Bacillus megaterium var. phosphaticum - 2 бөлім: Firmrcutes
- 1 класс: Firmibacteria
- 2 топ
- Тұқымдас: Bacillaceae
- Қатар: Bacillales
- Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етеді.
- Топырақтағы нуклеин қышқылының құрамындағы фосфордың 86 пайызын өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.
«АМБ» бактериялы тыңайтқышы - Бұл тыңайтқыш қарашірікті ыдыратып, өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын топырақ микроорганзмдерінің бір тобынан даярланады. Микроорганизмдердің осы тобын, сол тыңайтқышты ұсынған Н. М. Лазарев «Аухтотонды микрофлора «Б» немесе қысқартып «АМБ»деп атаған. Қышкыл батпақты, шымды күлгін және күлгін, рН көрсеткіші төмен топырақтар түрлі микроорганизмдердің топтарына өте кедей келеді де, оларда өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жеткіліксіз болады. Осындай топырақтарды өңдегенде әкпен бірге «АМБ» препаратын қолданады. Бұл қарашіріктің микробиолоғиялық жолмен ыдырауын тездетеді, сөйтіп өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Силикат бактерияларынан даярланған препарат. - Калий — өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың бірі. Ол жетіспегенде қант пен белок заттарының жиналуы тежеледі, яғни фотосинтездің дұрыс журуіне әсер етеді. Бұл түсімділіктің кемуіне әкеліп соқтырады. Калий тамыр системасының дамуын жақсартады, өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін және түрлі ауруларға шыдамдылығын арттырады. Жалпы топырақта калий мол болғанымен, оның көпшілігі қосылыс күйінде, яғни өсімдіктерге сіңімсіз түрде болады. Калийдің өсімдікке тиімділігін арттыру мақсатында В. Г. Александров силикат бактерияларын қолдануды ұсынды. Ол бактериялар калийді қосылыстардан босатып, топырақ ерітіндісіне араласуына, көмектеседі.
Қорытындылай келе, егіншілікте қолданылатын түйнек бактериялары болды. - Түйнек бактериялары кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырында түйнек түзіп және олармен селбесе даму нәтижесінде атмосферадан азот сіңіріп, өсімдікке қажетті физиологиялық белсенді заттар түзеді. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің (жоңышқа, т.б.) топырақты азотқа байытатынын алғаш рет француз химигі Ж.Б. Буссенго (1802 – 87) байқады. Егер бұршақ дақылдарының тамырында Түйнек бактериялары көп жиналса, онда бұл өсімдіктер байланысқан азоттың болмағанына қарамастан тіршілік ете береді.
Жас Түйнек бактериялары таза дақылдарда : - пішіні таяқша тәрізді,
- көл. 0,5–0,9*1,2––3,0 мкм,
- спора түзбейді,
- терісграмды (Грам әдісі бойынша клеткалары боялмайтын) бактериялар
- Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар.
- Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Сонымен бірге мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |