Тақырып 6. Индекстер
6.1. Индекстер туралы түсінкік. Дара және жалпы индекстер.
6.2. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
Статистикада біріне бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп атайды.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни салыстырылатын уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп айтады. Ол статистикалық зерттеу зерзатының негізгі көзі бп саналады. Бұл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастың алымында беріледі және «T» деген таңбамен белгіленеді. Ал онымен салыстыратын мезгілдің шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны «0» таңбасымен белгілейді.
Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер төменде берілген латын әріптерімен белгіленеді:
«q» - сандық көрсеткіш, яғни өнімнің көлемі, мөлшері;
«p» - бір дана өнімнің, заттың бағасы;
«z» - бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;
«t» - бір дана өнімді, затты өндіруге арналған уақытының шамасы;
«w» - еңбек өнімділігі;
Біртектес қатынастардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке (дара) индекстер деп айтады.
Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп атайды.
Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайды.
Агрегатты индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілердің көбейтіндісінің қосындысына тең.
Бағаның жалпы индексі немесе Пааше индексі:
Қьстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі (көлемі) қолданылса, онда тұрақты индекс шығады және оны сапалық мәндері бойынша мына формулалар арқлы көрсетуге болады:
1) баға бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: |