Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыты дамыту жолдары



жүктеу 207,05 Kb.
бет2/2
Дата13.11.2017
өлшемі207,05 Kb.
#46
1   2
Пән бірлестігі – жетекші буын

Мақсаты:

1.Оқу- тәрбие жұмысын, әдістемелік, тәжірибелік- эксперименталдық

жұмысты жоғары кәсіптік деңгейде ұйымдастыру және өткізу.

2. Оқытудың түрлерін және оның оқу- әдістемелік және материалды – техникалық жағын қамтамасыз етуді жетілдіру.

3. Мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру

4. Оқушылардың интеллектуалдық мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету.

Пәндік әдіс бірлестігі өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР «Білім беру»Заңын

ҚР «Еңбек кодексі», «Бала құқығы туралы» Конвенция, ҚР «Бала құқығы туралы» заңын және Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартын басшылыққа алады. Бірлестікке тәжірибелік қабілеті мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді.

«Ізденіс » орталығы

Мақсаты: Жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрету, шығармашылық ізденісті ұйымдастыру, ұстаздардың іс- тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру.Технология иегерлерінің басқаруымен ұстаздармен авторлық ғылыми семинар өткізу, авторлық бағдарламалар жасауды жолға қою.

«Озат тәжірибе» мектебі.

Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау және оқу үрдісінде жаңа технологияларды бүгінгі күн талаптарына сай қолдана білу.

«Жас мұғалімдер» мектебі

Мақсаты: Жас мұғалімдерді бүгінгі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан- жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.

Сынып жетекшілер

Мақсаты; Мектептегі барлық тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, сынып жетекшілердің тәрбиелеу бағдарламасын жаңаша амалдармен құруын қамтамасыз ету.Тәрбие үрдісі мәселелерін, нәтижелерін, жағдайын, перспективалық мұмкіндіктерін талдау, сапасын арттыру, бақылау.

«Ғылыми жоба» қоғамы

Мақсаты: Оқушылардың ғылыми- зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми жұмысқа баулып, жан- жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімдердің мамандық деңгейін жоғарылатудың бағытталған әр түрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау жұмыстың түрлері мазмұнына, мамандық мүмкіншіліктеріне, білім беру қажеттіліктеріне және мұғалімдердің қызығушылықтарына сәйкес таңдауы керек.

Мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерінің өсуі және бағалау жоспары мынадай бөлімдерден тұоады:

  • Өзін- өзі бағалау сауалнамасы

  • Топтағы және ұйымдастыру стилі

  • Кәсіптік өсу жолдары

  • Аттестация бойынша есеп

Оқу тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері – ұстаздың жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы. Ал осының кәсіби өсуі, күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асатындықтан мектептегі білім сапасы әдістемелік жұмысқа тікелей байланысты. Сондықтан әдістемелік жұмыстағы басты бағыт педагогтарды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оқушының жеке тұлғалық дамуының негізін жасау, сол жеке тұлға бағытталған білім беруді жүзеге асыру арқылы мектептегі білім сапасын арттыру болып табылады. Мұғалімнің өз білімін салмақтап, өз- өзіне баға беруіне, білімін көтеруіне жол ашатын бұдан басқа да әдістемелік іс- шаралар, атап айтқанда » Ми шабуылы», байқаулар, интеллектуалдық ойындар өткізудің орны ерекше. Ал мұғалімнің әдістемелік шеберлігіндегі олқылықтарды анықтау оның сабағына қатысу кезінде айқын байқалады. Мұғалімге нақты әдістемелік көмек көрсету үшін сауалнама жүргізу, жеке әңгімелесу, еңбегінің нәтижесін талдаумен қатар, оның бірнеше сабақтарына қатысып, нақты белгіленген параметрлер бойынша әр сабағына гистограмма тұрғызу тиімді. Педагогикалық кадрлармен жұмысты ұйымдастыра отырып, мемлекеттік білім стандартына сай білім берілуі мен жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі жеке тұлға болу керек. Қазіргі мұғалім өз пәніне ғана терең білгірі болып қалмай, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалыққа ұмтылып, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білім мен білігі жоғары жеке тұлға бола алады. Сондықтан бастауыш сыныпта білім сапасын көтерудің бір кілті жаңаша көзқарасы қалыптасқан, жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты, ой – пікірі бар, мақсат қоя білетін және оған жету жолдарын таба алатын, жеке тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім еңбегі деп есептеп, мұғалім жаңа талапқа сай болуы керек. Жаңа талапқа сай мұғалім тәрбиелеуге бағытталған әдістемелік бағыттағы жұмыстарды 3 кезеңге бөлуге болады.

1 кезең. Мұғалімдердің шығармашылық ізденіс жағдайын дайындау, білімдерін жетілдіру ісіне арналады. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ы.Алтынсарин айтқандай, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда мұғалімнің кәсіптік білімі мен біліктілігі, кәсіптік мәдениеті алғы шарт екені аян.Сондықтан мұғалім еңбегінің нәтижесін жан – жақты талдаумен қатар, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы, әр мұғалімнің жеке ерекшеліктері, кәсіби деңгейлері зерттелінсе, әдістемелік көмекті де мұғалім қажеттігіне қарай ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Мұғалімдердің жаңаша көзқарастарын қалыптастырып, білімдерін көтеруге ұмтылатындай, әдістемелік қызметтен өздері келіп көмек сұрайтындай жағдай туғызуды әдістемелік жұмыстың басты бағыттарының бірі деп есептеп, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда оның белсенді түрлері кеңінен қолдануы тиімді. Мұндай жұмыс түрлері ретінде: «Әдістемелік коллаж», «Озат тәжірибені жарнамалау», «Панорамалық сабақ», «Блиц - панорамма», «Озат тәжірибені қорғау» іскерлік ойындарын, тәжірибелік сабақтар фестивалі, пікірталас, конференция, педагогикалық оқулар, шығармашылық есеп беруді, ғылыми экспедициялар жұмысын атап өтуге болады. Өткізілген іс – шаралар қаншалықты пайдалы болғандығын, кімге тағы қандай көмек керектігін білу мақсатында сауалнамалар жүргізу де жақсы нәтижелерге жетелейді.

II кезең. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру бағытындағы жұмыс жалғастырылып, мұғалімдерге оқытудың жаңа технологияларын игеруге көмек көрсету көзделді.

Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтауда олардың арасында олимпиада ұйымдастыру, «жыл мұғалімі», «Мектеп көшбасшысы» сияқты байқаулар өткізудің де орны ерекше екендігі байқалды.

III кезең. Мұғалімнің 5 жылғы жұмысын қорытындылап, оқытудың жаңа технологияларын игеру, енгізу нәтижелерін, оның мектептегі білім сапасын арттыруға әсерін анықтап, талданып отырады.

Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әуеуеті мол тұлға. Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу – тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез – құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Жаңа формация педагогтің басты қызметі













« Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда,

Қапы қалып жүрмелік» - деген , ұлы көреген Абылайханның ой- тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісу қажет екендігіне әкеліп саяды.

Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы мұғалімді жеке тұлға ретінде тәрбиелесек, оның кәсіптік мәдениеті қоғам талабына сай боларлықтай дәрежеге жетеді деп болжай отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Қорыта айтқанда, мұғалімдердің кәсіби қызметін ұйымдастыруды дамытуда мынадай ұсыныстарым бар:

  • 12 жылдық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жан – жақты талқыланып әзірлену керек.( Ол құжатпен жұмыс істеуге еліміздің ең үздік ғалымдары,әдіскерлері және шетелдік ғалымдар қатысса)

  • Мектепте бірлестіктің, әр мұғалімнің, әр оқушының нәтижеге жетудегі орта рейтингісін шығарып отыру.

  • Қашықтықтан оқыту – білімді болашаққа батыл қадам. Республикалық ұстаздар сайтына шығу. Еңбектерін жариялау ( Ашық сабақтар, баяндамалар, тәрбие сағаттары) 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту бағдарламасы мен оқу телевидениесініске қосу ұйымдастырылса

  • Сапалы да, бәсекеге қабілетті оқулықтар шығару. Оқулық көпдеңгейлі болып,

стандарттарға сай әзірленуі керек.

  • Мектептер компьютермен қамтамасыз етіліп, интернетке қосылып,

мультимедиалық бөлмелермен қамтамасыз етілсе ;

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «12 жылдық білім» журналы № 8 2006

  2. «12 жылдық білім» журналы № 7 2007

  3. «12 жылдық білім» журналы № 5 200

  4. «Мектеп директорының орынбасары» № 3 2010

  5. «Мектеп директорының орынбасары» № 2 2010

  6. «Мектеп директорының орынбасары» № 4 2013

  7. «Мектеп директорының орынбасары» № 1 2011

  8. «12 жылдық оқыту мәселелері» . Жексенбаева Ү.Б

  9. «Бастауыш мектепте оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру» Б.И.Иманбекова

  10. «Білім технологиялар» - № 4 2009



жүктеу 207,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау