Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 87,1 Kb.
Дата09.11.2018
өлшемі87,1 Kb.
#18747
түріКонкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)



Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

73 288

99 106


«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратында, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 27-07-12, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:

1. «Қызылорда қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, индекс № 13-5).

Негізгі функционалдық міндеттері: Білім ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырады, талдау жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан Республикасындағы білім мекемелеріндегі комплексті тәрбие бағдарламасының» орындалуы бойынша жұмысты, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағыттарының мазмұнын қамтамасыз етеді. Тәрбие саласы бойынша тиісті орындарға есеп, ақпарат береді. Аула клубтары жұмыстарын жүргізеді. Мектептен тыс мекемелердің жұмыстарына сараптама жасайды. Оқушылардың жазғы демалыс шаралары, «Сырдария» тынығу лагерінің жұмысын ұйымдастырады. Тәрбие жүйесінің басқару әрекетін және әдістемелік жағдайын талдайды. Құқықбұзушылық және жасөспірімдер арасында болатын қылмыстық әрекеттердің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мөлтек аудандар бойынша ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыстар жүргізеді. Жол қауіпсіздігі іс-шараларын жүзеге асырады. Ішкі істер, ішкі саясат бөлімімен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастырады.

Білім мекемелеріндегі бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен олардың тиімділігіне бағалау жүргізу есептілігін құруға қажетті ақпараттарды жинақтау.

Заң тәртібіне сәйкес білім қызметкерлерінің, ата-аналардың хаттарын, арыз-шағымдарын қарау, олардың заңды талаптары мен өтініштерін орындауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім немесе гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білім беру немесе қызмет көрсету, экономика және басқару (қаржы салалары

бойынша, экономика салалары бойынша) немесе құқық мамандығы немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында, 3- қабат, person.kadr2013@mail.ru, мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының


2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында,
3-қабатта өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
жүктеу 87,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау