«басқару есебі 2» пәнінен ЖҰмыс бағдарламасы және курстық жұмысты орындаудың



жүктеу 181,53 Kb.
Дата01.02.2018
өлшемі181,53 Kb.
#8316

МУ 042-18-3.1.28/04-2016

Басылым №1

-бет беттен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

МУ

МУ 042-18-3.1.28/04-2016



Әдістемелік нұсқау

«Басқару есебі 2» пәнінен курстық жұмысты орындаудың

әдістемелік нұсқаулары

Басылым №1 _________




«БАСҚАРУ ЕСЕБІ 2» пәнінен ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ және курстық жұмысты орындаудың

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы студенттері үшін

Семей


2016

Әдістемелік нұсқауды орындаған: «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы ________________ Искакова М.С.

Әдістемелік нұсқау «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № 1 «31» тамыз 2016 ж.


Кафедра меңгерушісі: _______________ А.Зейнуллина
Әдістемелік нұсқау Экономика және құқық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама № 1 « » қыркүйек 2016 жыл
Оқу-әдістемелік кеңес

төрайымы ______________ Н.Газизова
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................................4

  1. Пәннің мақсаты және оның құрамдас бөліктері...........................4

  2. «Басқару есебі 2» пәні бойынша сағат саны.....................................4

  3. «Басқару есебі 2» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы................5

  4. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері................................5

  5. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі................6

  6. Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар.....................6

  7. Курстық жұмыстың мазмұны.........................................................7

  8. Курстық жұмысты қорғау және бағалау........................................8

  9. Курстық жұмыс тақырыптары......................................................9

  10. Пайдаланылатын қайнар көздер тізімі.........................................10


Кіріспе
Басқару есебі 2 курсы – жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің түпкілікті қағидаларын таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алатын студенттерді басқару есебі мен өндірістік шығындар есебін үйлестіріп, өзіндік құнды анықтауды меңгерту.

Басқару есебі курсын оқып үйрену арқылы өндірістік шығындарды меңгеріп, басқарушылық бақылау жүргізіп, стратегиялық шешімдер қабылдауға болады.




  1. Пәннің мақсаты мен міндеті және оның құрамдас бөліктері

Басқару есебі 2 бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі. Ол өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау сұрақтарын қарастырады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындары есебінің әдістерін қарастырып, бюджеттік бақылау, шешімдер қабылдау сияқты өзекті сұрақтарды ашып көрсетеді.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды меңгерту,өндірістің зиянсыздығын талдау және басқарушылық шешімдер қабылдауды үйрету.

Пәнді оқу барысында студент білу керек:



    • студент өндірістік шығындарды жіктей алуы керек;

    • өзіндік құнды калькуляциялап, экономикалық элементтері бойынша зерттей алу керек;

    • басқарушылық бақылауды жүргізе алуы керек;

    • өндірістік смета жасай алуы керек;

    • студент басқарушылық есепті ұйымдастыра алуы керек.




  1. «Басқару есебі 2» пәні бойынша сағат саны.






Тақырыптары

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

1

Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі

2

4

2

Шығындарды бағалау

2

4

3

Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу

4

8

4

Өндірістің зиянсыздығын талдау

4

8

5

Шешімдер қабылдауды талдау

3

6

6

Барлығы

15

30



3. «Басқару есебі 2» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы

Тақырып 1. Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі

Басқару есебі мәнін анықтау: тұжырымдамалардың белгілену тарихы. Басқару есебінің функциялары мен ерекшелігі. Басқару есебінің ұйымды басқарудағы ролі. Талдау деректерін бағалау. Шешім қабылдаудағы басқару есебінің ролі. Басқару есебінің өндірістік қызметті жоспарлаудағы орны.


Тақырып 2. Шығындарды бағалау

Шығындар – басқару есебінің негізгі бір объектісі. Қорларды бағалау үшін шығындардың жіктелуі: өнімге жұмсалатын шығындар және кезең шығындары, тікелей және жанама шығындар. Өндірілген өнімнің өзіндік құны туралы есеп. Релевантты және релевантты емес шығындар. Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі. Жоспарлау және бақылау үшін шығындардың жіктелуі. Жауапкершілік орталықтары есебі.



Тақырып 3. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу

Бюджеттік жоспарлау, жедел бюджеттер құру. Операциондық бюджет. Смета жасау реті. Табыстар мен зияндар қатынасы. Зиянсыздық деңгейін анықтау.


Тақырып 4. Өндірістің зиянсыздығын талдау
Өндірістің зиянсыздығын талдау. «Критикалық» нүктені анықтау.Табыстар мен зияндар қатынасы. Зиянсыздық деңгейін анықтау. Зиянсыздықтың экономикалық моделі. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі.
Тақырып 5. Шешімдер қабылдауды талдау

Басқарушылық шешімдер. Ұзақ мерзімді басқарушылық шешімдер. Қысқа мерзімді басқарушылық шешімдер. Басқарушылық бақылау. Басқарушылық шешімдерді талдау. Жобаларды талдау.Өндіріске инвестиция салу тиімділігі.




4 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде жазылады; «Басқару есебі 2» пәнінен курстық жұмыс осы пән бойынша толық курс оқылып біткеннен кейін барып орындалады:

Курстық жұмыстың мақсаты:



  • теориялық білімді кеңейту мен тереңдету;

  • пәнді игерудің сұрақтарын бір ізділікке сала отырып, өздік жұмыс жасау,
    қортындыларды түйіндеу

  • пән бойынша материалды жан-жақты, теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдап, өз ойын жүйелі түрде жеткізу.

Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.

Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ғылыми-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.


  1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі


Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына «Басқару есебі 2» курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.

Студент таңдалған тақырып бойынша «Басқару есебі 2» пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып, болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.

Тақырыпты тандау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді. Студентке тақырыпты таңдау құқығы берілген. Бір топ ішінде бірдей тақырыптағы жұмыстар үш реттен артық қайталанбауы тиіс. Сонымен қоса студент осы «Басқару есебі 2» пәніне қатысы бар, бірақ берілген тақырыптардың ішінде жоқ тақырып бойынша да тәжірибелік қызығушылығына байланысты курстық жұмысты орындауға мүмкіндігі бар.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен тандалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді.

6.Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар
Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылған, көлемі 30 бетке дейінгі қол-жазба текст.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы:

1 .тарау аты



  1. бөлім аты

  1. бөлім аты

Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.

Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында -3,0 см, оң жағында -1,0 см, жоғарғы жағында- 2,5см, төменгі жағында-2,0 см орын қалуы керек. Жұмыс бір түсті қаламмен немесе компьютерде теріліп жазылады.

Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:



  • титульдік бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар

Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.

Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.

Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.

Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.
7. Курстық жұмыстың мазмұны
Курстың жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.

Кіріспеде студент курстық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін үш-төрт бетте жазады.

Бірінші тарау теориялық сипатта жазылады. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбынан тәуелсіз түрде, онда қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы ілгерілемелі қаржылық есепті ұйымдастыру, қаржылық құралдардың есебі, бизнесті біріктірудің сұрақтары қарастырылады. Материалды статистикалық, анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.

Екінші тарау нақты бір тақырыптың өзекті түйінін ашуға арналады. Тақырыптың маңызды сұрақтары қарастырылады.

Үшінші тарауға қаржы есебін жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады.



Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.

Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Рекомендациялар орынды болғаны жөн. Енгізілген шаралардан болатын экономикалық тиімділіктің көрсетілуі жұмыс мазмұнын аша түседі.

Мысалы: «Өндірістің зиянсыздығын талдау» тақырыбына курстық жұмыстың мазмұны:

Кіріспе


1. Өндіріс зиянсыздығын талдаудың теориялық негіздері.

1.1.Зиянсыздықтың мазмұны және мәні

1.2. Өндіріс зиянсыздығының түрлері.

1.3. Зиянсыздықты есептеудің шетелдік тәжірибесі

2. Өндірістің зиянсыздығын талдау

2.1.Өндіріс зиянсыздығының экономикалық моделі

2.2. Өндіріс зиянсыздығының бухгалтерлік моделі

2.3. Зиянсыздықты анықтаудың әдістері

3. Өндіріс зиянсыздығын талдауды жетілдіру бойынша шаралар.

3.1.


3.2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар




8. Курстық жұмысты қорғау және бағалау.
Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).

Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.

Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.

Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:



  • зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;

  • жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;

  • сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;

  • жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;

  • жұмысты жақсы безендіріп, таза, қатесіз жазса.

Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда темендетеді:

  • курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;

  • жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;

  • қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.

Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.
9. Курстық жұмыстың тақырыптары.


  1. Кәсіпорында басқару есебін ұйымдастыру.

  2. Басқару есебінде шығындарды жіктеу

  3. Негізгі өндіріс есебі

  4. Көмекші өндіріс есебі

  5. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

  6. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе – үрдіс әдісі

  7. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі

  8. Стандарттық калькуляция

  9. Функционалды калькуляция

  10. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі

  11. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау

  12. Өндірістің зиянсыздығын талдау

  13. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау

  14. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау

  15. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау

  16. Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

  17. Өнімді өндіру және сату деңгейін талдау

  18. Дайын өнімнің есебі

  19. «Директ - костинг» әдісі

  20. Зиянсыздықтың бухгалтерлік моделі

  21. Зиянсыздықтың экономикалық моделі

  22. Негізгі бюджетті құрастыру

  23. Өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау

  24. Үстеме шығындар есебі

  25. Калькуляция объектілері және әдістері

  26. Бюджеттеу – қысқа мерзімді жоспарлау

  27. Тура және жанама, тұрақты және ауыспалы шығындар

  28. «Шығын – көлем - табыс» деңгейін анықтау

  29. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстарды өлшеу

  30. Басқарушылық шешімдерін қабылдау


10. Пайдаланылатын қайнар көздер тізімі


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы 2007ж.

  2. Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы, 2009

  3. Дәуренбекова, Ә.Н. Шығындарды басқару. Алматы, 2009

  4. Нургазина Ж.К. Управленческий учет Алматы 2014

  5. Турманидзе, Т.У. Анализ и диагностика финансово- хозяйственной деятельности предприятий. Алматы: LEM, 2011

  6. Никифорова Н.А., Тафинцева В.Н. Управленческий анализ. - Москва, 2013.

  7. Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж.

  8. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. I.-Қарағанды, 2009

  9. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009

  10. Кеулимжаев К.К. Финансовая отчетность.- Алматы, 2009

11.Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009

12.Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009

13.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009





жүктеу 181,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау