10.7. Докторантура бағдарламаларына іріктеу рәсімі
10.7.1. Докторантураға түсу емтихандары:
шет тілінен – 2018 жылғы 10-15 тамыз аралығында;
мамандық бойынша емтихан – 2018 жылғы 16-20 тамыз аралығында өткізіледі.
10.7.2 Түсу емтихандарын өткізу кезеңінде Университетте емтихан комиссиялары құрылады.
10.7.3 50 және одан да жоғары балл алу туралы ҚР БҒМ сертификатын алған жағдайда, талапкер екінші түсу емтиханына жіберіледі.
Мамандық бойынша түсу емтиханының нысаны – жазбаша. Жауапты дайындау мен жазуға бөлінетін уақыт – 120 минут.
Үміткердің жалпы түсу балы екі түсу емтиханының (шет тілінен емтихан және мамандық бойынша емтихан) сомасы секілді шығарылады.
10.7.4 Үміткер әрбір емтихан бойынша кемінде 50 балл жинаған жағдайда ғана, қабылдау комиссиясы оны докторанттар құрамына қабылдайды.
10.7.5 Түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл (екі емтихан бойынша кемінде 150 балл) алған адамдар мемлекеттік грант бойынша оқуға қабылданады.
Конкурстық балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, мамандық бойынша ең жоғары балл алған тұлғалардың оқуға түсу кезіндегі басым құқығы бар.
Таңдаған мамандықтың бейініне сәйкес келетін оқу жетістіктері ескеріледі: ғылыми мақалалар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысу үшін грамоталар/дипломдар, мамандық бойынша жұмыс өтілі.
10.8. Шетел азаматтарын магистратура мен докторантураға қабылдау
10.8.1 Шетел азаматтары үшін түсу емтихандары өзінде мыналарды қамтиды:
шет тілінен емтихан (ағылшын, неміс, француз);
әңгімелесу.
Ағылшын тілін білуді мына екі сертификаттың біреуі растайды:
IELTS, шекті балл – кемінде 6.0;
TOEFL ITP – кемінде 460 балл.
Неміс тілі:
Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, NiveauС1/С1 деңгейі);
TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі).
Француз тілі:
TestdeFranсaisInternational™ (TFI – оқылым және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес);
Diplomed'Etudesen Langue francaise (DELF, В2 деңгейі),
DiplomeApprofondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі);
Тestdeconnaissancedufrancaisе (TCF – кемінде 400 балл).
Шетел азаматтарының жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білімді алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
10.8.2 M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің магистратурасына немесе докторантурасына оқуға түскісі келетін шетел студенттері Application form (өтініш) толтырып, мына құжаттарды тапсыруға тиіс:
бакалавриат бағдарламасын бітіргені туралы қосымшасы бар диплом (түпнұсқа);
6 фотосурет 3х4 см;
өз елінен орыс не қазақ тілдеріне нотариалдық расталған аудармамен анықтама;
086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиялық түсірілім, егу картасының көшірмесі міндетті түрде);
шет тілінің деңгейін растайтын сертификат (бар болған жағдайда);
білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болған жағдайда);
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (өзімен бірге құжаттардың түпнұсқалары болуға тиіс);
сотталмағаны туралы анықтама.
Орта не жоғары білім туралы барлық шетелдік құжаттар Астана қаласындағы Болон процесі орталығында нострификациялау рәсімінен өтуге тиіс.
Көрсетілген тізім бойынша құжаттардың электрондық нұсқалары Қабылдау комиссиясының admission@kazguu.kz поштасына 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жіберілуі тиіс.
10.8.3 Визалық қолдау және шартқа қол қою.
Қабылдау комиссиясы студентке пошта арқылы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің ресми шақыру-хатын және өз еліндегі Қазақстан елшілігінде визаны алу туралы өтінішті беру үшін визалық қолдау нөмірін жолдайды.
Талапкер Қазақстанда болмаған жағдайда, Шартқа өз елінде қол қоюға және қол қойылған Шартты кейінгі рәсімдер үшін Қабылдау комиссиясына поштамен жіберуге болады (бұл ретте, пошталық қызметтерге шығындарды талапкерлер өтейді). Сондай-ақ Шартқа онлайн арқылы қол қою мүмкіндігі бар.
Визаны алғаннан кейін талапкер 2018 жылдың 24 тамызынан кешіктірмей Қазақстанға келіп, бірінші семестрдің оқу ақысын төлеуге тиіс. Бұл ретте, талапкер келмей тұрып, билеттің және төлқұжаттағы визаның сканерден өткізілген нұсқаларын Қабылдау комиссиясының менеджеріне жіберуге тиіс.
Қазақстанға келген күні (немесе келесі күні) талапкер ХҚКО заңгерінің журналында және көші-қон қызметінде тіркелуге тиіс.
10.8.4 Жатақхана. Үміткер жатақханада тұру туралы өтінішті Platonus электронды ақпараттық оқу жүйесі арқылы береді.
11. Қашықтықтан білім беру технологияларының қолдануымен сырттай оқу нысанына талапкерлерді қабылдау қағидалары мен рәсімі
11.1 5В030100 – Заңтану;
5В030200 – Халықаралық құқық;
5В050600 – Экономика;
5В050700 – Менеджмент;
5В050800 – Есеп және аудит;
5В050900 – Қаржы мамандықтары бойынша қашықтықтан білім беру технологияларының қолдануымен сырттай оқу нысанына түсетін талапкерлер M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қабылдау комиссиясына құжаттар топтамасын тапсыруға тиіс (7.2-тармаққа сәйкес).
11.2 M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не сырттай оқу нысанына ақылы негізде жеделдетілген оқу мерзімімен (2 жыл немесе 3 жыл) қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғарыда тізбектелген мамандықтарға түсетін, орта білімнен кейінгі білім (орта кәсіптік) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;
қосымшасы бар диплом және оның нотариалдық расталған көшірмесін қоса береді.
11.3. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не ақылы оқуға КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – 70 балдан кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен (3 жыл) қысқартылған білім бағдарламалары бойынша 3-қосымшада көрсетілген мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
12. Бакалавриат бағдарламаларына шетел азаматтары үшін Университетке оқуға түсуге қойылатын талаптар
12.1.1 Шетел азаматтарын білім беру бағдарламаларына қабылдау талапкердің өтініші негізінде және Университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін түсу емтихандарының нәтижелері бойынша іске асырылады.
Бакалавриатқа түскісі келетін шетел студенттері Application form (өтініш) толтырып, мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс:
Әңгімелесуден өту үшін:
төлқұжат көшірмесі;
жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат/қосымшасы бар диплом);
шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ не орыс тілдеріне нотариаттық расталған аудармасы;
туу туралы куәліктің көшірмесі және міндетті түрде ата-анасының біреуі болуы тиіс (егер талапкердің жасы 18-ге толмаған болса және ол Қазақстанда болса);
сотталмағаны туралы анықтама.
Әңгімелесуден өткен соң:
3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
комиссия шешімінің хаттамасы.
12.1.2 Талапкер құжаттардың көшірмелерін Қабылдау комиссиясының admission@kazguu.kz электрондық поштасына жіберіп, онлайн ұсына алады, бұл ретте талапкер құжаттардың түпнұсқаларын оқуға қабылданған кезде қабылдау комиссиясына ұсынуға міндеттенеді.
Талапкер оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрінде шетелдегі білім беру ұйымдарының білім туралы берген құжаттарын заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өткізеді.
12.1.3 Құжаттарды тапсыру мерзімдері.
Мына елдердің азаматтары үшін:
визалық режиммен 2018 жылдың 30 шілдесіне дейін;
визасыз режиммен 2018 жылдың 15 тамызына дейін.
12.1.4 Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар
Оқуға түсу үшін ағылшын тілін білу деңгейін анықтау үшін KAZGUU English Placement Test тапсыру қажет. Тестілеу құны Университеттің бағалар тізіліміне сәйкес анықталады.
Қабылдау комиссиясына Academic IELTS сертификатын (кемінде 3.0 балл - A2 Pre-intermediate және жоғары) ұсынған талапкер ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға тест тапсырмайды (7-бөлімге сәйкес).
12.1.5 Шетелден келген талапкерлермен әңгімелесу
Университеттің Жоғары мектептері (факультеттері) талапкерлермен әңгімелесу жүргізу үшін комиссияларды құрайды, бұл ретте, Мектеп (факультет) комиссия
Әңгімелесу өткен соң үш күн ішінде талапкерге әңгімелесу нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі (сайттағы тізім, электрондық пошта арқылы).
Талапкерге комиссияның шешімі туралы растау хат, визаны алу жөніндегі нұсқаулық, Platonus жүйесіндегі логин және медициналық сақтандыруды алу туралы ақпарат жіберіледі.
12.1.6 Визалық қолдау және шартқа қол қою.
Қабылдау комиссиясының менеджері студентке пошта арқылы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің ресми шақыру-хатын және өз еліндегі Қазақстан елшілігінде визаны алу туралы өтінішті беру үшін визалық қолдау нөмірін жолдайды.
Талапкер Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған жағдайда, Шартқа өз елінде қол қоюға және қол қойылған Шартты кейінгі рәсімдер үшін Қабылдау комиссиясына поштамен жіберуге болады (бұл ретте, пошталық қызметтерге шығындарды талапкерлер өтейді). Сондай-ақ Шартқа онлайн түрде қол қою мүмкіндігі бар.
Визаны алғаннан кейін талапкер 2018 жылдың 24 тамызынан кешіктірмей Қазақстанға келіп, бірінші семестрдің оқу ақысын төлеуге тиіс. Бұл ретте, талапкер келмей тұрып, билеттің және төлқұжаттағы визаның сканерден өткізілген нұсқаларын Қабылдау комиссиясының менеджеріне жіберуге тиіс.
Қазақстанға келген күні (немесе келесі күні) талапкер ХҚКО заңгерінің журналында және көші-қон қызметінде тіркелуге тиіс.
12.1.7 Жатақхана. Үміткер жатақханада тұру туралы өтінішті Platonus электронды ақпараттық оқу жүйесі арқылы береді.
12.2 ЭЖМ үшін математикадан білімге қойылатын талаптар
12.2.1 ЭЖМ-ның Экономика, Қаржы, Есеп және аудит және Менеджмент мамандықтарына оқуға түсу үшін математикадан ішкі емтиханды тапсыру қажет. Егер талапкер қабылдау комиссиясына GMAT сертификаттарын, сондай-ақ International Baccalaureate(IB) бітіру және Cambridge International AS and A Levelqualification(CIE) тапсыру туралы растайтын құжаттарды ұсынатын болса, ол ішкі емтиханды тапсырудан босатылады.
7-кесте. Математикадан түсу талаптары
Мамандық
|
Ішкі емтихан
|
GMAT
|
IB
|
Кембридж тест тапсырмалары
|
5В050600 – Экономика
5В050900 – Қаржы
5В050800 – Есеп және аудит
|
40-тан 25
|
100%-дан 30%
|
В-
|
В-
|
5В050700 – Менеджмент
|
40-тан 15
|
100%-дан 30%
|
В-
|
В-
|
12.2.2 ЭЖМ мамандықтарына Университеттің ішкі жеңілдіктерін беру.
Жеңілдік алу үшін талапкер мыналарды ұсынуға тиіс:
1-кезең:
- Мотивациялық хат (оқу үшін неліктен КАЗГЮУ Университетін таңдағаныңыз жөнінде және неліктен Университет сізді таңдауға тиіс);
- CV (түйіндеме мақсаты, өзінің жеке мінездемесі, оқу жетістіктері).
2-кезең.
- комиссия мүшелерімен ағылшын тілінде әңгімелесу (онлайн не оффлайн өткізілуі мүмкін).
Екі кезең қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен ең көп балл жинаған талапкерлерге жеңілдіктер беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті беру күні - 2018 жылдың 30 шілдесінен кеш емес.
Грант тағайындау күні - 2018 жылдың 10 тамызынан кеш емес.
12.3 ҚЖМ мамандықтары үшін Университеттің ішкі жеңілдіктерін беру
12.3.1 Жеңілдіктер алу үшін:
5В030100 - Заңтану;
5В030200 - Халықаралық құқық;
5В030300 - Құқық қорғау қызметі мамандықтарына оқуға түсетін талапкерлер мынадай түсу емтихандарын тапсыруға тиіс:
1-кезең.
«Заңдылық пен әділдік ұғымдарының арақатынасы» тақырыбына эссе жазу.
Эссе жазуға қойылатын талаптар:
- эссені IRAC (issue-rule-applicability-conclusion) әдісінің құрылымы бойынша баяндау: мәселе, ереже, қолданылуы/талдау, қорытынды;
- көлемі - кемінде 200 сөз;
- жазу тілі - таңдау бойынша: қазақ, орыс, ағылшын - Қабылдау комиссиясының admission@kazguu.kz электрондық мекенжайына жіберу.
2-кезең. Әңгімелесу.
Талапкердің ауызша әңгімелесуі кезінде оның талдау, өз көзқарасын тұжырымдау және оны дәлелдеу дағдысы тексеріледі.
Әңгімелесу көзбе-көз және онлайн өткізілуі мүмкін.
12.3.2 Комиссияның шешімі Университет сайтында орналастырылады және талапкердің электрондық поштасына әңгімелесу өткен соң үш күн ішінде жіберіледі.
12.3.3 Екі кезең қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен ең көп балл жинаған талапкерлерге жеңілдіктер беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті беру күні - 2018 жылдың 30 шілдесінен кеш емес.
Грант тағайындау күні - 2018 жылдың 10 тамызынан кеш емес.
13. Өзге шарттар
13.1 Осы Қағидаларға кез келген өзгерістер мен толықтырулар M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасымен келісу бойынша ғана енгізіледі.
Осы құжаттың түпнұсқасы Студенттерді жинау және оқуға қабылдау бөлімінде сақталады, ал белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері құрылымдық бөлімшелердің басшыларына беріледі.
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |