аралық өмірлер»қысқаша тап болады.
Когнитивтік даму: Төртінші деңгей балаларына арналған бұйым,мінездемелі формалдық операциялардың ойшыл сатылары,бала қабілеттіліктері жоғарылаумен белгіленген абстракты хабарды өңдеу.
Балалар өз тәжіребелеріне көбірек үйір болған емес,олар категорияда ойлай алады.Ал егер заттарды түсінуді,олады ешуақытта көрмеуді,уайымдамайды,сонымен қатар гипотеза зерттеу басым құрамынан тұрады.Тіл тұжырымдау және тексеру арқылы,сыртқыны және ішкініде тұжырымдайды.Бірінші уақытта олардың концепциясы нақтылықпен сәйкес келеді,бірақ олар барлық сондай ұғымдарды,қиындықтарды сыный алады,қалай «Мәңгілік және Әрқашан».Балалар көбірек барабарды қабылдауды уақытша сақтайды және ұдайы өндіреді,есте қалғандар уақытша қисындының жүйеліліктері,айырмашылық қызулардың жүйеліктері-баланың екінші және үшінші деңгейінде көрінеді.Оқиғада когнитивтімен басқа процестермен пікір қалай ертерек қабылданады немесе формальдық операциялық деңгей ойлауы үлгіде тауып алынады. «Барлық немесе Ештеңе»,бірақ қазір есептеледі,не ол дпғдылардың терімі өзімен ұсынады.Пиаже және көптеген авторлар ақыл береді жетуден кейін дамуды әртүрлі сатыларымен белгілемейді,себебі балаларға кері әсерін тигізеді.Осылай сапалы пікірлер көптеген жылдар бойы және потенциалды өмір барысында көрсетті.
Операцияға дейінгі ойлау:Операцияға дейінгі ойлау кезінде балалар әлем туралы өз танымын сөйлеу дағдысын пайдалана отырып ұлғайтады Бірақ Пиаже бойынша, мектепке дейінгі кезеңдегі балалар логикалық операцияларды түсінуге қажетті когнитивті қабілетке ие болмайды. Мұндай операциялардың ішінде - себеп және салдар заңы, шынайылықты қабылдау, кеңістік және уақыт, сондай-ақ, сан туралы ұғым. Мұның бәрін игеру келесі стадия: нақты операциялар кезеңінде жүзеге асады. Пиаженің айтуынша балар операцияға дейінгі кезеңге сөйлеу дағдыларымен және ойлау қабілетімен енеді де, бұл стадиядан айысқан уақытта : «Егер әжем қайтыс болған болса, ол қайда?» деген себепті сұрақтар қоя бастайды.
Операцияға дейінгі кезеңнің этаптары. Операцияға дейінгі кезең балада шамамен 2 жастан 7 жасқа дейін созылады және ол екіге бөлінеді: ұғынуға дейінгі (шамамен 2-4 жас аралығы) және интуитивті немесе ауыспалы (шамамен 5-7 жас аралығында). Ұғынуға дейінгі кезеңде бала бұрынғыдай негізгі категорияларды шатастыра береді. Олар ментальды, денелік, әлеуметтік шындықты шектеуге қабілетсіз болып келеді. Мысалы, олардың ойлауына анимизм, материализация, эгоцентризм сияқты құбылыстар тән болып келеді.
Анимизм: бала барлық қозғалатын объектілерді жаны бар деп түсінуі мүмкін. Материализация: қиял әлеміндегі объектілер мен адамдар олар үшін ақиқат болып көрінеді.
Эгоцентризм: балалардық заттарды көріп, түсінуі тек өз көзқарасы тұрғысынан болып, ешкіммен санаспауы.
Аталған стадия шамамен 5 жас шамасында басталады. Бұл этапта бала ментальды шындықты денеліктен айыра бастайды. Енді олар басқа да күштің бар екенін сезе бастайды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауы рационалды болады бірақ, жеке құбылыстарды түсіндіру кезінде олар магиялық ұғымдарға сүйену байқалады. Осылайша 4-6 жастағы бала үлкен адамның нәрестеге айналмайтынын және қатты объектіден өтіп кетуге болмайтынын түсінеді.
Ес және когнитивті даму
Ес-когнитивті дамудың маңызды аспектісі. Есте мынадай информация түрлері сақталады: бейне, әркет, сөз. Мамандар мектепке дейінгі балалардың ес процесін зерттеу кезінде негізгі мына ерекшеліктеріне назар аударады. Тану-берілген бейне немесе объектіні бұрынырақ көрген немесе осы ситуацияда болғанын анықтай алу қабілеті. Қайта жаңғырту- ұзақ уақыттық естен қазір шын мәнін де жоқ объектіні немесе ситуацияны шығара білу қабілеті.
Мектепке дейінгі кезең процесінде балалар өз сөздік қорларын тез толтыра бастайды, күрделі грамматикалық құрылымдарды пайдаланады, сөйлеуді әлеуметтік байланыстарды орнату құралы ретінде қарай бастайды. Сөйлеуді меңгеру аймағындағы көптеген жұмыстардың авторы Роджер Браун. Сөйлеуді меңгерудің бірнеше стадиясы бар:
1 стадия. Мұнда екі сөзден тұратын сөздер айтылады. Алғаш рет телеграфтық сөйлеу, тіректік және ашық сөздер пайда бола бастайды.
2 стадия. Мұнда ұзақ сөздер айтылады. Олар етістіктің өткен шақ түрін айта алады, зат есімің шаққа сай грамматикасын меңгереді.
3 стадия. Бала жай сөйлемдердің түрін өзгертуге үйренеді. Бұрыс, сұраулы, лепті сөйлемдерді құрайды.
5 стадия. Бұл стадияда бала күрделі құрылымдармен жұмыс жасай алады. 4,5 жаста бала синтаксисті жақсы меңгереді.
№ 14 дәріс
Тақырып: Ойын бөлмелерін жабдықтау
Дәріс мазмұны:
Ойынға қажетті құралдар
Ойын материалдары
Жанұя психотерапевтінің қарамағында 6-8 адамды орналастыруға болатын бөлме және ойын өткізуге арналған үстел немесе кеңістік болуы қажет. Кеңістік отырғыштармен қоршалған болса өте жақсы болады, себебі үлкендердің әңгімелесе отырып балалардың ойынын қадағалауға және өздері де қатысып отыруларына ыңғайлы. Егер кеңістік бөлменің түбінде немесе бір бұрышында болса, бұл балаға оны болып жатқан заттарға кедергі жасамауы үшін шеттеткен сияқты түйіледі. Бұл ойынның маңыздылығын төмендетеді. Ойынның алаңдату құралы емес, жанұя психотерапиясының маңызды құралы екендігін естен шығармаған жөн.
Баланың таңдап отырмауы үшін ойыншықтардың аз болғаны жөн. Жас айырмашылықтарына қарамастан әртүрлі жастағы балалар, бәрі бірдей, қағаз бен қаламдарға әуес болады. Бірақ ата-аналар бұл заттарды балалардан аулақ ұстағанды жөн көреді. Кубиктер және сол сияқты құрылыс заттары, бірнеше жануарлар мен машиналар 4 жастан жоғары балалар үшін жақсы болып есептелінеді. Әдетте, балалармен жаңа танысып бастаған кезде осылармен шектелген жөн. «Лего» құрылыс топтамасы одан үлкендеу балалар үшін өте қолайлы, бірақ оның ұсақ бөлшектері бөбектер үшін қауіпті болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген ойыншықтар жанұя психотерапиясында, қиын мәселелерді шешу кезінде уақытты қызықты өткізудің негізі бола алады.
Ойын бөлмесінің жабдықталуы. Ең жақсы денңгейдегі ойын бөлмелері балалардың іс-қимылын әрекеттеріне қиыншылық тудырмауы керек. Бөлмедегі заттар өз ыңғайымен дұрыс орналасқаны жөн. Сонымен қатар өте кең бөлменің болуы шарт емес, яғыни бала бұл бөлмеде адаспауы және өзін басқалардан алшақты сезінбеуі тиіс. Ойын бөлмесінің минималды өлшемі шамамен 9,3 метр квадрат, ал максималды өлшемі шамамен 14,4 метр квадрат болуы тиіс. Егер бөлме топтық балаларға негізделген жағдайда оның өлшемі 4,5-те 7,6 метр болуы шарт. Бөлменің көлеміне қарамастан, оның бір бөлігі ленолеуммен, ал бір бөлігінде кілем төселгені дұрыс, яғни түрлі қозғалыс жағдайлары, жаттығу жасау мүмкіндігі болуы үшін кілем төселген бөлігі жай жаттығулар жасауы үшін қолалы. Бөлменің ленолеум төселген бетінің шетінде «раквина» болуы шарт. Бөлмеге әжетхана жалғасуы тиімді, өйткені көбіне теропевтерде кездесетін жағдай, яғыни балалар әжетханаға сұранып 15 минуттай жоғалып кетеді. Сонымен қатар әжетхана есігі кілтпен жабдықталмағаны жөн. Егер ойын бөлмесінде әйнек терезе болса оны пластикпен алмастырған дұрыс.
Ойын материалдары: Терапияға арналған ойыншықтар мен ойын материалдары терапивтер арсында кең көлемде қарастырылуда. Психодинамикалы бағдарланған ойын терапивтері көбіне нақты баланы емдеуге қажетті ойын құралдарымен шеклген дұрыс деп есептейді. Экожүйелік ойын терапиясының басты назары бала мен терапевтың өзара әректіне зейін қояды, сондықтан бұл бағыттағы ойын бөлмесі айтарлықтай жабдықталмаған.
Ойыншықтарды таңдағанда басты назарды баланы қызықтыратын және қажеттілігін өтейтін ойыншықтарды таңдауы қажет (дамудың түрлі деңгейдегі бала үшін). Терапияға арналған ойыншықтардың саны өте көп, сондықтан ең қажет деген ойыншықтарды таңдаған жөн.
№ 15 дәріс
Тақырып:Топтық ойынның өткізілу формасы
Дәріс мазмұны:
1. Топтық ойынның өткізілуі.
2. Балалармен ұйымдастырылатын ойындар
Ойын терапиясы- емдік әдіс, тұлғааралық қарым- қатынастың қалыптасуына ықпал етеді, психоәлеуметтік қиындықтың алдын алуға жәрдемдесіп, баланың белсенді өсіп дамуын жетелейді. Балаларда кездесетін ауыр эмоционалдық бұзылыстарды реттеуге ,коммуникативтік біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталады Балалар ойында қателесуі мүмкін, бірақ та басты орында олар ойнайды, өз қабілеттілігін көрсетеді және олардан шынайы қуаныш сезімдері көрінеді.
Терапияға арналған ойыншықтар мен ойын материалдары терапивтер арсында кең көлемде қарастырылуда. Психодинамикалы бағдарланған ойын терапивтері көбіне нақты баланы емдеуге қажетті ойын құралдарымен шеклген дұрыс деп есептейді. Экожүйелік ойын терапиясының басты назары бала мен терапевтың өзара әрекетіне зейін қояды, сондықтан бұл бағыттағы ойын бөлмесі айтарлықтай жабдықталмаған. Ойыншықтарды таңдағанда басты назарды баланы қызықтыратын және қажеттілігін өтейтін ойыншықтарды таңдауы қажет (дамудың түрлі деңгейдегі бала үшін). Терапияға арналған ойыншықтардың саны өте көп, сондықтан ең қажет деген ойыншықтарды таңдаған жөн.
Жанұя психотерапиясы кезінде балалар ойын ойнап жатқанда үлкендер әңгімелесіп отыруы мүмкін. Кейде үлкендер ойынға бір ойыншыққа байланысты балалардың арасындағы аразды шешу үшін араласуы мүмкін. Кабинетте, жалпы айтқанда, жанұялық жағдай орнайды. Ойын кезінде үлкендердің сиблингтер арасындағы аразды шешу үшін олардың біреуін жақтауын немесе қолдамауын көруге болады. Психотерапевт ойынды жақсы бақылап отыру үшін маңызды сонымен қатар елеусіз орынды алуы керек. Осыдан ата-аналар балалар ойынын қалай бақылау керектігін үйренеді.
Ойын балалар үшін өзін-өзі көрсетудің тиімді жолы болып табылады. Бұған баланың ойыншықтармен бірге бөлме ішінде қалай қозғалып жүргенін бақылай отырып көз жеткізуге болады. Балалардың ойыншықтарға немесе басқа да заттарға өздерінің сезімдерін білдіруі, оларда қауіпсіздік сезімдерін оятады. Қозғалмалы экспрессияның да алар орнын ескерген жөн. Себебі бала оны жасырып отырғанда өзінің ішкі сезімдерін толық жеткізе алмайды. Қозғалмалы және символикалық экспрессия үрейді басу үшін маңызды болып табылады. Себебі олар баланың өзін психикалық және денелік жайлы сезінуіне негіз болады. Балалар ойыны, сонымен қатар, психотерапевттің жанұя мүшелері арасындағы байқалмайтын қиыншылықтарды да байқауға мүмкіндік береді. Ойын жанұя мүшелері арасындағы қатынастары жайындағы психотерапевттің қорытындыларын растайтын немесе теріске шығаратын құрал болып табылады. Ойын уақытында өз көріністерін тауып отыратын жанұя мүшелері арасындағы қайшылықтарды немесе конфликттерді талқылауға кірісуге мүмкіндік береді.
Ойындар жанұя психотерапиясының негізі болып, әрбір сессияда қолданылуы мүмкін. Сессияға қатысушы балалардың жасына байланысты әртүрлі ойындар қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер бала әлі кішкентай болса ойынның оншалықты маңызы болмайды, ол тек қана үлкендердің белсенді араласуымен баланың іс-әрекетін ұйымдастырудың және қолдаудың тәсілі ретінде қолданылады. Үлкендеу жастағы балалары бар жанұялармен жұмыс жасағанда ойын басты элемент ретінде қосылуы мүмкін. Ал, жасөспірімдер ойыннан көрі басқа заттармен айналысқанды жөн көреді. Әртүрлі жанұяларда ойындардың маңызы әртүрлі болуы мүмкін, сондай-ақ бір жанұяда ойындар әртүрлі көрініс табуы мүмкін.
Ойын жанұның назарын басқа тақырыпқа аудартуға мүмкіндік береді. Ол қарым-қатынастағы конфликтілі жағдайды, терең сезімдерді т.б. талқылағанда қауіпсіз құрал. Оның нәтижесінде жанұяны бақылауға және сол туралы қорытынды шығаруға болады. Кейін ала, тағы ойын өткізе отырып, жанұя мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас өзгерді ме, жоқ па, бақылауға болады.
Бірінші даму деңгейіндегі балаларға арналған ойын материалдары: Бұл жас бала дүниеге келген екі жасқа дейінгі аралықты қамтитыны ескере отырып, осы жастағы баланы тамақтандыру мен оны қатағалауына байланысты сенсоматорлық жағдайына орай болуы қажет. Тамақтануға және қадағалау жағдайына бпйланысты (nurturant toys) балаларды ата-аналарының қамқорлық етуін көрсетеді. Бұл ойыншық қатарына бірінші даму деңгейіне пайдалы келесі ойын материалдары қажет.
Емдеудің басталуы.
-Баланың жеке тамақтанатын шөлмегі.
-Баланың жөргегі.
-Баланың ласьоны.
-Баланың жануарға ұқсатылып жасалған мамық ойыншықтары.
-Назар салуға әкелетін объектілер.
Екінші даму деңгейіндегі ойын материалдары; Бала дамуының екінші деңгейіне өтуіне орай, ол ойыншық қолдануға барынша қызығады, яғыни ойын қиялына қосылуы үшін (pretend play). Бастапқыда бала өзін басты орынға қояды, мысалы ойын кезінде, дегенмен даму кезінде басты назары ойыншыққа ауысыды. Яғыни бастапқыда бала аэропорт жағдайын құрастырып ойнаған кезде өзін пилот немесе самалет есебінде көреді, ал өсе келе ол бұл рөлге ойыншық самалетпен кішкене адам бейнелерін қойып, өзін ертегішіл рөліне қояды.
Кейбір терапевтер ойын бөлмесінде актерлік компьютерді қолданғанды жөн көреді. Яғыни бала өз ойындағы, өз фантазиясындағы рөлдерді шынайы ойнауға мүмкіндік алады. Мысалы, балалар өздерін хан және ханша, жануар, косманавт әлде супермен болып сезінуге мүмкіндік алады. Бұл деңгей аяқтала келе, яғыни төрт-алты жасар балалардың қызығушылығы өзінің ішкі және сыртқы өміріне бағытталады.
Біріншіден, бөлмеге қажетті негізгі жабдықтарды анықтап алу қажет. Ең қажет деген қарапайым заттар стол және орындықтар болып табылады. Столдан жоғары болғаны жөн. Кішкене балалар столдың үстіне мініп алуы мүмкін, ал одан үлкен балаларды столдың өте кішкентай көлемі оларды ренжітуі мүмкін. Столмен орындықтардан басқа ең маңызды деген екі заттың болғаны дұрыс. Оның біріншісі үлкен шкав, ол құпталуы қажет, екіншісі қоржын (қорап).
6. -----
7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау.
№ 1 дәріс
Тақырып: Пәнге кіріспе
Дәріс мазмұны:
Психотерапия, оның мақсаты мен міндеттері
Психотерапияның негізгі модельдері
Әдістемелік ңұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 2 дәріс
Тақырып: Психотерапиядағы психотерапевт тұлғасы.
Достарыңызбен бөлісу: |