Лауазымдық міндеттері. Қолжазбалардың, машина жазатын және баспа түп-нұсқасының (алынған көшірме материалы үшін матрицаны дайындауды қоса алғанда) әртүрлі жүйедегі жазу машиналарының немесе дербес компьютердің машинада жазу жұмыстарын орындайды. Магнитті тасушыларда (диктафондарды, магнитофондарды пайдаланумен) жасалған жазбаларды жазу машинасында (компьютерде) жаңғыртады, немесе ауызша айтқанды басады. Жазба машинасының (компьютердің) жағдайын бақылайды, оның дұрыс күтілуін және сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс. Машинкамен басу, орфография мен пунктуация ережелері, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары, әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдардың орналасу тәртібі, типтік нысандарды пайдаланумен іскерлік хаттарды басу ережелері, жазу машиналарын, диктафонды, магнитофонды, компьютерді пайдалану ережелері, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санатты машинист: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы, минутына 200-ден артық басу жылдамдығы болуы тиіс; II санатты машинист: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы, минутына 200-ге дейін басу жылдамдығы болуы тиіс.
227. Мерчендайзер
Лауазымдық міндеттері. Дүкендегі тауардың сатылу әдісін анықтайды. Бөлшектеп сату дүкендерінде сатылатын тауарлардың жиынтығын, тауарларды қою тәсілін анықтайды, оларды бағамен, жарнамалық материалдармен қамтамасыз етеді. Сауда нүктелерінің әрдайым тауардың толық ассортиментіне ие болуын, сауда залдарын, арнайы мұздату орындарын, стеллаждарды, жылытатын витриналарды және тағы басқа ұйымдастыру, залдағы жабдықтарды, сауда залының дауыстық атмосферасын, қабырғалар бояуын, жарықталуын орналастыру, кәсіпорын ішінде шағын сауда нүктелері, әдетте ең қымбат және сапалы тауарлармен құрылуын қоса алғанда арнайы рәсімделуін қадағалайды. Ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сату, өнім сапасын бақылау, шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықты және дайын өнімдерді тасу мен сақтау бойынша стандарттарды әзірлеу мен ендіруге қатысады. Тауарлы-материалдық құндылықтар түсімі мен сатылуының жедел есебін жүргізеді. Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау ережелерінің бұзылмауын бақылауды жүзеге асырады.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының материалдық - техникалық қамтамасыз етілу мен өнімді сатуға қатысты заңнамалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, тауарларды орналастыру ережелері, тауарлы-материалдық құндылықтардың, олардың негізгі қасиеттерінің және сапалы сипаттамаларының техникалық шарттары мен стандарттары, есептік құжаттардың нысандары мен есептілікті құрастыру тәртібі, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтау жағдайлары, қолданыстағы бағалар мен прейскуранттар, өндірістің негізгі технологиялық үдерісі, шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен ассортименті, экономика, маркетинг, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы және жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
228. Нарядшы
Лауазымдық міндеттері. Ауысымдық-тәуліктік тапсырмалардың және мастердің (жұмысты орындаушының) нұсқауларының негізінде алғашқы құжаттарды (нарядтар, мәлімдемелер, өнімділік, тағы басқа) жазады, олардың негізінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен жалақысы және басқа еңбек жағдайы үшін төлемдер есептеледі. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбек ақы төлеу бойынша қолданыстағы нормативтік материалдарға сәйкес операциялық технологиялық карталар бойынша жұмыстардың атауын және разрядтарын көрсетеді, уақыт нормалары мен бағалар қояды. Жазылған нарядтардың және басқа төлем құжаттарының, нормаланған уақыттың есебін жүргізеді, жұмысшылар, бригадалар бойынша орындалған жұмыстарға нарядттарды уақытылы топтайды, оларды жалақыны есептеу үшін береді, учаске мастері және еңбекті нормалау инженері үшін қажетті мәліметтерді даярлайды.Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.
Білуге тиіс. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және жалақы бойынша ережелер, нұсқаулықтар, басқа да нұсқаулық материалдар мен нормативтік құжаттар, оларды қолдану тәртібі, істелген жұмысты және жалақыны есептеу бойынша алғашқы құжаттарды ресімдеу мерзімдері және ережелері, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру технологиясының негіздері, техникалық құралдарды пайдалану ережелері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
229. Диспетчерлік қозғалыс және тиеу-түсіру жұмыстарының операторы
Лауазымдық міндеттері. Тасымалдау жоспарын, автомобиль жүргізушілерінің, жүк тиеушілердің, электр және авто тіркемелердің және тағы басқа ауысымдық тапсырманы орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Көлік диспетчерінің өкімін орындайды. Жол жүру парақтарын және тауар-көлік құжаттамасын толтырады, береді және қабылдайды. Тауар-көлік құжаттамасында олардың дұрыс ресімделуін, деректемелері мен мөртабандарының, жүкті толық көлемде өткізу туралы белгілерінің болуын тексереді. Бағыттағы көлік құралдарының жолға шығуы мен қозғалысы кестелерінің сақталуын, таксомоторларға арналған тапсырыстардың орындалуын бақылайды. Тіркеу журналдарына жол құжаттамасын тіркеуді жүзеге асырады немесе деректер банкін құрады. Спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын (бұдан әрі - ЖЖМ) алуды және қалдықтарының дұрыс жазылуын бақылайды. Жол жүру парақтарында жүргізушілер жіберген жол қозғалысы ережесін бұзу туралы жазбаларды анықтайды және олар туралы басшылыққа баяндайды. Көлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректерді және ауысымдық-тәуліктік тапсырмалармен салыстырып тексереді, ауытқушылықтарды және олардың туындау себептерін анықтайды. Көлік құралдары жүргізушілерінің (машинистерінің) жол-көлік тәртібін сақтауын бақылайды, көлік құралдарының жұмысының есебін жүргізеді. Клиентурамен, тиеу-түсіру және желілік диспетчерлік пункттермен, автовокзалдармен, автобекеттермен және кассалармен жедел байланысты жүзеге асырады. Жүктердің мекен-жайға бару уақыты туралы жүк алушыларға хабарлайды. Ақпаратты, оның ішінде компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жүкті құрайтын және жүк алушы объектілерде, тиеу және түсіру пункттерінде жүктің бар екендігі туралы ақпарат жинайды және өңдейді. Тасымалдау процесі барысының, тиеу-түсіру жұмысының орындалуының оперативтік есебін жүргізеді. Жүк көлік құралдарының жұмысын үйлестіреді. Жолдағы автобустар қозғалысын, тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Автобустардың толық екендігі, нақты аралық пункттерді жүріп өту уақыты, бағыттың соңғы пунктіне келуі, техникалық жарамсыздығының себебі бойынша жолда тұрып қалулар туралы, паркке ерте қайтуы туралы, бағыттағы кешігулер туралы, автобустардың уақытылы келмеуі туралы ақпарат береді. Бағыттардағы тасымалдардың жағдайлары және ерекшеліктері, жолдың жай-күйі, жекелеген учаскелердегі қозғалыстың ерекшеліктері, сондай-ақ метеорологиялық қызметтің деректері және ауа-райы болжамдары туралы хабарламаны алады және жүргізушілерге хабарлайды. Жедел өкімдер журналын жүргізеді.
Білуге тиіс. Диспетчерлік қозғалыс қызметіне және тиеу-түсіру жұмыстарына қатысты ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басқару материалдары және нормативтік құжатта, жол жүру парақтары және тауарл-көлік құжаттамасын ресімдеу және өңдеу тәртібі, тасымалдауды ұйымдастыру және тасымал процесін жедел басқару тәртібі туралы ереже және нұсқаулық, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәртібі, автомобильдерді пайдалану ережесі, жол қозғалысы ережесі, қолданылатын техникалық өңдеу құралдары және ақпарат беру ережесі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша 6 айдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |