Егер топтау негізі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа-еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы – сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді, т.с.с.
Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады.
Жиынтық бірліктерінің санына байланысты алынатын топтар саны (n) американ ғалымы Стерджесстің формуласымен анықталады: n = 1+3,322 ln N
Интервал немесе деңгей аралығы дегеніміз әр топтағы белгінің ең үлкен және ең кіші мәндерінің арасындағы айырмашылық.
Деңгей аралығының тұрақты шамасы өзгерменің өрісін (Хкөп -Хаз) топтар санына (n) бөлгенге тең болады.
d =
Хкөп; Хаз--- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мәндерінің шамасы
Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгі және жиі қолданылатын түрі екінші рет қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.
Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі:
1) Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яғни оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру;
2) Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.
Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады.
Сапалық таратпалы қатарларға мысалы , халықты жыныстық, ұлттық құрамына, білім дәрежесіне, жұмысшыларды мамандығына қарай бөлуді жатқызуға болады.
Ал сандық белгілері бойынша бөлінуді өзгермелі таратпалы қатарлар деп атап, мысалы, жұмысшылардың айлық табысына қарай немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлінуін алуға болады.
Таратпалы қатарлар негізгі екі бөліктен (варианттан және олардың жиілік көрсеткіштерінен) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |