Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін бағалау жеткіншектік кезеңде неғұрлым маңызды орын алады.
Жеткіншек игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жана мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады.
1.2 ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған.
Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Ол студенттің өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт – бағдар береді.
Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады. В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі - бұл психиканы толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді.
Мысалы: Ертеде Фейербах танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.
Дегенмен таным субьектісі деп жеке адамдарды, топтар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи қоғамды айтуға болады. Демек, субьект аз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарайды. Таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты.
Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.
Өзін - өзі тану дегеніміз не?
Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:
өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.
Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.
Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:
Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.
Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.
Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.
Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.
“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.
“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып студент:
өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.
Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.
Өзін қылықтың субьектісі ретінде сезініп, өзіне қатынасы зейінділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналу үшін көп тәжірибе жинақтау қажет. Зейінділікке қабілеттігі өзін-өзі танумен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, «нақты мен ойлаймын, түсінемін және есіме түсіремін» деген қабілеттілігін білдіре, Мен - әрекеттенуші және Мен - рефлексияланған болып екіге бөлінеді.
Сурет 5 – Зейінділікке қабілеттіліктің түрлері
Адам өзін-өзі бақылауға жиі жүгінбейді, біріншіден, өйткені көптеген қылықтық актілер автоматты түрде басқарылады, екіншіден, адам, өзін-өзі бағалауына көбінесе қанағаттанбайды. Өзіндік сана қажет кезінде ғана орын алады. Мысалы, ереже мен талапт қылықпен сәйкес келмеген жағдайда немесе өзіне зейін қою керек болғанда. Өзіндік сана- мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бақылай алу қабілеті өзінің зейінділігімен, яғни еріктік күш-жігерімен байланысты. Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалдық құрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау - бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың нәтижесі болса, екіншіден өзіне эмоционалды құндылық жағынан қатынасы. Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін бағалау адамға тән, өзі туралы білім және дүниетаным, тәртіптер мен құндылықтардың ұштасуымен дәнекерленеді. Өзін-өзі бағалау көрсеткіші қылықты және іс-әрекеггі басқаратын міндетті атқарады, өйткені адамның қажеттіліктері мен талаптану деңгейлерін оның мүмкіндіктерімен салыстыруға жағдай тутызады және төмендегі қатынастан анықталады:
мұндағы Ө. б. - өзін бағалау;
Т — талаптану денгейі;
М - мүмкіндіктердің деңгейі.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі басқаруды іске асырудың «өзегі» бола мотивацияның құрылымына еніп, өзін басқарудың бағыттылығын, құралдарын таңдауды және қылықтың нәтижелі болуын талқылай анықтайды. Барлық ұғынылған қылықтық реакцияларды және жүріс тұрыстарын дифференцияцияланған және адекватгы көрінісі, қылығын басқара алуының жеткілікті дәрежедегі деңгейі, өзіндік сананы тұтастай дамып жетілген дәрежесіне, басқалардың бағалауына емес өзін-өзі адекватты бағалауына және өзін-өзі бағалауға зейінін бағдарлауға сәйкес келеді. Өзін-өзі бағалау - бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқаратын зейінділікке біртіндеп ауысады.
Өзін-өзі реттеп басқарудың екі деңгейлі үрдістерін бөліп айтуға болады:
1. Тактикалық нақты қылық актісі үрдісінде өзін басқару айқын уақыт
аралығымен шектеледі;
2.Стратегиялық - мұны өзін ұйымдастыру деңгейі деп атауға болады
- белгілі уақытқа созылған үрдіс, тұлғалық өзгеруін жоспарлауымен, даралы тұтастай бағыттауды қамтамасыздандырып, өзін-өзі тәрбиелеумен
байланысты.
Сурет 6 - Өзін-өзі реттеп басқарудың үрдістері
Мұндай үрдістер өмірлік мотивтерін бір-біріне бағындыруды қамтып, мотивтер иерархиясын ұұрастыруға, даралық және әлеуметтік мотивтер мен рухтық мотивтер арасындағы келіспеушіліктерді шешуге жәрдемдеседі.
Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциясы ретінде:
- өзінің теңдестігін ұғынуды,
- белсенді, іс-әрекеттің негізі ретінде өз «менін» ұғынуды,
- өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды,
- өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйелігі қарастырылады.
Сурет 7 - Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциялары
Бұлар бірімен-бірі функциялық тұрғыдан тығыз байланысты.
Л.С. Выготскиийдің анықтамасы бойынша «мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана-сезім» - болады.
Өзіне зейін қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы - жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзі туралы пайымдаулардың әлеуметтік-реттеушілік функциясы мынадан айқын көрінеді, жеткіншек. әуелі негізінен өзінің кемшіліктеріне зейін аударып, оларды жойғысы келетінін сезінеді, ал кейін жеке адамның жалпы ерекшеліктеріне зейін аударып, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін білуге тырысады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәрбиелеуді тек нығайтпай, сонымен қатар толықтырады. Негіз ретінде тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан интеллектуалдық және эмоциялық еріктік қасиеттер қызмет атқарады.
Бұл бағдарлама әр оқушының қызығушылығын, жеке қажеттіліктерін талаптарын, қабілеттерін ескермейді. Бірқатар жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасынан озық жүреді. Сонымен тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты және негізі ретінде болады. Өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасын тек күшейтпей, сонымен қатар дамытады.
2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 ОҚУШЫЛАРДЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАУ
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзімен жұмыс істеуді бастаған оқушымен жұмыс атқарудағы күрделі үрдіс, осы жағдайда оқушыда сырттан көмек күту мәселесі пайда болады. Оқушы өзімен жұмыс атқаруда өзін тәрбиелеудің нәтижелілігі сырттан беретін көмекке, бағыттылыққа, ұйымдастырушылыққа тәуелді. Мұнда тәуелділік екі жақты. Тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар туғызады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өз кезегінде тәрбиелеуді жетістікке әкеледі. Сондықтан бұл құбылыстар әрекеттесіп бір тұтастықпен дамиды. Дәл осыны ескеретін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырып басқаратын педагог тәрбиеші белгілі нәтиже алады. Бұл жағдайда педагог тәрбиеші өз алдына оқушыларды тәрбиелеуге байланысты белгілі мақсат қоя отырып, дамудың жалпы мақсатымен жұмыстардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тәрбиелеу бойынша міндеттерді ұсынуы қажет.
Көптеген психологиялық-педагогикалық эксперименттердің көрсеткіштері бойынша оқушылардың қабілеттерінің жемістілігі қаншалықты өзін-өзі басқару мүмкіндіктері мен құралдары терең қолданылса, соншалықты өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі болады.
Осы заңдылыққа сүйенсе, келесі принцип орын алады - диалектикалық тұтастық және оқу үрдісіндегі педагог жетекшінің оқушының өзін-өзі басқаруына өту принципі, яғни оның негізінде тұлға қарқынды дамуға мүмкіндік алады.
Осы принципті іске асыру ережелері:
1. Оқушылардың сырттың көмегінсіз орындай алатын іс-әрекеттерінің бәрін, өз бетінше орындаулары тиіс.
2. Іс-әрекеттерін психологиялық-педагогикалык басқару жүйесінде жанама және өрбітуші құралдары жетекші орында болуы тиіс, яғни педагог тікелей, оператавті құралдарды қолданса, оқушылардың екпінділігін және шығармашылығын тежейді.
З.Оқушылармен қарым-катынас стилі оқу-тәрбие үрдісінде демократиялық және қайырымды болуы тиіс.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге талаптандыру жеткіншектің қызығушылықтарын, ойларын, құштарлықтарын, психикалық ерекшеліктерін терең білген кезде ғана мүмкін болады. Сондықтан педагог және тәрбиеші оқушыны жүйелі түрде зерттеп танып, олардың дамуын мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап отыру қажет. Мұндай әрекет олардың мүмкіндіктерін нақты білуге, әсер етудің бағыттылығын анықтауға және керек кезде көмек көрсетуге жағдай туғызады.
Өзін-өзі тәрбиелеу сипаты және пайда болуы тек әр түрлі жастағы оқушыларда ғана емес бірдей жастағы оқушыларда да бірдей болмайды, ол окушының тек қазіргі уақыттағы өмір жағдайларына, оның іс-әрекетіне ғана тәуелді болмай, оның жалпы жеке басының даму деңгейіне де байланысты болатынын педагог ескеріп, ұмытпауы қажет.
Жеткіншектер, жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда өзін-өзі тәрбиелеуде сәтсіздік жағдайларда үмітін үзеді, сондықтан үнемі айналасындағылардан қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ жеткіншектің сезімталдығын және осыдан шығатын тез ренжігіштігін, кінәмшылдығын және оның сұраныстарымен, талаптарымен санаспаған, оның ар-намысына тиген жағдайда мойындамауды ескеруге тиісті. Сондықтан педагогтың жеткіншек және жоғары сынып оқушысына қатынасы - тұлғаға мүмкіндігінше көбірек сый көрсету, мүмкіндігінше оған көбірек талап қою принципіне жауап беруі қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру және басқару кезінде педагог үнемі оқушылардың жеке ерекшеліктерін және ұсыныстарын ескереді.
Педагог мүмкіндігінше әр оқушының алдында тұрған мәселелерді зерттеп және әдептілік сақтап оған өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолын таңдауға көмектесуі қажет. Өзімен жұмыс істеуге болатын негізгі элемент педагог жағынан оқушының коғамдық және оқу іс-әрекетінің бағасы болып табылады. Сондықтан жағымсыз баға, жағымды баға оқушының жұмысын қолдауы мүмкін. Педагогтың әр бағасы жеткіншекті жаңа жетістіктерге итермелейтін жағымды нәтижелер беруге бағытталады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің көп факторларының арасында ең негізгі бір орынды отбасы (жанұя) алады. Тарихи тәжірибе және арнайы бақылау негізінде баланың туылған кезінен мектепке барғанша отбасы жетекші тәрбиелік күш болып табылады деуге болады.
Қиын оқушы көбінесе ішімдік ішетін, ұрыс-керіс және ата-ананың бір - біріне деген қатыгез отбасылар жағдайында өмір сүреді. Бұл жағдайлар балаға зиян келтіретіні айқын.
Отбасында тәрбиелеудің өз қиыншылықтары мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары, ол ата-анасы баласын өнегелік-еріктік, эмоционалдық және интеллектуалдық ерекшеліктерін жане олардың пайда болу себептерін жақсы біледі. Сондай-ақ бала мектепке қарағанда өз ата-анасы алдында өзін шынайы ұстайды. Анасы және әкесі, баласына қарап байқап жүрген жағдайда қалыптасып келе жаткан тұлғаның ерекшеліктерін өңдеуге мүмкіндік болады.
Ал қиыншылықтарына келетін болсақ, ол бір жағынан ата-ананың отбасындағы ашық көрсететін мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты, екіншіден, көп ата-аналарда педагогикалық, психологиялық білімдердің және шеберліктердің жетіспеушілігіне байланысты.
Көбінесе ата-аналар балаларды өз басынан өткен тәжірибе негізінде тәрбиелейді. Нәтижесінде дұрыс тәрбиелеудің орнына ісіне, көңіліне қарап еркелетумен шектеледі немесе өте қатал талаптар қояды. Отбасында және мектепте осындай қатынастың нәтижесі өзіне сенбеушілер және өзін кемсітіп сезінуіне алып келеді. Өз қасиеттерін бағаламаған жеткіншек тұйық болады, немесе әдейі бетімен кетеді. Сондықтан отбасында баланы тәрбиелеуді бірінші орында ата-ананын үлгісі, олардың өнегелік бейнесі, бір-біріне және балалардың қатынасы тұруы керек.
Психологиялық-педагогикалық бағалау және өзін-өзі бағалау принципінің іске асу ережелері төмендегідей:
-мотивациялық, интеллектуалдық, үұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушынын тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет;
-оқушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі болмауын анықтап, оны әрі қарай дамыту үшін зерттеу қажет.
Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік сезімнің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен себептер: кемшіліктерді жойып, сыныптың, әлеуметтің сыйлы мүшесі болу жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға тек оқушының тілегі аз. Өзін тәрбиелейтін оқушыларды, мұғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет.
Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) – зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.
Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |