Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі



жүктеу 199 Kb.
Дата19.01.2020
өлшемі199 Kb.
#27102
түріКонкурс


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-1* санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:



1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-2, B-2, С-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4)өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.**



С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**



С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289 629

391 105

С-2

204 041

275 664

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-05-26, e-mail: k.konkurs@qogam.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды.

1. Қоғамдық жаңғырту департаменті Арнайы жобаларды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге басқарма құзіреті шегінде мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдардың өңірлік жобаларын іске асыру және «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; өңірлік іс-қимыл мәселесі бойынша талдамалық баяндама, жазбахат, презентациялық материалдар әзірлеуді қамтамасыз ету; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Департамент құзыретіне кіретін комиссияларға және жұмыс топтарына қатысу; өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау; Департаменттің, басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, басшылықтың құжаттарын және тапсырмаларын уақытылы жән сапалы орындауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс) мамандықтары бойынша.

2. Қоғамдық жаңғырту департаменті Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге басқарма құзіреті шегінде мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; жұртшылықтың, әртүрлі мақсатты топтардың «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша оң қабылдауын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; көпшілік алдындағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу, соның ішінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту саласында тезистер мен баяндамаларды әзірлеу; мемлекеттік органдардың жоспарлары мен бағдарламаларын жаңарту мақсатында қоғамдық коммуникацияларды дамыту саласында қоғамдық пікірді кешенді зерттеу; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; Департамент жетекшілік ететін мәселелерге әсер ететін факторларды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарға және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; басшылықтың тапсырмаларын және құжаттарды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс) мамандықтары бойынша.

3. Қоғамдық жаңғырту департаменті Жаңғырту бағдарламаларын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, басқарма құзіреті шегінде ұсыныстар енгізу; «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру; «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; «Рухани Жанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын басқару бойынша жобалық кеңсенің қызметін қамтамасыз ету; «Рухани Жанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын үйлестіру және тиімді жүзеге асыру бойынша талдамалық жазбахат, баяндама, ақпарат және өзге де ұсыныстар мен ұсынымдар дайындауды жүзеге асыру; басшылықтың тапсырмасын және құжаттарын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Министрлік, Департамент ұйымдастыратын конференциялар, дөңгелек үтелдер және өзге де іс-шараларға әзірлеге және өткізуге қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс) мамандықтары бойынша.

4. Қоғамдық жаңғырту департаменті Мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық

актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге басқарма құзіреті шегінде мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жетістіктердің және стратегиялық құжаттар, бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру және Ұлт жоспарының институционалдық реформаларын талдау және мониторинг жүргізу; «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдау және болжауды жүзеге асыру; Президенттiң бес әлеуметтiк бастамасын iске асыру барысына мониторинг және талдау жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар, есептер әзірлеу және Департамент басшылығына, сондай-ақ жоғары тұрған органдарға енгізу; Департамент жетекшілік ететін салалар бойынша жиынтық-талдамалық қызметті жүзеге асыру; Басқарма құзыретіне кіретін ережелік қызметтердің бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен іс-қимыл жасау; Басқарма құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс) мамандықтары бойынша.
II. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-28-18, e-mail: a.doszhanova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Медициналық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры, С-1 санаты, 05-1



Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысына жалпы басшылық, үйлестіру, жоспарлау; Медициналық ұйымдардың халыққа медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласын реформалау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; министрліктің алқаларына материалдарды, үкімет құжаттарының жобаларын, денсаулық сақтау саласы бойынша заңнамаларды, олардың түпкілікті редакцияларын дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Қызметтік жазбаларды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша дәрілік заттардың қажеттілігін қалыптастыруға қатысу. Шетелге емделуге жіберу және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияларға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің немесе денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 11-2



Функционалдық міндеттері: Департаменттің жұмысына басшылық ету, ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, талдау және бақылау, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру және қатысу. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оған қатысу; денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау; жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша нақты ұсыныстарды дайындау. Үкіметаралық комиссиялардың жұмысын өткізу және қатысу. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық, үкіметаралық және мемлекетаралық деңгейлерде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және әзірлемелерді ұйымдастыру. Департаменттің мемлекеттік органдармен, құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен қызметті ұйымдастыру. Мемлекет басшыларының, мемлекеттік ұйымдардың басшыларының ресми сапарларының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды және асыруды ұйымдастыру. Шетелдік делегациялардың министрлікке ресми сапарларын ұйымдастыру. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттарын және өтініштерін қарау, олардың орындалуын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, С-3 санаты, 20-01-01



Функционалдық міндеттері: Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысына жалпы басшылықты, басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; «Республикалық электрондық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің қызметін үйлестіреді; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруды әзірлеуге және үйлестіруге қатысады, ақпараттандыру мәселелері бойынша денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруға және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару жергілікті органдарының қызметін үйлестіруге қатысады, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу мен мониторингтеуді үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Ғылым және адами ресурстар департаменті медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасының басшысы, С-3 санаты, 06-03-01



Функционалдық міндеттері: Медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасы жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлау, ғылымды жаңғырту бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру, одан әрі дамыту бойынша басқармалық шешімдерді әзірлеу, министрліктермен және ведомстволармен қарым-қатынастарды үйлестіру, саланың стратегиялық қажеттілігіне сәйкес кадрларды даярлауды жоспарлау жүзеге асыру, медициналық ғылым жағдайын талдау, медициналық ғылым мәселелері бойынша медициналық ғылым ұйымдарымен қарым-қатынас құру, медициналық ғылым ұйымдарын кешенді тексеруге қатысу және ұйымдастыру, медициналық ғылым саласында нормативтік құқықтық құжаттарды, негізгі заң актілерін әзірлеу, медициналық ғылымды жетілдіру бойынша бағдарламаларының әзірлемелерімен басқару және ұйымдастыру, ғылыми-зерттеулік ұйымдардың ғылыми өнімдері, ғылыми кадрларды даярлау мониторингі, оларды заң жағынан қамтамасыз ету, медициналық ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, медициналық ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша министрліктер, ведомстволар және медициналық ұйымдарымен қарым қатынас құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика), мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 05-02-04



Функционалдық міндеттері: Перинаталдық көмекті өнірлендіруге, тиімді перинаталдық технологиялардың, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарының, бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу және ДДҰ ұсынған өзге де қағидаттардың енгізілуіне мониторинг жүргізу. Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша жағдайды, ана мен бала өлімінің деңгейін мониторингілеу. Неврологиялық аурулары бар балаларға (БЦП, аутизм және т.б.) көмек көрсетуді жетілдіру, диагностикалау мен емдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар әзірлеу, балаларға сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру, балаларға оңалту және паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу, туа біткен даму ақаулары бар балалардың туылуын төмендету үшін пренаталдық диагностиканы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу және талдау, орфандық аурулары бар (муковисцидоз, мукополисахаридоз, Гоше ауруы және т.б.) балаларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу. Медициналық ұйымдарда балалар саудасының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды үйлестіру, жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан балардың өлім-жітімін төмендету жөніндегі іс-шараларды орындау. Жетім балаларға және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, Сәбилер үйлеріндегі балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше акушерлік және гинекология немесе педиатрия бойынша жоғарғы/бірінші біліктілік санатының, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 05-05-02



Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік маңызды аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар мәселелеріне жетекшілік ету; әлеуметтік маңызды аурулар кезінде медициналық көмек көрсету саласында қызметті жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру, әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу; Әлеуметтік маңызды аурулар бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басымдық бағыттар мен тақырыптамаларды әзірлеу, әлеуметтік маңызды аурулар (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық, онкологиялық көмек, В,С вирустық гепатиттер, қант диабеті) бойынша халықаралық ұйымдармен әрекеттесу және бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 30.09.2018 ж қоса алғанда), 11-02-02



Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша КО, БЭК, ДСҰ, ЕО, ЭЫДҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ интеграциялық бірлестіктерімен байланыстарды дамытуға ықпал ету және өзара іс-қимыл; министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша БЭК шеңберінде шетел мемлекеттерімен қарым қатынас туралы талдау және ұсыныс беру, ықпалдасуды тереңдетуге бағытталған халықаралық келісімдерді әзірлеу, жасасу, ратификациялау, іске асыру және қосылу бойынша жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимыл, халықаралық шарттарды дайындау және кодификациялау жөніндегі келіссөздер процестеріне және сарапшылық және жұмыс топтарына қатысу, интеграциялық бірлестіктерге одан әрі ықпалдасу мәселелері бойынша талдау, анықтамалық және басқа материалдарды дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдерін және тапсырмаларын орындауды бақылау және қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс, фармация) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Заң қызметі департаменті құқықтық талдау және талап-арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 04.11.2019 ж қоса алғанда), С-4 санаты, 13-03-02



Функционалдық міндеттері: Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында наразылық-талап жұмыстарының жүргізілуін талдау және үйлестіру, сотта, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдарда құқықтық мәселелер бойынша министрліктің мүддесін білдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 199 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау