278. Жобалық материалдарды рәсімдеу бөлімінің (бюро) меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Әзірленген жобаны, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы ғылыми-техникалық есептерді, ақпараттық материалдарды, әдістемелік бағдарламалар мен басқа да ғылыми және техникалық құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді. Бөлімшелердің тапсырыстарын уақытында және сапалы атқару үшін заманауи арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып, әртүрлі тәсілдермен ресімдеу, яғни көшіру-көбейту, түптеу-кітапша жасау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Тапсырыстарды орындау кестесін құруды, келіп түскен техникалық құжаттарды тіркеуді, материалдарды жасау және шығынын есепке алуды басқарады. Қабылдап алынған ғылыми және техникалық құжаттың сақталуын, қондырғыны дұрыс пайдалану және оның қалыпты жұмыс істеуін, қажет техникалық құралдармен және материалдармен үздіксіз және уақытылы қамтамасыз етеді. Бөлім (бюро) қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, оларды орналастырады. Жұмысты атқарушылардың арасында мамандығы мен біліктілігі бойынша үлестіреді, атқарылатын жұмыстың сапасын қадағалайды. Ғылыми және техникалық құжатты көбейтудің прогрессивтік тәсілін қолдану жөніндегі шараларды қолданады, еңбектің қауіпсіз және экономикалық тәсілдерін, еңбек процесін механикаландыру және автоматтандыру амалдарын енгізеді, орындалатын жұмыстың өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру, оны ұйымдастыруды жетілдіруді ұйымдастырады. Бөлім (бюро) қызметкерлерін басқарады.
Білуге тиіс: Ғылыми - техникалық есептер, ақпараттық материалдар, жобалық, конструкторлық, технологиялық, сметалық және басқа да ғылыми және техникалық құжаттарды ресімдеу жөніндегі әдістер мен ұйымдастыру жұмыстары, көбейту-көшіру және түптеу, кітапша жасау жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары, қондырғының жұмыс қағидаттары, монтаждау және техникалық пайдалану тәртібі, ғылыми және техникалық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да жетекшілік материалдар, көшіру-көбейту және түптеу, кітапша жасау кезінде қолданылатын материалдардың түрі, олардың қасиеттері мен техникалық сипаттамалары, материалдарды көбейту және тарату технологиясының негізі, мұрағат ісінің және іс жүргізудің негізі, экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
279. Сызбалық-көшіру бюросының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелері үшін сызбалық-көшіру жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Күрделілігі әртүрлі деңгейдегі сызбаларды, ерекшеліктерді, ведомостерді, кестелерді, диаграммалардың ауқымын сақтай отырып немесе өзгертіп тушьпен не қарындашпен сызу жұмыстарын, калькаға көшіру және тозған калькаларды қайтадан көшіру, шрифтік жұмыстарды, шеттерін басу, техникалық құжаттаманы кітапша ретінде тігу, түптеу жұмыстарын ұйымдастырады. Сызбалық-көшіру жұмыстарын орындау кестесін құрады, оларды орындау кезегін бекітеді және жұмыстарды орындаушылардың мамандықтары мен біліктілігіне сәйкес бөліп береді. Атқарушы бөлімшелерден және техникалық мұрағаттан келіп түскен құжаттарды есепке алады, көшіру жұмысын атқарғандардың жұмысын, құнын, жұмсалған материалдар шығынын және дайын жұмыстарды тапсыруды есепке алады. Бюроның қондырғыларға, материалдарға қажеттілігін анықтайды, оларды дер кезінде алу үшін тапсырыстар береді. Сызбалық-көшірме жұмысының орындалу мерзімі мен сапасын, сондай-ақ тапсырыс берушілерге тапсырылатын материалдардың толықтылығын бақылауды жүзеге асырады. Жұмысқа келіп түскен құжаттардың сақталуын, қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуін, сонымен қатар дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сызбалық-көшіру жұмыстарын орындау техникасы жөнінде нұсқаулықтарды, ережелер мен басқа да жетекшілік материалдарды жасайды. Бюро қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды, еңбек өнімділігін жүйелі арттыру мақсатында сызу-көшіру жұмыстарын орындаудың прогрессивті және экономикалық тәсілдерін қабылдайды. Сызбалық-көшіру жұмыстарын орындау кезінде ақау тудырған себептерді зерттейді, алдын алу шараларын қабылдайды. Бюро қызметкерлерін басқарады.
Білуге тиіс. Сызбалық-көшіру жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары, сызбалық-көшіру қондырғысының құрылымы, техникалық шарттары, монтаждау және пайдалану ережелері, сызбалық-көшіру жұмыстары кезінде қолданылатын материалдардың түрлері, олардың қасиеттері мен техникалық сипаттамалары, техникалық сызу негіздері, техникалық құжаттаманы ресімдеу бойынша стандарттар, нұсқаулықтар және басқа да жетекшілік материалдар, сызбалық-көшіру жұмыстарын орындау кезіндегі нормалар мен бағалау, сызбалық-көшіру жұмыстарын орындаудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелері, іс жүргізу негіздері, экономика еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
280. Сәулетші
Лауазымдық міндеттері. Қала құрылысы, сәулет ғылымы мен тәжірибесіндегі отандық және шетелдік жаңа жетістіктер негізінде және автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, қала құрылысы шешімдерін және жобалардың сәулеттік-құрылыс бөлігін жобалауды әзірлейді. Қала құрылысы мен сәулет шешімдеріне техникалық тапсырмалар дайындауға қатысады. Қабылданған шешімдерді басқа бөлімдердің (бөліктердің) жобаларымен байланыстырады. Жасалып жатқан қала құрылысы және сәулеттік шешімдердің қолданыстағы нормативтерге, экологиялық стандарт пен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жобаланатын нысандардың құрылысына авторлық бақылау жүргізеді, өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша консультация береді. Сәулет-қала құрылысы шешімдерін әзірлеу және іске асыру тәжірибесін талдау және қорытындылауға қатысады. өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға, сәулет шешімдеріне қатысты жобалау және құрылыс жөніндегі нормативтік материалдарға қатысты пікір дайындайды. Семинарлар мен конференциялардың жұмысына қатысады.
Білуге тиіс. Жобалау және техникалық - экономикалық есептеу әдістері, жобаланатын нысандарға қойылатын техникалық, көркемдік, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да талаптар, сәулет-кала құрылысы шешімдерін іске асырудың өңірлік және жергілікті табиғи, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және де басқа ерекшеліктері, құрылыс материалдары мен құрылымдардың түрлері мен қасиеттері, қоршаған ортаны қорғау талаптар, құрылыс пен сәулеттің отандық және шетелдік тәжірибесі, нысандарды жобалау, салу және пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, басшылыққа алатын материалдар, стандарттар, жобалық-сметалық құжаттарды ресімдеу мен іске асыруға қойылатын талаптар, техникалық шарттар, құрылыс технологиясы, жобалау мен құрылыстың техникалық құралдары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілігіне қойылатын талаптар.
І санатты сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ІI санаттағы сәулетші лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.
ІІ санатты сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және санаты жоқ сәулетші лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.
Санат жоқ сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды.
281. Ландшафты сәулетші
Лауазымдық міндеттері. Сәулет шешімдерін әзірлеуге қатысады. Алынған тапсырмаға сәйкес ландшафтық сәулет жобасының нақты бөлімі (бөлігі) бойынша ландшафтық-жоспарлау шешімін жасайды. Ізденіс жұмыстарына, жобалаудың техникалық тапсырмаларын дайындауға қатысады, аумаққа ландшафтық талдау жүргізеді. Тиісті ландшафтық пейзаждардың, тарихи және мәдени ескерткіштердің эскиздік сызбаларын, жобалау объектісінің фотофиксациясын жасайды. Жобаланатын объект құрылысының жобалық-сметалық құжатын әзірлейді және келісуді жүзеге асырады. Жобалық шешімнің негіздемесі бойынша техникалық-экономикалық есептеулерді жүргізеді, дайындалған құжатты жобалық ұйым басшысына бекітуге ұсынады. Жасалатын ландшафтық шешімнің қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың қолданыстағы талаптарына және экологиялық стандарттарға сәйкес болуын, сондай-ақ жобаның әзірленетін бөлімінің (бөлігінің) ландшафтық-жоспарлау шешімдерінің басқа бөлімдермен (бөліктермен) өзара байланысты болуын қамтамасыз етеді. Жұмыстарды орындау технологиясының белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес орындалуын сақтай отырып, ландшафтық сәулет объектісінің құрылысына авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Салынатын ландшафтық сәулет аумағын көгалдандыруға, абаттандыруға, инженерлік дайындауға, көгал қалыптастыруға, инженерлік құрылыстар мен шағын сәулет нысандарын салу жөніндегі жұмыстарды қабылдауға қатысады, сонымен қатар осы жұмыстардың сапалы орындалуын қадағалайды. Қала құрылысы және ландшафтық жобалау жөніндегі семинарлар мен конференцияларға қатысады, өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша кеңестер береді.
Білуге тиіс. Сәулетке және қала құрылысына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, қала құрылысы, орман және бау-бақша шаруашылығы дамуының негізгі бағыттары, экологиялық заңнама негіздері, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау туралы заңнама негіздері, ландшафтық жобалау, құрылыс, пайдалану немесе ландшафтық сәулет объектісін қалпына келтіру жөніндегі әдістемелік материалдар және ұйымдастырушылық-басқарушылық, нормативтік құжаттар, ландшафтық архитектура мен бау-бақша мәдениетінің тарихы мен теориясы, декоративтік бақша, дендрология, ботаника, топырақтану негіздері, техникалық, экология,лық әлеуметтік-экономикалық, эстетикалық, агротехникалық талаптар, инженерлік-геологиялық, климаттық ерекшеліктер, ландшафтық сәулет объектісінің орналасу аумағындағы қала құрылысының жай-күйі, ландшафтық сәулет объектісін жобалау, салу және пайдалану технологиясы, техникалық-экономикалық сараптама жүргізу әдістері, ландшафт құрылысында қолданылатын құрылыс материалдары мен құрылымдарын түрлері мен қасиеттері, экологиялық сараптама жүргізу тәртібі, ландшафтық сәулет пен құрылыстың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын талаптар, оны келісу және бекіту тәртібі, жобалаудың заманауи техникалық құралдары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санаттағы ландшафты сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және II санаттағы ландшафты сәулетші лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.
II санаттағы ландшафты сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және санатсыз ландшафты сәулетші лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Ландшафты сәулетші: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |