Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Тақырыбы: Психикалық процестердің патологиясы



жүктеу 1,41 Mb.
бет4/6
Дата01.01.2018
өлшемі1,41 Mb.
#6349
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Психикалық процестердің патологиясы

Сұрақтары:

  1. Психикалық құбылыстар.

  2. Психикалық процестер.

  3. Патологиялық ерекешелігі.

  4. Танымдық бірліктері.

Адам психикасыбүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз – үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады.

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды. Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау.

Психикалық процестердің сапасын, жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін арнаулы сынақтардың тесттердің пайдасы зор. Психикалық , тесттердің қорытындысы клиникалық практикада жиі қолданылады. Түрлі әдістер арқылы жүргізілген клиникалық - психологиялық текістердің әсерлі психологиялық әңгіменің , өмір мен ауру туралы анамнездік мәліметтермен салыстыру керек.Зейінді тексеруде біркелкі бейнелері бар кестелер қолданылады. Мысалы, қолдың қатысуынсыз кезекпен, түсі бірдей суреттерді сынау. Түзету әдістері б-ша бірден әріптермен цифрларды сызу керек. Жауапты бағалаған кезде тапсырманың орындалуының ұқыптылығы, жылдамдылығы,пациенттің шаршап, қажуы еске алынады. Бұл әдістер назар белсенділігін алаңсыз ойлау реакциясын тексеруге қолданылады.

Есті зерттеуде тексерушіге 10 сек. Ішінде кестедегі фигураларды көрсетіп,оларды есінде сақтау жүктеледі. Қалыпты жағдайда 5-6 фигура есте сақталады. Бұл әдіс арқылы көру есінің ерекшелігі анықталады. Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді жадында сақтау, анық және жай айтылған сандарды, сөздерді, сөйлемдерді ұқыпты таңдап,есте сақтау ұсынылады. Сау адамдар 10 сөздің 5-9 ын есте қалдыратыны анықталады. Есі жақсы адам мұны 3-4 қайталаған соң жаттап алады.

Пиктограмма – жанама есте сақтауды тексеруге арналған әдіс. Есте соқтау үшін сайланып алынған сөздерді пайдаланады. Тексерілушіге таза қағаз бен қарындаш беріп, «Есіңізді басқа әдіспен тексереміз. Айтылған сөздер мен сөйлемдерді есте сақтаңыз. Есте сақтау үшін әр сөздің орнына сурет салу керек, әріпті де , сөзді де жазбаңыз» - деген нұсқау айтылады.Бұл нұсқау бір рет айтылғанымен, ауру адамның сұрауы б-ша қайталанады. Мысалы:


  1. Көңілді мейрам 9. Айырылу

  2. Ауыр жұмыс 10. Алдау

  3. Кешкі ас 11. Жеңіс

  4. Ауру 12. Ерлік

  5. Қайғы 13. Дұшпандық

  6. Бақыт 14. Әілеттілік

  7. Махаббат 15. Күмән

  8. Даму 16. Достық

Жылжымалы талдау үшін осы көрсетілген сөздердің мазмұн-маңызына қарап, тексерілуші олардың кезегін сақтауға тиіс. Жарты сағат өткен соң тексерілушіден суреттер б-ша сөздерді айтып,беруді өтіну керек. Пиктаграмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау,эмоция ерекшеліктерін анықтауға да пайдаланылады. Тексерілуші тапсырманы орындаған соң, тексеруші оны сұрай отырып,оңай және қиындықпен келген түсіндіреді. Зерттеу 46 хромасоманың орнына 45 хромосома болатынын, жыныстық хроматиннің болмайтынын көрсетті (44 хр.) бұл әйелдерде екінші жыныстық белгілер нашар дамығпн (аналық без оларда нашар дамыған, не мүлде жоқ), мойындары қысқа, оның екі жағында қанат тәрізді әжімі бар, шаштың өсу шекарасы төмен. Бұл белгілер ақылдың кемістігімен қатар болады.

18-дәріс.



Тақырыбы:

Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы.

Сұрақтары:

1.Түйсік пен қабылдаудың сипаттамасы



2. Анестезия, сенестопия.

3.Иллюзия және галлюцинация

Түйсік пен қабылдау қоршаған ортаны танып білуде маңызды роль атқарады. Түйсік-заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттерінің мида бейнеленуі және танымның алғашқы баспалдағы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды. Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау

Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын тітіркендіруден басталып, онан әрі ми қыртысындағы анализатор. Орталығы қозуының қортындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатысады, шартты рефлекстік байланыстардың мәні зор. Түйсіктің зақымдануы көптеген себептерге байланысты,патологиялық көріністеріне: Гиперестезия – қалыпты жағдайдағы табиғи бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдауы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап иістер өткір түрде қабылданады. Гипостезия – гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау. Анестезия сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар – адам денесінің бір бөлігінен білінетінге әртүрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Осындай сезімдерді анықтау қиындыққа соқтырады. Аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді.

Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады.Сағым айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды. Парейдолиялық сағымдар – оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі.) Вербальді сағымдар – латын верба – сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді. Метаморфопсия – заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия – заттардың кішкене және алыста болып көрінуі.

Макропсия – заттардың үлкен және жақын болып көрінуі.

Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі. Галлюцинациялар (елестетушілік) – нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестетушілік объектісіз, жалған қабылдау. Елестетушілік сезім мүшелеріне байланысты көрі, есту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты бөлінеді. Көру елестетушілігі ауру әртүрлі заттарды, адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді. Көру елестетушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады. Көрушілік айқын елестіетушілік маскүнемдік психоз жағдайында болады. Айқын көрушілік елестетушілік игналяциялық тамақты булау, және дәрімен улануда болады. Есіту елестетушілігінде аурулар байланыс дыбыстарды ( атылған оқ, еңіреу, ынырану ды) естиді; болмаған сөздерді естиді.

Вербальді елестетушіліктер деп аталады және интепретивті, императивті болып бөлінеді. - түсінік елестеушілігі дейді, көбінесе дауыстар аурудың әрекетіне Интерпретивті, сөзіне және ойына түсінік беруі мүмкін жиі дауыстар ауруға ұнамсыз әсер етіп, ажыратады. Егер дауытар айлап, жылдап ұзақ уақыт және қиындықсыз әсер етсе, ауру бұған үйреніп жұмыс істеу қабілеті жоғалмауы мүмкін. Императивті- әйгілі не бұйрықты елестетушілік.Мұндай елестеушілік өте қауіпті.Функциональды- елестеушілік- дауыстар қандай болса да тітіркендіргіштер бар кезде пайда болуы мүмкін.Мысалы, ауруып жүріп келе жатқан кезде поездің дөңгелектерінен, сағат тілінен, толық жабылмаған краннан аққан тамшылардан пайда болған дауыстарды естиді.

Есту елестеушілігі, көру елестеушілігіне қарағанда жиі ұзақ ауру, жарқын сана кезінде болады. Мұндай елестеушіліктер және ұзаққа созылған интоксикациялық аурулар да маскүнемдік шизофрения, бас, миының органикалық зақымдану( энцефалит, ісіктер ) кезіде болады.



Жанасу елестеушілігі- дененің үстінен шыбын- шікей, құрт, жылан жылжығандай, мысықтың жанасуы кезінде пайда болады. Иіс сезу елестеушілігі- әр түрлі, жиі ұнамсыз иістерді сезінеді. Үйлеріне тұншықтырған газ, түтін жіберетіні өлесенін иісі, тамақтың шіріген иісі бар екені туралы айтады. Дәм сезу елестеушілігі- иіс сезу елестеушілігі мен қатар болады. Ұнамсыз иісті тағам мен суды сезінеді.Гиетегі (висцеральдық) елестеушілік- денесінің ішіндегі, жиі асқазандағы бөтен заттың не тірі жәндіктің болуын сезінеді. Психогендік елестеу- қатты аффекті, ауыр психикалық зақым кезінде пайда болатын елестеушіліктер. Гипногогиялық елестеушілік- ұйықтар аралығындағы көз жұмылған не оянған кезінде пайда болады; (сау адамдарда да, жиі алкоголизм жағдайында болады) Қарапайым елестеушілік – тек көру, тек есту не жанару елестетушілік болу. Күрделі не комплексті елестеушілік истериялық ауруына байланысты, психиканың зақымдану кезінде пайда болады, әр түрлі елестеушілік бір мезетте болуы. Жалған елестеушілік- псевдогаллюцинацилар- әр түрлі нәрселерді бастын ішінде, желкесінде, көздің ішінде көруі.

19-дәріс.



Тақырыбы:

Естің клиникалық көріністері.

Сұрақтары:

1.Жүйкелік – психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы.

2.Клиникалық көріністері

Естің бұзылуы көптеген психикалық ауруларда кездесетін симптом. Ауру адамдардың көпшілігі естің бұзылуына шағымданады . Ларошфуко мынадай көзқарасты айтқан , адамдар жиі естің бұзылуына шағымданады, бірақ ешкім ойлаудың кемшілігіне шағымданбайды . Бұл шындығында рас . Аурулар өздерінің адекватты емес пікірлер ,ойлауларының кемшіліктері туралы сирек айтады ,ал есінде кемшілік бар екенін барлығы байқайды . Өйткені өзінің есте сақтауға қабілетсіз екенін мойындау жәбірлетірмейді , ешкім өзінің ойлау ,мінез-құлық ,сезімдеріне қатысты өзара сынды соншалықты жоғары көрсетпейді . Сонымен бірге естің бұзылуы шындығында мидың зақымдануы негізіндегі жиі симптом болып табылады.

Естің бұзылуы мәселесі әрқашан психотерапиялық және патопсихологиялық зерттеудің ортасында тұрады . Өйткені , 1-ден ,естің мәселесі классикалық психологиялық әдебиеттерде зерттелген ,және 2-ден ,мнестикалық бұзылулар жиі кездесетін синдром болып таблады.

Жалпы психологиядан білетініміздей ,адамның барлық формадағы іс- әрекет ерекшеліктері –мақсатқа бағытталған , себептерін келтіру(дәлелдеу) бұлар еске қатысты .

Естің паталогиясына арналған зерттеулерден келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: а)клинитикалық бағыт өкілдері (С.С. Корсаков ,Р.Я. Голанд, Г,С. Жисмин және т.б.) мнестикалық бұзылудың қандай да бір көрінісін нақты сигналдармен, нозологиялық бірлікпен байланыстырды және алдарына олардың физиологиялық және психологиялық механизмдерін ашып көрсетуді мақсат етіп қойған жоқ. б) психофизиологиялық және нейропсихологиялық бағыт өкілдерінің (В.Пенфилд, В.Сковлл, Б.Милнер , Ж.Барбизе, А.Р.Лурия, Е.Н.Соколов және т.б.) еңбектерінде естің психофизиологиялық негізін іздеумен, білім қадағалау негізінде мәнінің өзгеруін зерттеуде нақты нерв құрылымы анықталады.в) психологиялық бағыт негізінен ес және оның бұзылуларын ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады. Бір жағынан бұған шет елдің авторларының еңбектерін жоқтауға болады , психикалық бұзылулар кезінде есте сақтауды ұйымдастырудың болмауы ,екінші жағынан отандық психологтардың пікірлері мнестикалық іс-әрекет және оның мотивациялық компоненттері мазмұны жағынан анализге ұшырайды (А.Н. Леонтьев, Г.В. Биренбаум, Р.М.Меерович және т.б. )

Естің патологиясын зерттеуде көбінесе ең алдымен маңызды : 1) олар мнестикалық іс-әрекет ағымдары нормада қандай құрылымдар, фактор қатысатынын анықтауға мүмкіндік береді. 2) олар психологиялық және психиятриялық түініктерді келісімге қабілеттендіреді, бұл екі білім арасындағы дисциплиа аралықт байланысты дамыту. 3) психика дамуы және құлдырауы арасындағы байланыс мәселесіене өз үлестерін қосты және Л.С.Выготский, А.Н.Леоньтев, А.А. Смирнов, П.В .Зинченко зерттеулерінде ес процесін қалыптастыруда жүйелі көзқарастары мнестикалық іс-әрекеттің бұзылған бөлімдерін салыстыруға мүмкінгдік берді . Эксперт сұрақтарды шешуде жиі мынадай жағдайлармен соқтығады. Ауру адамдар есінде кемістік бар, олар оған жұмыс жасауға кедергі келтіретінін айтып шағымданады ,ал эксперименттің талаптарында ұқсас бұзылулар кездеспейді . Ал басқа жағдай ларда ,яғни ауру адамдар өздерінің міндеттерін орындайды және материалды есте сақтау талаптарын т. б. , бірақ психологиялық зерттеу кезінде мнестикалық бұзылулары көрінуі байқалады. Естің бұзылуы негізінде әр түрлі факторлар жатыр . Оларды зерттеу нәтижесінде диагноз қоюға ,синдром белгілеу үшін және практикада ауру адамдармен жұмысты қалыптастыру үшін пайдалы . Естің патологиясын зерттеуде аса маңызды келесі жағдайларды ескеру аса маңызды: а)мнестикалық іскерлікті ұйымдастыру мүмкіндігі (тікелей жәнеи жанама есте сақтау , ырықты және ырықсыз есте сақтау), б)естің мотивациялық компоненті ,оның мақсатқа бағыты туралы сұрақ; в) оның уақытша сипаты туралы сұрақ (ұзақ уақыт және қысқа мерзімді есте сақтау)



Корсаковский синдромы- естің күрделі бұзылуы - корсаковский синдромы болып таблады. Алғаш рет оны белгілі отандық психиатр С.С. Корсаков түсіндірген: ауыр алкогольдік интоксикация кезінде пайда болатын бұл синдром бірнеше компоненттерден тұрады:

а) болып жатқан оқиғадағы дөрекі естің бұзылуы;

б) болып жатқан оқиғаға қатысты конфабуляции;

в) орнында және уақытында дезориентировка.

Соңғы екі белгісі әлсіз көрінеді , ал біріншісі әрқашанда төтенше көрінеді және бұзылудың негізгі радикалын құрайды. Ауру адамдар, осыған ұқсас синдромы барлар жақында өткен оқиғаларлды ұмытып қалады, бірақ көптеген жылдар бұрын болған оқиғаларды есіне түсіре алады . Сол сияқты ауру адам өзінің бала кезіндегі, мектептік өміріндегі болған оқиғаларды дұрыс айтып береді, бірақ он бүгін түскі тамағын ішті ме, кеше оған туысқандары келіп кетті ме, бүгін онымен дәрігер іңгімелесті ме осыларды ол есіне түсіре алмайды. Егер ауру адамнан бүгін сені туысқандарың келіп халіңді білді ме деген сұраққа, ол:-менің есімде жоқ, бірақ қалтамда папиростар бар-демек ,менің әйеліме келген- деп жауап береді . Мұндай ауру адамдар күніне бірнеше рет амандасады , бір сұрақты қайта-қайта қояды , бір өтінішпен бірнеше рет келеді, мезі (беймаза) адам әсерін көрсетеді.

Амнестикалық дезориентировка-естің бұзылуы жиі тек болып жатқан оқиғалармен ғана емес ,сонымен қатар өткен оқиғалармен де таралады:ауру өткенді еске түсіре алмайы, қазіргімен шатастырады; олар оқиға хронологиясын араластырады. Уақыт өте бұндай естің бұзылуы гротескнгі мінезге әкеп соғады.

Эксперименталды –психологиялық зерттеуде ауру адамдардың есінің бұзылуы ақыл-ойының нашарлығы көрінеді (ауру тапсырманы ,талаптарды орындай және жағдайларды түсіне алмайды) көбінесе бұл шизофреник немесе неврозбен ауыратын адамдарда кездеседі. Естің бұзылуынан адамдардың мінезі де бұзылады.


20-дәріс.

Тақырыбы: Сананың бұзылуы. Эмоциялардың патологиясы

Сұрақтары:

1.Сана бұзылуының критериилері.



2.Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу,делирий

Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:



Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.

Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды.

Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады.

Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.

Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.

Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.

Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.

Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік-утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды-ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады.

Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей).


21-дәріс.

Тақырыбы: Ойлаудың клиникалық көріністері

Сұрақтары:

  1. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістері

  2. Дифференциалды – диагностикалық мағыналары

Ойлау - адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылыма бейнеленуі. Ойлаудың жоғарғы сатысы сөйлеумен тығыз байланысты. Сондықтан ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді. Шындыққа сәйкес келмейтін, шындықтан алшақ, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар (бредовые идеи) дейді. Сандырақтың пайда болуы негізінде ж.н қызметі бұзылуымен байланысты патологиялық механизм жатыр

Ойлаудың бұзылуы – кейде бірден, бақылаудың басында білінеді: сөйлеудің жылдамдауы не бәсеңдеуі. Деменция (олиг.басқа психикалық аурулардағы ақыл кемістігі ) кезінде ойлау қисынсыз болады, сөйлегенін түсіну мүмкін емес: сөйлегені байланыссыз, жекеленген сөздермен құралады. Ауру жабысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Ауруда мазмұны депрессивті сандырақ ойлар болса өзін-өзі жоққа шығару, кінәлау, сандырағы ипохондриялық сандырақ. Ол өз ойын бірден айтпайды. Мұндай жағдайда ауру адамның жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақылаған жөн. Назар,ес,ойлау, интелегентті зетртегенде психология тәсілдері қолданылады

Ойлаудың бұзылуы психикалық ауру кезіндегі аса жиі кездесетін симптомның бірі болып табылады. Ойлаудың бұзылуының клиникалық варианттары алуан түрлі . Олардың кейбіреулері басқа да аурулардың формаары үшін типті болып есептелінеді. Ойлаудың бұзылуы (клинмикалық)психиатриялық клиникаларда кездесетін әр түрлі мінездемелер бар. Көптеген зерттеулердің негізінде ойлау патологиясының 3 түрін бөліп көрсетеміз:



  1. ойлау операциялық жағының бұзылуы;

  2. ойлаудың динамикасының бұзылуы;

  3. ойлаудың мотивациялық компоненттерінің бұзылуы;

Мидың әр түрлі ауруларымен ауырған адамдардың ойлауын зерттеуде ойлаудың операциялық жағы бұзылуында әр түрлі формаларды қолданылатынын көрсетті; а) жинақтау көлемінің төмендеуі; б) жинақтау процесініңи бұрмалануы (бұзылуы). Қорыту көлемінің төмендеуі -ойлаудың бұзылудың бұл түрінде аурулар пікірлері заттар мен құбылыстар туралы жанама елестетулері доминацияланады. Экспериментальды тапсырманы орындау кезінде түсінікті толық ашатын барлық мүмкін белгілерді таңдай алмайды. Қорыту процесін бұрмалауда басқа мінездемені қолдануы мүмкін . Экспериментальды тапсырманы шешу кезінде кездейсоқ белгілер , қасиеттер актуализацияланады . Мысалы ауру адам «заттарды класификациялау» тапсырманы орындауда , ол шанышқы, стол және күректі біріктіреді, оны « қатты» принципі бойынша .

Сонымен қатар ауру адам тапсырманы ұзақ уақыт орындай алмайды , шыдамсыздық көрсетеді. Ауру адам айтылған сөздің мағынасын түсінгенімен оны жеткізе алмайды . Ауру адамға берілген тапсырмалардағы сөздер оқылғанда, сол сөздің мағынасын өтіп кеткен жағдайлармен түсіндіреді. Сосын олар бір іс-әрекет түрінен екінші түріне тез ауыса алмайды . Яғни олардың интелектуалды дамуы кешеуілдеп, баяу дамиды.

Ойлаудың мақсатқа бағытталуының бұзылуы жиі пайда болады, өйткені өзінің әрекетін үнемі бақыламайды және жіберілген қателерін түземейді. Ойлау мен естің бұзылуы бас миының төбе бөлігіне зақым келгенде , ауыр соққы алғанда немесе бас миымызға суық тигенде пайда болады. Көбінесе бұл аурулар сыртқы әсерлердің нәтижесінен ,оны қалай қабылдауына байланысты. Біз ауру адамдарға зерттеу жүргізу арқылы олардың қандай да бір зат немесе құбылыс туралы түсінік қалыптастырамыз және де басқа заттар мен құбылыстардан айырмашылығын ойлап табуға көмектесеміз. Ойлау мәселесі психология пәні сияқты біздің ғасырдың 20 жылдарында Вюрцбургтік психологиялық мектепте пайда болды.

Ойлаудың бұзылуынан ес, зейін және сөйлеуі де бұзылады. Ойлаудың бұзылуынан естің түрлері дамымайды, зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды, сөйлегенде ойланбай, ауызына не түссе соны айта салады. Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді. Егер сағым мен елестетушілік сау адамдарда болса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырғанда болады. Сандырақтың бірнеше түрлері бар: а) Қарым-қатынас сандырағы ( бред отношения) – ауруларға айналадағы адамдар нашар қарайтын, оған күлетін , ол туралы сыбырласатын болып көрінеді. б) Әрекет сандырағы ( бред воздействия) - өздеріне көзқарас, гипноз, электр тогы, радиотолқындар, белгісіз аспап, теледидар мен ғарыш толқындары арқылы әсер етеді деп санайды. в) нақтылы соңына түсу сандырағы ( собственно бред преслодования) – таныс емес адамдардың бақылайтынын, машинамен қуатынын айтып, шамның жарығымен шағылыстырып соқыр қылғысы келедідеп ойлайды. г) Кіналау сандырағы (бред обвинения) – ауру өзін жұмыстан шығарады деп ойлап, еретсімен бас дәрігерге келіп, оның столына құжаттарын қойып тезінен жұмыстан шығаруын талап етеді. д) Кемістік пен тонау сандырағы ( бред ущерба и ограбления) – қартайған адамдардың қан тамыры зақымданған және басқа психоздарда болады. е) Қызғану сандырағы ( бред ревности) – соңына түсу сандырағ,ының бір түрі әйелінің «күеуінің) опасыздығын дәлелдейтін жүйе қалыптасады. ж) Өзін-өзі қорлау сандырағы ( бред самообвинения) – бір нәрсеге кіналымын деп санайды: айналадағыларға ауру жұқтырамыз деп санап, осы ойдан қорқып кісіліерге жуымай ауыздарын орамалмен жабады. Осы топтағы сандырақ ойларға гипохондриялық сандырақ жатады – аурулар өздерін сифилис, туберкулез, СПИД сияқты жаман аурулармен ауырамыз деп санап, соматикалық сандыраққа жақын тұратын нақұрыс ( одержимость) сандырағы бар - өздеріне сырттау күш енген (шайтан, бақа не жылан) деп санайды. з) Ұлылық сандырағы ( бред величия) – байлық, тектілдік, тұлғалық, ойлап табушылық, сүйіспеншілік сандырақтары жатады. Ұлылық сандырағы ойларды айтатын аурулардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.( Өздерін қорлау туралы, сандырақ айтатын аурулардың көңіл-күйі төмен жабырқау болады).

Сандырақтан басқа жалықтыратын (жабысқақ ойлар) – «навязчивые идеи) болады. Ойлар аз маңызды қисынсыз болады. Ауру ойларға сын көзімен қарап, құтылуға тырысады. Бірақ құтыла аламйды. Бір ой келіп кетіп санасына паналап, мазасын алады. Жабысқақ жағдайлар невроз бен психоздарда кезедеседі. Ойлаудың бұзылуының – ассоциативті процестің бұзылуы – түрі бар, яғни ойлаудың өзгеруі жылдамдау және баяулау болуы мүмкін. Ойлаудың патологиялық баяулауында ойлардың пайда болуы мен өтуі қиындыққа соғады. Бұл жағдайда ауру қойылған сұраққа баяу, аз сөзбен жауап береді.Ойлау бұзылуының бұл түрі көңіл-күй төмендегенде жиі кезедеседі. Ойлаудың үзілуі – аурудың сөйлем құрылымындағы логикалық байланыстың болмауы. Ойлаудың қисынсыздығы – аурудың сөзінде мән дже грамматикалық байланыста болмайды. Ой алжасуында (сананың бұзылуында) жұқпалы аурулар кезінде болады. Ойлаудың пресерворациясы – ұзақ уақыт бір ойдың басым болуы, Ауру бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, келесі сұрақтарға сол жауабын айта береді.
22-23-24- дәріс


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау