2.2. Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жастарға музыкалы-эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағымен қатар сабақтан тыс мезгілдегі оқушылар сарайының жанындағы көркемөнер үйірмелері, мектеп жанындағы оқушылардың хоры, оркестрі, музыка сауатын үйрететін үйірме, жеке музыкалық аспапты ойнауды үйрертетін пианино, домбыра, қобыз, баян, аккардеон, саз сырнай, шаң қобыз, т.б. үйрететін үйірмелердің маңызы өте зор.
Орта және сегіз жылдық мектептерде төменгі сынып оқушыларының хорын жеке өткізген дұрыс.
Мектеп қабырғасында, оқушылар сарайында, үй басқармаларының жанында ұйымдасқан музыкалық үйірмелер жұмысын үнемі қадағалап қарап, оның жұмысын музыка мұғалімі, мектеп басшылары, ата-аналар болып жандандыра түсу керек, оған бағыт беріп отырса, олар өздерінің көздеген мақсатына жете алады. Қазіргі кезде көптеген музыка сабағының мұғалімі әйтеуір бір музыкалық аспапты ойнай алатындар. Олар арнаулы музыкалық оқу орындарын бітіргендер. Келешекте осындай маман адамдар көбейе бермек.
Музыка сабағының мұғалімі өз сабағын жүргізумен қатар, ол сол мектеп аймағының музыка, өнер салсының барынша дамуына ат салысатын білімді тұлға болуын бүгінгі өмір талап етіп отыр. үйренетін үйірмелерді мектеп басшыларымен келісі отырып ұйымдастырғаны пайдалы. Сол себепті, ол түрлі музыкалық аспаптар ойнауды мына төмендегі оқу жоспарымен сабақ жүргізіп, оқу жүйесі бір тәртіпке келтірілген жөн.
Музыкалық аспаптарда (домбыра, жетіген, қобыз, шертер, сырнай, скрипка, виолон÷ель, труба, пианино, баян, кларнет, гитар т.б.) ойнап үйрену үйірмесінің үлгі оқу жоспары.
|
Сабақтың аттары
|
Апталық сағат саны
|
Қанша апталық
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
Мамандық
|
2
|
34
|
68
|
2
|
Сольфеджио
|
1
|
34
|
34
|
3
|
Музыкалы әдебиет
|
1
|
34
|
34
|
4
|
Барлығы
|
4
|
34
|
136
|
Балалар оркестрінің үлгі оқу-жоспары
|
Сабақтың аттары
|
Апталық сағат саны
|
Қанша апталық
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
Оркестр
|
2
|
34
|
68
|
2
|
Сольфеджио, хор
|
1
|
34
|
34
|
3
|
Музыкалық аспаптың бір түрі
|
0,5
|
34
|
34
|
4
|
Барлығы
|
3,5
|
34
|
119
|
Балалар, хор үйірмесінің, студияларының үлгі оқу-жоспары
|
Сабақтың аттары
|
Апталық сағат саны
|
Қанша апталық
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
Хор
|
2
|
34
|
68
|
2
|
Сольфеджио, хор
|
1
|
34
|
68
|
3
|
Музыкалық аспаптың бір түрі
|
0,5
|
34
|
34
|
4
|
Барлығы
|
3,5
|
34
|
119
|
Бұл қазіргі кезде, 1967 жылдан бастап Халыққа білім беру министрлігінің шешімі бойынша республикамыздың жүздеген мектептерінде практикалық шешім тауып, іс жүзінде қолданылуда.
ңПионерияң деген ат алған Ресейдің ең алғашқы балалар хор студиясы 1959 жылы мектеп хорының негізінде ұйымдасты. Қазір ол Москва жанындағы Железнодорожный қаласының оқушылар үйінде жұмыс істейді. Онда 400-дей оқушылар қамтылған.
Студияда музыкалық білім бергенде негізінде хор сабағын музыкалық-теориялық сабақтарымен бірлестікте жүргізеді және белгілі бір музыка аспабында ойнатуға үйретеді (фортепиано, скрипка, баян, аккардеон, т.б.). Барлық сабақ бірімен-бірі тығыз байланыста. Студияда оқу мерзімі 7 жыл, дайындық класымен 3 жыл. Оқушылар хор студиясын бітіргеннен кейін музыка у÷илиùелеріне түсуге жолдама алады. Хор студиясында тәрбиеленген көптеген балалар музыка у÷илиùелерінің дирижерлық-хор, теория және түрлі аспаптар бөлімдерінде, педагогика институттарының музыка бөлімдерінде білімдерін жақсы көрсетіп жүр. Кейбіреулері мектептерде, мәдениет үйінде, оқушылар үйінде музыка мұғалімдері, балалар коллективтерінің жетекшілері болып қызмет атқаруда – деп жазды оны ұйымдастырушы Г.Струве.
Хор студияларында оқыту баспалдақтар бойынша жүргізіледі. Әр баспалдақтың өзіне тән айқын жоспары, өздеріне ыңғайлы шығармалары бар. Барлық хор төмендегі, орта баспалдақтардан өтіп, хорда орындаушылық қабілеті қалыптасқаннан кейін балалар ең жоғарғы хор баспалдағы - үлкен хорға ауысады.
Өз репертуарына күрделі шығармалар енгізе алатын жоғарғы хор тек осылай баланың әншәләк және есту қабілетін біртіндеп жейелі түрде дамыту негізінде ғана жетістікке жете аладың – деп көрстеді Г.Струве.
Бастауыш мектеп оқушыларын түрлі көркемөнер үйірмелеріне тарту үшін, ең әуелі олардың музыкаға деген бейімділігін, дауыс қабілетін, музыкалық ырғығын тексеріп алған жөн. Себебі, домбыра, пианино, баян, оркестрге, т.б. үйірмелерге қатысам деген оқушылар көп болады да, олардың барлығын бірден қамту өте қиынға соғады. Сондықтан үйірменің жұмысы нәтижелі болу үшін оған музыкаға қабілеті күшті және оқу үлгерімі жақсы балаларды алған жөн дей отырып, әр баланы өнердің әр саласымен қамту, бір музыка аспабын ойнап, хорда айтуды үйрену керектігін өмірдің өскелең талабы деп білеміз.
Балалардың музыкалық қабілетін ексеру үшін мына төмендегі талаптарды қойса жеткілікті:
Балалардың дауыс қабілетін тыңдағанда олар жоғары биіктіктегі ноталарды қиналмай айтып беруі керек.
Көрсетілген мысалдардыекі-үш рет қайталап, тыңдатқан соң, жеке-жеке дауыстап айтып беруді, әуенге дауысты қосабілу, әр түрлі ырғақты нақты қолмен соғып дауыстап ңляң, ңтаң деп орындап беруді талап ету керек.
Осы мелидиялардың ырғағын тыңдап болған соң, өздері бұлжытпай алақандарымен соғып беруі керек.
Музыкалық аспапта ойнап үйренетін балалардың музыкалық қабілеттерінің жайы туралы тізім.
|
Фамилиясы мен аты
|
Қай сыныпта оқиды
|
Музыканы есте сақтау қабілеті
|
Музыка-ырғақты соғу қабілеті
|
Комиссия ның шешімі
|
1
|
Болатбек Серіков
|
3
|
4
|
5
|
қабылдан сын
|
Бұл үйірмелердің құрал-жабдықтары ата-аналардың қаражатымен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар комитеті құрылып, үйірменің жұмысына көмектесіп отыруы қажет. Жалпы басшылық мектеп, оқушылар сарайы, үй басқармаларының басшылығының басқаруымен жүргізіліп, ата-аналардың алдында оқушылар жылына екі рет концерт беруі тиіс.
Мектеп оқушыларының көркемөнер үйірмелері әрдаым оқушылардың, ата-аналардың алдына шығып, өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы. Оқушы балаларының сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа, жинақылыққа баулып, оларды тәртіпке салып, ойларын, өнерін ұштай түседі, балалардың дарындылығын байқатады. Музыка сабағының үстінде, онан тыс мезгілде үйренген әндерді, музыкалырдың үстінде, одан тыс мезгілде үйренген әндерді, музыкаларды сабақтан тыс уақытта тақырыптық кеш, мейрам өткізуді балаларды өте қзықтырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жылдығ әр маусымына байланысты көктем, жаз, май, күз, қыс, жан-жануарлар, құстар туралы, ңбақытты балалық шақң, ңоқушылар әнін жырлаймызң, ңхалқымыздың тілін, ата-ананы, ән-күй мәдениетін білгім келедің т.б. атты тақрыпты музыкалық кештер, мейремдар өткізіп, ол кеште басқа сыныптың, мектептің оқушыларын шақыратын болса, ол жұмыстың тәрбиелі-эстетикалық мәні зор болмақ. Мұндай музыкалық мейремдарды әр тоқсан сайын бірнеше сыныптың балалары қосылып өткізіп тұрғаны жөн. Музыкалық мейремдар мен кештерге қатысушы оқушылардың музыкалық қабілетін одан ары дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке тәрбиелейді.
Жастарды ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көқарасын кеңейтіп, өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушылармен еңбек, әскер қайраткерлерін, әншәлерді, терме-жыршыларды кездестіруді немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып тұрудың мәні зор.
Мектеп қабырғасынан тыс мезгілде оқушылармен музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбие жүргізуде баспадан шыққан оқу-тәрбиелік маңызы бар әдебиеттердің, көмекші құралдың республикамызда өте аз екендігіне тоқтала келіп, бұл туралы ңМектепң баспасынан 1968 жылы жарық көрген С.Безкорновайный мен А.Жұмабаевтардың ңМектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештерң атты кітапшасының қазақ мектептері үшін табылмайтын көмекші құралы екендігін айтпақпыз. Бұл кітапшаның орнына сай негізінен алты тарихи-әдеби кештерді өткізу жағы қамтылған. Дегенмен, әрбір кештерде ән, хор музыка елеулі орын алып отырады. Авторлар әр-әр тақырыпқа сай әндерді, хорларды, музыкаларды орынды етіп құрастырған. Біздің байқағанымыз мектеп өмірінде өтетін қандай кеш олмасын, олардың барлығында да музыкасыз кештер ұйымдастырылмағанын көре алмадық. Сондықтан біз мектеп өмірінде пайдаланып өткізілетін сабақтардан тыс түрлі кештерде музыка соңғы орын алмай, жетекші роль атқаратынын байқадық. Көрсетілген көмекші құралда авторлар берілген музыкалардың авторларын, сөздерін ғана беріп, әннің мызыкалы-нота текстерін бермегені, кітапшаны пайдалану құнын аздап болса төмендетіп тұрған секілді.
ң…Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын жай ғана өткізумен емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін, сондай-ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табыладың.
Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті – оқушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз.
Хор жетекшілерінің назарына тәжірибеде кең тараған кейбір жаттығуларды ұсынамыз.
Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда қолдарылады:
а) жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау;
ә) дауыс шымылдығын қыздыру, шеберлікті шыңдап, вокалды-хор техникасын меңгеру;
б) оқушылардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру.
Төменгші сынып оқушыларының дауыс аумағы (диапазоны) өте кең емес:
1,2-сынып – бірінші октаваның до-си ноталар аралығы;
3-сынып – бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның до нотасы аралығы;
4-сынып – бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның ре нотасы аралығы.
Сондықтан жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс мүмкіндіктерін ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей, әнді айқайламай айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар дауыс еркін жететін дыбыс аумағында (примерная зона) жүргізіледі.
Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе – дұрыс тыныс ала білу. Оқушыларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз:
Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;
Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді барлық бала бір мезетте бастауы керек;
Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі біркелкі шығарып отыру қажет.
Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде иықтың көтерілмеуін қадағалаймыз. Ал ыңылпап жабық ауызбен айту үннің жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бұл әдісті дұрыс орындай білу қажет: еріндер бір-біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және үстіңгі тістер мүлдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық (сәл есінегендей), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай бар сияқты әсер болуы керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бұл жаттығулар тамақты қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға себін тигізеді.
Оқушыларға үйретілетін келесі негізгі дағды - әгдә дыбыс сарынын үзбей, үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі үнмен айта білу. Ол үшін ән өлеңінде кездесетін дауысты дыбыстарды дұрыс қалыптастыра білудің маңызы зор. Мысалы, ңәң, ңең, ңің, ңаң,ңяң сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарлы ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы үнмен айту талап етіледі. Оларды орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігң барлық орындаушыларға бірдей болып келуі вокалды-хор дикциясының басты шарты. Осы шартты орындағанда ғана әншілердің үндері бірігіп, таза унисон болып шығады.
Әнде дауыстылармен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу талап етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап айтқанда ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы. Жылдам екпінде орындала тын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу ретінде пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді.
Осылайша жаттығулар айтқызу арқылы бертіндеп балалардың дауыс аумаған ұлғайтып, оның икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз. Оқушылар әнді бірде баяулатып, бірде асқатата шырқай, әр түрлі екпінде және жылдамдықта орындай алуы тиіс.
Сонымен қатар хор ұжымы біртіндеп көп дауысты ән айтуға да дайындық жұмысын жүргізуі тиіс.
Канондарды алдымен бір дауысты етіп жаттап, соңынан мұғалім бірінші дауысты, ал оқушылар екінші дауысты айтып үйренеді. Бұл дағдыға балалар әбден үйренген соң, оқушыларды екі топқа бөліп, бірінші және екінші дауыстарды канонмен орындау керек. Екі дауысты айтуға ңКөкекң(Кукушка) немесе ңЖаңғырықң(Эхо) ойындарын пайдалануға болады. Мысалы, мұғалім жеке бір дыбысты немесе қысқа ғана әуенді даусын қатты шығарып әндетеді, ал хор оны қағып алып, жаңғырық сияқты ақырын қайталап айтады. Екі дауысты жаттығулардыайтпас бұрын оқушылардың гормониялық есту қабілетін қалыптастыру қажет. Ол үùшін сабақ сайын жаттығулар айтып, дағдылану жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта тәжірибеде кең тараған ьірнеше тәсілдер ұсынамыз:
Оқытушы екі дауысты кішігірім әуенді күйсандықта орындап шыққан соң, оған оқушыларға талдау (екінші дауыс қай бағытта жылжиды? (жоғары, төмен, бір орында); ол ақнша дыбыстан тұрады; басты әуен қай партияда?) жасатыды;
Сүйемелдеу музыкасында басты әуенді қайталамайтын шығармалардыайтқызу. Әншілер дауысын ақырынддата шығарып, сырнайдың сүйемелдеуін ылғи жақсы естіп отырулары тиіс. Дирижердың көрсету бойынша хор әннің кез-келегн жерінде тоқтап немесе оны қайта жалғастырып дағыдыланады;
Таныс әндерге қосымша дауыс жасау. Яғни бір дауыс әнді аяғына дейін айтып шыққанша, екінші дауыс ұзақ нотаны созып тұрады;
Таныс әуенді хорға әр түрлі дыбыстардан бастап айтқызу. Оны меңгерген соң, хорды екі топ бөлініп, бірінші дауыс әнді бастап кеткен соң, екінші дауыс дирижердың көрсетуі бойынша оны басқа дыбыстан (квинта, кварта, терция интервалдарына) бастап айтып, әнді екі дауысқа айналдырады.
Осындай әр түрлі жаттығуларды айтып, репетиция сайын жүйелі түрде дайындық жүргізу өз нәтижесін береді. Әншілердің құлағына сіңісті болып, гармониялық есту дағдысы қалыптасқан соң, екі дауысты ән айту хорға еш қиындық туғызбайтын болады.
Бір сабақтың бойында жаттығуларды жиі өзгертіп, немесе әр репетицияда міндетті түрде жаңа жаттығу үйрену дұрыс емес. Керісінше, бұрыннан айтылып жүрген хорғажақсы таныс жаттығуларды бірнеше мақсатта пайдалану тиімді.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер саласындағы әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмысы оқушыларды әсемдік әлеміне жетелеп, оларғы эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдай мектептерде әуесқой оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тударады.
Бұл күндері Республикамыздың мәдени-ағарту мекемелері мен мектептерінде халық аспаптары оркестрімен жұмыс жүргізу жөнінде айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, әуесқой оркестр ұжымдарын құрудың кейбір мәселелеріне, жеке аспаптарды ойнап үйренуге арналған жинақтар мен әдістемелік оқу құралдыры бар. Бұл орайда халық шығармашылығының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тегі мен тарихына арналған Б.Сарыбаевтың ңҚазақтың музыкалық аспаптарың атты кітабын атап өткен жөн.
Қазір Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі музыкалық және жалпы білім беретін мектептерде орындау мүмкіншіліктері тәп-тәуір әуесқой халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдері көптеп саналады. Дегенмен де, үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беруде белгілі бір жүйеде жұмыс жүргізбейтін, оқушылаодың жалпы музыкалық ой-өрісінің дамуына жете мән бермейтін жайлары да кездеседі. Кейбір мектеп оркестрлерінің жетекшілері өздерінің міндетін тек қана концерттер мен байқауларға репертуар даярлап беру ғана деп ұғынады. Ал кейбір мектептердегі көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыстарының белгілі бір мерекеге дайындықтың немесе байқаулар мен олимпиадалардың алдында ғана жанданып, қызу қолға алатынын өкінішпен айтуға тура келеді.
Жасөспірімдердің музыкалық-эстеткалық талғам-талаптарын дамытудағы ең маңызды фактор болып саналатын мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын тиянақты жолға қоþдағы қиыншылықтар, біріншіден, бұл саладағы маман кадрлардың жетіспеушілігінен туындаған жай. Соңғы жылдарға дейін кадр мәселесіне тапышылық көп жерлерде, әсіресе, ауылдарда, шалғай елді мекендерде айтарлықтай орын алып келгені белгілі және қазірде бұл мәселе толық шешімін тапты деп айту қиын. Екіншіден, әлі де болса жер-жерлерде музыкалық тәрбиеге немқұрайлы қарау, жете бағаламау жайттары байқалады. Мектептегі ән-күй сабақтарына көп жағдайда да оқушылардың да, олардың ата-аналарының да ңқажетсіз пәнң деп, көңіл аударай келгені белгілі. Тіпті қазірдің өзінде де мамандар арасында цифрлы жүйе тұрғанда, нота үйрету міндетті емес деген теріс ұғым да кездесіп қалады. Алайда, соңғы жылдары республика мектептерінде бұл бағытта елеулі өзгерістер болып жатыр. Мектептегі ән-күй сабағы мен музыкалы сауаты жөнінде қазақ тілінде оқулықтар жарық көрді. Көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілерін, мектептегі ән-күй сабақтарының мұғалімдерін даярлау мықтап қолға алынып, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру жолға қойылды.
Мектептерде әуесқой халық аспаптар оркестрлерінің дайындықтарын ноталық сауат негізінде өткізетін уақыт жеткен тәрізді. Тиянақсыз, негізсіз білім алу, аспапта ойнау әдістерін ат-үсті меңгеру үйірме мүшелерінің біліміне, ойнау шеберлігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың эстетикалық талғам-талаптарына да әсерін тиігетінен жетекшілірінің білгені жөн. Мұндай жағдайға батыл қарсы тұру керек. Өйткені, сабақ өткізуді жеңілдетіп жіберу, үйірме мүшелеріне аспапты қалай болса солай үйрете салу репертуардың қарапайымдылығы мен қарабайырлығына әкеп соғатыны анық.
үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздармен атқарылатын жұмыстың өзіндік ерекшеліктері мол, қиын да жауапты міндет екенін ескере отырып, қара дүрсін әуесқой музыканттар тәрбиелеуден және арзан қолды музыка репертуарын таңдауда аулақ болғаны абзал. үйірме мүшелері оркестрга қатысу арқылы тиянақты музыкалық білім алып, жақсы ән-күй ойнай білумен қатар рухани талап-тілеген қанағаттандыра алғаны жөн.
Мектеп көркемөнерпаздар халық аспаптар оркестрін немесе ансамблін құру үшін ең алдымен үйірмені басқаруға өз ісін жақсы белетін білімді жетекшіні қабылдау қажет. Ол өзінің ісін ұйымдастыру жұмыстарынан бастауға тиіс. Ең алдымен оркестрге керекті музыкалық аспаптарды сатып алуға жете көйіл аударғаны жөн. Жетекші сапалы ойнауға ыңғайлы аспаптары сұрыптай отырып, олардың әрқайсысын тікелей өзі тексеріп алуға тиіс. Республиканың түкпір-түкпірінде көп жылдар Осакаровка комбинатында шығарылған музыка аспаптары пайдаланылып жүрді. Бұл аспаптар дыбыс сапасы мен ойнауға ыңғайлылығы жөнінен қанағаттанғысыз еді. Мойыны жуан және дөрекі істелген бұл аспаптарға оқушылардың саусақтары жетпейтін, сондықтан олар көбінде сөрелерде шаң басып текке жататын.
Керекті аспаптарды сатып алғаннан кейін оларды сақтайтын және үйірме мүшелерімен сабақ өткізетін бөлмені дайындау қажет. Оркестр дайындығы өтетін бөлменің іші кең, ауасы таза, жарығы мол, температурасы бірқалыпты, бөтен у-шуы жоқ және акустикасы жақсы болуы міндетті.
Бөлме ішінде орындықтар мен үстелден басқа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, ноталарды, медиатор, канифоль, ішек, тиектер, сол сияқты оркестрге керекті басқа нәрселерді сақтайтын шкаф және пульттер болуы қажет. Екі адамға нота қоятын бір пульт болса жеткілікті. Музыкалық сауат сабығын өткізу үшін бетіне нота сызықтары сызылған кәдімгі сынып тақтасы керек.
Сынып ішін үйірме мүшелері тәлім-тәрбие алатындай көрнекі құралдармен безендіру қажет. Сонымен қатар магнитофон, радиолла тыңдауға арналған күйтабақтар жинағы болса тіпті жақсы.
Музыка аспаптарын сақтайтын бөлменің іші таза, құрғақ, температурасы аса көп өзгермейтіндей бірқалыпты болғаны жөн. Аспаптарды күн көзі түспейтіндей және жылу жүйелерінен қашығырақ сақтаған дұрыс. Өйткені, температураның кенет өзгеруі аспаптардың құлақкүйінің түсіп кетуіне әсер етеді, ал бөлме ішінің үнемі дымқылданып тұруынан аспаптардың желімі ажырап, темірден жасалған ішектері мен кейбір бөліктерін тот басып кетуі мүмкін. Осы сияқты зақымданып, бүлінуден сақтау үшін музыка аспаптарын міндетті түрде тығыз матадан тігілген тыспен қаптап қоþ керек. Аспаптың тысы екі қабат матадан тігіледі, сырты брезент, немесе сол сияқты басқа матадан, ал іші бөзге ұқсас жұмсақ матамен көмкеріледі. Аспаптар жерде жатып соғалып, сынып қалмау үшін қатар-қатар тізілген сөрелер жасап, оларды соған қоþ керек, ал домбыра сияқты аспаптардың мойнына үзілмейтін жіптен бау тағып, ілңп қойған жөн.
Оркестрге оқушылар қабылдау жұмысын оқу жылының басында жүргізген дұрыс, алайда жыл бойғы оқу мерзімінің ішінде де талапкер оқушыларды қабылдап, ұжым құрамын толықтырып отыруға болады. Алдымен мектепте оркестрге талапкер оқушылар қабылданытыны жөнінде хабарландыру жазылған тақташа ілінуі керек. Егер оркестр жетекшісі әр сыныпқа кіріп, үгіт түрінде оркестр жайында әңгіме өткізіп, ынта-ықыласы бар балаларды іріктеп алса, нұр үстіне нұр.
Оқушылардың музыкалық қабілетін тексеруді олардың ырғақты сезіне білу қасиеттерінен бастау керек. Себебі, ырғақты сезіне білмейтін адамды музыкаға үйрету өте қиын іс. Тексеру барысында ең алдымен ырғақтың жеңілінен бастап, бірте-бірте қиындата түскен жөн. Егер бала ырғақты екі-үш көрсеткеннен кенйін мүдірмей қайталап беретін болса, онда оның ырғақты сезіне білу қабілетінің бар болғаны.
Музыкалық есту қабілетін тексеру кезінде үйірме жетекшісі бір аспапта әр түрлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, оқушыдан әр естіген дыбысын анық, асықпай, дауыстап қайталап беруін сұрайды. Музыкалық есте сақтау қабілетін тексергенде, бұрын естімеген түрлі әуендерден үзінділер ойналып, сол әуенді дауысымен өзгертпей айтып беру талап етіледі. Егер оқушыға бұл әуендер қиындық тудырса, оларға бұрыннан таныс, сетіп жүрген әуенінен үзінді ойнап, қайталап, айтқызуға болады. Оқушы дыбыстароды дұрыс айтып берсе, онда, сөз жоқ оның бұл қойылған талапты қанағаттандырғаны. Кейде оқушылар дауысы жоқ екенін сылтау етіп, немесе көпшіліктен ұялып, қойылған талапқа дұрыс жауап бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қабілеті жоқ екен деп бірден шешім қабылдау ағаттық болады. Керісінше, жетекші оны асықтырмай, дыбыстарды қайта-қайта ойнап, керек кезінде өзі дауыстап пйтып көрсеткені дұрыс.
Үйірме мүшелерін оркестр аспаптарына бөлу кезінде олардың музыкалық қабілеттерімен қатар, дене құрылысын ескеруді, аспапты таңдау тілегене мұқият қарауды ұмытпау керек. Оқушылар оркестрге мүше болған соң, өздеріне ұнайтын музыкалық аспаптарды ойнап үйренгісі келгенімен, бұл талап оркестрді құруға, әр түрлі аспаптарды оркестрдің үндестігі бойынша пайдалануға кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан үйірме жетекшісі оларға оркестрді құру жөнінен мағлұмат беріп, оркестрдегі әр аспаптың маңызын түсіндіруі керек. Мәселен, бас, контрабас-домбыра немесе сырнай, сол сияқты басқа да аспаптардың біреуінің жетіспеуінің өзі оркестр дыбысына көп нұсқан келтіретінін айтқан жөн. Міне, осылай әр аспап жөнінен түсінікті бағдар алған оқушылар жетекші бөлген аспапты игеруге құлшына кіріседі. Егер оқушы айтқанға көнбесе, онда оған екі аспапта – біреуін өзінің қалауымен, ал екіншісін жетекшінің қалауымен ойнап үйренуді тапсыру қажет. Алайда, бұл талап оның көңілінен шықпаса, онда өзіне ұнаған аспабын қалдыру керек. Кейін, аспапты әжептеуіп игерген соң, оқушыға оркестрге қажетті аспапты үйрету оңайға түседі.
Осы сияқты көптеген әдістерді қолдану арқылы оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруге болады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда, оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы тәрбиеленеді. Сондықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқыушының сабақта қолданған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка сабағында сезім мен саналылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп, тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқутушы сабақта жұмыстың ұжымдық , топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.
Тыңдалатын музыкалық шығармалар және үйретілетін әндер негізінде бірінші сынып оқушыларына музыка саласындағы ең қарапайым, әрі жалпылама түсініктер беріледі. Мысалы, музыкадағы төрт алып (ән, би, күй, марш) өмірмен тығыз байланысты, сондықтан ол адамның көңіл-күйін, ойлаған ойын бейнелейді, бізді қоршаған табиғат көріністері мен құбылыстарын суреттейді. Осыған байланысты музыка көңілді, қайғылы, ойнақы, баяу, жылдам, ойлы, салтанатты болып келеді.
Музыкалық шығарма әр түрлі дыбыстадан құралып жазылады. Ал дыбысьардың түрі өте көп: жоғары, төмен, жуан, жіңішке, ұзақ, қысқа, жылдам, баяу, біртіндеп бәсеңдейтін немесе біртіндеп күшейетін т.б. Сонынмен қатар музыкада ырғақ, саз, әуен, жылдамдық деген болады. Міне, осылардың бәрі музыка тіліне жатады. Бірінші сыныпта оқушылар оларды ажырата білуі тиіс.
Музыка сабағының барлық жүйелері бір-бірімен тақырыптық желі бойынша тығыз байланыста болып келетіні белгілі. Осыған байланысты оқытушы әрбір жаңа әнді үйреткен кезде, сабақтың негізгі тақырыбынан ауытқымай, қайта оны тереңдете, өрбіте түсуді мақсат еткені жөн. Түрлі ой салу, бағыт беру, іздендіру, көрнекі құралдарды пайдалану сияқты, балалардың ынтасын арттырып, қызықтыратын тиімді әдістерді көптеп қолданса, ол оқушылардың санасымен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонда олар зерек, ойшыл, аңғарымпаз болады. Бұл олардың басқа сабақтарды да жақсы үлгеруіне себін тигізеді.
Күз - мереке, Күз – береке.
Қатысушылар: Күз (жоғарғы сыныптан алынады). Сыныптан 4 қыз бала, 4 ұл бала сынып бөлмесіне күзгі жеміс және биылғы астықтан жасалған тағамдардан көрме ұйымдастырады.
Мұғалім мерекелік бағдарламаны хабарлап ашады.
І бөлім. Мерекелі, берекелі күз келді.
ІІ бөлім. Бар сыйымыз сізге, ңАлтын күз!ң
І бөлім.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Ортаға себет толы жемістері бар ңКүзң келеді. (қол соғып қарсы алу).
Күз: Сәлем, өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.
2-оқушы: Астық, жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Хор: Ардақты күз мың алғыс.
Күз: Мен күзбін. өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.
Әйтсе де менің жосмарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
3-оқушы: Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Біздің сізге арналған сыймыз бар. Қыздарымыз сізге арнап бар өнерін көрсетпек.
4-оқушы: Көбейді құт береке –
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке –
Алтын күзді тойлаймыз.
Күз: Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын.
Бір айға нәр бір демім,
Өздеріңмен біргемін.
Хор: Жаса, жаса ңАлтын күз!ң
Күз төрге барып отырады. Мұғалім ІІ бөлімді хабарлайды.
Бұл бөлімде сыныптан 4 қыз бала күзге өз өнерлерін, білімін көрсетеді де, өздеріне лайықты 4 белгігі жеңіп алады. Олар өздеріне ұнаған бауда өсетін жемістер боп киінеді.
Жанайым - ңАлмаң
Бибінұр - ңӨрікң
Сания - ңЖүзімң
Аида - ңШиең.
Ал белгілер күзге байланысты.
ңАлтын күз – сұлуың
ңКүз - еркесің
ңКүз - жанарың
ңКүз – сәулесің
ІІ бөлімнің бағдарламасы:
Менің құрбым… (танысу)
Қыздарды өзсыныбындағы ұлдар таныстырады.
ңКел, жемісті Алтын күз!ң (өздері киген киімдерін қорғайды)
ңБілім таппай мақтанба…ң (тақырыпқа байланысты сурет салу, әңгіме құрастыру)
ңӨнер таппай баптанба…ң (ән, би, мәнерлеп оқу)
Күз – байлық.
Жанайым - ңАлмаң
Жанайымды өз сыныптасы Азамат таныстырады.
Арма ағайын, бармысың?
Алдарыңа шықты бүгін
Ару қызы Абайдың,
Ару қызы сыныптың.
Ата-тегін сұрасаң,
Марат қызы Жанайым.
Иіліп сәлем береді,
Әшім тегі Жанайым.
Бибінұр - ңӨрікң
Бибінұрды Айбек таныстырады.
Мектебіміз Абайда қыз сынын құрды,
Таныстырсам Ештайқызы Бибінұрды
1-ңаң сыныбында үздік оқып,
Кешікпестен сабағынан қалмай жүрді.
Би билеп, өлең айтса күзгі аруда
Алдыңызда қарсы алыңыз ңКүзгі нұрдың
Сания - ңЖүзімң
Санияны Самат таныстырады.
Жарысқа шықты сызыла
Жұмаханқызы Сания
Ән атады, би билеп,
Ағып тұрған дария.
Инабатты сұлу қыз
Жаны таза ару қыз.
Күз аруы байқауын
Жеңіп шығар осы қыз.
Аида - Шиең
Аиданы Мағжан таныстырады.
Сәлем бердім асыл халқым өзіңе
Құлақ салғын менің айтқан сөзіме.
Бүгін міне жиналысқан көпшілік
Арқа сүйеп, шығып тұрмын өзіңе.
Таныстырсам алтын күздің аруын
Талғат атты ұлы елдің қызы бұл.
Аидаға жан бар ма екен тең келер
Білімі зор, би билесе дөңгелер.
Бұл бөлімде неге осы жемісті таңдап киді? Оның қандай қасиеті бар? Осыған назар аударады. Оқушылар бұны өлеңмен келтіреді.
Жанайым: Апорт деген алма бар
Алматы оның отаны
Ондай алма қайда бар
Жерді жарған атағы.
Бибінұр: Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Пісіп тұрған шағымды
Алар екен теріп кім?
Сания: Бұтақты бүге балбырап
Көз тартады, көріңіз.
Жүзім піскен албырып,
Маужырап барқыт қоңыр күз.
Аида: Шиемін мен, шиемін,
Қызыл қалпақ киемін.
Күз түскенде балбырап,
Басымды мен иемін.
Бұл бөлімде күзге байланысты сурет салады. Салған суретке қарап әңгіме құрайды.
Әркім өз өнерлерін көрсетеді (би билейді немесе ән салып береді).
Бұл бөлімде күзгі астықтан, жеміс-жидек, көкеністен композиция жасайды. Біреу күзді мол астығымен немесе мол жемісісен, сары алтындай жапырағымен, мектептегі достары, ұстаздарымен қайта табысып, қоңырау үнімен қауышатындығын әңгімелеп береді.
Күз: Рахмет, балалар, өнеріңе!
Уақыт өтпес тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер,
Қыстан аман өтіңдер!
Хор: Рахмет, Алтын күз!
5-оқушы: Тұра тұрыңыз Алтын күз! Қыздарымыз өздеріне лайықтап белгісін тағады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Күз: Иә,иә, қыздарымыздың барлығы да өнерлі, білімді, талантты екен. Тапсырманы мұқият, тиянақты орындай біледі. үстеріне киінген киімдері де қандай әсерлі!
Әділқазылар алқасы қыздарды құттықтап, жетістіктеріне тоқталып өтеді.
Алмаң – Жанайым: Алтын күз – сұлуың
Өрікң – Бибінұр: Күз еркесің
Жүзімң – Сания: Күз сәулесің
Шиең – Аида: Күз жанарың деген лайықты атақтарын алып, белгілерін тақты. Оларға сыйлық ретінде әр түрлі жемістер толы себеттер берілді.
Күзге арнап Алтын күзң әні орындалады. Соңынан ата-аналарға алғыс айтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Р.М.Қоянбаев. ңҚысқаша педагогикалық сөздікң Алматы 2003. 26, 60 беттер.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Алматы 1995. 120 бет.
С.Ш.Әбенбаев. ңСынып жетекшісің Алматы ңДарынң 2004. 44-66 беттер.
К.Б.Сейташев. ңТәрбие теориясың Алматы ңМектепң 1986. 130-136 беттер.
Мектептегі тәрбие жұмысы. ңМектепң баспасы . Алматы 1978. 244-262 беттер.
Т.А.Ильина. Педагогика. ңМектепң бапасы Алматы 1977. 235-239 беттер.
О.С.Богданова; В.И.Петрова. ңБастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасың. Алматы ңМектепң 1980.61-62 беттер.
П.Сағынтаев; А.Шәндібаева. ңБастауыш сыныптардамузыкалық тәрбие беру әдістерің. Алматы. Рауан 1996. 131-314 беттер.
Пернебек Момышұлы. ңМузыкалы-эстетикалық тәрбиең Алматы 2000. 59-62 беттер.
С.Байжұманов. ңХалық аспаптары оркестрің. Алматы ңӨнерң 1993 5-8 беттер.
К.Әсімбекова,Б.Мұсмафин, Т.Мұстафина, Ж.Таубалдиева. ңӘн сабағың Алматы ңӨнерң 1997. 4-7 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |