Лауазымдық міндеттері. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады. Кәсіпорында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Шағым-талаптарды, соттық және төрелік істерді, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикаларын зерделейді, талдайды және түсіндіреді. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады. Құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларды, есеп айырысуларды, түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған басқа материалдарды уақтылы беруін бақылайды. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданылып жүрген немесе күшін жойған бұйрықтар мен басқа нормативтік актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар дайындайды. Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және толықтыру жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды. Кәсіпорынның қызметінен туындайтын құқықтық мәселелер, қайтаруға келіп түскен нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды, кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.
Білуге тиіс. Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заң актілері, кәсіпорынның құқықтық қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқықтар, салық заңнамасы, экологиялық заңнама, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есепті есепке алуды жүргізу және жасау тәртібі, шаруашылық шарттары, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу тәртібі, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндірісті басқару негіздері, жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау ережесі, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
203. Заңгер
Лауазымдық міндеттері. Құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады. Заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді. Акционерлер тізілімдемелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді (басқа ұйымдармен), кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін белгілейді (Жалпы жиналыстың құзыреті, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережені әзірлейді). Мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді. Кәсіпорын акцияларымен мәмілелерді үйлестіреді. Кәсіпорындағы дивиденттік саясаттың құқықтық негіздерін анықтайды және оны үйлестіруді жүзеге асырады. Кәсіпорынды кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларының жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерін сақтауды тексеруді, құжат жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе бас тарту туралы ұйғарымдарды беруді жүзеге асырады. Кәсіпорында шартпен келісілген жұмысты жүргізеді шарт қатынастары нысанын анықтайды, кәсіпорынның қарсы агенттері ұсынған шарт жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарт жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды, шарттардың жекелеген түрлерінің нотариалды куәлігін және (немесе) тіркеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмыстарды талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарт бойынша жұмыстардың жағдайын тексереді. Кәсіпорындағы наразылық жұмыстарын жүргізеді, қарсы агенттерден түсетін наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз етеді. Түскен наразылықтарға жауап дайындайды және түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды. Наразылықтарды дайындауды, оларды қарсы агенттерге жіберуді және қарсы агенттерге жіберілген наразылықтардың қанағаттандырылуын жүзеге асырады. Ізденіс жұмыстарын жүргізеді. шарт дауларын реттеудің тәртібін сотқа дейінгі тәртіпте сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Талап-арыз өтініштері мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа береді. Кәсіпорынға қойылған талаптар бойынша талап өтініштері көшірмелерін зерттейді, талап жұмыстары бойынша деректер қорын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сотта кәсіпорын мүддесін білдіреді. Кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды. Өз кәсіпорнын сақтауды қамтамасыз ету, материалдық жауапкершілік туралы шарттарға қатысты, кәсіпорынға материалдық құндылықтардың түсуі мен қабылдануы тәртібін белгілейтін нұсқаулықтарға, олардың қозғалыстарын есепке алатын, дайын өнімді шығару мен жіберуді есепке алу нұсқаулығына мәселелерге қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады, жұмысшылардың материалдық жауапкершіліктері туралы шарттарды тексереді және қол қояды. Жұмысшылардың жұмыстан босатылу мен ауысу заңдылығын тексеруді, оларға тәртіптік жазаны қолдануды жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының кәсіпорынға жүргізген тексерістері кезінде тексерушілердің процессуалды әрекеттерінің сақталуын, негізділігін және тексерушілер шығарған қорытындылардың дұрыстығын, процессуалды құжаттарды құрастырылуы мен нәтижелерін тексеруді ресімдеуді құқықтық бақылау мақсатында кәсіпорынның мүддесін білдіреді. Кәсіпорындарда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға құзыретті мемлекеттік қадағалау органдарында кәсіпорын атынан өкілдік білдіреді, мемлекеттік қадағалау органдарында лауазымдық тұлғалардың кәсіпорынға заңсыз салынған әкімшілік өндіріп алуларға бағытталған әрекеттеріне арыздар дайындайды және жолдайды. Кәсіпорынның азаматты істер жөніндегі сотында төрағалық етеді. Талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге және бітімгершілік келісімдерге қол қоюға құқылы. Кәсіпорын жұмысшыларына әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдар, кәсіпорынның профилі, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, еңбек, қаржылық, салықтық және өзге де салалары, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжатты жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі, әкімшілендіру негізі, іскери байланыс этикасы, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және заңгер-консультант лауазымы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |