«bank rbk» АҚ халықаралық ТӨлем карточкасын пайдалану ережесі



жүктеу 429,17 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі429,17 Kb.
#22562


 

                                                                                     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«BANK RBK» АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ 

 

1. Пайдаланылатын ұғымдар  



1.1.  Авторландыру  –  операцияларды  жүргізуге  қызмет  көрсету  пунктінен  сауалға  жауап  ретінде  Банктің 

Карточканы  Ұстаушының  құзыреттілігін  және  төлем  қабілеттілігін  растауы.  Жүзеге  асыру  тәсілі  бойынша 

Авторландыру  телефон  байланысын  пайдаланумен  дауыстық  (бұдан  әрі  –  дауыстық  авторландыру)  немесе 

POS-терминалды немесе банкоматты пайдаланумен авторландыру болып бөлінеді.  



1.2. Карточканы жою – Карточканы жарамсыз деп тану.  

1.3.  Банкомат  –  Карточка  бойынша  қолма-қол  ақшаны  автоматтандырылған  түрде  берудің  электронды 

құрылғысы.  



1.4. Карточаны оқшаулау – Банктің Карточканың жұмыс істеуін тоқтата тұрушы немесе тоқтататын шараларды 

қабылдауы (соңғы жағдайда Карточканы қызмет көрсету үшін ұсыну кезінде оны алып қою көзделеді).  



1.5. Карточканы ұстаушы – ол үшін Карточка шығарылған тұлға.  

1.6.  Импринтер  –  слип  бланкісінде  Карточканың  беткі  жағының  бедерін  түсіріп  алуға  арналған  механикалық 

құрылғы. Импринтер қызмет көрсету пунктінің нөмірі, атауы және мекен-жайы көрсетілген арнайы клишемен 

жабдықталады. Импринтер дауыстық авторландыру режимінде операцияларды жүргізу кезінде слипті ресімдеу 

үшін пайдаланылады.  



1.7. Карточкалық операция (бұдан әрі  – операция)  – Карточка бойынша  қолма-қол  ақшаны қолма-қол ақшаны 

беретін  пункттерде  және  банкоматтарда  шешіп  алу  немесе  төлем  жүйелеріне  қосылған  және  Карточкалық 

операцияларды  жасауға  уәкілетті  сауда  және  сервис  кәсіпорындарында  (бұдан  әрі  –  кәсіпорындар)  тауарлар 

мен қызметтер үшін Карточка бойынша төлеу.  



1.8.  Карт-шот  –  Карточканы  пайдаланумен  есеп  айырысуға  арналған  ақша  сомасын  есепке  алу  мақсатында 

Банкте ашылған шот.  



1.9.  Кредиттік  Карточка  –  Авторландырудың  Автоматтандырылған  және  Дауыстық  режимдерінде  (жергілікті 

банк  және  қызмет  көрсету  Кәсіпорны  таңдап  алған  Карточкалық  операцияларды  Авторландыру 

технологиясына  және  төлем  құжаттарын  ресімдеуге  байланысты)  шығыстар  Лимитінің  шектерінде 

Карточкалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін төлем Карточкасы. Карточка Банктің меншігі болып 

табылады. Карточка онда көрсетілген айдың және жылдың соңына дейін жарамды болады. Мерзімі өтіп кеткен 

Карточкалар  және  қолданыс  мерзімі  әлі  басталмаған  Карточкалар  бойынша  Карточкалық  операциялар 

жүргізілмейді.  

1.10.ПИН  –  Дербес  Сәйкестендіру  Нөмірі,  4  мәнді  сандық  құпия  код,  автоматтандырылған  режимде 

операцияларды жүргізу кезінде Карточка Ұстаушыны сәйкестендіру үшін қызмет етеді.  



1.11.  VISA  жүйесінің  төлем  Карточкасы  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысуларды  жүргізуге  арналған  атаулы 

төлем құралы болып табылады және операцияларды жүргізу үшін қолданылады. Есеп айырысуларды өңдеуді 

халықаралық  төлем  жүйелері  жүргізеді.  Карточканы  пайдалану  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен, 

төлем  жүйелерінің  құқықтық  нормаларымен,  Банк  пен  заңды  тұлға  арасындағы,  Банк  пен  жеке  тұлға 

арасындағы  Шартпен,  сондай-ақ  осы  ережемен  реттеледі.  Карточканы  ұстаушы  өзінің  Карточкасын  төлем 

жүйесінің белгісі бар барлық жерлерде пайдалана алады.  



1.12.  POS-терминал  –  авторландыруды  және  операцияларды  ресімдеуді  автоматтандыру  үшін  қолдандылатын 

электронды құрылғы.  



1.13. Слип – дауыстық авторландыру режимінде операцияларды жүргізу кезінде импринтерді пайдаланумен үш 

данада ресімделетін қағаз түріндегі белгіленген нысандағы төлем құжаты. Слип Карточканы Ұстаушының және 

қызмет көрсету пункті кассирінің қолдарымен расталады.  

1.14.  Авторландыру  орталығы  –  Банктің  –  Халықаралық  төлем  жүйесі  мүшесінің  дауыстық  авторландыруды 

жүргізетін  және  Карточканы  Ұстаушының  атынан  немесе  Банктің  бастамасы  бойынша  Карточканы 

Оқшауландыруды  орындайтын  бөлімшесі.  Авторландыру  орталығы  тәулік  бойы  және  демалыс  күндерінсіз 

жұмыс істейді.  



2. Карточканы беру және сақтау тәртібі  

2.1.  Банк  Карточканы  тікелей  Карточканы  Ұстаушыға  не  Карточканы  Ұстаушы  берген  сенімхаттың  негізінде 

әрекет ететін оның сенімді тұлғасына береді. Карточканы алған кезде Карточканы Ұстаушы Банк қызметкерінің 

қатысуымен Карточканың келесі жағында осы үшін арнайы көзделген жолаққа қолын қояды.  

2.2. Карточка қатаң дербес болып табылады, Карточканы басқа адамдардың пайдалануына немесе кепіл ретінде 

беруге тыйым салынады. Уәкілетті емес тұлға көрсеткен Карточка алып қойылуы тиіс.  



2.3.  Карточканың  келесі  жағында  ақпараты  кодталған  магнитті  жолақ  орналастырылған.  Қолайсыз 

факторлардың: электрлі-магниттік өрістердің (дисплейлермен, магниттелген немесе құрамында магнит бар  




 

                                                                                     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



заттармен,  мысалы,  кілттермен,  сөмкелердегі  магнитті  құлыптармен  және  т.с.с.  көршілестік),  механикалық 

бұзылулардың  (сызықтар,  ластанулар,  қызып  кетулер,  мысалы,  күн  сәулесі)  және  магнитті  жолақтағы 

жазуларға  ықпал  етуі  және  авторландырудың  автоматтандырылған  режимінде  Карточкалық  операцияларды 

жүргізуді мүмкін емес ететін т.с.с. ықпал етуіне жол беруге болмайды.  

2.4.  Карточканы  құтыда  немесе  қапшықта  сақтау  керек,  оны  пайдалану  кезінде  шамадан  тыс  күш  жұмсауға 

болмайды.  



3. ПИН-код  

3.1.  Карточканы  Ұстаушыға  бергеннен  кейін  арнайы  конвертке  салынған,  ПИН-код  жазылған  шағын  парақша 

беріледі.  Алғаннан  кейін  конвертті  дереу  ашу,  ПИН-кодты  еске  сақтап  алу  және  банкоматта  пин-кодты 

тексергеннен кейін парақша мен конвертті жою керек.  

3.2. Банк қызметкерлеріне ПИН-код белгісіз және Карточканы пайдалану кезеңінде Карточканы Ұстаушы оны 

құпия сақтауы тиіс.  



3.3.  Карточканы  Ұстаушы  ПИН-кодтың  құпиялығын  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  шараларды  сақтауы  және 

белгілі бір ережелерді ұстануы тиіс;  



3.4. ПИН-кодты терген кезде электронды құрылғылардың дисплейлерінде сандар әдейі көрінбейді, олар шартты 

белгілермен  ауыстырылады.  Теру  кезінде  қате  жібермеу  маңызды.  Егер  қатарынан  үш  рет  (кез  келген  уақыт 

аралығымен, бір немесе  бірнеше электронды құрылғыларды пайдалану кезінде) дұрыс емес ПИН-код терілсе, 

төртінші рет қатарынан қателік жіберген кезде, Банк Карточканы оқшаулайды және оның банкоматта ұсталуы 

немесе мән-жайды анықтау үшін қызмет көрсету пунктінде алып қойылуы мүмкін.  

3.5.  Автоматтандырылған  режимде  жүргізілген  және  ПИН-кодты  дұрыс  терумен  расталған  Карточкалық 

операцияларды Банк Карточканы Ұстаушы жүргізген деп санайды.  



3.6.  Егер  Карточканы  Ұстаушы  ПИН-кодты  ұмытып  қалса,  онда  Карточканы  Банкке  қайта  шығару  үшін 

тапсыруы  тиіс,  өйткені  авторландырудың  автоматтандырылған  режимінде  операцияларды  жүргізу  мүмкін 

болмайды.  

4. Карточканы пайдалану  

4.1.  Банк  Карточкаға  тәулік  бойы  қызмет  көрсетуді,  өзі  тікелей  бақылау  жүргізетін  электронды  құрылғылар 

жүйесінің  іркіліссіз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді  және  ол  Банкке  байланысты  емес  себептер  бойынша 

тоқтатылған жағдайда қызмет көрсетуді қалпына келтіру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды.  

4.2. Карточкаларға қызмет көрсетудің барлық пункттері Карточкаларды Ұстаушыларды Карточка бойынша осы 

пунктте  қызмет  көрсету  мүмкіндігі  туралы  хабарландыру  үшін  Халықаралық  төлем  жүйесінің  логотипі 

бейнеленген көрсеткіштермен жабдықталады.  

4.3.  Карточкалық  операцияларды  жүргізу  үшін  Карточка  Ұстаушы  Карточканы  қызмет  көрсету  пунктінің 

(кәсіпорынның  немесе  Банктің)  кассиріне  береді,  не  банкоматпен  өзіне  қызмет  көрсету  режимінде  әрекеттер 

жасайды.  

4.4.  Кассир  Карточканы  қабылдағаннан  кейін  операцияларды  авторландыру  мақсатында  Авторландыру 

орталығына сауал жібереді.  



4.4.1.  Дауыстық  авторландыру  кезінде  кассир  телефон  бойынша  сауал  жасауды  орындайды.  Contact-centre 

сауалды  тіркегеннен  және  Халықаралық  төлем  жүйесімен  байланысқаннан  кейін  көрсетілген  сомаға 

Карточкалық операцияны жүргізуге рұқсат береді не тыйым салады. Contact-centre тек Карточканы Ұстаушыға 

белгілі,  өтінішті  толтыру  кезінде  ол  көрсеткен  қосымша  ақпаратты  (кодтық  сөзді,  туған  күнін  және  т.с.с.) 

хабарлауды  талап  етуге  құқылы.  Рұқсатты  алған  жағдайда,  кассир  Карточканы  Импринтерге  салады, 

Карточканың беткі жағының бедерін импринтердің кареткасын жүргізу арқылы Слип бланкісіне түсіріп алады, 

Слипті  ресімдейді,  Слип  бланкісін  қол  қою  үшін  Карточканы  ұстаушыға  ұсынады.  Карточканы  Ұстаушы 

Слипте  көрсетілген  соманың,  валютаның  және  операцияны  жүргізу  күнінің  көрсетілу  дұрыстығын  тексереді 

және Слипке қол қояды. Карточканы Ұстаушының қолы Слипте көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растайды. 

Кассир Карточканы  көрсетушінің Слиптегі  қолтаңбасын Карточканың келесі бетіндегі қолтаңбаның үлгісімен 

салыстырып, Карточканы қайтарады және Карточканы Ұстаушыға Слиптің бір данасын тапсырады.  

4.4.2. Автоматтандырылған режимде авторландыруды кассир POS-терминалдың көмегімен жүзеге асырады. 

Кассир  Карточканы  POS-терминалдың  оқушы  құрылғысына  орналастырады,  клавиатурада  операцияның 

сомасын  тереді  және  Карточканы  Ұстаушыға  арнайы  клавиатурада  ПИН-кодты  теру  жолымен  операцияны 

растауды  ұсынады.  Сауал  байланыс  арналары  бойынша  Банкке  түседі.  Дұрыс  ПИН-код  терілген  және 

Карточканы  Ұстаушының  Карт-шотында  ақша  жеткілікті  болған  кезде  операцияның  жасалуын  растайтын  екі 

данада чек басып шығарылады. Кассир Карточканы Ұстаушыға бір данасын тапсырады. Карточканы Ұстаушы 

чекте  көрсетілген  деректердің  дұрыстығын  тексереді.  Қабылданған  технологиясына  байланысты  басып 

шығарылған чек Карточканы Ұстаушының және кассирдің қолдарымен расталады.  



4.5.  Кассир  Карточканы  көрсетушіден  оның  жеке  басын  куәландыратын  құжатты  талап  етуге  құқылы.  Құжат 

болмаған кезде кассир Карточканы көрсетушіге операция жүргізуден бас тартуға құқылы.  




 

                                                                                     

 

 

 



 

 

 

 

 

 

4.6.Кассир  осы  Ереженің  8-тармағының  шарттарына  сәйкес  жағдайлар  анықталғанға  дейін  Карточканы  ұстап 

қалуға құқылы.  



5. Қолма-қол ақшаны алу үшін Карточканы пайдалану  

5.1.  Карточканы  пайдаланумен  Карт-шот  бойынша  қолма-қол  ақшаны  алу  Банктер-халықаралық  төлем 

жүйесінің мүшелерінің қолма-қол ақшаны беру пункттерінде немесе банкоматтардың көмегімен жүргізіледі.  

5.2.  Әдетте,  қолма-қол  ақшалар  Карточка  бойынша  жүрген  елінің  валютасында  беріледі.  Кейбір  елдерде 

Карточка  бойынша  қолма-қол  ақшаны  беру  жиілігі  және  ең  жоғары  сомасы  осы  елдердің  заңнамасымен 

шектелуі мүмкін.  

5.3.  Халықаралық  төлем  жүйесінің  ережелері  бойынша  қолма-қол  ақшаны  беру  пункті  Карточка  бойынша 

қолма-қол ақшаны беру үшін Карточканы Ұстаушыдан қосымша сыйақыны (Банктің Тарифтеріне жатпайтын) 

ұстап қалуға құқылы емес. Банк сыйақының осы түрі өндіріп алынған жағдайда ол үшін жауап бермейді.  

5.4.  Карт-шот  бойынша  қолма-қол  ақшаны  алу  Банктер-халықаралық  төлем  жүйесінің  мүшелерінің  қолма-қол 

ақшаны  беру  пункттерінде  авторландырудың  Дауыстық  немесе  Автоматтандырылған  режимінде  жүргізіледі. 

Карточкалық  операцияны  жүргізу  рәсімі  жоғарыда  сипатталған  (4-тармақ).  Авторландыруды  алған  жағдайда 

кассир  Слипті  немесе  чекті  ресімдейді  және  Карточканы  Ұстаушыға  қолма-қол  ақшаның  сұралатын  сомасын 

береді.  

5.5.  Бакноматтың  көмегімен  Карточка  бойынша  қолма-қол  ақшаны  алуды  Карточканы  Ұстаушы  өзіндік 

қызмет  көрсету  режимінде  жүргізеді.  Банкоматтың  жұмыс  жағдайында  тұрғанына  және  жүйеге  қосылғанына 

көз  жеткізгеннен  кейін  Карточканы  Ұстаушы  Карточканы  дұрыс  бағыттап,  оны  Карточканы  қабылдау-беру 

құрылғысына  орналастырады.  Құрылғының  механизмі  Карточканы  ішіне  тартып  алады.  Банкоматтың 

дисплейінде  тиісті  пернені  басу  жолымен  тілдесу  тілін  таңдау  ұсынысы  шығады.  Содан  кейін  сандық 

клавиатурада  ПИН-кодты  теру  ұсынылады.  ПИН-кодты  тергеннен  кейін  Карточканы  Ұстаушы  керекті 

функцияны: Карт-шот бойынша ақшаның ағымдағы қалдығы туралы мәліметтің басып шығарылуын, қолма-қол 

ақшаның  берілуін  және  Банктің  басқа  қызметтерін  таңдайды.  Карточканы  Ұстаушы  клавиатурада  керекті 

соманы  тереді.  Көбінесе  кейбір  дөңгелектелген  соманы  осы  үшін  бөлінген  бір  пернені  басу  арқылы  таңдауға 

болады.  Егер  өзге  сома  талап  етілетін  болса,  сандық  клавиатураны  пайдаланып,  соманы  “Ендіру”(“Enter”) 

пернесін  басу  керек  болады.Бұдан  кейін  қабылдау-беру  құрылғысы  Карточканы  қайтарады,  ал  дисплейде 

Карточканы алу қажеттілігі туралы ескерту шығады. Операция Карточканы қабылдау-беру құрылғысынан дер 

кезінде  шығарып  алғаннан  кейін  ғана  жалғастырылатын  болады.  Егер  ПИН-код  дұрыс  терілсе,  карт-шот 

бойынша  ақша  сомасы  сұралатын  соманы  жабатын  болса  және  Карточка  оқшауланбаған  болса,  онда 

банкоматтың  сұралған  соманы  беруге  дайындығы  туралы  хабарлама  шығады  және  5-10  секунд  өткен  соң 

сұралған  соманың  банкноттары  банкоматтың  қолма-қол  ақшаны  беру  құрылғысынан  шығарып  берілетін 

болады.  Операция  аяқталып,  банкноталар  алынғаннан  кейін  чек  басып  шығарылады.  Карточканы  Ұстаушыға 

қатысты  ақпараттың  жасырын  болуына  байланысты  басып  шығарылған  чекті  бірге  алып  кету  және  оны 

банкоматтың жанында ешқашан қалдырмау ұсынылады.  

5.5.1.  Дұрыс ПИН-кодты  терген кезде қолданыстағы Карточка үшін операцияның  мынадай себептер бойынша 

орындалмауы мүмкін:  

1)  Сұралатын  сома  банкоматтың  кассеталарында  бар  банкноталармен  беріле  алмайды.  Осы  банкоматқа 

нұсқаулықта көрсетілген банкноталардың ең кіші номиналына еселенген соманы сұрау керек;  

2)  Сұралатын  сома  банкоматтың  қолма-қол  ақшаны  беру  құрылғысының  көлемімен  анықталатын  біржолғы 

беру лимитінен асады. Сұралатын соманы бөліктерге бөлу және операцияны бірнеше рет қайталау қажет;  

3) Сұралатын сома Карточканы Ұстаушының карт-шоты бойынша ақша сомасынан асады. Мөлшерін Карт-шот 

бойынша  ақшаның  қалдығы  туралы  мәліметті  басып  шығару  функциясы  арқылы  нақтылау  керек  болатын  аз 

соманы сұрауға болады.  

 

5.5.2.  Банкоматпен  жұмыс  істеген  кезде,  егер  қайтарылатын  Карточканы  немесе  берілетін  банкноталарды  20 



секундтың  ішінде  Карточканы  Ұстаушы  беру  құрылғысынан  алмаса,  қорғаныс  жүйесінің  еске  қосылатынын 

және, Карточканы Ұстаушының ақшасының сақталуы мақсатында Карточка немесе банкноталар банкоматтың 

ішіне  тартылатынын  және  арнайы  бөлікте  ұсталатынын  естен  шығармау  керек.  Мұндай  жағдайларда 

Карточканы  оның  Ұстаушысына  қайтаруды  осы  банкоматқа  қызмет  көрсетуші  Банк  Карточканың  ұстап  қалу 

себебін  анықтағаннан  кейін  жүргізуі  мүмкін,  ал  Авторландыру  фактісі  бойынша  Карточканы  Ұстаушының 

Карт-шотынан  есептен  шығарылған  операцияның  сомасын  (немесе  оның  алынбаған  бөлігін)  қалпына  келтіру 

банкоматты  қайта  инкассациялаудан  және  Карточканы  Ұстаушы  алмаған  қолма-қол  ақшаның  сомасын 

анықтағаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.  



5.5.3. Дұрыс емес ПИН-код терілген кезде немесе сұралатын сома карт-шот бойынша ақша қалдығынан асатын 

болса, банкоматтың дисплейінде тиісті хабарлама шығады және операция орындалмайды.  



 


 

                                                                                     

 

 

 



 

 

 

 

 

 

5.5.4.  Карточканың  немесе  қолма-қол  ақшаның  банкоматта  ұсталып  қалу  себебін  Банк  Карточканы  Ұстаушы 

Банкке ауызша (телефон бойынша) немесе  жазбаша  жүгінген күннен кейінгі келесі банк күнінен кешіктірмей 

анықтайды.  

6. Қызмет көрсету кәсіпорындарының тауарларын және қызметтерін төлеу үшін Карточканы пайдалану  

6.1.  Халықаралық  төлем  жүйесінің  ережелері  бойынша  қызмет  көрсету  Кәсіпорны  төлем  үшін  Карточканы 

қабылдаған  кезде  тауарлар  мен  қызметтердің  құнын  қолма-қол  ақшамен  есеп  айырысумен  салыстырғанда 

ұлғайтуға құқылы емес. Карточканы Ұстаушы мұндай жағдайлар туралы Банкті хабарландырады.  



6.2.  Карточкалық  операция  Авторландырудың  Дауыстық  немесе  Автоматтандырылған  режимінде  жүргізіле 

алады.  Карточкалық  операцияны  жүргізу  рәсімі  жоғарыда  (осы  Ереженің  4.4.1.-4.6-тармақтарында) 

сипатталған.  

6.3.Карточканы Ұстаушы Карточка бойынша төленген сатып алуды қайтаруға немесе Карточка бойынша алдын 

ала  төленген  қызметтен  бас  тартуға,  мысалы,  сатып  алынған  авиабилетті  тапсыруға  құқылы.  Бұл  үшін 

Карточканы  Ұстаушының  талабы  бойынша  және  қызмет  көрсетуші  кәсіпорынның  келісімімен  кассир  «сатып 

алуды қайтару» операциясын жүзеге асырады.  



6.3.1. Сатып алуды қайтару Авторландыруды жүргізуге дейін немесе одан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.  

6.3.1.1.Бірінші  жағдайда  операция  қызмет  көрсетуші  кәсіпорынның  тікелей  өзінде  оны  ресімдеуді  тоқтату 

жолымен  жойылады.  Карточканы  Ұстаушыға,  егер  тіпті  Слипке  әлі  қол  қойылмаған  болса,  Карточканың 

түсірілген бедерімен Слиптің жойылуын бақылау қажет.  

6.3.1.2.  Екінші  жағдайда  Карточканы  Ұстаушы  қайтару  операциясын  жүргізуді  талап  етеді,  өйткені 

авторландырудан  кейін  операцияның  сомасы  Карточканы  Ұстаушының  Карт-шотынан  алынады  (есептен 

шығарылады).  Қайтару  операциясын  жүргізу  үшін  кассир  Карточканы  Ұстаушының  және  кассирдің 

қолдарымен расталған арнайы қайтарымдық (кредиттік) Слипті (“reversal slip”) ресімдейді, немесе арнайы чекті 

басып шығару жолымен POS-терминалдың арнайы функциясын (“reversal”) іске қосады. Бұл ретте Карточкалық 

операцияның  сомасы  Банк  Халықаралық  төлем  жүйесінен  қайтарымдық  слипті  немесе  POS-терминалдың 

жүргізілген  қайтарым  операциясын  жүргізу  туралы  деректерін  алғаннан  кейін  келесі  Банк  күні  Карточканы 

Ұстаушының Карт-шотына қалпына келтірілетін болады.  



7. Карточканы оқшаулау  

7.1.  Карточка жоғалған  немесе ұрланған жағдайда, дереу  Авторландыру орталығына Карточканы оқшаулауды 

ауызша немесе жазбаша талап етумен (бұдан әрі – Талап) жүгіну, ал Банкпен байланыс мүмкін болмаған кезде 

– кез келген жергілікті банкке – Халықаралық төлем жүйесінің мүшесіне жүгіну қажет.  

7.2.  Егер  Авторландыру  орталығына  хабар  беру  мүмкін  болмаса,  Карточканы  Ұстаушы  төлем  жүйесінің  кез 

келген  ресми  өкілін  одан  әрі  Банкке  беру  үшін  өтінішті  бергені  туралы  қолхатты  алып,  хабарландыруға 

міндетті.  

7.3. Талапта немесе өтініште Карточканы Ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты және мүмкіндігінше, оның туған 

күні, кодтық сөзі және Карточканың қолданыс мерзімі, сондай-ақ оқшаулаудың себебі көрсетіледі. Байланысу 

үшін – мекен-жайын және телефон нөмірін көрсеткен жөн.  

7.4. Банктің Contact-centre телефондары (Алматы қ.): +7 (327) 330 7777  

7.5.  Contact-centre  оқшаулаудың  талап  етілуін  уақытын  белгілеумен  арнайы  журналда  тіркейді,  Карточканы 

оқшаулайды және оны Халықаралық төлем жүйесіне береді.  



7.6.  Contact-centre-ге  телефон  бойынша  жүгіну  кез  келген  мүмкін  даулы  жағдайларды  талдау  үшін  магнитті 

тасығышқа тіркеледі.  



7.7. Талапты Банктің филиалына немесе Халықаралық  төлем жүйесінің кез  келген  мүшесіне берген  жағдайда, 

Карточканы  Оқшаулау  осы  филиал  немесе  Халықаралық  төлем  жүйесінің  мүшесі  Карточканы  Ұстаушының 

атынан берген Талапты Банктің Contact-centre тіркегеннен кейін күшіне енеді. 

7.8.  Карточканы  оқшаулау  талабы  Карточканы  Ұстаушының  атынан  шыққан  болып  саналады  және 

оқшаулаудың салдарлары үшін шағымдарды Банк қабылдамайды.  



7.9.  Карточканы  Ұстаушының  жазбаша  өтінішінің  негізінде  Карточка  Оқшауланғаннан  кейін  Банк  Карт-шот 

бойынша жаңа нөмірмен және Пин-кодпен жаңа Карточка шығарады.  



7.10.  Банк  Карточканы  Ұстаушы  Карточканы  Оқшаулаудан  кейін  Карточканы  сақтаудағы  салақтығы  немесе 

Пин-кодтың  құпиялығын  сақтамаған  жағдайда,  сондай-ақ  Карточканы  Ұстаушының  қасақана  әрекеттерді 

жасауы анықталған жағдайда оның жауапкершілік мөлшерін анықтау құқығын сақтап қалады.  

7.11.  Бұрын  жоғалған  деп  мәлімделген  немесе  заңсыз  пайдаланылған  Карточка  табылған  кезде  Карточканы 

Ұстаушы бұл жөнінде Банкке дереу хабарлауға, содан кейін Карточканы Банкке қайтаруға міндетті.  



7.12.Карточка, егер оны одан әрі пайдалану мүмкіндігі бар болса, Карточканы Ұстаушының жазбаша өтінішінің 

негізінде оқшаулаудан шығарылуы мүмкін.  



8. Оқшаулау кезіндегі Карточканы Ұстаушының жауапкершілігі  

8.1.Карточканы Ұстаушы Карточканың пайдаланылуы және оның сақталуы үшін жауап береді.  


 

                                                                                     

 

 

 



 

 

 

 

 

 

8.2.  Карточканы  Ұстаушының  өзі  жасаған  операцияларды  қоспағанда,  Карточканы  оқшаулау  кезінде 

жауапкершілік көзделеді:  

1) Карточканы Ұстаушы Карточканы оқшаулаудан кейін жүргізілген барлық операциялар үшін жауап бермейді;  

2)  Карточканы  Ұстаушы  Карточканы  оқшаулауға  дейін  жүргізілген  барлық  операциялар  үшін 

толықтай жауап береді.  

 

9. Карточканы ұстап қалу  



9.1. Карточканы қызмет көрсету пунктінде ұстап қалу, егер:  

4) Карточка оқшауланса;  

5) Карточканы көрсетуші оның Ұстаушысы болып табылмаса;  

6) Карточканы  Ұстаушы Карточкалық операцияны  жүргізгеннен  кейін Карточканы қызмет көрсету пунктінде 

ұмытып кетсе, жүргізіледі.  

 

9.2.  Карточканы  ұстап  қалуды  банкомат,  қызмет  көрсету  пунктінің  кассирі,  Төлем  карталары  басқармасының 

(бөлімінің)  қызметкері  немесе  Банктің  экономикалық  қауіпсіздік  қызметі  жүргізеді.  Карточканы  ұстап  қалу 

кезінде (оны банкомат ұстап қалатын жағдайларды қоспағанда) тиісті акт жасалады.  



9.3. Карточканы банкоматтың ұстап қалу себебін Банк Карточканы Ұстаушы Банкке немесе жергілікті банкке – 

Халықаралық төлем жүйесінің мүшесіне ауызша (телефон бойынша) немесе жазбаша жүгінген күннен кейінгі 

келесі банк күнінен кешіктірмей анықтайды.  

9.4.  Ұстап  қалынған  Карточканы  қайтаруды  Банк  Карточканы  Ұстаушының  тікелей  өзіне  жергілікті  банк 

немесе  Банк  (ұстап  қалған  Карточка  Банкке  жеткізілген  жағдайда)  Карточканы  Ұстаушының  жазбаша 

өтінішінің негізінде тиісті шешім қабылдағаннан кейін және мән-жайлар анықталғаннан кейін жүргізеді.  

10. Карточканың қолданыс мерзімі, Карточканы пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату  

10.1.  Карточкада  оның  қолданыс  мерзімінің  аяқталатын  күні  (айы  және  жылы)  көрсетіледі.  Карточка  онда 

көрсетілген  ай  мен  жылдың  соңғы  күнінің  соңына  дейін  жарамды  болады.  Барлық  мерзімі  өтіп  кеткен 

Карточкалар оқшауланады және Банкке тапсырылуы тиіс.  

10.2.  Банк  туындаған  даулы  жағдайларды  реттегенге  дейін  оқшаулау  күнінен  бастап  3  банк  күнінің  ішінде 

Карточканы Ұстаушыны хабарландыру арқылы Карточканы оқшаулауға құқылы.  



10.3.  Пайдаланудан  бас  тартқан  жағдайда,  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  тиісті  жазбаша  өтінішпен  жүгінуге 

және Карточканы тапсыруға міндетті.  



11. Берілген Карточканы ауыстыру немесе жаңасын шығару  

11.1. Ұстаушыға Карточкасын ауыстыру немесе ол үшін жаңа Карточканы шығару жазбаша өтініштің негізінде 

жүргізіледі.  



11.2. Карточка, егер оның қолданыс мерзімі аяқталса, Карточка бүлінсе, жоғалса, ұрланса, ПИН-коды ашылса, 

Карточканы Ұстаушы ПИН-кодты ұмытып қалса, сондай-ақ Карточканы Ұстаушының қалауы бойынша, фрод-

қауіпті елде пайдалану кезінде Банктің бастамасы бойынша ауыстырылады. Ауыстырылатын Карточка Банкке 

тапсырылуы тиіс.  



12. Дауларды реттеу  

12.1.  Карточканы  Ұстаушыға  карт-шот  бойынша  ақша  шығыстарын  есепке  алу  және  мүмкін  дауларды  реттеу 

үшін слиптер мен чектерді сақтау ұсынылады.  



12.2.  Карточканы  Ұстаушы  Банктен  карт-шоттан  ақшаның  алынуының  дұрыстығын  растайтын  құжаттардың 

көшірмелерін талап етуге құқылы.  



12.3.  Барлық  даулар  бойынша  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  жазбаша  өтінішпен  жүгінеді,  ол  шағымды 

қабылдаған  жағдайда  Карточканы  Ұстаушының  атынан  Халықаралық  төлем  жүйесінің  алдында  әрекет  етеді. 

Халықаралық төлем жүйесінің ережелерімен даулы Карточкалық операцияны қарастырудың ескілік мерзімін – 

ол жасалған күннен бастап 45 күн мөлшерінде белгіленген. Шағым негізді болған жағдайда, Банк Карт-шоттағы 

Карточкалық  операцияның  сомасын  қалпына  келтіреді.  Негізгі  шағымды  Халықаралық  төлем  жүйесі  даулы 

Карточкалық  операцияның  сомасынан  асып  түсуі  мүмкін  айыппұлмен  жазалайды.  Банк  Карточканы 

Ұстаушының келісімінсіз Карт-шоттан айыппұлды ждәне негізсіз шағымның сомасын алып қоюға құқылы.  

13. Карточканы Ұстаушының назарына  

13.1. Карточканы ұстаудың барлық мәселелері бойынша Карточканы Ұстаушы Contact-centre-ге жүгіне алады:  

+ 7 (327) 330 7777.  

13.2Халықаралық төлем жүйесінен ақпаратты дер кезінде алу мақсатында Карточканы Ұстаушы тұрғылықты 

мекен-жайы және/немесе телефон нөмірі өзгерген жағдайда Банкті хабарландырады. 



 

жүктеу 429,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау