Дәріс мазмұны
1. Гиппократ , Павлов еңбектеріндегі темперамент туралы ілім.
2. Кречмер, Шелдонның конституционалдық теориялары.
3. Темпераменттің гуморалдық теориясы.
Мақсат: Темперамент және ол туралы ілімдерді аша отырып оның диагностикалануы жөнінде түсінік қалыптастыру.
Темперамент – индивидтің диагностикалық ерекшеліктерін сипаттау : интенсивтілігі , жылдамдығы, темпі, психикалық процестің ырғағы және қалпы болып табылады.
Темпераментті түсіндіру негізінде адамның индивидуалды іс - әрекетінің формальды – динамикалық қасиеттерінің биологиялық концепциясы бар, ол И.П.Павлов, Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин жұмыстарында бастау алады.
Бұл концепцияға сәйкес адам іс - әрекеті ағзаның ортамен байланысы континуумнан тұрады. Әр акт иерархияның 4 блоктарында орындалады.: афферентті жинақтау, ақпараттандыру, орындау және кері байланыс.
Қазір темпераментті диагностикалау үшін сауалнамалар жасап шығарылды, оның құрамында 4 фундаментальды өлшем бөліп қарастырылған:
1) әргиттілік 2) пластикалық 3) жылдамдылық 4)эмоционалды сезімталдылық.
Адам өмір процесінде заттар мен әлеуметтік әлеммен өзара әрекет етуі. Бірінші түрі субъект- объект әрекеті.( S-O), екінші түрі субъект – субъект әрекеті ( S-S)
Темперамент құрылымының жалпы схемасы көрінеді. Орта бөлімде 4 иерархиялық блок бейнеленеді. Жоғарғы және төменгі бөлімінде әсер етудің екі типі : субъект – объект- заттық және іс - әрекеттік, субъек – субъект - әлеуметтік және коммуникативтік қарастырылады.
Функционалды жүйенің әр блогына бір фундаментальды қасиетінің 2 өлшемі жатады – іс - әрекеттік және коммуникативтік сфераға – эргиттілік(Эр) және әлеумет – эргиттілік ( СЭР), заттық пластикалық ( СП), заттық жылдамдық(Т), әлеуметтік жылдамдық(СТ), заттық эмоционалды сезімталдық(ЭМ) және әлеуметтік эмоционалды сезімталдығы енеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Темперамент дегніміз не?
2. Темперамен теорияларын атаңыз?
3. Классикалық жіктеме бойынша неше темперамен типі бар?
Әдебиеттер:
1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000
2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996
3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.
4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990
5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995
6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998
7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .
8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар
№ 15 дәріс
Тақырып: Ақыл-ой диагностикасы.
Дәріс мазмұны:
1. Интеллект түсінігі
2. Интеллектті өлшеуге арналған тесттер, оның түрлері.
3. Ақыл-ой дамуын диагностикалау проблемалары.
Мақсаты: Интеллект және оның ерекшелігі жөнінде түсінік беру.
Интеллект ойлауға деген қабілеттілік болып табылады. Интеллект латыншадан аударғанда «intellektus»-«түсіну» немесе «тану» деген мағынаны білдіреді.
Мәселені тануға және шешуге деген жалпы қабілет және ол кез-келген іс-әрекеттің тиімділігін анықтайды, әрі басқа да қабілеттердің негізі болып табылады.
Интеллект- жеке тұлғаның барлық танымдық процестерінің жиынтығы: түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, қиял.
Мәселелерді еш сынақсыз және қатесіз «ой» арқылы шеше алу қабілеті.
Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткішінің жеткілікті және негізгі сапасы-«интеллект коэфициенті» түсінігімен тиімді енгізілген. Оны қысқаша «IQ» деп атайды. Бұл индивидтің интеллектуалдық деңгейін, оның кәсіби және жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой дамуын анықтайды. Мысалы адамдарда қалыпты «IQ» және интеллектуалдық деңгейі өте жоғары (116-180 ұпай) адамдар болады. Психологтар мен психиатрлар ерте балалық жастан немесе туа пайда болатын ақыл-ой кемістігін олигофрения деп атайды. Өмір сүру барысында интеллект дамуының артта қалуы деменция деп аталады. Олигофреннің психикалық функциялары жетілмейді, сөйлеуі, ойлауы жағынан артта қалады. Қорытынды жасау, жалпылау, абстракциялау дамымаған, логикасы мен есте сақтау деңгейі төмен. Халықаралық стандарттар бойынша олигофрения түрлері:
Дебиль – IQ – 50-70, ақыл-ой дамуы артта қалуының әлсіз формасы, мінез-құлқы адекватты, өз бетімен жұмыс істей алады. Сөйлеу қабілеті дамыған, соған орай дебилділікті оңай аңғара қою қиын. Абстрактілі ойлауы дамымайды, мақалдар мен сөздері тура мағынасында қабылдайды.
Имбециль – IQ – 20-50 , ақыл-ой дамуы артта қалуының орташа деңгейі. Сөздік қоры шамамен 300 сөз. Күнделікті жұмыста өз бағытын біледі. Тез сенгіш, олардың көпшілігі өз бетімен өмір сүруге тырысқанымен қамқорлықты талап етеді.
Идиотиялық – ақыл-ой дамуының артта қалуының ең ауыр формасы. Ойлау мен сөйлеу мүлде қалыптаспаған. Эмоциялық реакциялары басым болып келеді.
Тесттер жалпы мазмұны бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: интеллект тесті, қабілеттілік тесті, жетістікке жету тесті, жеке-тұлғалық тесті. Интеллект тестері немесе ақыл-ой тесттері-адамның ақыл-ойының, интеллектуалдық дамуының деңгейін зеррттеуге арналады. Бұл терминдермен қатар арнайы қабілеттер тесті, жалпы қабілеттер тесті, когнитивті тесттер терминдері қолданылады. Интеллектуалдық жағдайда кез-келген жекелік байқалып көрінбейді, ең алдымен барлық психикалық процестер немесе функциялар көрінеді.
Тапсырмалардың түріне байланысты вербальды (сөздерді классификациялау тесті) және вербальды емес (Равен матрицасы) тесттер, жекелік (Векслер шкаласы) және топтық (Альфаның армиялық тесті) тесттері болып бөлінеді.
Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тестісі білім беру жүйелеріне кеңінен тараған. Интеллектті тестінің ішінде танымал ұлы психологтардың тестерін жүргізу ұсынылады: Д.Векслер, Д.Равен, Стенфорд Бине. Бұл тестетер жақсы сенімділікті және валидті болып есептелінеді. Тестілеу нәтижесін өңдей кезінде жалпы ұпай алынып қана қоймай зерттеушілердің жекелік тесттік бағыттылық көрінеді. Негізгі оқу жүйесінің материалдарын логикалық және түсінікті меңгеруі жөнінде мәлімет алынады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Интеллектіге анықтама беріңіз?
2. Интеллект қай тілден шыққан және қандай мағына береді?
3. IQ- дегніміз не?
4. IQ формуласы.
Әдебиеттер:
1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000
2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996
3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.
4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990
5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995
6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998
7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .
8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар
№ 16 дәріс
Тақырып: Интеллект құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |