67
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
Zhzh 1302 Жалпы жертану
5В011600-География
2 кредит
Алматы, 2016
68
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Мамырова К.Н. - п.ғ.к., доцент Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық
университеті
Абдиманапов Б.Ш. - г.ғ.д., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016
ж., Хаттама №
2
.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
69
ТҮСІНІК ХАТ
«Жалпы жертану» курсы оқу курсы түрлі бағыттағы география
мамандарын дайындаудағы негізгі пəндердің бірі болып табылады.
Бұл пəннің басты мақсаты – географиялық қабықты біртұтас
ғаламдық табиғат кешені ретінде қарастыра отырып, оның құрылымы мен
дамуының жалпы заңдылықтарын анықтау.
Курстың
басты міндеті – жалпы заңдылықтарға бағынған
географиялық қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера,
литосфера
) жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-
біріне бағынышты əрекеттерін оқып білу.
Бұл пəнді оқып-үйрену барысында географиялық қабықтың аумақтық
жіктелуі туралы алғашқы ғылыми түсініктер беріледі. Географиялық қабық
біртұтас планеталық масштаб құра отырып, мозаика тəрізді жекелеген жай
жəне күрделі құрылымды табиғат кешендерінен тұрады. Осы пəннен алған
білім студенттердің географиялық қабықтағы өзара байланысты жəне
бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың
толассыз дамуы нəтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе ролін
атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады жəне оны
одан əрі жетілдіре түседі.
Физикалық
география
ғылымдары
географиялық
қабық
компоненттерін зерттейді. Олар: геоморфология (жер бедерін зерттеу
ғылымы),
климатология (климатты зерттейтін) жəне
метеорология (ауа
райы), океанология (дүниежүзілік мұхитты зерттейтін), гидрология (құрлық
суын зерттейтін), топырақтану (топырақтың қалыптасу заңдылығын
зерттейтін), биогеография сияқты аса маңызды ғылым салаларымен тығыз
байланысты.
Географиялық қабықтың қазіргі табиғат жағдайын толық түсіну үшін
оны құрайтын барлық табиғат компоненттерінің даму тарихын терең білу
қажет. Ол палеогеографиялық зерттеу мəліметтеріне негізделеді.
Ұсынылып отырған бағдарлама 5В011600 – География мамандығы
бойынша мамандар дайындалатын педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттеріне арналып, оқу жоспарына сəйкес дайындалған.
Бағдарлама бес бөлімнен тұрады. «Жер аспан əлемінде» деп аталатын
бірінші бөлімде Жер ғаламшарын ғарыш кеңістігінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырады. Жер ғаламшарына Ғарыш кеңістігі мен ондағы басқа аспан
денелерінің тигізетін ықпалы күшті. Сондықтан географиялық қабық пен
70
оған тəн заңдылықтардың жүзеге асуын ғарыш əсерінсіз қарастыру мүмкін
болмайды.
Бағдарламаның екінші, үшінші жəне төртінші бөлімдері Жер
қабығының компоненттері – атмосфера, гидросфера жəне биосфераны оқып-
үйренуге арналған.
«Географиялық қабық» деп аталатын аса маңызды бесінші бөлімінде
бұған дейінгі қарастырылған білім негіздері қорытындыланады. Бөлім
соңында адамның шаруашылық əрекетінің географиялық қабыққа түсіретін
салмағының күннен-күнге артуы мен экологияның кейбір ғаламдық
мəселелері қарастырылады.
Пəн бойынша оқу дала практикасы қарастырылған.
«Жалпы жертану» пəнін оқыту нəтижесінде студент мынадай
мəселелерді жетік білуі тиіс:
•
Ғарыштағы денелердің пішіндері мен материяның түрлерін;Формы
•
Жердің пішіні мен мөлшерін;
•
Жердің өз білігінен айналуы жəне оның салдары;
•
Жердің Күнді айнала қозғалуы жəне оның салдары;
•
Атмосфера, оның құрылысы мен құрамы. Басқа қабықтармен
байланысы;
•
Гидросфераның географиялық қабықтың құрамдас бөлігі екендігін,
олардың өзара байланысын;
•
Географиялық қабықтың жалпы географиялық заңдылықтарын;
•
Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты аша білуі тиіс.
«Жалпы жертану» пəнін оқыту нəтижесінде студент мынадай
біліктілікті
меңгеруі тиіс:
•
Графиктер мен диаграммаларды талдай білу;
•
Кейбір арнаулы карталарды сызу жəне құрастыра білу
•
Климаттық, гидрологиялық жəне басқа сипаттамалар жасай білу
•
Есептер шығара білу;
•
Жер шары бойынша берілген географиялық номенклатура
жиынтығын есте сақтай білуі тиіс.