Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,29 Mb.
бет11/133
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21085
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133

Статистикалық өзгерме деп жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады. Өзгерменің өрісі деп сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші мән шамаларының арасындағы айырмашылықты айтады. R=хкөпаз.
Тақырып 5. Өсіңкілік қатарлар

5.1. Өсіңкілік қатарлардың түрлері, көрсеткіштері. Өсіңкілік қатарды құру.

5.2. Өсіңкілік қатарды талдау тәсілдері. Маусымдық ауытқу туралы түсінік.
Өсіңкілік қатарлар деп статистикалық көрсеткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Өсіңкілік қатарлар негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі – қатардың дәрежесі, екіншісі - уақыт көрсеткіші, белгісі. Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.

Қьстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді. Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды.

Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткішті айтады.

Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланыстытолық және толық емес болып екіге бөлінеді.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық өсіңкілік қатарға жатқызылады.

Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, онда оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды.

Экономикалық құбылыстардың өзгеру процесін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.

Нақты (абсолютті) шамалар өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергенін көрсетеді.

Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалыққұбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды.

Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.

Статистикада өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты (абсолютті) өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің нақыт (абсолюттік) мәні. Бұлардың барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Ол үшін ағымдағы кезеңнің нақты (абсолюттік) шамасын салыстыратын бір тұрақты уақыттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс.

Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстыратын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Базалық дәрежеге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір тұрақты мәні алынады.

Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәннін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды.

Тұрақты тәсіл




Тізбектелген тәсіл

Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалық тәсілмен талдау. Бұл тәсілді қолдану кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар мен процестерді белгілі бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштерінің өзгергендігі көрсетіледі. Мұндағы көрсетілген көрсеткіштер өзінің мағынасы жағынан және уақыт мерзімдері бойынша әртүрлі экономикалық әкімшілік аумақтарда, облыстарда, аудандарда болған құбылыстардың қалай, қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қысқаша қорытынды жасауға көмектеседі.

Егер өсіңкілік қатарлар дәрежесі уақыт мерзіміне қарай бір-біріне жақын орналасқан болса, онда олардың даму немесе кему бағытын анықтау үшін уақыт аралығының шамасы үлкейтіліп, жаңа қатарлар құрастырылады.

Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштердің өңдеу және талдау кезінде қоғамдық құбылыстардың жалпы даму немесе кему бағыты ме ноның өзгермелілігін анықтау үшін түрлі себептердің әсерін айқындай отырып, қорытынды жасау үшін жылжымалы орташа тегістеу тәсілі қолданылады. Мұнда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде және көп жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі. Оны есептеу үшін жылжымалы түрде қатардың алғашқы мүшесін біртіндеп алып тастап оның орнына қатардың келесі мүшесін қосып отырады.



Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін тегістеу ең кіші шаршы (квадрат) тәсілі арқылы жүргізіледі. Егер зерттеуге алынған өсіңкілік қатар бірқалыпты нақты өзгеріп отыратын болса, онда қатарды тегістеу үшін түзу сызықты теңдеу қолданылады. Түзу сызықты теңдеу арқылы тегістеу тәсілі қолданылады және оны мына формула бойынша есептеуге болады.



Мұнда - тегістелген қатардың дәрежесі, a0 , a1 - түзу сызықтың параметрлері. t - мезгілдік немесе кезеңдік уақыт мерзімінің рет нөмірі.

Интерполяция деп өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген яғни жетістпейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табуды айтады.

Экстраполяция деп белгілі бір уақыттағы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жасауды, яғни осы уақыттан кейінгі мерзімдердің сандық мәндерін жуық шамамен есептеп табуды айтады.

Әэ құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты азды-көпті өзгеруін маусымдық ауытқу деп атайды. Статистикада маусымдық ауытқуды анықтау үшін және олардың пәрменділігін білу үшін арнайы көрсеткіш яғни маусымдық индекс қолданылады.



Імаусымдық =

жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау