Сания
Ұйымды басқарудағы персонал қызметінің орны. Персонал қызметін ұйымдастыру және қойылатын негізгі талаптар. Персонал қызметінің негізгі міндеттері.
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.
Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.
Басшы әрқашан әділ, таза болуы тиіс. Басшыға қажетті қасиеттер:
1) білімділік
2) өзіне сенімділік
3) ойлау қабілеті
4) адамдарды басқару қабілеті
5) батылдылық
6) көріктілік.
Басқару қағидалары – басқарушылық міндеттерді іске асыру бойынша басшылардың жүріс-тұрыс ережелері, негізге алынатын ойлары мен заңдылықтары. Персоналды басқарудың негізгі қағидалары:
1) басқарудағы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелердің үйлесу қағидасы;
2) басқарудағы жеке, жалғыз және алқалылықтың үйлесу қағидасы;
3) басқарудың ғылыми негізделу қағидасы;
4) жоспарлық қағидасы;
5) құқықтардың, міндеттердің және жауапкершіліктің үйлесу қағидасы;
7) басқарудың демократияландыру қағидасы.
Асқар
Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.
Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес бекітілген, жеке немесе ұжымдық келісім шарттармен, құқықтық нормативті актілермен реттеледі.
Персоналды басқарушы – бұл мамандандырылған менеджерлер тобы. Олардың негізгі мақсаты: персоналдың белсенділігін өнімді өндіруде тиімді қолдану. Сонымен қатар, кадрларды дамыту программаларын жасау және іске асыру. Негізгі міндеттері (еңбек ресурстарын басқарудың негізгі міндеттері) кәсіпорынның мақсатына жету үшін қызметкерлер қабілеттілігін тиімді пайдалану. Солай бола тұра, әр қызметкердің денсулығына, оның ұжымда және басқа әлеументтік ортада біріге жұмыс істеуіне көмек көрсетілуі.
Персоналды басқару жүйесінің тиімді қызмет етуіне персоналды басқару аспектілері де үлесін тигізеді.
Персоналды басқару аспектілері:
· техникалық – технологиялық аспект нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады;
· ұйымдастырушылық-экономикалық аспект жұмыскерлердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақын пайдалану және т.б. сондай сиақты қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді;
· құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады;
· әлеуметтік – психологиялық аспект персоналды басқаруда әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді, жұмыс істеу тәжірибесіне әр түрлі әлеуметтік және психологиялық процедураларды енгізуге байланысты мәселелерді қарастырады;
· педагогикалық аспект персоналдарды тәрбиелеу және оқытуға байланысты мәселелерді қарастырады.
Персоналды тиімді басқаруға – ұйымның иерархиялық құрылымы жатады. Оның әсер ету құралы – билік; адамдарды жоғарыдан қыспашылықпен басқару, қызметкерлерге делегирлеу процессін жүргізу. Бұл құрал – факторлардың байланысып, олардың артықшылығын, ұйымның экономикалық құрылымын анықтайды.
Құндыз
Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін – кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.
Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорынның кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Персоналды басқару – мақсаты кәсіпорынға керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру.
Персоналды басқару келесі мақсаттарды көздейді:
· Жалпы мақсаттарға жетуде кәсіпорынға көмек көрсету;
· Жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
· Кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз ету;
· Жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық көрсете алуына ұмтылу, ал бұл өз алдына әрбір жұмыскердің осы кәсіпорында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады;
Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.
Кадр саясатының мазмұны жұмысқа алумен шектелмейді, ол кәсіпорынның қызметкерлерді дайындау, дамыту, олардың ұйыммен өзара әрекетін қамтамасыз ету саласынада қатысты. Кадр саясаты ұзақ мерзімді болашаққа есептелген мақсатты міндеттерді таңдаумен байланысты болса, ағымдық кадр саясаты кадрлық сұрақтарды жедел шешуге негізделген. Олардың арасында қойылған мақсаттарға жету стратегиясы мен тактикасы арасында орын алатын өзара байланыс болуы тиіс.
Персоналды дамыту жоспары дегеніміз – белгілі кезеңдегі мақсаттарға қол жеткізу мен жоспарларды іске асырудағы ұйымның сандық және сапалық жағынан негізін сипаттайтын адам ресурстарымен қамтамасыз етуші құжат. Көбіне жоспар бір жылға, кей жағдайда жақын уақыттағы 3–5 жылға жасалады.
Жадыра
Достарыңызбен бөлісу: |