Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет274/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   772
tusipkaliev pediatria

Патогенезі.
Созылымалы пневмонияның дамуы ҽртҥрлі себептердің қатысуымен 
жҥретін, кҥрделі патологиялық процесс. Созылмалы пневмонияның патогенезін тҥсіну 
ҥшін пневмосклероздың, бронхтар деформацияларының жҽне қабыну процессінің 
созбалану механизмдерін білу керек. Пневмосклероздың патогенезінде бронхтардың 
ҿткізгіштігінің бҧзылуының маңызы зор. Жоғарыда кҿрсетілген себептердің біреуімен 
бронх саңалауларының жабылуы ателектазға душар болған бҿлікте ауаның ішке қарай 
сорылуына ҽкеледі де, альвеолдар сола бастайды. Ателектаздық бҿлікке қан жҽне лимфа 
кҿп келіп, ҿкпе тініне сероздық сҧйықтық шыға бастайды. Ҿкпе тініндегі жҽне 
бронхтардағы қабыну бҿліктерде ҿтеді. Ҿткізгіштіктің, яғни белсенді вентиляцияның 
бҧзылуы, қабыну қҧбылысына себепкер болады. Ал, қабыну қҧбылысы вентиляцияның 
бҧзылуына ҽкеледі. Ҽрине, ҿткізгіштігі, яғни табиғи желдендірілуі бҧзылған бҿліктерде 
қабыну қҧбылысы ҿте ҧзақ жҥреді, ол пневмосклерозға тҽн жағдай. Аурудың ҿте ҧзақ 
болуы, ауру қоздырушының қасиетіне қандай тҽуелді болса, организмнің реактивтілігіне 
де сондай тҽуелді болады. Аурудың дамуы ҥшін бронхтар ҿткізгіштігінің бҧзылуы жҽне 
ҿкпе паренхимасының қабынуымен қатар, ҿкпенің нервтенуінің, қан жҽне лимфа 
айналысының бҧзылуыныңда маңызы аз емес екенін ескеру керек. Жедел қабыну 
кезеңіндегі белсенді гиперемиядан бастап, ателектаз кезеңіндегі пассивті гиперемияға, 
тіпті ҿте тереңге тараған созылмалы пневмонияда байқалатын бҧзылыстарға дейін 
байқалатын ҿкпедегі қан айналуы бҧзылуының ҿзгеру кезеңдері жан-жақты зерттелмеген. 
Созылмалы пневмонияның патогенезі бронхтардың деформациясы мен пневмоскле-
роздың ҿзара қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Осы екі процесстің созылмалы 
пневмонияда кездесетініне қазіргі кезде еш кҥмҽн келтіруге болмайды. Ҽдебиеттерде 
бірінші бронхтар зақымдалама, ҽлде пневмосклероз болама деген екі кҿзқарас бар. Бҧл 
ҧғымдар толық расталмаған, себебі бҧл фактордың екіеуі де бір-бірінсіз жҥрмейді. 
Пневмонияның кҿп тҥрлерінде бронхит бірінші жҥреді. Алайда кҿрсетілген процесстер 
бір-біріне ҽсер ете отырып, бірдей дамиды.
Ҧзаққа созылған сегменттік пневмонияда (ал созылмалы пневмония ҽрқашан 
созылмалы моно-, полисегменттік пневмониядан оң дамиды), тіпті ҿте ерте кезеңінде-ақ 
бронхтар деформациясы пайда болады. Бҧл деформациялар қолайлы жағдайда, «транзит-
тік деформациялар», деп аталатын кері дамуға ҧшырайды. Ал, егер осы кезде пневмоскле-
роз дамыса, онда бҧл деформациялар тҧрақты болады. Бронхтардың деформациялану 
дҽрежесі қабыну процессінің дҽрежесіне жҽне этиологиялық фактордың айқындылығына 
байланысты, ал олардың тҧрақтылығы дҽнекер тіннің жетілуіне байланысты болады. 
Бронхтардағы қалыптасқан деформациялар кҿптеген жылдар сол қалпында қалуы мҥмкін. 
Созылмлы пневмонияда бронхтардағы созылмалы қабыну процессінің пайда болуын 
қҧрылымы ҿзгерген бронхтардың ауа ҿткізгіштік қызметінің кҥрт бҧзылуымен тҥсіндіруге 
болады. Бронхтардың негізгі желдендіру қызметінің бҧзылуынан басқа, пневмосклероз 
бҿлігінде ҿзін-ҿзі тазалауы да кҥрт бҧзылады. Деформацияланған бронхтарда қызмет 
атқаратын кірпік тҽріздес алаңның ауданы азаяды, бҧл бокал тҽрізді жасушалардың 
санының кҿбеюі себепті кілегейдің кҿп шығуымен қоса, клегей бездерінің белсенділігіне 
ҽкеледі де, бронх секрециясының іркілісін туғызады. Бронх қҧрылымының кҥрт ҿзгеруі 
тыныс алу кезіндегі бронхиальды динамиканы бҧзады, осының салдарынан бронхтардың 
патологиялық гиперсекрециясы пайда болады жҽне олардың дренаждық қызметін 
тҿмендетеді. Ҽдебиетте созылмалы пневмонияның дамуында аутоиммунды процесстердің 


285 
маңызы бар екендігін кҿрсететін мағлҧматтар бар. Бірақ, қандағы ҿкпеге қарсы 
зақымдаушы ҽсері жоққа шығарылмаған немесе дҽлелденбеген аутоантиденелерден басқа 
толық дҽлелдеме жоқ. Созылмалы пневмонияда кҿптеген мҥшелердің, соның ішінде ең 
бірінші ҿкпенің, қызметі бҧзылады. Тіптен кішігірімдың ҿзі ҿкпенің ҿмірлік сиымдылы-
ғының, ҿкпенің минуттық желденуінің, тыныс алудың шегі мен қорының жасырын жҽне 
айқын тҿмендеуіне ҽкеліп соқтырады. Ҿршу кезінде, тіпті шектелген пневмосклероз болса 
да, гипоксемия жҽне гиперкапния дамиды. Бҧл кезде рефлекторлық ҽсерімен қатар, 
гипоксемия жҥрек бҧлшық еттерінің зақымдалуына, ҿкпенің артериялалары мен 
прекапиллярларының тарылуына ҽкеледі, яғни ҿкпелік гипертензияның дамуына себепкер 
болады. Бҧл жағдай одан ҽрі ҿкпедегі қан ағысының кедергісін арттырады. Бҧл кезде 
гипоксемия салдарынан полигиповитаминоз дамиды, белок, кҿмірсулар, май алмасулары 
бҧзылады, жасушалар мен тіндерде метаболизмнің бҧзылуы салдарынан қышқыл-сілтілік 
жағдай ҿзгереді, фагоцитоз, қан ферменттерінің белсенділігі тҿмендейді жҽне арнайы 
қорғану факторларының тҥзілуі бҧзылады жҽне т.б. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау