509
миелодисплазияда, гиперпролиферацияда (бҥйрек, эндокрин ауруларында, белоктік
жетіспеушілікте) орын алады.
Макроцитоз бен гиперхромия – В
12
витамині жетіспеушілігінде, фоль қышқылы
жетіспешілігінде, дизэритропоэтикалық, туа біткен жҽне пайда болған анемияның ерте
сатысында, гипотиреоздағы жҽне бауыр патологияларындағы анемияларда байқалады.
Гемоглобин молекуласының тҥзілуіне қажет ҿнімдердің организмде жеткіліксіз
тҥзілуі немесе сіңірілуінің бҧзылысы салдарынан дамитын анемиялар – жетіспеушілік
немесе зҽрулік (тапшылық) анемиялар деп аталады. Анемиялық жағдайдың қҧрамындағы
негізгі орынды темірге зҽрулік анемия алады (50-80%). Ағзадағы барлық металлдарда
қалыпты ҿмір сҥру ҥшін ҿте қажетті болып келеді. Оның ішіндегі ерекше орынды сан
жағынанда, атқаратын қызметі жағынан да, темір алады. Темір-оттегіні тасымалдаушы
негізгі элемент қана емес, сонымен қатар миоглобин, клеткалық тыныс алу
ферменттерінің қҧрамынада кіреді.
Ҿсіп келе жатқан бала ағзасының эндогенді темірге физиологиялық жағдайд ағы
қажеттілігі екі фактормен анықталады: ол қалыпты ҿмір сҥру қҧбылыстары кезінде
міндетті тҥрде жҥріп отырады, яғни темірді жоғалту жҽне дене салмағының ҿсуі. Қанның
мҿлшеріде кҿбейіп отырады деген сҿз. Эритропоэздің басылуы ағзадағы темір мҿлшерінің
шектелуі мен тамақпен оның жеткіліксз тҥсуімен қабаттасуының салдарынан бала
ҿмірінің алғашқы екі, кейде ҥш айлығында гемолгобин деңгейінің ҿзіне тҽн ҿзгерістеріне
ҽкеліп соқтырады. Осы кезеңдерде эритроциттер саны мен гемоглобин мҿлшері екі мҽрте
тҿмендеп кетеді. Біріншісі ерте, яғни сҽбидің 2,5-3 айлығында, байқалады жҽне
физиологиялық болып келеді. Ол ерте физиологиялық анемия деп аталады. Ал, екіншісі
неғҧрлым кеш, яғни сҽбидің 4-5 айлығында байқалады да, нағыз темір жетіспеушілік
анемияның бір тҥрі болып келеді (кеш физиологиялық анемия) жҽне ем талап етеді.
Шала туылған нҽрестелерде бҧндай жетіспеушілік анемиялары ерте байқалады.
Оларда салмақ қосу неғҧрлым қарқындырақ болса, солғҧрлым анемия ерте байқалады.
Шала туылған нҽрестелер анемиясы 1-ай соңында немесе 2-ші ай басында байқала береді.
Негізінен шала туылған нҽрестелердің ерте анемиясы 2,0–2,5 айда байқалса, кеш
анемиясы 4 айлықта байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: