Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-G-3 санаты үшін: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
E-G-3
|
69 957
|
94 109
|
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16 үй ғимаратында, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 27-07-12, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:
1. «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, индекс № 25-3).
Негізгі функционалдық міндеттері: ҚР заңдылықтарының іс-әрекетін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, кент әкімнің нормативтік-құқықтық актілерінің заңдылықтарының сақталуына және тіркеу журналдарына жауаптылығы, олардың сақталуын қамтамасыз ету, әділет департаментіне тіркеуге жіберілетін шешімдерді дайындау, уақытылы жіберу және қадағалау. Өкім, шешімдердің ай сайын, тоқсан сайын прокуратура және әділет басқармасына мәліметтерін тапсырып отыру.
Әкімшілік аппаратының мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу саласына қойылатын талаптардың, сатып алуды жүргiзу тәсiлдерiнің сәйкес келуін қадағалау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі, тәртіптік комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді, тиісті есептерін уақытылы беріп отыру. Кент әкімі аппаратында құқықтық оқуларды ұйымдастыру және өткізу.
Келіп түскен өтініштерді Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі құқық немесе қызмет көрсету, экономика және басқару немесе білім беру мамандықтары бойынша немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттар Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында, 3- қабат, person.kadr2013@mail.ru, мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында, 3-қабатта өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Нысан
Қызылорда қаласы әкімінің аппараты
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |