Бакалавриат Высшее педагогическое образование



жүктеу 6,57 Mb.
Pdf просмотр
бет46/175
Дата19.11.2018
өлшемі6,57 Mb.
#21553
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175

121 

 

-  берілген  нақты  мамандық  саласындағы  танымдық-қатысымдық  міндетті  шешуге 



керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 

- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, 

тақырыпты,  негізгі  мазмұнды,  оның  жеке  мағыналық  бөлімдері  бойынша  негізгі  ақпаратты 

тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар: 

-  іскери-ресми  екі  немесе  бірнеше  адамдардың  арасындағы  кездесулердегі  сұхбат 

мазмұнын,  негізгі  ойды  түсініп,  қорытынды  жасай  білуі  керек.  Мәтіндердің  тақырыбы 

студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес алынады. 

Оқылым әрекеті бойынша мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент: 

- оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөлімдері арасындағы логикалық 

және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. 

-  студент  мамандық  саласы  бойынша  берілген  мәтіннің  мазмұнын  өз  көзқарасы 

тұрғысынан  толықтырып,  өзгертулер  енгізе  отырып,  әңгімелеп  бере  білуі  қажет.  Мәтіннің 

түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы 

тиіс.  Мамандық  саласы  бойынша  берілген  мәтінді,  ғылыми  мақаланы,  баяндаманы  оқу 

барысында студент төмендегі жайттарды орындай білуі қажет: 

-  оқудың  басты  стратегияларын  қолдана  білуі;  мәтіннің  негізгі  идеясын  түсініп,  оның 

ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;  

- хабарға, апаратқа өзінше  түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс. 

Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып  мазмұнын 

терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып 

бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе білгені жөн.  

Егер  эссе-шығарма  болса,  мәтін  мазмұнының  ауқымы  800-1000  сөзден  тұруы  тиіс. 

Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, 

ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс. 

Студент сонымен қатар: 

-  мамандығы  бойынша  таңдап  алған  тақырыпқа  жоспар  құру  арқылы  осы  тақырып 

бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды байыта жаңғыртып, толықтырып, 

өз бетінше өңдей білуі тиіс; 

-  ғылыми  баяндама,  мәлімдеме,  хабарлама  жазу  үшін  ойды  логикалық  жүйемен 

жазбаша құра білу тиіс; 

- нақты  мамандығы  бойынша  оқыған  кітаптары,  мақалалары  немесе  тыңдаған 

хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.  

Әдеби  шығармалар  немесе  мақалаларға  сын  баға  беріп,  күрделі  жоспар,  эссе, 

түйіндеме, пікір жаза алады. 



Айтылым  бойынша  студенттер  өздеріне  ұсынылған  тақырыптардың  біріне  таңдауы 

бойынша  сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай  сөйлесімде  төмендегідей 

шарттар  ескеріледі:  Студенттің  берілген  тақырып  бойынша  таңдаған  кәсібі,  мамандығы 

жайында  әңгемелеп  айта  білуі,  баяндама  жасай  алуы,  сұхбат  құра  білуі  тиіс.  Диалогтық 

сөйлеуде студент: 

-  айтушының  ой-пікіріне  өзінің  тұжырымдарымен  жауап  беріп,  әр  түрлі  сұрақтар  қою 

негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі

-  мамандығы  бойынша  жаңалықтармен  бөлісіп,  ол  жайында  өз  көзқарасын  серіктесіне 

жеткізе білуі; 

- естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс. 

 Типтік    бағдарламада   ЖОО-да  дайындалатын  барлық  мамандық  түрлері  бойынша 

лексикалық  тақырыптар  тізімін  беру  мүмкін  емес.  Оны  әр  оқу  орны  өз  бағдары  мен 

жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды.  

Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері 

В

1

 – негізгі жеткілікті деңгей



 

 

Студент бітқатар коммуникативті тапсырмаларды орындай алуы қажет: 




122 

 

- кәсіби  қатынас  саласындағы  қатысымды-тілдік  құрылымдарды  түсіне  және  қолдана 



білуі керек; 

- кәсіби бағдарлы  мәтіндердегі негізгі ойларды түсінуі, оған қатысты өз ойын білдіруі, 

мәтін мазмұнын құптауы немесе келіспеуі, қосымша деректер негізінде баяндай алуы қажет. 

Студент  өз  мамандығы  бойынша  ойын  жаза  алуы,  болашақ  қызметі  туралы  баяндай  алуы 

міндетті. 

В

2

 – негізгі стандартты деңгей 

Студент  берілген  деңгей  негізінде  төмендегідей  коммуникативті  тапсырмаларды 

орындай алуы қажет:  

-  кәсіби  қатынас  саласындағы  әр  түрлі  қатысымдық  міндеттерді  шешу  кезінде 

мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, қолдана білуі қажет

-  қазақ    тілі   грамматикасының  негізгі  заңдылықтарын  меңгеріп,  оны   кәсіби  

жағдаяттарда қолдана алу қабілеттілігі; 

- оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі мен дағдысын  кәсіби  қызметте қолдана алу 

қабілеттілігі; 

- өз мамандығына қатысты  кәсіби  жағдаяттарда ойын  қазақ   тілінде  дәлелді, жүйелі 

жеткізе білу қабілеттілігі; 

- кәсіби  бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды, БАҚ -тағы күнделікті жаңалықтан кәсібіне 

қатысты ақпараттарды түсіну қабілеттілігі; 

- қазақ тілінде өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алу қабілеттілігі. 

-  кәсіби   терминдермен  жұмыс  істеу  барысында  оқығаны  туралы  өзінің  бағасын  бере 

отырып, пікірін, ойын  қазақ   тілінде  дұрыс айта білу қабілеті. 

- өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау қабілеті. 



С

1

 – С



– негізгі стандарттан жоғары деңгей 

Студент берілген денгейі негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай 

алуы қажет. 

Тіл  иесінің  жылдам  айтылған  сөзін  түciнy.  Ғылыми  еңбектерді  оқып  баяндай  бiлy. 

Мәжіліс,  жиналыстарда  өзіне  қажетті  ақпарат  пен  мәліметтерді  жаза  алуы.  Өз  кәсіби 

шеңберінде  кеңес  беріп,  пікір  білдіруі.  Өзінің  ғылыми  зерттеу  тақырыбы  бойынша  мақала, 

баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және 

күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті. 

Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқадағы кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент: 

-  берілген  нақты  мамандық  саласындағы  танымдық-қатысымдық  міндетті  шешуге 

керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 

- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, 

тақырыпты,  негізгі  мазмұнды,  оның  жеке  мағыналық  бөліктері  бойынша  негізгі  ақпаратты 

тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар: 

-  іскери-ресми  кездесулердегі  екі  немесе  бірнеше  адамдардың  арасындағы  сұхбат 

мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. 

 

АҒЫМДЫ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ, ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР 

БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛЫҚТАР 

Кредиттік  технология  бойынша  баллдық  жүйе  студенттің  білім  деңгейін  бағалауда 

маңызды  рөл  атқарады.  Студент  біліміне  объективті  түрде  қойылатын  қорытынды  баға 

бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және 

оқу кезеңіндегі студенттің жалпы жинаған баллдың көрсеткішімен анықталады. 

Бақылаудың 3 түрі бар: 

1) ағымды (апта сайын немесе модульді аяқтаған соң); 

2) аралық (кесте бойынша, 7 апта, 14 апта); 

3) қорытынды (курсты аяқтағаннан кейін). 

Әр аптада сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, сөздік  диктант және т.б. түріндегі ағымды 

бақылау алынады. 



жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау