Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
|
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында іске асады.
Мәтіннен үзінді оқып беріп, ары қарай өздерің аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды. Пән аралық байланысты жүзеге асыру да сабақ барысында жүргізіліп отырады. «Қыз Жібек» жырымен танысқан соң, жырдағы теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ тілі сабағында ертегі құрастыруға болады.
Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:
Бұл… піл, бұл ірі піл.
Шеше, шеше,
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді.
Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші… алтын бесік.
Отан… оттан да ыстық.
Бірлік түбі… береке
Осы мақал-мәтелдерге байланысты шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды.
Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды. «Соңғы алма» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды...
Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар», — деген проблеманы алдарына қою «Соңғы алма» тақырыбына оқушыларға әңгіме құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |