422
1. Студенттер бойында мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылықты
тәрбиелеу, өзіндік білім алуға деген дағдыларын қалыптастыру.
2. Практикант-студенттерді бастауыш сынып жұмысының күн тәртібіне бейімдеу.
3. Студенттердің бойында бастауыш мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын
жүргізу және ұйымдастырудағы бастапқы педагогикалық дағдыларды қалыптастыру.
4. Студенттерде дене шынықтыру пәні бойынша «сынама» және «сынақтық»
сабақтарын дайындау және өткізу дағдыларын қалыптастыру; күн тәртібінде дене
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын өткізу, сондай-ақ, 7-10 жастағы оқушылармен
жасерекшеліктерін есепке ала отырып сыныптан тыс дене шынықтыру және спорттық іс-
шараларды дайындау.
5. Бастауыш топ сынып жетекшілері және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық
тәжірибесін жинақтау және зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-тәрбие жұмысының мазмұнымен және жалпы бастауыш мектеп жүйесімен
танысу.
Хабарларды тыңдау және дәптерге жазу:
- тапсырмаларды, бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігінің
қойылымдарын;
- бастауыш мектептің дене шынықтыру қойылымдары, материалды- спорттық база, оқу
құжаттарын жүргізу тәртібі, дене шынықтыру мұғалімі жұмысының мазмұны, білім
алушылардың санын және дайындық деңгейлерін;
- мектептің спорттық базасымен танысу.
Тәрбие жұмысы.
Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде студент-практикант міндетті:
1. Бастауыш сыныптардың сынып жетекшісінің құжаттамасымен танысу:
- оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарының мазмұнының құрылымымен,
сыныптық сағаттардың тақырыптарымен танысу;
- сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуінің мазмұнымен
және түрімен танысу;
2. Тәрбиелік іс-шараға қатысу немесе бастауыш сынып мұғалімінің сыныптық (тәрбие)
сағаттар жүргізудегі қолданатын әдістемесін бақылау, әдістері, тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру жолдары мен құралдары (талдау кестесіне сай жазу);
Ескерту: студенттер тек бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды ғана орындап
қоймай, сонымен қатар, сынып жетекшісіне бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие
жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетуі керек.
«Дене шынықтыру» пәнінен сабақ беру:
1. Топтағы жолдастарына көмек ретінде және дене шынықтыру пәнінен бірнеше
сынама сабақтарының өткізілуіне қатысу;
2. Әдіскердің, практиканттардың және дене шынықтыру мұғалімінің қатысуымен дене
шынықтыру пәнінің бір бөлігін дайындап өткізу.
Спорттық-қоғамдық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу:
1. Өздігінен 5-6 «қозғалыс қоңырауы» және дене шынықтыру үзілісін өткізу;
Әдістемелік жұмыс:
1. Практика барысына жеке жұмыс жоспарын құрастыру;
2. Дене шынықтырудағы оқу үдерісін жоспарлау құжаттарымен танысу;
3. Сынақ сабағының 1 конспект-жоспарын құрастыру.
4. Бекітілген сыныптың дене шынықтыру үзілісінің кешенін құрастыру және күнделікке
жазу, «қозғалыс қоңырауын» өткізу жоспары.
Студенттің есебі және қорытынды жұмысы.
Практика бағдарламасының негізгі тарауларымен жүргізілетін практикант күнделігін
толтыру.
Практиканың аяқталуымен студент қорғауға ұсынады:
423
1. Практиканттың есеп дәптері.
2. Сабақтың 1 конспект-жоспары.
3. Тәрбиелік іс-шараның 1 конспект-жоспары.
ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Практика мақсаты: студенттерді болашақ жаттықтырушылық қызметке деген
дайындығын қалыптастыру.
Практика міндеттері:
1. Студенттердің жаттықтырушы мамандығы туралы білімдерін кеңейту және
қалыптастыру.
2. Студенттерде таңдаған спорт түрі бойынша «сынама» және «сынақтық» жаттықтыру
сабағын дайындау қабілетін қалыптастыру.
3. Таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы тәжірибесін зерттеу қабілетін дамыту.
Практиканың қысқаша мазмұны
1. «Бастапқы жаттықтыр практикасын ұйымдастыру, мазмұны және міндеттері» атты
кіріспе конференцияға қатысу:
2. Практика базасымен танысу
3. БЖСМ әкімшілік және жаттықтырушы құрамымен кездесу.
4. БЖСМ
тәрбие-ісі
жөніндегі
орынбасарымен
«БЖСМ
әдістемелік-
ұйымдастырушылық жұмыстарының негіздері» атты әдістемелік сабағына қатысу.
5. Ашық жаттықтыру сабақтарына қатысу.
6. Студенттерді жаттықтыру топтарына бөлу.
7. Топ құрамымен танысу (топ санаттары, спорттық біліктілігі).
8. БЖСМ жұмыс жоспарымен танысу және практиканттың жеке жұмыс жоспарын
құастыру.
9. Жасөспірім спортышылардың дене дайындығын іріктеу сынамасы бойынша немесе
ЖДД бақылау нормативтары бойынша тестілеу.
10. жаттықтыру сабағының негізгі талаптарын ескере отырып дене қыздыру
жаттығулар кешенін құрастыруға арналған әдістемелік сабақ.
11. Жаттықтырушының көмекшісі ретіндегі жұмыс (толық сабақ кестесі бойынша).
12. Топтың
мәдени-тәрбиелік
іс-шараларының
өткізілуіне
қатысу
(топтың
жаттықтырушының рұқсаты бойынша).
13. Жаттықтырушының көмекшісі ретінде білім алуды жалғастыру.
14. Топқа өздігінен жаттығу жүргізу.
15. Мәдени-тәрбиелік жұмыстарын жалғастыру.
16. Практика барысында күнделікке жазу жүргізу.
17. Практика бойынша есеп дайындау.
18. Практиканың аяқталуына байланысты қорытынды конференцияға қатысу.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Практика мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің айрықша қызметі жүйесінде
оқу және тәрбие үдерісін іске асыру бойынша студенттердің білімін, іскерліктерін және
практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Практика міндеттері:
1. «Дене шынықтыру» пәні мұғалімінің қызметін атқаратын практикалық жұмыс
жағдайында ЖОО да алған білімі, білігі және практикалық дағдыларын тереңдету мен
пысықтау.
2. Оқу және тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратын және оқыту мен тәрбиелеудің
қазіргі педагогикалық технологияларын енгізу үшін қажетті кәсіптік-педагогикалық
дағдыларды қалыптастыру.
3. Дене шынықтыру білімі мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары, әдістері
мен тәсілдерінің мазмұнын жетілдіруге арналған озық педагогикалық тәжірибе жұмысын