М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Институт директоры
___________________
қолы аты-жөні
«__»__________ 200_ж.
Экономика және басқару институты
«Экономика және кәсіпкерлік » кафедрасы
Туризм
Мемлекеттік және жергілікті басқару
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Еңбек нарығы экономикасы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 3
Семестр – 5
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 5-ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал
2006 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені ______________________________________
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы(лар): _______________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
___________________кафедрасының отырысында бекітілді.
“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні)
_________________факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Курс бағдарламасына (Sillabus) 200_ / 200_ оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
Курс бағдарламасына келесі өзгертулер (толықтырулар) енгізілді:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Курс бағдарламасы __________________ кафедрасының отырысында қарастырылып мақұлданды.
“___” ______________200__ ж. № __хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
_________________факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
1. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы туралы мәлімет
Муханова Райгүл Ғарифоллақызы – оқытушы
Офис: « Экономика және кәсіпкерлік » кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Достық 218/1
Жұмыс телефоны: 53-58-46 (104)
Е-mail: жоқ
1.2 Пән туралы мәлімет
Еңбек нарығы экономикасы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 2 корпус
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
5
|
3
|
30
|
15
|
45
|
-
|
90
|
емтихан
|
1.3 Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: 1990 жылдары Қазаќстан Республкасында еңбек нарығы толығымен қалыптасып аяқталды. Осыған байланысты қазіргі қазақстандық экономикадағы еңбек нарығының ќалыптасуы мен ќызметінің ерекшеліктері туралы зерттеулер маңызды келбет алады.
Қазақстандық еңбек нарығынан жұмыс істеуі басқалар сияқты өз кезегінде қолдан жасалған көптеген әлеуметтік- экономикалық факторлар әсерінен алынды. Еңбек нарығында процесті реттеу механизімін жасап шығару үшін қазіргі этапта еңбек нарығының ќызмет етуіне әсер ететін соңғы өзгерістерді де ескеру қажет.
Егер батыстық зерттеушілер мен капиталистік ќатынастар даму мен өзгеруі жағдайында ќарастырса, ресейлік және қазақстандық экономистер еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуї ерекшеліктеріне өтпелі экономикада қарастыруға көп көңіл бөледі.
Бірақта Қазақстанның өз ерекшеліктері бар экономикадағы заңдылықтарының қалыптасуы мен даму зерттелмей қалды.
“Еңбек нарығы экономикасы” курсының зерттеу таќырыбы – біріккен еңбектің барлық стадясында объекттер арасындаѓы құқықтық ќатынастар жиынтығы.
Курс мақсаты: Студенттер оқу барасында еңбек нарығының даму заңдарын, жұмыс істеу механизмін, негізгі әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет. Наќты бір облыс көлемінде еңбек нарығын зерттеу, оған әсер ететін факторларға анализ жасай алулары керек.
Курс міндеті: жаңа жағдайда еңбек нарығы әсерін экономикалық категория ретінде ашу.
еңбек нарығы ерекшеліктерін табу.
еңбек нарығының типологиясын анықтау
Қазаќстандық және ресейлік еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуының негізгі факторларын табу және оларды зерттеу.
еңбек нарығы принциптерін жасау
Қазаќстан Республикасы мен Ресейдің қазіргі экономикасында еңбек нарығының ќызмет етуї мен реттеудің маңызды ерекшеліктері.
еңбек нарығын реттеу және қызмет етуінің аймақтық ерекшеліктері.
(Батыс Ќазаќстан облысы бойынша)
Адам қоғамының дамуы логикалық жағынан экономикалық және қоғамдық қатынастар дамуын әлеуметтік-экономикалық құрылым ретінде ќарайды, ол отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегіне арқау болған концепциялар мен гипотезаларында көрініс тапқан. Экономикалық құбыластар мен процестерді зерттеуде статистикалық, графикалық, жүйелік тәсіл, анализ және синтез сияқты тиымдық әдістер қолданылады.
2.4 Сабақ мазмұны мен кестесі
Апта 1.
Кредит сағат-1.
Тақырып 1.Еңбек нарығы туралы түсінік.
Дәріс мазмұны:
1.1. Еңбек нарығы туралы түсінік.
1.2. Еңбек үшін адам ресурстарын зерттеу
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Кредит сағат-2.
Тақырып 2. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Дәріс мазмұны:
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
2.2. ҚР-сы халықаралық деңгейдегі,ЕО,ТМД бойынша еңбек нарығы жағдайлары.
Ұсынылатын әдебиет.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: ҚР жеке еңбек шарты туралы .
Жеке еңбек туралы түсінік және жеке еңбек келісім шартының мазмұны.
Жеке еңбек келісім шартын бекіту.
Жеке еңбек келісім шартын тоқтату.
Жеке еңбек келісім шартын бұзу.
Кредит сағат-3.
Практикалық сабақ мазмұны:
Тақырыбы: Еңбек өндіріс факторы және нарықтық қатыныстар объектісі ретінде.
Еңбек ресурстары және еңбек потенциалы еңбек көзі ретінде.
Тұрғындардың экономикалық белсенділігі. Жұмыс күші.
Еңбектің өзге өндіріс факторларымен қарым-қатынасының нәтижесінде туындаған экономикалық қатынастар.
СРСП мазмұны: өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Апта 2.
Кредит сағат-1.
Тақырып 3. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Дәріс мазмұны:
3.1. Мальтузияндық теориясы
3.2 Кейнстік теориясы
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: ҚР ұжымдық келісім шарт туралы.
Ұжымдық келісім шарт туралы түсінік.
Ұжымдық келісім шарты құрылымы мен мазмұны.
Ұжымдық келісім-шарттың қызмет аясы мен мерзімі.
Ұжымдық келісім-шарт жасаудағы келісім қатысушыларына берілетін кепілдеме.
Ұсынылған әдебиеттер.
Кредит сағат-2.
Тақырып 4. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
Дәріс мазмұны:
4.1. Жұмысшы күшіне сұраныстың өсу факторы.
4.2 Еңбек нарығында жұмысшы күшін ұсынудың ерекшеліктері.
4.3 Еңбек нарығындағы жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныстың өзара қарым- қатынасы.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Жұмыс күшіндегі сұраныс пен ұсыныстың динамикалық факторлары
Кредит сағат-3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Еңбек нарығы түсінігі, құрылымы қызмет ету механизмі мен ерекшелігі.
Еңбек нарығы түсінігі.
Еңбек нарығының құрылымы.
Еңбек нарығының қызмет ету механизмі.
Еңбек нарығы қызметінің ерекшеліктері.
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Апта 3.
Кредит сағат-1.
Тапсырма 5. Жұмыссыздық
Дәріс мазмұны:
5.1 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
5.2 Жұмыссыздық туралы түсінік
5.3 Жұмыссыздық көрсеткіштері
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны
Тақырыбы: Жұмыс уақыты және демалыс күндері туралы
Жұмыс уақыты туралы түсінік.
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату.
Жұмыс аптасы мен күнделікті жұмыстың жалғасуы.
Түнгі уақыттағы жұмыс.
Жұмыс уақытын есепке алу.
Демалыс пен тамақтануға арналған үзіліс және арнайы үзілістер.
Демалыс күндер. Демалыс күндері жұмысқа жұмылдырылуы.
Кредит сағат-2.
Тақырып 6. Жұмыссыздық
Дәріс мазмұны:
6.1. Жұмыссыздықтың түрлері
6.2. Фрикциондыќ, құрылымдыќ, циклдық, маусымдық, жасырылған жұмыссыздық.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат-3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Еңбек нарығындағы жұмыс күші: сұраныс факторлары.
Жұмыс күшінің сұранысы: мазмұны, құрылымы.
Жұмыс күші сұранысының қалыптастырушы факторлары.
СРСП мазмұны: Жеке жұмыстар тексеру
Ұсынылатын әдебиеттер.
Апта 4.
Кредит сағат-1.
Тақырып 7. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары
7.1 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары
7.2 Жұмыссыздықпен күресу шаралары
7.3 Әлеуметтік қорғау принциптері
Дәріс мазмұны;
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуында жұмысшылар құқықтары.
Жұмысшы құқығы мен міндеттері.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғалу аясындағы құқығы мен міндеттері.
Кредит сағат-2
Тақырып 8. Әлеуметтік қорғаудың мәселелері
Дәріс мазмұны:
1 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдік
2 Тұрғындар табысын индексациялау
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Еңбек нарығындағы жұмыс күші: ұсыныс факторлары.
Жұмыс күшінің ұсынысы: түсінігі, құрылымы, іске асу деңгейі.
Жалақы және еңбек ұсынысы.
Ғылыми техникалық революция: жұмыс күшінің шоғырлануы
СРСП мазмұны: Есептер шығару.
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 5.
Кредит сағат- 1
Тақырып 8. Әлеуметтік қорғаудың мәселелері
Дәріс мазмұны:
3. Күн көру деңгейі
4. Тұтыну бағасын индексациялау
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: ҚР-дағы жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің рөлі туралы.
Кредит сағат- 2
Тақырып 9. Тұрғындардың табысы және оның құрылымы
Дәріс мазмұны:
9.1 Табыстың негізгі түрлері
9.2 Тұрғындардың негізгі түсу көздері.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Жұмыссыздық және инфляция.
Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және факторлары.
Инфляция мазмұны, нәтижесі және жұмыссыздықпен өзара байланысы.
Жұмыссыздықтың экономикалық нәтижелері.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымға тигізетін ықпалы
СРСП мазмұны: Жеке тапсырмаларды тексеру
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 6.
Кредит сағат-1.
Тақырып 11. Халықаралық жұмыс күші миграциясы
Дәріс мазмұны:
11.1 Халықаралық жұмыс күші миграциясы
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Жұмыс көздерін ұйымдастыру үшін жаңа бизнес-жоспар құру
Кредит сағат- 2.
Тақырып 12. Еңбек қарым-қатынастар
Дәріс мазмұны:
12.1. кәсіпорынның кадр саясаты
12.2. кәсіпорын қызметкерлер
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Есептер шығару.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Әлеуметтік партнерство әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жүйесі ретінде.
Әлеуметтік серіктестік.
Әлеуметтік серіктіетіктің объективті алғышарттары және пайда болу жағдайлары.
Әлеуметтік серіктестік жүйесіндегі мемлекеттің рөлі.
Әлемдегі әлеуметтік серіктестік.
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Ұсынылатын әдебиеттер
Аралық бақылау.
Апта 7.
Кредит сағат-1.
Тақырып 13. Еңбек қарым-қатынастар
Дәріс мазмұны:
13.1. Өнеркәспітік-өндірістік қызметкерлердің классификациясы
13.2. Кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы.
Экономикалық теориялардағы жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселелері. Классикалық және неоклассикалық теория.
Марксистік теория.
Кейнстік теория.
Монитористік теория.
Неоклассикалық синтез.
Әртүрлі елдер практикасында теориялардың пайдаланылуы.
Кредит сағат - 2
Тақырып 14. Еңбек қарым-қатынастар
Дәріс мазмұны:
14.1 Кадрларды іріктеуде қолданылатын әдістер
14.2.А. Маслоу ұсынған қажеттілік иерархиясы
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өтпелі экономикадағы еңбек нарығының сұранысы пен ұсынысының негізгі факторларын атап шығу.
Кредит сағат - 3
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырып: Еңбек нарығындағы мемлекеттік реттеу. Жұмыспен қамтудағы мемлекеттік емес құрылымдар.
Еңбек нарығындағы процестерді реттеудегі мемлекеттің ролі.
Еңбек нарығындағы мемлекеттік реттеу инфраструктурасы және оның функциялары.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік емес құрылымдардың ролі.
СРСП мазмұны: Өтпелі экономикадағы еңбек нарығының сұранысы пен ұсынысының негізгі факторларын атап шығу.
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 8.
Кредит сағат- 1
Тақырып 23. Еңбек нарығы экономикасының негізгі индикаторлары
Дәріс мазмұны:
23.1.Еңбек өнімділігі.
23.2.Еңбек өнімділігін өлшеу шарттары мен факторы.
23.3.Еңбек нәтижелігі (тиімділігі).
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: Еңбекті нормалау және еңбек төлемі.
Еңбекті нормалау туралы түсінік.
Жұмыс уақытының қалыпты жалғасуы.
ҚР-дағы мереке күндер.
Еңбек төлемі қандай жағдайда беріледі.
Орта жалақы беру кезінде ескерілмейтін төлем қатары.
Кредит сағат-2
Тақырып 24. Еңбек биржасы
Дәріс мазмұны:
24.1. . Еңбек биржасы туралы түсінік
24.2. Жұмыс күшін жалдау
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Еңбек нормасы, оның ќұрылмы мен түрлері
Кредит сағат- 3
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырып: Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі ХЕҰ-ның ролі.
ХЕҰ-ның жарғысы және оның әлеуметтік еңбек қатынастарын және олардың реттелуі жөнінде декларациясы.
ХЕҰ-ның конвенциялары мен ұсыныстарындағы әлеуметтік еңбек қатынастарының реттелуі.
ХЕҰ органдарының әлеуметтік еңбек келісімдерін реттеудегі маңызы.
СРСП мазмұны:Сөзжұмбақ құрастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 9.
Кредит сағат- 1.
Тақырып 19. Еңбек пен демалыстың ұтымды тәртібі
Дәріс мазмұны:
19.1. Еңбекті нормалаудың мағынасы мен ролі, еңбек нормативтері
19.2. Еңбек мөлшері, құрылымы және түрлері.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны. Қосымша еңбек қажеттілігіне анықтама.
Кредит сағат- 2.
Тақырып 20. Еңбек пен демалыстың ұтымды тәртібі
Дәріс мазмұны:
20.1. Жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уаќыт. Еңбек және демалыс тєртібінің классификациясы, ішкі мауысымдық, күндік, апталық, айлық, жылдық еңбек және демалыс тәртібі
20.2 Қысқартылған жұмыс аптасы. Жұмыс уақытына бейімдеу тәртібі. үйде жұмыс жасау
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: Міндетті әлеуметтік сақтандыру.
Еңбекке жарамдылықтан айырылу туралы түсінік.
Асыраушынан айырылу.
Жұмыстан айырылғандағы әлеуметтік төлем.
Жұмыс беруші есебінен әлеуметтік қамту.
Уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақы.
Жүктілік және тууына байланысты жәрдемақылар.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Әлеуметтік қорғаудың негізгі элементтері.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі.
Нарық жағдайында тұрғындарға көрсетілетін қолдау.
СРСП мазмұны: Бақылау жұмысын өткізу.
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 10.
Кредит сағат- 1.
Тақырып 21. Жұмыс орнын ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
21.1. Жұмыс орны туралы ұғым.
21.2. Жұмыс орны түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Жұмыс орны құрылымы.
Кредит сағат - 2.
Тақырып 22. Жұмыс орнын ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
22.1. Жұмыс орнын ұйымдастру, жоспарлау, жабдықтау және қызмет ету.
22.2 Жұмыс орнын аттестациялау. Жұмыс орнын жетілдірудегі іс-шаралар.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Кредит сағат-3
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Жұмысбастылықтың әлеуметтік кепілдері.
Жұмыссыздарға көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың түрлері мен әдістері.
Жұмыссыз тұрғындардың кәсіби білім көрсеткіштері.
СРСП мазмұны: Еңбек бойынша нормативтер
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 11
Кредит сағат- 1.
Тақырып 25 Еңбек аќы төлеу және еңбек мотивациясының ќазіргі практикасы
Дәріс мазмұны:
1. Жалақы мәні түрлері мен жүйесі
2. Жалақы ұйымдастырудың негізгі принциптері мен элементтері
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат- 2.
Тақырып 26. Еңбек аќы төлеу және еңбек мотивациясының ќазіргі практикасы
Дәріс мазмұны:
26.1.Мерзімді жалақы
26.2. Кесімді жалақы
26.3 Есеп айырысудың нормативтік тәсілі
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Өтпелі экономика жағдайындағы еңбек ақы.
Нарықтық қатынастар жүйесіндегі еңбекақы мәні.
Еңбекақы қызметі және оның бөліну принципі.
СРСП мазмұны: Түрлі жағдайларға байланысты тапсырмалар орындау.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Апта 12.
Кредит сағат- 1.
Тақырып 27. Еңбек аќы төлеу және еңбек мотивациясының ќазіргі практикасы .
Дәріс мазмұны:
27.1.Мемлекеттік мекемедегі ќызметкерлердің еңбек аќысын төлеу жүйесі.
27.2. Еңбек аќы төлеуді ұйымдастыру түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Тарифтік жүйеніњ мәні мен элементтері
Кредит сағат- 2.
Тақырып 28. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті
Дәріс мазмұны:
28.1.Еңбек қауіпсідігі және Еңбекті қорғау.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Ќызметкерлерге сыйаќы беру жүйесі.
Кредит сағат-3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Қазақстандағы жалақыны мемлекеттік реттеу.
Нарықтық экономика жағдайында жалақыны реттеу принциптері мен қажеттіліктері.
Қазақстандағы еңбекақы реформасының заңдылық негізі.
Минималды жалақы мен есептесу көрсеткішін қалыптастыру.
Қазақстандағы жалақыға салынатын салық.
СРСП мазмұны: Бақылау жұмысын жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Апта 13.
Кредит сағат- 1.
Тақырып 15. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын реттеу
Дәріс мазмұны:
15.1.Еңбек нарығын реттеудегі Қазақстан Республикасындағы заңдар, перспективалар.
15.2.Қазіргі этапта еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер;
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат- 2
Тақырып 16. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын реттеу
Дәріс мазмұны: .
16.1 Қазақстандағы еңбек ресурсы миграциясын мемлекеттік реттеу ерекшелігі.
16.2.Еңбек нарығын реттеудегі аймақтық аспект (БатысҚазақстан облысы көлемінде).
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтар бойынша есептесу.
Кредит сағат-3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Негізгі нәтижелері үшін төленетін сыйақы түрлері мен жүйелері.
Еңбекақының уақытша жүйелері.
Кәсіпорындардағы еңбекақының келісім шарт түріндегі жүйесі.
Жалақының тарифсіз жүйесі.
Сыйақы жүйесі.
Еңбекақының мәмлелік жүйесі. Жеке еңбек шарты.
СРСП мазмұны: Бақылау жұмысын өткізу.
Ұсынылатын әдебиеттер
Апта 14.
Кредит сағат- 1.
Тақырып 17. Қазақстан Республикасында экономика саласы бойынша еңбекті қорғауды жақсартудағы негізгі бағыттар
Дәріс мазмұны:
17.1. Еңбек шарты, оны бағалау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралары.
17.2 Еңбек шарты туралы ұғым.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны:
Тақырыбы: Әлеуметтік серіктестік міндеттері.
Әлеуметтік серіктестік міндеттері туралы түсінік.
ҚР-ғы әлеуметтік серіктестік міндеттер.
Әлеуметтік серіктестік ұйымы.
Әлеуметтік серіктестіктің республикалық, салалық және аймақтық деңгейіндегі келісілетін құжаттар.
Кредит сағат- 2.
Тақырып 18. Қазақстан Республикасында экономика саласы бойынша еңбекті қорғауды жақсартудағы негізгі бағыттар
Дәріс мазмұны:
18.1. Еңбек шартының психо-физиологиялық,санитарлы-гигиеналық, эстетикалық, әлеуметтік-психологиялық факторлар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Эссе.
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Қазақстанда әлеуметтік серіктестіктердің дамуы.
Әлеуметтік серіктестік жүйесіндегі Бас келісім шарттың ролі.
Тарифтік келісім шарттың салалық және аймақтық сипаттамасы.
Кәсіпорындағы ұжымдық келісім шарт.
СРСП мазмұны: Бақылау жұмысын өткізу.
Ұсынылатын әдебиеттер
Аралық бақылау
Апта 15
Кредит сағат- 1.
Тақырып 29. Еңбек нарығындағы кәсіподаќтар.
Дәріс мазмұны:
29.1. Еңбек нарығындағы кәсіподаќтар
29.2. Кәсіподаќтар және коллективтік келісімдер.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Еңбек аќы төлеудің мәні және ќалыптасуы
Кредит сағат- 2.
Тақырып 30. Еңбек нарығындағы кәсіподаќтар.
Дәріс мазмұны:
30.1. Нарыќтыќ ќысымды жұмсартудағы кәсіподаќтардың саясаты.
30.2. Жалаќыны көтерудегі кәсіподаќтыќ әдіс-тәсілдер, кәсіподаќтардың еңбек өнімділігіне және кірісіне әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер.
СРС мазмұны:
СРСП мазмұны: Еңбек аќы төлеудің мәні және ќалыптасуы
Кредит сағат- 3.
Практикалық жұмыс мазмұны:
Тақырыбы: Жалақыны ұйымдастырудағы шетел тәжрибелері.
Жапониядағы өмірлік жалға алу жүйесі.
Франциядағы бонустар жүйесі.
Шетелдерде икемді еңбекақының дамуы.
СРСП мазмұны: Өткен сұрақтарға жауап беру.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Еңбек нарығы экономикасы пәні 1 семестрге жоспарланған. 7 аптаның соңында студенттерге бірінші рейтенг (max 30%), 15 аптаның соңында екінші рейтенг (max 30%) шығарылады.
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
«Ең бек нарығы экономикасы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
0,2
|
3
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
2
|
Жеке тапсырма
|
6
|
12
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
3
|
Бақылау жұмысы
|
5
|
30
|
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
4
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
0,25
|
3
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
5
|
Дәріске қатысуы
|
04
|
6
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
6
|
Коллоквиум
|
3
|
6
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
7
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:
курстық жобалардың (жұмыстардын) тақырыптары,
графикалық- есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.,
орындалу уақыты,
бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, есептер, рефераттар, баяндамалар т.б.).
Төменде мысал келтірілген
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
3 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Реферат және баяндама
|
2
|
Оппонент болуы
|
Баяндама жасау
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
4 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Семинарда жауап беруі
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабылетін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты
|
№4 семинар
№10 семинар
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады
|
Жазба жұмысын тексеру
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексер
|
|
|
Тест
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Экономика және кәсіпкерлік»
Тьютор Муханова Райгуль Ғарифоллақызы
(аты-жөні)
Пән Еібек нарығы экономикасы
(пән атауы)
Кредит саны - 3
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
А. И. Рофе Рынок труда. Учебник для вузов – М.: «МИК», 2003
|
5
|
-
|
0,22
|
-
|
|
2
|
Б. Қ. Сәлімбаева, Д. Т. Досхожаев Еңбекті мөлшерлеу. Оқу құралы – Алматы: «Экономика», 2001
|
2
|
-
|
0,09
|
-
|
|
3
|
Ермеккалиев Ш. Б., Ермеккалиев К. Ш. Рынок труда в Казахстане: состояние, проблемы и механизмы регулирования. Учебное пособие – Уральск, 2005 г.
|
4
|
-
|
0,18
|
-
|
|
4
|
В. Н. Чапек, В. А. Долгодушев Рынок труда – Ростов-на-Дону: «Феникс», 2005 г.
|
8
|
-
|
0,36
|
-
|
|
6
|
|
4
|
-
|
0,18
|
-
|
|
5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
5.1. Дәрістердің тезистері
Кіріспе.
Еңбек экономикасы – жұмыс күші тауар ретінде қарастырылатын экономикалық теорияның жеке бөлімі. Еңбек әрбір экономикада және әр уақытта маңызды өндіріс факторы болып қалады.
Нарықтық экономика – тауар мен қызмет көрсетулердің сұранысы мен ұсыныс үйлесімін қамтамасыз ететін әртүрлі нарық жүйесіне негізделген қоғамның экономикалық ұйымының формасы. Бұл нарық жүйесінде басты орынды алатын негізгі өндіріс факторы – еңбек. Еңбек нарығында жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілер қызығушылықтары кездеседі. Еңбек нарығында кездесетін мемлекет тұрғындарының қарым-қатынасы әлеуметтік-экономикалық сипатта болады. Еңбек нарығының механизмі арқылы тұрғындардың жұмысбастылығы мен еңбекақы деңгейі орнатылады. Еңбек нарығындағы жағымсыз процесстердің бірі – жұмыссыздық болып табылады.
Тұрғындардың жұмысбастылығы халықтың ұдайы өндірісіне қажетті шарт болып табылады. Себебі, халықтың өмір сүру деңгейі, кадрларды дайындау, қайта дайындау, жұмысқа орналастыру осыған байланысты. Сондықтан да халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, еңбек ресурстары сияқты мәселелер мемлекет экономикасына актуалды. Еңбектің функционалды заңдылығы мен тиімділігін зерттейтін «Еңбек нарығының экономикасы» пәні болып табылады.
«Еңбек нарығының экономикасы» пәнінің басты мақсаты – еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық қарымқатынасты: халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, еңбек ресурстары; ұсыны пен сұраныс жүйесі, дамуы; еңбекті мөлшерлеу және оны жоғарылату; әлеуметтік қорғау мәселелерін туралы түсінік беру.
«Еңбек нарығы экономикасы» пәні бойынша дәрістер жинағы «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Туризм» мамандықтары бойынша оқытылатын студенттерге арналған
I тарау. Еңбек нарығының жалпы сипаттамасы.
1. Еңбек нарығы туралы түсінік.
Еңбек нарығы – бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың саны бойынша, кәсіби-білктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек рыногында айқын көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл шаруашылығымен айналасатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саласында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады.
Ауыл шаруашылығында жұмыс пен қамту АҚШ- да 1955 –ші жылы 6,5 млн. адамнан 1990 –шы жылы 3,2 млн. адамға қысқарды, ол қызмет көрсету саласында 1955-ші жылы 30,1 млн. адамнан 1990 –шы жылы 85,3 млн. адамға артып, жалпы жұмыспен қамтылғандардың 75 % құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991-ші жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің 51 % құрады.
Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін байқатады. АҚШ -да 1980 –шы және 1992-ші жылдардың аралығында орташа білім алған адамдардың саны өсті және жұмыс күшінің жоғарғы білім алғандар мен толық алмағандар 21 % дан 38 %-ға үлесі артты. Демографиялық құрлым бойынша әйелдерді жұмыс күші құрылымына тезрек тарту байқалады. АҚШ-да әйелдердің экономикалық деңгейге қатысуы 1980 –шы жылы 34 % дан 1992 –ші жылы 60 % ға артты.
2.Еңбек нарығындағы сауда объектісі
2.1 «Еңбек» және «жұмыс күші» түсініктер туралы
2.2 Еңбек нарығының қызмет ету шарттары
2.1.Еңбек нарығы теориясында еңбек нарығындағы сауда объектісі туралы мәселесі ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі отандық ғылыми әдебиетінде бүгінгі уақытқа дейін еңбек нарығында сауда объектісі болып табылады деп есептелінетін марксистік қағидаларына негізделген еңбекке қабілеттілік ретінде еңбек күші туралы түсінік кең тараған. Алайда «еңбекке қабілеттілік» және «еңбек» деген түсініктердің мағнасы тең емес.
«Еңбек» түсінігін құбылыс ретінде саналы (әдейі), белгілі мақсатқа арналған, жасампаз, заңды және қоғамға қажетті адамдардың қызметі ретінде қарастыруға болады.
«Жұмыс күші» терминнің мағынасы әртүрлі болғандықтан оның пайдалануын қиындатады. «Жұмыс күші» деген түсінікке мынадай анықтамалар беруге болады:
«Жұмыс күші» – бұл «әртүрлі қажетті заттарды өндіруге пайдаланылатын тірі адамның физикалық және рухани қабілеттіліктер жиынтығы» деген анықтаманы К. Маркс берген.
Алайда жұмыс күші бұл адамдардың әртүлі категориялары деуге болады. Осы тұрғыдан жұмыс күші терминіне мынадай бірнеше анықтамалар беруге болады:
Еңбек нарығын қазіргі американдық зерттеушілер «Жұмыс күші түсінігіне жасы он алтыдан асқан және жұмыс істеп жүрген, немесе бос жұмыс орнын белсенді түрде іздеп жүрген, немесе жұмыстан шығарылып қалған жағдайда басқа жұмыс орнына орналаса аламын деп жүрген жұмыскерлерді жатқызады»
Халықаралық еңбек бюросының басылымдарында жұмыс күшіне жалпы еңбекшілер жатқызылады.
Профессор А. Л. Жуков жұмыс күшіне жұмыс істеп жатқан ғана жалдамалы жұмыскерлерді, сонымен бірге, жалдамалы жұмысты іздеуші болып жүрген адамдарды жатқызады.
Жоғарыда берілген анықтамаларында «жұмыс күші» сөз тіркесінің мағынасы әртүрлі болып келеді.
Сонымен, жұмыс күшін еңбекке қабілеттлік деуге бола ма? деген орынды сұрақ туындайды. К. Маркстың пікірі бойынша еңбек нарығында жұмыс беруші пайдаланатын еңбек емес, еңбекке қабілеттілік, яғни жұмыс күші сатылдады.
Расында, еңбек нарығында жұмыскер мен жұмыс беруші не туралы келіседі? Олар алда болатын еңбек туралы және осы еңбек үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары туралы келіседі. Себебі жұмыс берушіге жүзеге асырылмаған еңбекке қабілеттіліктің қажеті жоқ. Жұмыс берушіге өндіріс факторларының бірі ретінде еңбекпен оның нәтижесі қажет және ол жүзеге асырылған үшін ақы төлейді. Кәсіпкер тұрғысынан келетін болсақ жұмыскер еңбекке қабілеттілік үшін емес, жүзеге асырлған нақты еңбек үшін ғана, яғни белгілі бір орындалған жұмыс үшін жалақы алады.Шын мәнінде қазіргі еңбек нарығында еңбекке қабілеттілік ретінде жұмыс күші сатылады деген көз қарас дұрыс емес. Қазіргі экономикалық тұрғыдан келетін болсақ еңбек нарығында еңбекке қабілеттілік жұмыс күші ретінде сатылмайды. Еңбек нарығында еңбек сатылады, ал еңбек ақы еңбектің бағасы болып табылады, оның ақшалай эквивалентісі, еңбекті пайдаланылған үшін төлем.
2.2 Нарықтық қатынастар нарық қызмет етуінің бірқалыпты шарттарын белгілейтін сұраныс пен ұсыныс деген экономикалық заңдарына бағынады. Жоғарыда айтылғанына сүйене отырып заңды нарықтық келісімдерді жүзеге асыру үшін сақтауға міндетті бірнеше қағидалар тұжырымдауға болады. Еңбек нарығында не сатылады деген мәселені шешуге көмектесетін мынадай қағидалар болып келеді:
1) Кез келген нарықта сатып алушыда жоқ, бірақ сатып алғысы келетін, ал сатушыда бар және сатқысы келетін заттың сауда-саттық процесі жүзезеге асырылады.
2) Әртүрлі сауда-саттық процесінің нәтижесінде саудаға шығарылған заттың меншік иесі ауысады.
3) Меншік иесі жалға алушы мен арендатордан өзгеше болып көрінеді, яғни оның ие болған объектісімен иелік істеуге құқығы бар.
4) Бәсекелестік нарықта сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген сауда-саттық келісім – тең айырбас болып табылады деуге болады.
Егер еңбек нарығында адамның қабілеттіліктері емес, еңбек сатылады және сатып алынады деген қағидасымен келісетін болсақ, онда еңбек нарығының мынадай қызмет ету механизмін көрсетуге болады:
Еңбек нарығында сауда-саттыққа еңбек шығарылады, яғни сатып алушы мен сатушы алда болатын еңбек туралы келіседі.
Жұмыс беруші еңбекті сатып алады да, еңбек нәтижелерінің иесіне айналады, себебі еңбектің құндылығы оның нәтижесінде ғана болады. Жұмыскер еңбек істеген үшін еңбек ақы алады, ал оның мөлшері еңбекке сұраныс пен ұсыныстың ара қатысына негізделген еңбек нарығындағы жағдайына, еңбек нарығында пайдаланылатын жалақы ставкілерін қалыптастыру моделіне, және басқа да ұлттық және аймақтық еңбек нарықтарының ерекшеліктерін бейнелейтін әртүрлі факторларына тәуелді.
Еңбек нәтижелерінің меншік иесіне айналғаннан кейін, жұмыс беруші онымен пайдаланып қана қоймайды да өз қалауымен иелік істейді.
Бәсекелестік нарықта еңбекті сатқанда тең айырбас жүзеге асырылады, себебі жалақы еңбек істеген үшін төленетін ақы болып табылады. Бәсекелестік еңбек нарығы бар болғанда басқа біреудің еңбегін қанап пайдалану деген жоқтықтың қасы. Тауарлар мен қызмет көрсетулерге қосылған баға әртүрлі өндіріс факторларды қосқанда пайда болады. Оның, еңбекпен жасалған бір бөлігі, жұмыскерге еңбек ақы ретінде төленеді, ал басқа бөлігі капиталмен, жермен пайдалану үшін және кәсіпкерлік үшін төлемін құрайды.
3. Еңбек нарығының модельдері және түрлері
3.1 Еңбек нарығының модельдері және қызмет ету механизмі
3.2 Еңбек нарығы сигменттері және түрлерінің деңгейлері, типтері, формалары
3.1 Нарықтың қызмет ету механизмы екі бөліктен құрылады. Біріншіден, еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының өзара әрекеттесуімен белгіленетін, өзін-өзі реттейтін нарықтық механизм жұмыс істейді. Екіншіден, Еңбек нарығының қызмет етуіне жұмысбастылық пен жұмыссыздық аясындағы мемлекеттің саясаты әсер етеді (еңбек заңнамасы, аймақтық және жергілікті еңбек нарықтарына аймақтық және жергілікті билік органдарының ықпалы), сонымен қатар еңбек нарығындағы қоғамдық ұйымдардың (белгілі бір еңбекшілер топтарының мүдделерін қорғайтын кәсіптік одақтар) қызметі.
Жалпы алғанда еңбек нарығының қызмет ету механизмі еңбек нарығының модельдерімен сипатталады.
Модель дегеніміз құрастыру схемасы немесе құбылысты, процесті бейнелеу. Еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты талдау арқылы еңбек сатушылары мен сатып алушылар өзара әрекеттесетін бірнеше модельдерін бейнелеуге болады. Олардың біреулері еңбек нарығындағы қалыптасқан еңбектік нарықтық қатынастарының бәсекелестік деңгейіне тәуелділігін көрсетеді. Басқалары еңбек нарығының ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді. Еңбек нарықтарының мынадай модельдері қарастырылады: таза бәсекелестік еңбек нарығы (жетілген бәсекелестік моделі), монопсония моделі (бір сатып алушының монополиясы), кәсіподақтар қатысуымен құрылатын модельдер, екіжақты монополия моделі.
Таза бәсекелестік еңбек нарығы (жетілген бәсекелестік моделі) мына белгілер бойынша сипатталады:
еңбек нарығында еңбекті (еңбектің бәсекелестік түрін) жалдау барысында бір бірімен бәсекелестік күрес жүргізетін көп фирма бар;
тең біліктілігі бар көптеген жұмыскерлер бір бірінен тәуелсіз жағдайда өз еңбегін ұсынады
фирмалар мен жұмыскерлер еңбек ақы ставкасын ұсына алмайды және оған бақылау жүргізе алмайды;
Жетілген нақты еңбек нарығы - бұл еңбек нарығында біліктілігі бірдей көптеген қызметкерлер көптеген фирмаға өз еңбегін ұсынады, фирманың ешқайсысы жалақы ставкасын өзгертетін күшке ие емес; қызметкерлер мен фирмалар жетілген мәліметтерге ие болады, ал жылжымалдылық шығынды талап етпейді.
Монопсониялық еңбек нарығы дегеніміз бұл бір сатып алушының монополиясы негізіндегі нарық. Монопсониялық еңбек нарығы мынадай белгілер бойынша сипатталады:
еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын жұмыскерлердің негізгі бөлігі бір фирмада жұмыс істейді.
Географиялық немесе басқа факторларға байланысты болғандықтан еңбектің осы түріне басқа альтернативасы жоқ, яғни жұмыскер өзінің мамандығы мен біліктілігіне сай басқа жұмыс орның таба алмайды;
Еңбек ақы мөлшерін фирма ұсынады, алайда еңбек ақы ставкасы жалданып алынатын жұмыскерлер санына тікелей байланысты
Шағын қалаларда және алыс жерде орналасқан аудандарда жергілікті тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындар толығымен монопсонист болып табылады. Егер еңбек нарығында бірнеше фирмалар монопсонияны құрастырса, онда ол олигопсонияға айналады.
Кәсіподақтар қатысуымен құрылатын модельдер. Кәсіподақтар еңбек нарығында жұмыскерлер мүдделерін қорғағанда, еңбекке сұранысты жоғарылату және еңбек ақыны көтеру мақсаттарын көздейді. Кәсіподақтардың мынадай түрлері бар: Цех кәсіподақтары – тек қана белгілі бір мамандық бойынша істейтін жұмыскерлерді біріктіреді, Салалық кәсіподақтар – нықты саланың барлық жұмыскерлерін біріктіреді, мүшелер саның шектемейді.
Екіжақты монополия моделі қуатты салалық кәсіподақтар әрекет ететін монопсониялық нарық жағдайлары үшін тән. Екіжақты монополия нарығында бір жағынан фирма монополист болса, екінші жағынан қуатты салалық кәсіподақ монополист болып табылады.
Әртүрлі елдерде жүргізілетін жұмысбастылық саясаттың ерекшеліктерінің негізінде еңбек нарығының ұлттық модельдерін қарастыруға болады. Еңбек нарығының мынадай ұлттық модельдері бар: еңбек нарығының жапондық моделі, АҚШ моделі, Шведтік моделі және т.б.
Жапондық моделіне «өмір бойына жалдап алу» принципне негізделген еңбек қатынастарының жүйесі тән. Осы принцип бойынша кәсіпорында тұрақты істейтін жұмыскердің (55 – 60 жасына дейін) жұмысбастылығына кепілдеме беріледі. Жұмыскерлердің жалақысы және әлеуметтік төлемдердің мөлшері олар істеген жылдар санына тікелей байланысты. Жұмыскерлер өз ретімен тиісті ішкіфирмалық қызметтерінде өздерінің білігтілігін жоғарылатады және жаңа жұмыс орындарына тек қана жоспар бойынша ауысады. Кәсіпкерлер өндірісті қысқарту қажет болғанда өз қызметкерлерін жұмыстан шығармай, осы мәселені жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту немесе жұмыскерлердің бір бөлігін олардың келісімімен басқа кәсіпорындарға ауыстыру арқылы шешеді.
АҚШ моделіне әрбір штатымен жеке қабылданатын жұмыссыздарға көмек көрсету және жұмысбастылық туралы заңнаманың орталықссыздандырылуы тән. Кәсіпорындарда жұмыскерлерге қатаң бақылау жүргізіледі, пайдаланылатын еңбек көлемін немесе өндірісті қысқарту қажет болғанда олар жұмыстан босатылуы мүмкін, ал бір қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы өзгермейді. Қызметкерлерге жұмыстан босату туралы хабар алдын ала емес, жұмыстан босатудың қарсаңында беріледі. Қызметкерлердің лауазымы біліктілікті арттыру арқылы емес, басқа жұмысқа ауыстырылғанда жығарыланады. Фирмалардың осындай саясаты жұмыскерлердің жоғары географиялық және кәсіподақтық жылжымалдылығына және жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне әкеледі.
Швед моделі жұмысбастылық аясындағы мемлекеттің белсенді саясатымен сипатталады, соның нәтижесінде осы елде жұмыссыздықтың деңгейі төмен болып табылады. Еңбек нарығындағы саясатының басым бағыты – жұмыссыздықты алдын алу. Толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін мына шаралар іске асырылады:
Мол табысы бар фирмалардың пайдасын шектеуге және табысты аз алатын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған шектеуші фискальды саясатты жүргізу. Мұңдай саясат жалақыны көтеру салдарынан пайда болатын фирмалар арасындағы инфляциялық бәсекелестікті төмендету үшін жүргізіледі.
Жалақыны төлеуде «бірдейлілік саясатты» жүргізу. Осы саясаттың мақсаты – тең еңбек үшін тең еңбек ақы төлеу.
Бәсекелестікке қабілеті аз жұмыскерлерді қолдау үшін еңбек нарығында белсенді саясатты жүргізу.
Төмен нәтиже беретін, бірақ әлеуметтік мәселелерді шешуге жағдай жасай алатын экономика секторындағы жұмысбастылықты қолдау.
3.2 Еңбек нарығының деңгейлері, типтері, нысандары, түрлері мен сегменттері бар.
Әрекет ету деңгейлері бойынша ұлттық (жалпы ұлттық немесе жалпы мемлекеттік) еңбек нарығы, аймақтық (аумақтық-әкімшілік шеңберінде) және жергілікті (кәсіпорындар мен ұйымдар) еңбек нарықтары бар.
Еңбек нарығының мынадай типтері бар: Сыртқы немесе кәсіптік және ішкі – ішкіфирмалық еңбек нарықтары.
Сыртқы еңбек нарығы— мұндай нарықта жұмыс күші ұсынысы берілген кәсіпорыннан тыс болады; қызметкерлер кәсіпорынға сырттан тартылады.
Ішкі еңбек нарығы — мұндай нарықта жұмыс күші ұсынысы кәсіпорын ішінде болады; қызметкерлердің жұмыс орнын ауыстырылуы фирма ішінде ұйғарылады.
Еңбек нарығының мынадай нысандары бар: дәстүрлі және икемді.
Еңбек нарығының мынадай түрлері бар: Ашық және жасырын еңбек нарықтары сонымен қатар заңды және заңсыз, соның ішінде қылмыстық еңбек нарықтары.
Еңбек нарықтарының әрқайсысы сегменттер деп аталатын бөлшектерге бөлінеді.
Еңбек нарығын сегменттеу – жұмыс берушілер мен еңбек сатушыларды біріктіретін белгілер бойынша топтарға бөлу. Сегментарлық еңбек нарығы – бұл айқын белгіленген бөлшектері – сегменттері – бар еңбек нарығы.
Еңбек нарығын сегменттеу әртүрлі критериялар мен белгілер бойынша жүзеге асырылады: географиялық орналасуы (аймақ, қала, аудан т.б.), демографиялық жағдайлары (тұрғындардың жынысы, жасы, отбасылық құрылымы), әлеуметік-экономикалық сипаттамалары (білім деңгейі, кәсіптік-біліктілік құрылымы, жұмыс стажы, ұлтты), экономикалық көрсеткіштер (сатып алушылардың меншік нысаны, олардың қаржылық жағдайы; еңбек сатушылардың материалдық жағдайлары және тіршілік жабдықтарына мұқтаждықтың деңгейі), психографиялық көрсеткіштері (жұмыскерлердің жеке қасиеттері), мінез-құлық сипаттамалары (жұмысбастылықтың мотивациясы).
3.1 Еңбек рыногының икемділігі — жалақы мен пайдалынатын еңбек көлемін өзгерту арқылы рыноктың тез үйлестіру қабілеті.
3.1 Рынокты үйлестіру — еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы өзгерген жағдайда тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне жету процесі.
8.1 Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу — еңбек рыногы субъектілерінің қызметін мемлекеттік басқару органдарының реттеуі.
15.1 Еңбек рыногының инфрақұрылымы - жұмыспен қамтамасыз етуге, кәсіптік бейімделуге, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға және т.б. көмектесетін институттар жиынтығы.
15.1 Еңбек рыногындағы трансакциялық шығындар - жұмысқа алу және одан босату, бос орын мен қызметкерлер туралы мәліметтер, жұмыс іздеу және жылжымалдылық, талапкерлерді іріктеу, еңбек келісімінің орындалуын бақылау және т.с.с еңбек рыногында келісімге келуге байланысты шығындар.
3.1 Еңбек рыногындағы бәсекелестік - қызметкерлер арасында қадірлі жұмыс орны үшін, жұмыс берушілер арасында біліктілікті жүмыс күші үшін тартыс.
Достарыңызбен бөлісу: |