Барлығы – 135 сағат


Айналым капитал статистикасы



жүктеу 2,59 Mb.
бет12/25
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#22520
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

Айналым капитал статистикасы.
1.1.Айналым капиталы (айналым құралдары, ағымдағы активтер) бұл – бір жыл ішінде, не болмаса бір өндірістік циклдың ішінде айналымға қатыса алатын кәсіпорындардың ақша қорлары және басқалай активтер. Айналым капиталының негізгі сипаттамасы болып, оның көлемі, құрамы, құрастырылу көздері ликвидттілік табылады. Айналым капиталының көлемімынаған байланысты: өндірістік циклдың қажеттілігі,уақытында жеткізіп беру, есептеудегі тәртіп, оның жүйесінің дамуы және басқа да факторлар. Айналым капиталының құрамы 8.2. суретінде көрсетілген, кәсіпорынның айналым капиталы өндірістің үздіксіз үрдісін және өнімді өндіруді қамтамасыз ету мақсатымен айналым қорына және айналым өндірістік қорына айналады.

Экономикалық айналымның үрдісінің орнына байланысты айналым капиталы топтарға бөлінеді:



  • өндірістегі айналым құралдары

  • айналымдағы айналым құралдары

Өндірістегі айналым қорларына:

  • өндірісқорлар түріндегі еңбек құралдары (шикізат, негізгі және көмекші материалдары, отын);

  • өсіруге арналған жануарлар;

  • өңдеуге керек қосалқы бөлшектер;

  • аяқталмаған өнім (аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттар)

  • келер шақтың шығындары (берілген уақыт аралағындағы шығындар) Олар өндірістің шығындарына жатқызылып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

  • аз құндылықтығы және тез тозатын өнімдер;

  • арнайы құралдар;

  • арнайы киімдер мен аяқ киімдер және жылдан кем емес қызмет ету мерзімі бар басқалай құралдар;

Айналымдағы айналым құралдары – бұл өткізу үшін дайын өнімнің қорына салынған не айналым құралдары және қайта сату үшін арналған тауарлар, ақшалай құралдары (кассадағы ақша) банк шотындағы ақша қолданылмаған акредетив қалдықтары, ақша аударымдары, әртүрлі аяқталмаған есептеулер (дебиторлық қарыз), басқалай активтер. Айналым шеңберінің үрдісіндегі айналым құралының бір бөлігі өндірістік қор ретінде өндіріске қатысса, екінші бөлігі бұдан дайын өнім түрінде шығады, үшінші бөлігінде өнімді өткізу қорытындысы ретінде ақшалай форманы иеленеді. Егер өткізілген өнім үшін төлемдер келіп түсетін болса онда айналым аяқталған болып есептеледі.Бір кәсіпорынмен сатылған тауарлар үшін екінші бір кәсіпорынға тауарды жеткізіп беру мен сатып алушылардың төлемдері бойынша байланыс үзілісі қалыптасады. Жеткізілген тауарлар бойынша пайда болған қарыз сатушы кәсіпорынның дебиторлық қарызының көп бөлігін құрайды. Дебиторлық қарызға тауарлар бойынша тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың қарызын, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша қарызын құрайды, сатып алынған вексельді құрайды: басқалай дебитормен қарызды, яғни оларға қаржы және салық органдары алдындағы қарызды кірістіреді ұйымның өзі жұмысшыларына берілген несиелер мен қарыздар, және т.басқаларды құрайды.

Айналым капитал құру көздері бойынша: өзіндік капитал және қарызға алынған капитал болып 2 – ге бөлінеді.

Өзіндік капиталдың құрылым көздері:

Кәсіпорынның жарғылық капитал қоры бұл капитал алғашқы жылдың шығындарын және тауарлы материалдар кәсіпорынның құндылықтардың минималды қорын құру үшін арналған пайда және тұрақты пассивтер яғни мысалы өз жұмысшылардың алдында еңбекақы бойынша минималды қарыз, ол өз кезегінде жалақыны есептеу күні мен оны қолға беру арасында пайда болады.

Қарыз құралдарының құрылу көздері:

Бұл банктің қысқы мерзімді несиесі, жеткізушілер алдындағы кредиторлық қарыз және басқа да есептеулер алдындағы кредиторлық қарыз.Қарыз құралдары мерзімді шығынды қаржылар үшін және дайын өнімге деген жағдайдағы сұранысын және т.б. қаржыландыру үшін уақытша қажеттілігі үшін қолданылады. Кредиторлық қарыз мынадай қарыз түрінен тұрады. Жеткізілген материалдық құндылықтар бойынша жеткізушілер мен мердігерлердің алдындағы қарыз, орындалған жұмысшылары мен көрсетілген қызметтері алдындағы қарыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға кететін аударымдар бойынша қарыз, ұйымның жұмысшыларына медициналық және зейнетақы аударымдары бойынша қарыз, бюджеттік және бюджеттік емес қорларға қарыз және т.б.



Инвестиция статистикасы

Ұлттық байлықты қайта өндіру инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестициялар – бұл табыс алу, не әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында мемлекет ішінде және шетелде құрылыс пен қаржылық емес активтерге салынатын (жұмсалатын) ақшалай капитал.



Инвестиция статистикасының міндеттері:

  1. мәліметтер жинау, жалпы инвестиция мөлшерін анықтау;

  2. Инвестицияның динамикасын, құрылымын, құрамын статистикалық зерттеу;

  3. Инвестицияны пайдалану мен игерудің статистикалық талдауы.

Инвестициялар қандай қардылық емес активтердің түрлеріне салынанды?

Ақшалай капитал келесідей қаржылық емес активтерге инвестиция ретінде салынады:



  1. негізгі капиталға – үйлер, ғимараттар, машиналр, құрал-жабдықтар, мал, екпе ағаштары, пайдалықазбаларды барлау, компьютерлік бағдарламалармен қамту, әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқалары, жаңа мәлімет, арнайы білімдер;

  2. материалдық айналым қарадатының қорын толтыруға өндірілген қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, қайта сатуға арналған тауарлар;

  3. құндылықтарға – қымбат тастар, қымбат металдар, өнер бұйымдары, коллекциялар, зергерлік бұйымдар;

  4. өндірілмеген материалдық активтерді иемденуге – жер учаскілері, жер қойнауы учаскелері, дерді пайдаланудың басқа да объектілері;

  5. өндірілмегшен материалдық емес активтерге – патенттер, лицензиялар, авторлық құқықтар, сауда маркалары, тауар белгілері және т.б.

Құрылысқа салынатынинвестиция – экономикның жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңейтуге, қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған ақшалай шығындар.

Статистика инвестициясының құрылымы мен құрамын сыныптаулардың келесі белгілері бойынша зерттейді:



А. Негізгі капиталды қайта өндіру бағытына тәуелді шығын түріне қарай:

1. Жаңа құрылыс;

2. Техникалық қайта жарақтану және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру;

3. Істеп тұрған кәсіпорынды ұлғайту;

4. Істеп тұрған қуатты ұстап тұру.

В. Негізгі капиталды құру және жетілдіру үшін жұмыс пен шығын түріне байланысты инвестицияларлдың технологиялық құрылымына қарай:

1. Құрылыс-монтаж жұмыстары;

2. Жабдықтар, құрал-саймандарды сатып алу;

3. Басқа шығындар (жобалау-іздену жұмыстары, мал сатып алу және т.б.).



С. Кәсіпорындардың ұйымдардың меншік формаларына қарй:

1. мемлекеттік;

2. Жеке;

3. Шетелдік.



Д. Қаржыландыру көздеріне қарай:

1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаттары;

2. Бюджеттік қаражаттар;

3. Шетелдік инвестициялар.



Е. Салынып жатқан объектілердің экономикалық қызметінің түрлеріне қарай (қосымша4).

Ғ. ҚР-дың аймақтары бойынша.

Инвестицияны пайдалану мен игеру қандай көрсеткіштермен сипатталады?

Инвестицияны пайдалану және игеру көрсеткіштері:



  1. инвестицияны игеру дәрежесі =негізгі капиталды іске қосу/негізгі капиталға салынған инвестиция

  2. негізгі капиталды іске қосу көрсеткішіне:

  • есепті кезеңде құрылысы аяқталған және іске қосылған кәсіпорындар, үйлер, ғимараттар құны;

  • іске қосылған жабдықтар, машиналар, көлік құрал-жабдығының барлық түрлерінің құны;

  • негізгі капитал құрал-жабдықтарының есебіне жатқызылатын аспаптардың және басқа заттардың құны;

  • жерді суару және құрғату жұмыстарының құны;

  • көп жылдық екпе ағаштар құны;

  • бұрынғылауы аяқталған және іске қосылған мұнай, газ пайдалану ұңғымаларының құны;

  • жерді жақсарту жөніндегі күрделі қаржы шығындары мен негізгі капитал құрал-жабдықтарының құнын көбейтуге байланысты басқа да шығындар қосылады.

  1. Мердігердік жұмыс көлемінің құрылысқа салынған инвестицияға ара қатынасы.

Тақырып: Шығындар және аралық тұтыну статистикасы.

Дәрістің мазмұны: Шығындар және аралық тұтынудың құрамы, түсінігі.

Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі ретінде өндіріс және айналыс шығындары туралы экономикалық ілім қызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық іс-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік құн және шығын формаларына ие болады. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналған ақпарат көздері: ұйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.

Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндеттері:


  1. Кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау;

  2. Кәсіпорындарда, ұйымдарда өнімнің өзіндік құнын есептеу;

  3. Шығынның элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның құрамы мен құрылымын зерттеу;

  4. Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар динамикасын талдау;

  5. Топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмегімен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статистикалық зерттеу.

Өнім өндірісінің шығындары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты іс-әрекеттердің негізгі түрлері бойынша кәсіпорындардың барлық өндіріс көлеміне қатысты шығындарының толық мөлшерін қамтиды. Экономиканың бұл салаларында жасалған өнім тұтынушыға тиісті көлемде және ассортиментте, өзінің тұтыну қасиеті сақталған күйінде жеткізілуі тиіс. Айналыс сферасында шығындар өнімдердің орнын ауыстыру, оларды сақтау, өндіру жұмысын аяқтау, өнімдерді қаптау, орау, буып-түю, тұтынушыға жіберу есебінен көбейеді.

Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасына шығындардың қандай түрлері жатады?

Статистика өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың көлемін (сомасын) келесі элементтермен анықтайды:



  1. Материалдық шығындар, барлығы.

Соның ішінде:

  • шикізаттар және негізгі материалдар;

  • жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары;

  • көмекші материалдар (отын, энергия, табиғи шикізаттарды пайдалану үшін төлемақы);

  • басқа ұйымдар орындаған өндірістік сипатта көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін төлемақы (құрылымдық сипаттағы жүктерді тасымалдау, күрделі және ағымдағы жөндеу);

  • материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және бұзылуынан болған шығындар;

  • басқа да шығындар;

  1. Негізгі капиталдың тозуы;

  2. Материалдық емес активтердің амортизациясы;

  3. Басқа да шығындар, барлығы.

Соның ішінде:

  • іс-сапарға кеткен шығындар;

  • жалгерлік төлемдер;

  • кен өндіруші салалардың дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындар;

  • өкілдік шығындар;

  • банктік несиелер бойынша проценттер;

  • міндетті сақтандыру төлемдері;

  • салықтық төлемдер;

  • бюджеттен тыс қорларға аудармалар (зейнетақы, жұмысбастылық, медициналық сақтандырудан басқа сақтандырулар);

  • коммуналдық шаруашылық, банк, консультациялық, ақпараттық, аудиторлық ұйымдар, өрт сөндіру бөлімі, тұрмыстық қызмет көрсету, соттық, нотариалдық мекемелер, жолаушылар көлігі, байланыс және т.б. қызметтерге төлемдер, сондай-ақ маркетинг және жарнама бойынша төлемдер;

  1. Еңбек төлеміне төленген шығындар, барлығы.

Соның ішінде:

  • тізімдік және тізімдік емес құрамның жалақысы;

  • әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;

  • кәсіпорын қаражатының есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы.

Өнімнің өзіндік құны өнімнің белгілі бір көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, материалдарды отын, энергия, негізгі капиталл, еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты ақшалай шығындардан құралады.

Өнімнің өзіндік құнының қандай көрсеткіштері статистикада қолданылады?

Агрегирлеу дәрежесіне байланысты өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері келесі түргерге бөлінеді:



  1. Барлық өнімнің өзіндік құны – бұл өнімнің белгілі көлемі мен құрамын дайындауға және өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасы.

  2. Өнімнің бірлігінің жеке (дара) өзіндік құны – бұл тек бір бұйым өндірісіне кеткен шығын. Мысалы, бір ерлер костюмін тігуге кеткен шығын.

Өнім бірлігінің өзіндік құны белгілі көлемдегі өнім өндірісіне кеткен шығындардың осы өнімнің санына қатынасы арқылы есептеледі:
Мұндағы: z - өнім бірлігінің өзіндік құны;

q-Натуралдық түрдегі өнім саны;

z*q - өнімнің белгілі көлемін өндіруге кеткен шығындар.

  1. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны – бұл өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасының осы өндірілген өнімнің санына қатынасы. Мысалы, шаруашылықтағы 1 центнер сүттің орташа өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны өлшенген орташа арифметикалық шаманың формуласымен анықталады:



Мұндағы: - өнім бірлігінің орташа өзіндік құны;

субъект өнімінің жалпы өндірісінде осы өнімнің белгілі түрінің үлесі, не үлес салмағы, не құрылымы. Мысалы, тұтас Республикадағы сүттің жалпы өндірісіне тең аудан, облыс шаруашылықтарындағы сүт өндірісінің үлесі.

Экономика салаларында өнімнің өзіндік құнын есептеу ерекшеліктері қандай?

  1. Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны әрбір сағатта, күнде, аптада, айда, тоқсанда, жылда анықталады.

  2. Ауыл шаруашылығында ұдайы өндірістің табиғи жағдайы ауыл шаруашылық егістіктің түсіміне және мал мен құстың өнімділігіне байланысты:

а)өзіндік құн тек жылдың нәтижесі бойынша ғана есептеледі;

ә)өсімдік шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы және тұтас ауыл шаруашылығындағы өнім бірлігінің өзіндік құны, сондай-ақ жұмыстың жеке түрлерінің-1га ауыл шаруашылық егіндіктің жкрін жырту және егудің, 1 бас мал ұстаудың шығындары сияқты жанама көрсеткіштер арқылы анықталады.

3. Құрылыстағы өнім бірлігін бағалауда конструкторлық элементтер немесе жеке жұмыс түрлері қызмет атқарады. Олар: жер, монтаждық, жобалық, үй іргесін қалау, еден төсеу және т.б. Сондықтан құрылыста да өзіндік құн анықталады:

а) смета және нақтылық бойынша құрылыстың монтаждық жұмыстарының жеке түрлері. Бұдан басқа, Құрылыстың ұзақтығы әр түрлі капитал сыйымдылықтары статистикалық қызмет құрылысының аяқталған объектісі бойынша және құрылыс өндірісінің аяқталмаған объектісі бойынша өзіндік құн ретінде есептеледі;

ә) дайын құрылыс өнімінің бірлігі (мысалы, бір метр тұрғын үй алаңы, кәсіпорынның 1 метр корпусы кәсіпорынның өндірістік қуатының бірлігі).

Ұлттық Шоттар Жүйесі шығындардың екі түрін бөліп көрсетеді;



    1. бастапқы шығындар;

    2. аралық тұтыну (АТ).

Бастапқы және аралық тұтынудың айырмашылықтары неде?

Бастапқы шығындар өндірістің бастапқы факторларының шығындарын (еңбекке төлемақы, өндіріске салықтар, негізгі капиталды тұтыну) қамтиды.

Аралық тұтыну (АТ) – жаңа басқа тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен тауарлар мен қызметтердің ақшалай шығыны. Бұл тауарлар мен қызметтер ағымдағы өндірісте өндірілген және толықтай жұтылған.

Аралық тұтыну (АТ) – Ұлттық Шоттар Жүйесінде макроэкономикалық көрсеткіштер тобына жатады және берілген кезеңде өндірістік қызмет процесінде отандық өндірушілердің (негізгі капитал және еңбек төлемінен басқа) жұмсаған өнімдерінің құны. Аралық тұтыну макродеңгейдегі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер негізінде есептеледі.

Шығын баптары көптеген шығын элементтері түрлерінен құралады және олардың бір бөлігі өндірістік циклге толығымен қолданылмайды, сондықтан олар аралық тұтынуға кірмейді. Мысал үшін, мамандар даярлауда келесі шығындарға шектку қойылады:

а) оқып жатқандардың сақтаулы жалақысы еңбекақыға жатқызылады;

ә) стипендия, оқу демалысына төлемдер, жол ақысы трансферттер болып саналады;

б) басқа ұйымдардың қызметіне төлем: жұмысшылардың курста оқығанына төлемі оқу ғимараттарын ұстауға кеткен шығындар аралық тұтынуды құрайды.

Мамандар даярлаудағы барлық шығындардың ішінен аралық тұтынуға келесі түрлер кіреді: басқа мекемелерде мамандарды оқытуға және кадр даярлауға әрі еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шығындар.

Аралық тұтынуға қандай шығындардың әлементтері жатады?

Аралық тұтынуға келесі тауарлар мен қызметтердің түрлері кіреді: шикізаттар, жартылай фабрикаттар, негізгі және көмекші материалдар, отын, энергияны пайдалану, қызметтерге төлемдер, өндірістік ғимараттар жалдау, телефонға төлем, өкілдік шығындар, кеңесшілер мен адвокаттардың шығындары, басқа ұйымдардың жұмыстары мен қызметтеріне төлем, көлік қызметтеріне, қаржылық қызметтерге, жұмысшыларды жұмысқа алуға кеткен шығындар, іс-сапар шығындары (іс-сапар кезіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда), тауарлық материалдық қорлардың жетіспеушілігі мен жетілуінен болған шығындар. Осылайша, аралық тұтынуға тауарлар мен қызметтерді тұтыну (бірақ тауарды сатып алу кірмейді) және тек қана өндірілген тауарлар мен қызметтер жатады. Сондықтан, жер учаскелеріне жалгерлік төлемдер, лицензиялық төлемдер, патенттер және де басқа авторлық құқықтарға төлемдер аралық тұтынуға кірмейді. Аралық тұтыну республика экономикасы бойынша экономиканың барлық салаларындағы АТ саласы және қаржылық қызмет мекемелерінің қызметі ретінде есептеледі. Себебі, Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі қаржылық делдалдардың өнімі тартылған қаражаттарды несиеге алумен байланысты төленген және алынған проценттер арасындағы айырмашылық мөлшерінде шартты түрде бағаланады. Қаржылық мекемелердің мұндай өнімін қандай да бөлек немесе салалы шығын ретінде есептеуге болады, бұл жағдай қайта есептеу және жалпы ішкі өнімнің көлемін өсірмеу үшін жасалады. Сондықтан, Ұлттық Шоттар Жүйесінде практикада қаржылық мекемелердің мұндай өнімдерін аралық тұтынуға шартты түрде кіргізу ұсынылған. Сонымен, макродеңгейде өнімді өндіру мен өткізу шығындары ( ) аралық тұтыну сомасына (АТ), негізгі капиталды тұтыну сомасына (НКТ), жалдамалы жұмыскерлер еңбегінің төлемақысына (ЕТ) және өндірісте басқа да таза салықтар (өндіріске басқа салықтар (ӨБС), алынған өндіріске басқа да субсидиялар) сомасына тең:



Тақырып: Өндіріс нәтижелерінің статистикасы

Дәрістің мазмұны: 1.ҰШЖ бойынша экономикалық өндіріс ұғымы.

2.Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері.

3.Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.
Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі нарықтық экономиканы тиімді реттеу үшін қажет.Ұлттық шотты қалыптастыру көздеріне келесілер жатады:өндіріс, бюджет, әлеуметік қамту, еңбек, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс, салық және кеден статистикасының берілгендері.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау