Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 181,5 Kb.
Дата25.01.2020
өлшемі181,5 Kb.
#27274
түріКонкурс


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтамаүшін телефон: 75-45-30, электрондық адрес: konkurs.kirpb@mid.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы, С- 3 санаты, 1 бірлік, № 23-3-1.



Функционалды міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша Басқарманың жұмысын ұйымдастыру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу бойынша, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; бақылаудағы өнеркәсіп салалары кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуына тексерістер ұйымдастыру және оларға қатысу; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша алқалық және ведомствоаралық мәжілістер өткізуге арналған материалдардың дайындалуын бақылау; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету; жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (тау-кен ісі, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, пайдалы қазбаларды байыту, металлургия, технологиялық машиналар мен жабдықтар, жару жұмыстарының технологиясы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру).

2. Заң басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-8-2.



Функционалды міндеттері: Өтініштерді және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де құжаттардың қаралуын бақылау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; Комитеттің құзыреті шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және оларға сараптауға қатысу; Комитеттің басшылығына қол қоюға берілетін хаттарды және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды сараптау; Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа да мемлекеттік органдарында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша құрылатын жұмыс топтарына қатысу; талап арыздар, талап арыздарға, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарына пікірлер дайындау және беру; мемлекеттік органдардың заң қызметтері туралы үлгілік ережелерімен көзделген және Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).
II. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 1-қабат, 127В бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(7172)74-05-39, 74-03-39 электронды пошта: r.tuleukhanov@mks.gov.kz, «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, С- 4 санаты, 1-бірлік.



Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті жүргізу, соның ішінде бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүргізілетін кассалық, банктік операцияларды көрсету, оперативті ақпарат ұсыну, бухгалтерлік, статистикалық және салық есептерін әзірлеу және ұсыну; салық бойынша декларацияларды жасау және жүргізу, Комитет қызметкерлеріне еңбекақы және әлеуметтік аударымдар есептеу. Комитет құзыреті шегінде келесі қаржы жылына тиісті республикалық бюджет жобасын әзірлеуге қатысу. Комитет құзыретіне кіретін, мемлекеттік сатып алулар, техникалық тапсырмалар жоспарын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім мамандығы бойынша: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, құқық (заңтану).

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді; Қазақстан Республикасының қолданыстағы туристік қызмет туралы заңнамаларын білу. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау қабілеттілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, стратегиялық ойлау қабілеті, жетекшілік, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, жемқорлыққа төзбеушілік. Ағылшын тілін білгені жөн.
III. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс, анықтама телефоны: 60-21-29, электрондық пошта: iskakova.zh@emer.kz, «Б» корпус бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшыс (С-4 санаты, 1 бірлік).

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттер: Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; бюджетті әзірлеуге қатысу және оның орындалуын бақылау; стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысу, стратегиялық жоспар көрсеткіштерін бағалау мониторингісін жүргізу; қаржы мәселелері саласында заңнама актілерін, нормативтік құжаттарын, нұсқаулықтарды, қағидаларды қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулық әзірлеу; бюджет заңнамасы саласында нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; әскери қызметшілерді, азаматтық қорғау қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Комитеттің штат кестелерін, қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау жөніндегі, сондай-ақ жиынтық бюджет өтінімін қалыптастыру жұмысына қатысу; Басқарма сарапшыларына бюджет өтінімінің жобасын, штат кестелерін, жедел қаржы есептілігін әзірлеу кезінде практикалық көмек көрсету;Үкімет резервінен қаражат бөлу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма қызметіне қатысты ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысу; бухгалтерлік есепті жүргізу; бухгалтерлік құжаттарды уақтылы, дұрыс ресімдеуге, уәкілетті органға тапсыруға және жасалып жатқан операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру; Комитет аппаратының қызметкерлеріне жалақы мен басқа төлемдерді есептеудің уақтылығын қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептерді қарау және жалпылап қорыту; Комитет аппараты мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті жинау және жинақтау; ведомстволық бағынысты мекемелердің Басқарма құзыретіне кіретін хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика) саласында.

2. Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін келісу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен және кәсіпорындармен, басқа мемлекеттік органдармен хат алысуды жүзеге асыру; негізгі құралдардың бірыңғай деректер базасын ұйымдастыру және іске асыру; ведомстволық бағынысты мекмелерді материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша моинторинг пен есеп материалдарын дайындау; үшжылдық кезеңге бюджеттік өтінімді қалыптастыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту және оларды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру, Комитет жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысу; тиістілік нормаларына сәйкес ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық жарақталуын талдау және бақылау жасау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; сатып алу жоспарларын қалыптастыру, веб-порталда шарттар тізілімін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару ) немесе техникалық ғылымдар мен технология (автоматтандыру және басқару, радиотехника, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) саласында.

3. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы 2020 жылғы 8 маусымға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (С-4 санаты, 1 бірлік).

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттер: Нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтар мен Комитеттің іс жүргізу және құжат айналымы саласындағы өзге нормативтік ведомстволық құжаттарды әзірлеу; қағаз тасымалдағышта және ЭҚАБЖ-да кіріс хат-хабар бойынша жұмысты ұйымдастыру; қағаз тасымалдағышта және ЭҚАБЖ-да шығыс хат-хабар бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитет төрағасының бұйрықтарын тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген құжаттарды қабылдау, бастапқы өңдеу және алдын ала қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру; іс жүргізуге қатысты мәселелер жөнінде қажетті құжаттарды, анықтамалар мен ақпараттарды жинау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметін тексеруге қатысу; аппараттық кеңестерге дайындалу және өткізу, Комитеттің аппараттық кеңестерінің хаттамаларын ресімдеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; құжат айналымын қысқарту жөнінде шараларды әзірлеу; іс жүргізу мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтері қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету; Комитет төрағасының және оның орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерді дайындау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, экономика, әлеуметтану, есеп және аудит, қаржы) немесе білім (математика, қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі, орыс тілі мен әдебиеті) немесе құқық (құқықтану) немесе гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі, мәдениеттану, филология) саласында.
IV. ҚазақстанРеспубликасыАқпаратжәнекоммуникацияларминистрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктерүйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтамаүшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес m.konkurs@mic.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғаүшінбарлықмемлекеттікоргандардыңмемлекеттікқызметшілеріарасындағыішкі конкурс жариялайды:

1. Персоналды басқару департаменті Персоналдың тиімділігін бағалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 04.12.2018 ж.).



Функционалды міндеттері: Орталық мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау мәселелері бойынша іс-қимыл ету; Министрлік қызметкерлерінің бағалау парағын жинақтауын және тексеруін жүзеге асыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру; Министрліктің конкурстық іріктеулерін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне есептер құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) немесе гуманитарлық ғылымдар. Қазақстан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
V. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: a.netalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

1. Әкімшілік жұмыс департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты



Функционалдық міндеттер: Басқарманың мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелері бойынша жұмысын жалпы басқару, мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту шараларын әзірлеу, мемлекеттік тілді қолдану аясын дамыту процесін әдістемелік қамтамасыз ету, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және аумақтық органдарында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жоспарлы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау, Министрлік жүйесінде мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы іске асыру, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту іс-шараларын іске асыру үшін халықаралық тәжірибені зерделеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар (журналистика, қазақ филологиясы, аударма ісі, мәдениеттану, халықаралық қатынастар) немесе білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі (екі шет тілі)) мамандықтары бойынша жоғары білім.

2. Әлеуметтік қызметтер департаменті мүгедектер істері басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 01.12.2019ж. бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде), С-4 санаты



Функционалдық міндеттер: Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік пен есептерді дайындау, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде аналитикалық материалдар, анықтамалар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, әлеуметтану, психология, саясаттану) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, педиатрия, жалпы медицина) мамандықтары бойынша жоғары білім.

3. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты



Функционалдық міндеттер: Еңбек нарығы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, ортамерзімдік кезеңде салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде экономика салаларының кадрларға қажеттілік болжамын дайындау, ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжанатын жұмыс орындары туралы жалпыұлттық дерекқор қалыптастыру, еңбек нарығындағы ахуалды мониторингілеу, талдау және болжамдау жұмысын ұйымдастыру, оның даму перспективалары жөнінде ұсыныстар әзірлеу, халықтың еңбек нарығын дамыту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің операциялық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысқа талдау жасау, болжау, еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және Қазақстан Республикасының Үкіметін ақпараттандыру, кадрларды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру қажеттілігін мүдделі органдармен бірлесіп айқындау, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу, Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кедендік іс) гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (өлкетану, экономика, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, менеджмент) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім.

4. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты



Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын әзірлеуге қатысу, қолданыстағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізу, талдау және болжау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның даму перспективалары жөнінде ұсыныстар әзірлеу, еңбек нарығын дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамту саласындағы орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен әдістемелік жұмыс жүргізу, Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (өлкетану, экономика, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, менеджмент) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім.

5. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты



Функционалдық міндеттер: Зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, басқа органдар ұсынған зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілердің, мемлекетаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, зейнетақы жүйесін және базалық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бойынша семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.

6. Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама және талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты



Функционалдық міндеттер: Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізу. Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді қарау. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттар енгізген түзетулерге Үкіметтің қорытынды жобаларын, Министрлік әзірлеуші болып табылатын Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтауға қатысу. Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің хаттамаларын жасау. Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдар дайындау. Үкімет отырыстарына материалдар дайындау. БасқармақұзыретішеңберіндеМинистрліктіңстратегиялықжәнеоперациялықжоспарыныңнысаналыиндикаторларына, нәтижелеркөрсеткіштерінеқолжеткізу, іс-шараларынсапалы да уақытындаорындаубойыншажұмыстардыорындау.

Құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жай-күйін талдау және Әділет минситрлігіне Үкімет регламентінің 114-тармағына сәйкес қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы жөнінде және Министрлік әзірлеушісі болып табылатын заң жобалары жөнінде ақпарат ұсыну үшін материалдар дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 181,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау