Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,29 Mb.
бет24/133
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21085
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133


СОӨЖ
8. Типтік есептеулер, курстық жобалар бойынша әдістемелік нұсқаулар

Бұл пән бойынша мұндай жұмыстар қарастырылмаған.


9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Статистикалық жинақтардан мәліметтер алып, оған өтілген тақырыптарға байланысты әдіс-тәсілдерді қолданып, талдау жасау.
1. Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі 2000-2003 ж.ж. Статистикалық жинақ, (ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігі), Алматы, 2004

2.Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы/ Социально-экономическое развитие Западно-Казахстанской области, БҚО Статистика басқармасы, Орал, 2004

3. Казахстан и его регионы-2004/ Қазақстан және оның өңірлері-2004, Алматы, Агентство РК по статистике, 2004
Жазба жұмыстарының тақырыптары:
1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері

2. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері

3. Статистика органының ұйымдастырылу принциптері және оның негізі

4. Статистикалық бақылау - статистикалық зерттеудің алғашқы сатысы

5. Статистикалық мәліметтердің жинақтау және топтаудың міндеттері мен мазмұны

6. Статистикалық кесте құрастыру қағидалары мен негізгі бөлшектері

7. Статистикалық мәліметтерді графикалық бейнелеу, түрлері, қолдану тәсілдері.

8. Нақты және қатысты шамалардың мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірліктері, қағидалары.

9. Орташа шаманың мәні мен маңызы. Жай және салмақталған арифметикалық орташа шама, есептеу тәсілдері және қолданылуы.

10. Жай және салмақталған үйлесімді орташа шама, есептеу тәсілдері және қолданылуы. Мода және медиананы бүтін және деңгей аралықты сан қатарынан есептеу тәсілі.

11. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері

12. Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік, оның түрлері, негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.

13. Өсіңкілік қатарлардың мәні мен маңызы, орташа көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.

14. Өсіңкілік қатарларды талдау тәсілдері. Аналитикалық тегістеу тәсілі.

15. Өсіңкілік қатардағы интерполяция мен экстрополяция.

16. Маусымдық ауытқу, график арқылы көрсету. Маусымдық индекс және оны есептеу жолдары.

17. Индекстер туралы жалпы түсінік. Дара және жалпы индекстер, есептелуі, статистикада қолданылуы.

18. Орташа индекстер, өндірілген өнім көлемі, бағасы, өзіндік құн, еңбек өнімділігінің индекстері, есептелу және статистикада қолданылуы.

19. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер, олардың қолданылуы және есептеу жолдары.

20. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу.

21. Корреляция-регрессиялық талдау, мәні мен маңызы, кезеңдері.

22. Көптік және жеке корреляция, корреляция қатынасы.

23. Ұлттық байлықтың мәні, қатынасы, құрамы, көрсеткіштер жүйесі.

24. Негізгі қорлар статистикаасы, бағалау түрлері, ұдайы өндірісінің көрсеткіштері.

25. Айналым қорлар статистикасы туралы түсінік, құрамы, көрсеткіштері.

26. Жұмыс уақытын қолдану, еңбек өнімділігі көрсеткіштері.

27. Өндірістік шығындар статистикасының мәні мен маңызы.

28. Қоғамдық өндірістің тиімділігі статистикасының түсінігі мен міндеттері, көрсеткіштер жүйесі.

29. Халық, оның құрамы туралы түсінік. Халықтың қозғалысы көрсеткіштері.

30. Халықтың кірісі мен шығысы және тауарлар мен қызметтерді тұтыну көрсеткіштері.


10. Оқу, өндірістік және дипломалды практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқаулар

Бұл пән бойынша мұндай жұмыстар қарастырылмаған.


11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

  1. «Статистика» ғылымының негізі қай кезеңде қаланды

  2. Статистикалық әдістеме дегеніміз -

  3. Статистикалық зерттеудің жалғасымды үш сатысы:

  4. Жиынтық бірлігі дегеніміз

  5. Бақылау зерзаты

  6. Өзгермелілік (вариация) дегеніміз

  7. Туу коэффициенті қалай есептеледі

  8. Табиғи өсім коэффициенті қалай есептеледі

  9. Механикалық өсім коэффициенті қалай есептеледі

  10. Білім деңгейі, өмір ұзақтығы, халықтың әрқайсысына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі қай көрсеткішті сипаттайды

  11. 16 жасқа толған халық пен еңбекке тартылған зейнеткерлік жастағы адамдар және жасөспірімдердің барлығының санының еңбек ресурстарының орташажылдық санына қатынасы нені білдіреді

  12. Жұмысшылардың бір айдағы орташатізімдік саны қалай анықталады

  13. Кадрлар тұрақсыздығы коэффициенті қалай есептеледі

  14. Кадрлардың жұмыстан кету коэффициенті қалай есептеледі

  15. Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры қалай анықталады

  16. Жұмыс уақытының максималды мүмкіндік қоры қалай есептеледі

  17. Ауысымдылық коэффициенті (коэффициент сменности) қалай анықталады

  18. Ұлттық байлықтың құрамы

  19. Өндірілген қаржылық емес активтерге не жатады

  20. Негізгі қорлардың функционалдық сипаты бойынша пассивті бөліміне қайсысы жатқызылады

  21. Негізгі қорларды құндық бағалаудың түрлері

  22. Негізгі қордың тозуына байланысты оны сатып өткізуден түскен түсім қалай аталады

  23. Негізгі қорларды дайындау, сатып алу, жеткізу мен құруға кеткен шығындар сомасы нені құрайды

  24. Амортизацияның жылдық сомасы

  25. Амортизацияның жылдық нормасы

  26. Тозу сомасының негізгі қордың толық бастапқы құнына қатынасы нені сипаттайды

  27. Негізгі қордың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасы немесе 1-Ктозу нені сипаттайды

  28. .Эксплуатацияға енгізілген жаңа негізгі қордың құнының есепті кезеңнің соңындағы негізгі қорлардың құнына қатынасы нені көрсетеді

  29. Жылдың басындағы негізгі қорлардың құнының жылдың соңындағы негізгі қорлардың құнына қатынасы нені көрсетеді

  30. Есепті кезеңдегі өндірілген өнім көлемінің ақшалай мәнінің негізгі қордың орташа жылдық құнына қатынасы нені сипаттайды

  31. Негізгі қордың орташа жылдық құнының қарастырылып отырған кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы нені көрсетеді

  32. Негізгі қордың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

  33. Негізгі қордың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер

  34. Негізгі қорлардың қолданылуының тиімділігі көрсеткіштері

  35. Айналым қорлары қандай көрсеткіштермен сипатталады

  36. Материалдық құндылықтардың нақты қорының көлемінің орташа күндік өндірістік қажеттілікке қатынасы қандай көрсеткішті көрсетеді

  37. Өткізілген өнім құнының айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасы қандай көрсеткішті көрсетеді

  38. Айналым қорларының орташа жылдық құнының өнімді өткізуден түскен түсім сомасына қатынасы қандай көрсеткішті сипаттайды

  39. Периодтағы күнтізбелік күндер санының айналым қорларының айналым санына немесе айналым коэффициентіне қатынасы қандай көрсеткішті сипаттайды

  40. Айналым қорларының қолданылуының тиімділігі көрсеткіштері қандай

  41. Жалпы ішкі өнімнің айналым қорларының орташа жылдық көлеміне қатынасы нені білдіреді

  42. Жалпы шығарылым (валовый выпуск) (ЖШ) дегеніміз не

  43. Аралық тұтыну (АТ) дегеніміз не

  44. Негізгі қорды тұтыну немесе амортизация (А) дегеніміз не

  45. Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) неге тең

  46. Таза қосылған құн (ТҚҚ) неге тең

  47. Баланстық пайда қалай есептеледі

  48. Баланстық пайданың негізгі қорлардың, материалдық емес активтердің және айналым қорларының орташа жылдық құндарының қосындысына қатынасы нені сипаттайды

  49. Өнімді өткізуден түскен пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы нені көрсетеді

  50. Таза пайданың активтердің орташа жылдық құнына қатынасы нені сипаттайды

  51. Таза пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге (акциздер мен ҚҚСС алып тастағанда) қатынасы нені көрсетеді

  52. Жалпы қосылған құнның еңбекақы төлеу қоры, аралық тұтыну, амортизацияның қосындысына қатынасы нені сипаттайды

  53. Жалпы қосылған құнның немесе жалпы ішкі өнімнің еңбек ресурстары,негізгі қорлар,айналым қорлары қосындысына қатынасы нені көрсетеді

  54. Шаруашылық жүргізуші субъектінің өзіндік қаражаттарынан шығындарды (негізгі және айналым қорларына, материалдық емес активтерге кеткен) уақытында жабуы және төлемқабілеттілігі болуы қалай аталады

  55. Шаруашылық жүргізуші субъектінің тұрақтылығының өзгерісін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады

  56. Өзіндік қаражаттардың қаржылық ресурстардың барлық көздерінің сомасына қатынасы қай коэффициентті білдіреді

  57. Кредиторлық қарыздар мен басқа да займдық қаражаттардың өзіндік қаражаттарға қатынасы қай коэффициентті көрсетеді

  58. Егер автономия коэффициенті қай саннан кем болмағанда, шаруашылық жүргізуші субъект өз қаражаттарынан барлық төлемақыларын төлей алады

Курс бойынша бағалау дәріс және практикалық сабақтар кезіндегі өтілген материалдарды дәрежесіне, үй тапсырмаларын орындау сапасына, емтихан кезінде әрбір тақырыпты меңгеру дәрежесіне байланысты қалыптасады. Әрбір тақырып материалын толық қабылдап, түсініп білсе, көрсеткіштерді есептеу әдісін және есептерді шешуде формуланы қолдана білсе, жұмыстың барлық түріне ең жоғарғы баға қойлады.

Барлық бұл талаптарды орындау үшін сабақтарға міндетті түрде қатысу қажет. Оқытушының сабақ жүргізуіне әңгімемен, тәртібімен кедергі жасаған студенттер аудиториядан шығарылады. Курс материалын меңгеру үшін әрбір студенттің кітапхана қорыме нжеке жұмыс жасауы қажет, яғни курстың көлемділігіне байланысты, есептер шешу және коллоквиум жүргізу кезінде талап етілген материалды жете меңгеру үшін оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді қосымша өз бетімен қолдана білуі қажет. Білімдерін ағымдық бақылау сұрақтар мен есептерден құралған тест тапсырмалары түрінде жүзеге асырылады.

Бағалау саясаты

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 пайыздық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелері шығарылады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау пайыздарының сомасы көрсетіледі.

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:





«Статистика» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәріске қатысу

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Үй тапсырмасы

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Жеке практикалық тапсырма

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

1 Коллоквиум

6

6






















+






















5

2 Коллоквиум

9

9











































+




Р1 + Р2




60

















































Емтихан




40














































Барлығы




100














































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 8 және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

Пікірлесу.Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

2. 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

3. Емтиханға дайындық сұрақтары.



  • End Theme: Статистика пәні мен әдісі



«Статистика» ғылымының негізі қай кезеңде қаланды

а) XVII ғ. аяқ кезінде

б) XVIII ғ. бірінші жартысында

в) XVII ғ. басында

г) 1880 жылы.

- End Question:

Статистикалық әдістеме дегеніміз -

а) Статистика пәнін зерттеуге арналған арнайы зерттеу кезеңдері

б) Статистика пәнін зерттеуге арналған көрсеткіштер жиынтығы.

в) Статистика пәнін зерттеуге арналған арнайы формулалар жиынтығы.

г) Статистика пәнін зерттеуге арналған белгілер жиынтығы.

- End Question:

. Статистикалық зерттеудің жалғасымды үш сатысы:

а) Статистикалық бақылау, өңдеп топтау және жинақтау, жинақталған мәліметтерді талдау

б) Жинақталған мәліметтерді талдау, статистикалық бақылау, өңдеп топтау және жинақтау.

в) Жинақталған мәліметтерді талдау, өңдеп топтау және жинақтау, статистикалық бақылау

г) Статистикалық бақылау, мәліметтерді талдау, өңдеп топтау және жинақтау.

- End Question:

Жиынтық бірлігі дегеніміз

а) Статистикалық жиынтықтың зерттеу негізі болып табылатын, зерттеуге және тіркеуге жататын белгілері бар элемент.

б) Статистикалық жиынтықтың зерттеу негізі болып табылмайтын, бірақ тіркеуге жататын белгілері бар элемент.

в) Статистикалық жиынтықтың зерттеу негізі болып табылатын, зерттеуге және тіркеуге жататын белгілері бар әртектес көрсеткіштер бөлігі

г) Статистикалық жиынтықтың зерттеу негізі болып табылатын, зерттеуге және тіркеуге жататын мәндер бөлігі

- End Question:


Бақылау зерзаты

а) зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер жиынтығы немесе мәліметтер жиналатын аумақтың дәл шектерін анықтау

б) зерттелетін экономикалық құбылыстар мен процестер жиынтығы немесе мәліметтер жиналатын аумақтың дәл шектерін анықтау

в) зерттелетін әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы немесе мәліметтер жиналатын аумақтың шектерін анықтау

г) зерттелінетін белгілі бір экономикалық құбылыстар мен процестер мен мәліметтер жиналатын аумақтың шектерін анықтау

- End Question:

Өзгермелілік (вариация) дегеніміз

а) Жиынтықтың әр бөлігіндегі белгі мәнінің өзгерісі

в) Жиынтық бірлігінің көлемі өзгерісі

с) Жиынтық бірлігі шамасының мәнінің өзгерісі

д) Бақылау бірлігі шамасының мәнінің өзгерісі

- End Question:

- End Theme: Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылау дегеніміз

а) Бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі

в) Топтастырылған мәліметтерді алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі

г) Бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілінің соңғы сатысы

д) Бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйеде талдау тәсілінің екінші сатысы

- End Question:

Статистикалық бақылау зерзаты -

а) бақылау бірлігі

в) статистикалық жиынтық

с) статистикалық жиынтық бірлігі

д) есепті бірлік

- End Question:

Статистикалық бақылау барысында тіркеуге жататын белгілер немесе сұрақтар тізімі қалай аталады:

а) статистикалық формуляр

в) бақылау бағдарламасы

с) бақылау жұмыс жабдықтары

д) статистикалық есеп беру құжаты

- End Question:

Статистикалық бақылау барысында мәліметтерді беретін субъект қалай аталады:

а) бақылау бірлігі

в) статистикалық жиынтық бірлігі

с) есепті бірлік

д) бақылау зерзаты

- End Question:

Бақылау мерзімі -

а) статистикалық формулярлар толтырылатын уақыт

в) зерттелетін жиынтықтың әрбір бірлігі бойынша белгілерін тіркеу жүргізілетін жылдың белгілі бір нақты күні мен сағаты

с) зерттелетін жиынтықтың белгілерін тіркейтін арнайы белгіленген уақыт

д) мәліметтердің есепке алынған кесімді уақыты

- End Question:

Статистикалық есеп беру -

а) статистикалық бақылаудың түрі

в) статистикалық бақылаудың әдісі

с) статистикалық бақылаудың формасы

д) статистикалық бақылаудың жүйесі

- End Question:

Статистикалық зерттеуді жүргізу сатылары

а) бағдарлама жасау, ұйымдастыру жоспары, мақсаты мен міндеті, зерзат

в) зерзат, бағдарлама жасау, ұйымдастыру жоспары, мақсаты мен міндеті.

с) ұйымдастыру жоспары, зертзат, мақсаты мен міндеті, бағдарлама жасау

д) мақсаты мен міндеті, зерзат, бағдарлама жасау, ұйымдастыру жоспары

- End Question:

Жартылай бақылау тәсілінің бірінші түрі

а) жеке ауқымды (монографиялық) бақылау

в) жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау.

с) ішінара бақылау

д) жаппай бақылау

- End Question:

Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу

а) ағымдағы, кезеңдік, бір жолғы бақылау.

в) жаппай және кезеңдік бақылау

с) ағымдағы, бір жолғы және жартылай бақылау

д) ағымдағы, кезеңдік, жаппай

- End Question:

Жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау түрлері

а) жаппай және кезеңдік бақылау

в) жаппай және жартылай бақылау

с) ағымдағы және жаппай бақылау

д) жартылай және кезеңдік бақылау

- End Question:

Қоғамымыздағы өзгерістердің жиілігіне және есеп жұмыстарының нақты дұрыс жүргізілуі үшін белгіленетін мерзім

а) статистикалық бақылаудың арнайы уақыт кезеңі

в) статистикалық бақылаудың шекті уақыт кезеңі

с) статистикалық бақылаудың үзілісті уақыт кезеңі

д) статистикалық бақылаудың үзіліссіз уақыт кезеңі

- End Question:

Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылаудың мәні

а) бақылау үшін ең ірі зерзаттар алынады

в) бақылау зерзаттары кездейсоқ, бірақ зерттеу нәтижелері тұжырымдауға жеткілікті

с) бақылау үшін ең кіші зерзаттар алынады

д) кейбір зерзаттар белгілі бір мақсатта жан-жақты зерттелінеді

- End Question:

Жартылай бақылау тәсілінің жеке ауқымды түрі

а) бақылауға ең кіші зерзаттар алынады

в) бақылауға ең ірі зерзаттар алынады

с) кездейсоқ алынған, дегенмен зерттеу нәтижелері тұжырым жасауға жететін жиынтық бөліктері

д) белгілі бір мақсатпен жан-жақты зерттелінетін зерзаттар

- End Question:

Ішінара бақылаудың мәні

а) бақылау зерзаттары кездейсоқ, бірақ зерттеу нәтижелері қорытынды жасауға жететін бақылау

в) бақылауға ең кіші зерзаттар алынады

с) бақылауға ең ірі зерзаттар алынады

д) белгілі бір мақсатпен жан-жақты зерттелінетін зерзаттар

- End Question:

Ағымдағы бақылау дегеніміз

а) фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, күнделікті жүргізіледі.

в) зерттеуге алынған құбылыс не процесті ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында жүргізу

с) зерттеу жұмыстары бір-ақ рет жүргізіледі

д) фактінің пайда болуына байланысты жүргізіледі

- End Question:

Сауал-сұрақтық тәсілмен мәліметтер жинау

а) санақшылар немесе тіркеушілер сұралушымен кездесіп, мәліметтерді ауызша сұрау арқылы жинау

в) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағазы таратылып, артынан санақшылар жүріп жинап алып, түзету енгізеді

с) арнайы іріктелініп алынған адамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздары байланыс бөлімшелері арқылы жіберіледі

д) сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріліп және ол жедел толтырылады

- End Question:

Зерттеліп отырған шаманың нақты мәні мен зерттеу нәтижесі мәнінің арасындағы сәйкессіздік:

а) бақылау қателігі

в) тіркеу қателігі

с) репрезентативті қателік

д) жүйелі түрде жіберілген қателік

- End Question:

Жиналған мәліметтерді тексеру тәсілі

а) қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру

в) есептеу арқылы тексеру және монографиялық тексеру

с) қисынды түрде тексеру және ішінара тексеру

д) монографиялық және ішінара тексеру

- End Question:

Статистикалық жинақтау

а) бақылау нәтижесіндегі бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктерді өздеріне тән белгілері бойынша сипаттау

в) бақылау нәтижесіндегі бастапқы мәліметтерді ғылыми түрде өңдеу және жиынтық бірліктерді өздеріне тән белгілері бойынша талдау және қорытындылау

с) бақылау нәтижесіндегі бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және орташа шамаларды өздеріне тән белгілері бойынша сипаттау

д) бақылау нәтижесіндегі бастапқы мәліметтерді ғылыми түрде өңдеу және қорытындылаушы көрсеткіштерді өздеріне тән белгілері бойынша талдау және тұжырымдау

- End Question:

Жұмысты орындау тәсілі бойынша (по технике выполнения) статистикалық мәліметтерді жинақтау

а) жай және күрделі

в) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған

с) механикаландырылған және қолмен

д) құрылымдық және талдаулық

- End Question:

End Theme: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау

Статистикалық топтау

а) қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығын жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға бөлу

в) қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығын ерекшеліктеріне қарай топқа бөлу

с) қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығын аса маңызды өзгешеліктері бойынша әр типті топтарға бөлу

д) қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығын қандай да бір белгісіне қарай салалық топтарға бөлу

Топтаудың түрлері

а) бір үлгідегі, құрылымдық, талдаулық

в) құрылымдық, жай, талдаулық

с) әртектес, бір үлгідегі, құрылымдық

д) құрамдас, жай, күрделі

- End Question:

Бір үлгідегі немесе типтік топтау нені көрсетеді

а) құбылыстың әлеуметтік-экономикалық типтерін, сыныптарын саралап, танып-біліп анықтайды

в) біртектес жиынтықтың құрамдас бөліктерін анықтап, құрылымдық қозғалысты көрсетеді

с) өзара қатысты белгілер арасындағы байланысты және өзара тәуелділікті көрсетеді

д) біртектес жиынтықтың көрсеткіштерін сипаттайды

- End Question:

Құрылымдық топтау нені көрсетеді

а) өзара қатысты белгілер арасындағы байланысты және өзара тәуелділікті көрсетеді

в) біртектес жиынтықтың құрамдас бөліктерін анықтап, құрылымдық қозғалысты көрсетеді

с) құбылыстың әлеуметтік-экономикалық типтерін, сыныптарын саралап, танып-біліп анықтайды

д) біртектес жиынтықтың көрсеткіштерін сипаттайды

- End Question:

Талдаулық топтау нені көрсетеді

а) біртектес жиынтықтың құрамдас бөліктерін анықтап, құрылымдық қозғалысты көрсетеді

в) өзара қатысты белгілер арасындағы байланысты және өзара тәуелділікті көрсетеді

с) біртектес жиынтықтың көрсеткіштерін сипаттайды

д) құбылыстың әлеуметтік-экономикалық типтерін, сыныптарын саралап, танып-біліп анықтайды

- End Question:
Жай топтау дегеніміз

а) қандай да бір бір ғана белгісі бойынша топтау

в) бір-біріне үйдесімді етіп алынған екі немесе одан да көп белгілері негізінде құрастырылған топтау

с) сандық белгісі бойынша орындалған топтау

д) сапалық белгілеріне байланысты орындалған топтау

- End Question:

Комбинациялық (күрделі) топтау дегеніміз не

а) сандық белгісі бойынша орындалған топтау

в) екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған топтау

с) сапалық белгісі бойынша топтау

д) бір белгісі бойынша топтау

- End Question:

Жаңа топтар құрудың екі әдісі

а) бастапқы топтаудың деңгей аралық өзгерісі мен жиынтық бірлігінің белгілі бір үлесі бойынша қайта топтастыру

в) деңгей аралығын ірілендіру және үлес салмағын ұлғайту

с) жай жинақтау және күрделі жинақтау

д) сандық бөліктерге және сапалық бөліктерге бөлу

- End Question:

Кәсіпорындағы жұмысшыларды жасына, еңбек еткен жылдарына, жалақы мөлшеріне, мамандық дәрежесіне қарай бөлу негізінде қай белгілерді қолданамыз

а) сандық

в) сапалық

с) нәтижелік

д) ағымдағы

- End Question:

Кәсіпорындағы жұмысшыларды біліміне, мамандығына, жынысына қарай бөлу негізінде қолданылатын белгілер

а) қосымша

в) сандық

с) негізгі

д) сапалық

- End Question:

Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелердің түрлері

а) жай, топтық, күрделі (комбинациялық)

в) құрылымдық, нәтижелік, жай

с) топтық, құрылымдық, нәтижелік

д) күрделі (комбинациялық), құрылымдық, жай

- End Question:

Кестенің бастауышы дегеніміз

а) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің тізімі

в) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің сандық мәліметтері

с) кестені құрайтын негізгі бөліктер мен элементтер жиыны

д) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің қорытындысы

- End Question:


Жай кестелердің түрлері

а) тізімдік, аймақтық, хронологиялық

в) құрылымдық, аймақтық, тізімдік

с) аймақтық, топтық, хронологиялық

д) топтық, тізімдік, аймақтық

- End Question:

Кестенің баяндауышы дегеніміз

а) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің тізімі

в) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің сандық мәліметтері

с) кестені құрайтын негізгі бөліктер мен элементтер жиыны

д) зерттелетін зерзат, яғни статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктерінің қорытындысы

- End Question:

Экономикалық-географиялық бірліктер бойынша құбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті контурлы картада бейнелеу

а) диаграмма

в) картограмма

с) картодиаграмма

д) графодиаграмма

- End Question:

Жиынтықтардың құрамын салыстыру үшін диаграмманың қай түрі қолданылады

а) шаршылы диаграмма

в) секторлы диаграмма

с) құрылымды диаграмма

д) бағаналы диаграмма

- End Question:

Сызықтық диаграмманы бейнелеу үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады

а) құбылыс өсіңкілігі

в) құбылыстың көлем мөлшері

с) жиынтықтың жеке бөліктерінің үлес салмағы

д) жиынтықтың құрамын салыстыру

- End Question:

- End Theme: Статистикалық шамалар

«Цехтағы жұмысшылардың саны» көрсеткіші жиынтықтың бірліктерін қамту дәрежесі бойынша қалай аталады

а) жеке

в) жалпы

с) толық

д) есептелген

- End Question:

Нақты шамалардың өлшем бірліктері

а) табиғи, табиғи-шартты, құндық

в) дербес, жиынтық, базалық

с) қарапайым, күрделі

д) кезеңдік және күнтізбелік

- End Question:
.Қатысты шамаларды өрнектеп көрсету түрі

а) коэффициент, процент, промилле және продецимилле

в) промилле, продецимилле, табиғи, табиғи-шартты

с) құндық коэффициент және құндық процент

д) табиғи-шартты, құндық, табиғи

- End Question:

Егер базалық деп 1 алынса, онда қатысты шама немен көрсетіледі

а) промилле

в) процент

с) коэффициент

д) продецимилле

- End Question:

Егер базалық деп 100 алынса, онда бөлу нәтижесі немен көрсетіледі

а) промилле

в) процент

с) коэффициент

д) продецимилле

- End Question:

Қатысты шама дегеніміз

а) салыстыру негізі және салыстырмалы шамалардың қатынасын көрсететін көрсеткіш

в) жалпы және ішінара шамалардың қатынасын көрсететін көрсеткіш

с) жай және күрделі шамалардың қатынасын көрсететін көрсеткіш

д) бөлшек және бүтін шамалардың қатынасын көрсететін көрсеткіш

- End Question:

Жоспар орындалуының қатысты шамалары қалай есептелінеді

а) нақты орындалған мәнінің жоспарланған мәніне қатынасы

в) қазіргі уақыттағы нақты көрсеткіш деңгейінің өткен уақыттағы көрсеткіш деңгейіне қатынасы

с) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жалпы жиынтықтың мәніне қатынасы

д) есепті жылдағы процес немесе құбылыс деңгейінің өткен жылдардың біреуінің процесс немесе құбылыс деңгейіне қатынасы

- End Question:

Жоспар тапсырмасының қатысты шамалары қалай есептелінеді

а) көрсеткіштің жоспарланған мәнінің өткен уақыттағы нақты мәнге қатынасы

в) нақты орындалған мәнінің жоспарланған мәніне қатынасы

с) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жалпы жиынтықтың мәніне қатынасы

д) қазіргі уақыттағы нақты көрсеткіш деңгейінің өткен уақыттағы көрсеткіш деңгейіне қатынасы

- End Question:

Жоспар тапсырмасының қатысты шамасы нені көрсетеді

а) жоспардың нақты қанша процентке орындалғанын, яғни орындалу дәрежесін

в) есепті жылда жеткен деңгеймен салыстырғанда алдағы жылға қанша процент жоспарланатынын

с) тұтас бөлік ішіндегі меншікті үлес салмағын

д) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

- End Question:

Өсіңкіліктің қатысты шамалары қалай есептеледі

а) есепті жылдағы процес немесе құбылыс деңгейінің өткен жылдардың біреуінің процесс немесе құбылыс деңгейіне қатынасы

в) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жалпы жиынтықтың мәніне қатынасы

с) нақты орындалған мәннің жоспарланған мәнге қатынасы

д) көрсеткіштің жоспарланған мәнінің өткен уақыттағы нақты мәнге қатынасы

- End Question:

Өсіңкіліктің қатысты шамасы нені сипаттайды

а) жоспардың нақты қанша процентке орындалғанын, яғни орындалу дәрежесін

в) есепті жылда жеткен деңгеймен салыстырғанда алдағы жылға қанша процент жоспарланатынын

с) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

д) тұтас бөлік ішіндегі меншікті үлес салмағын

- End Question:

Құрылымдық қатысты шамалар қалай есептеледі

а) көрсеткіштің жоспарланған мәнінің өткен уақыттағы нақты мәнге қатынасы

в) нақты орындалған мәннің жоспарланған мәнге қатынасы

с) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жиынтықтың жалпы мәніне қатынасы

д) қазіргі уақыттағы нақты көрсеткіш деңгейінің өткен уақыттағы көрсеткіш деңгейіне қатынасы

- End Question:

Құрылымдық қатысты шамалар нені көрсетеді

а) жоспардың нақты қанша процентке орындалғанын

в) тұтас бөлік ішіндегі меншікті үлес салмағын

с) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

д) әртүрлі орташа шамалардың құрамы

- End Question:

Даму қарқындылығының қатысты шамалары қалай есептеледі

а) көрсеткіштің жоспарланған мәнінің өткен уақыттағы нақты мәнге қатынасы

в) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жиынтықтың жалпы мәніне қатынасы

с) нақты орындалған мәннің жоспарланған мәнге қатынасы

д) таралу дәрежесі зерттеліп отырған құбылыстың шамасының осы құбылыстың таралып отырған ортасының көлеміне қатынасы немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштердің қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді

- End Question:

Даму қарқындылығының қатысты шамасы нені сипаттайды

а) тұтас бөлік ішіндегі меншікті үлес салмағын

в) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

с) құбылыстың өзіне тән ортаға таралу дәрежесін

д) жоспардың нақты қанша процентке орындалғанын

- End Question:

Қатысты шамалар координациясы нені сипаттайды

а) тұтас бөлік ішіндегі меншікті үлес салмағын

в) құбылыстың өзіне тән ортаға таралу дәрежесін

с) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

д) жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынасын

- End Question:

Салыстырмалы қатысты шамалар қалай есептеледі

а) көрсеткіштің жоспарланған мәнінің өткен уақыттағы нақты мәнге қатынасы

в) жиынтықтың жеке бөлігінің мәнінің жиынтықтың жалпы мәніне қатынасы

с) бір уақытта әртүрлі объектілерге, аймақтарға жататын аттас шамалардың қатынасы

д) қазіргі уақыттағы нақты көрсеткіш деңгейінің өткен уақыттағы көрсеткіш деңгейіне қатынасы

- End Question:

Салыстырмалы қатысты шамалар нені сипаттайды

а) жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынасын

в) қанша процентке жоспардың артық не кем орындалуын

с) уақыт мерзіміндегі құбылыс деңгейінің өзгерісін

д) бір уақытта әртүрлі объектілерді сипаттайтын біртектес, аттас нақты көрсеткіштердің қатынасын

- End Question:

Туу коэффициенті, халықтың тығыздығы көрсеткіштері қатысты шаманың қай түріне жатқызылады

а) координация қатысты шамасына

в) жоспар тапсырмасының қатысты шамасына

с) даму қарқындылығы қатысты шамасына

д) құрылымды қатысты шамаға

- End Question:

Орташа шама дегеніміз не

а) біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін сан мөлшерін сипаттайды

в) біртектес жиынтықты белгілі бір кезеңде өздеріне тән белгісі бойынша жалпылап көрсететін сан мөлшерін сипаттайды

с) біртектес жиынтықтың белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақыттағы көрсеткішін көрсетеді

д) біртектес жиынтықтың белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақыттағы белгісін білдіреді

- End Question:

Орташа шамалардың екі класқа бөлінуі

а) дәрежелі және құрылымды

в) қатысты және нақты

с) дербес және жалпылама

д) нақты және дербес

- End Question:



Жалпы дәрежелік орташа формуласы

а)

жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау