Ақша базасы (Б) - ҚР-дың Ұлттық банкымен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма-қол ақшалар (Ұлттық банктық емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.
Ақшалай базаның құрамына Ұлттық Банктан тыс қолма-қол ақша, екінші деңгейдегі банктардың депозиттері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкынің басқа ұйымдарының депозиттері жатады.
Ақша массасы – шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.
Ақша массасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
Қазақстанда ақша массасы:М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді (1998ж. Қазаннан бастап). Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:
М 0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктан тыс монета, банкнота сомасы;
М 1 – агрегат М0 + халықтың және банктық емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;
М 2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктық емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері;
М 3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктық емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.
Ақша мультипликаторы қалай анықталады?
Ақша мультипликаторы (m):
m =
Мұндағы: М – айналымдағы ақша массасы;
Б – ақша базасы.
Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктардың несиелік салымдардың төлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффицент ретінде банктық резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналым каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.
Ақша массасының өсімін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?
Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімнің факторлық талдауы:ΔМ 3 = М 31 – М 30 = m1 Б1 - m0 Б0
Мұндағы: М1, М0 – есептегі және базистік кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы;
m1, m0 – есептегі және базистік кезеңдегі ақша мультипликаторы;
Б1, Б0 – есептегі және базистік кезеңдегі ақша базасы.
Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен:
а) ақша мультипликаторының өзгеруі: ΔM 3m = ( m1 - m0 ) Б1
ә) ақша массасының өзгеруі: ΔM 3Б = ( Б1 - Б0 ) m0
Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы: ΔМ 3= ΔM 3m+ ΔM 3Б
Тақырып: Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік статистикасы.
Дәрістің мазмұны: Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері.
Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б. 2,3,4-бөлімдерде қарастырылған көрсеткіштер жатады. Экономикалық қызмет нәтижелері 5-тақырыпқа қарастырылған көрсеткіштерді бейнелейді, яғни оның ішінде: шығару, жалпы қосылған құн, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық табыс, жалпы (таза) пайда.
Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері (К) жатады:
Жұмыссыздықтың әсер ету есебінен өнімнің шығыны қалай анықталады?
Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды:
∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық =W∙Ж
мұндағы: Ж – жұмыссыздар саны;
∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық – жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны (-).
W – еңбек өнімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |