209
тұлғаның үйлесімді дамуында, денсаулықты нығайтуында, дене және спорттық жетілдіруде
нақты және жалпы мақсаттар мен міндеттерді қоя
білу және шешу, оларды анықтау.
- жарыстар өткізу;
- жаттығушылардың қозғалыс техникасында туындаған қателіктер себептерін анықтау,
олардың алдын алу үшін құралдар мен тәсілдерді таңдау, өзін-өзі тексеру және жетілдіру
үшін жағдайлар туғызу;
- дене шынықтыру және спорттық істе таңдаған спорт түрінің жеке бас және әлеуметтік
маңыздылығын дәйектеу, оның әлеуметтік-мәдени көрінісіндегі дамуының бағыты мен
шарттарын болжау, тұрғындардың таңдаған спорт түрімен айналысуы үшін уәждемесін
қалыптастыру;
- кәсіби лексиканы қолдану;
- дене тәрбиесінің заманауи құралдарын қолдану, оқытудың және тәрбиенің әдістерін,
жаттығушылардың психологиялық, спорттық, жасерекшеліктерін ескере отырып сабақ
түрлерін қолдану;
- дене шынықтырушылық және спорттық жаттығулардың тиімділігін жоғарылату үшін
техникалық құрал-жабдықтарды;
Игере білуі керек:
- таңдаған техникалық, сондай-ақ, көмекші және негізгі техникалық элементтерін
көрсету және түсіндіру әдістерін;
- таңдаған спорт түрлеріндегі жарыстағы және жаттығудағы жүктемені бақылау және
қалыптастыру амалдарын.
Пәннің пререквизиттері: маманданушы студенттердің бұл пәнді меңгеруі үшін дене
даярлығының біліктілігі мен дағдылары болуы керек:
Постреквизиттері: мамандану пәндерінен
қабылданған білімі, біліктілігі мен
дағдыларын кіріспе педагогикалық және жаттықтырушылық тәжірбиені өту кезінде, «ТСТ
оқыту әдістемесі» пәнің үйренуінде пайдаланылуы мүмкін.
Мамандық курсының оқу бағдарламасы сабақтарды дәріс, тәжірибелік, СОӨЖ, СӨЖ
(семинар, әдістемелік) сабақтар мен оқу тәжірибесі ретінде де өткізуді ескереді.
Дәріс сабақтары кезінде студенттерге спорт түрінің даму тарихы, заманауи күйі мен
даму келешегі, оқытудың әдісі, тактика, техника негіздері, спорттық жаттығудың негіздері,
БЖСМ, жалпы білім беретін мектептердегі әртүрлі топтардағы сабақты ұйымдастыру
бойынша негізгі мәліметтер хабарланады.
Тәжірибелік сабақтарда студенттер таңдаған спорт түрінің тактикасы мен техникасын,
төрешіліктің тәжірбиелік дағдыларын, оқыту әдістемесін меңгеріп шығады.
Әдістемелік сабақтарда алынған білім, жаттығу таңдаудағы дағдылар, сабақ үшін топ
ұйымдастыру, оларды өткізу әдістемесі жүйеленіп, тереңдетіледі. Оқу-әдістемелік
құжаттамаларды құрастыру және төрешілік құжаттамаларды басқару жүргізіледі. Әртүрлі
дәрежелі жарыстарды ұйымдастыру.
Семинарлық сабақтарда дәрістік, тәжірибелік және әдістемелік сабақтардан алынған
білім кеңейтіліп, бекітіледі. Білімнің игерілуін тексеру және бақылау жүргізіледі.
Студенттердің жеке жұмыстары оқулықтар, оқу құралдары және қосымша әдеби
бастаулар, үй жұмысын орындау, жарыстар өткізу және ұйымдастыруға қатысу,
сайыстардағы төрешілік, жетекші мамандардың тәжірибесін меңгеру бойынша
бағдарламалық
ақпар
алуға
септігін
тигізеді.
Пән бойынша студенттер үлгерімін есептеу екі шекті бақылау мен ЖОО-мен
құрылған мерзімде тапсырылған емтихан түрінде жүргізіледі.
Оқу бағдарламасын меңгеру аяқталарда студенттер келесі құзыреттіліктерді иеленуі
керек:
Негізгі құзыреттіліктер (НҚ):
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша білімі мен тәжірбиелік
іскерлігін меңгеру; мақсатты қою және шешуді білу, стандарттық емес шешімдерді қабылдау;
оқытушы мен оқушылардың қызметің ұйымдастыру және болжау, зерттеу, жоспарлау,
210
модельдеу; оқытушылар мен жаттықтырушылар қызметінде мультимедиялық және
интернет – технологияларды қолдану.
Пәндік құзыреттіліктер (
ПҚ):
Спортшылармен жаттықтырушы жұмысында және мектепте дене шынықтыру
сабағын өткізу кезінде инновациялық технологияларды қолдануды меңгеру; ғылыми білімнің
педагогикалық
бейімделу
жүйесін,
қызмет
тәсілдерін
меңгеру,
оқушылармен
спортшылардың білім мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту.
Арнайы құзыреттіліктер (АҚ):
Кәсіптік қызметте білімге, теориялық білімді пайдалану дағдысы мен біліктілігіне ие
болу; кәсіптік қызметте стандартты емес және балама шешімдер таба білу, сын тұрғысынан
ойлау,
идеяларды
жүзеге
асыруда шығармашылық тәсілді
пайдалану; кәсіби
дамуға, тұрақты кәсіби ынталануға дайындықты қалыптастыру.