58
12-тақырып. Қазақстанның физикалық географиясы курсы
Оқушылардың физикалық географиядан бiлiм алатын соңғы курстың бiлiмдiк, тəрбиелiк, дамыту
мақсаттары.
Курстың құрылымы мен мазмұны. Курстың негiзгi бөлiмдерi:
“Қазақстан
табиғатының зерттелуi”, “Қазақстан табиғатына жалпы
сипаттама”, “Қазақстан табиғат кешендерiнiң əр түрлiлiгi”, “Табиғат
ресурстарын ұтымды пайдалану жəне табиғатты қорғау”, олардың мазмұны
жəне өзара байланысы.
“Қазақстан табиғатына жалпы сипаттама” бөлiмiн оқып-үйренуде бiлiм
мен iскерлiк қалыптастыру. Қазақстан табиғатын жалпы заңдылықтар
жағдайында оқып-үйрену. Бөлiмдi оқып-үйренуде өлке тану принциптерiн
жүзеге асыру. Проблемалы тəсiлдi пайдалану. Табиғат құбылыстары мен
процестерiн оқып-үйренуде физика, химия жəне биология пəндерiмен
байланысты жүзеге асыру.
“Қазақстан табиғат кешендерiнiң əр түрлiлiгi” бөлiмiн оқып-үйренуде
бiлiм мен iскерлiктi қалыптастыру. Курс бойынша бағдарламада көрсетiлген
сарамандық жұмыстар жүйесi.
13-
тақырып.
Қазақстанның
экономикалық
жəне
əлеуметтiк
географиясы
Қазақстан экономикалық жəне əлеуметтiк географиясын оқытудың
бiлiмдiк,
тəрбиелiк,
дамыту
мақсаттары.
Курстың
оқушыларға
экономикалық, экологиялық жəне политехникалық бiлiм берудегi маңызы.
Курстың құрылымы мен мазмұны. Курс бөлiмдерi: “Қазақстанды
экономикалық-географиялық
тұрғыдан
шолу”
жəне
“Қазақстан
Республикасы экономикалық аудандарының географиясы”, олардың өзара
байланысы, құрылуы мен мазмұнындағы ерекшелiктерi. Курстың жалпы
ұғымдар жүйесi, экономикалық географиялық байланыстардың түрлерi,
iскерлiктер жүйесi. Қазақстан физикалық географиясы пəнiмен курс аралық,
химия, физика, биология жəне тарихпен пəн аралық байланыстар. Курс
мазмұнындағы оқытудың өлке тану принципiн жүзеге асыру.
Бiлiм мен iскерлiктер қалыптастыру. Бiлiм мен iскерлiкке қойылатын
талаптар. Оқушыларды экономикалық карталар, статистикалық материалдар,
экономикалық-географиялық жəне экономикалық есептердi шығаруға,
мезгiлдi баспалар материалдарымен жұмыс iстеуге үйрету. Бағдарламада
көрсетiлген сарамандық жұмыстар жүйесi.
“Қазақстанды экономикалық-географиялық тұрғыдан шолуды” оқып-
үйрену. Экономикадағы шаруашылық салалары мен экономикалық
географиялық нысандарға сипаттама берудiң қалыптасқан жоспарын
қолдану. Курстың осы бөлiмiндегi жалпы ұғымдарды қалыптастыру əдiстерi;
оқушылардың топ серуен кезiндегi жергiлiктi жердегi кəсiпорындар жайында
алған бiлiмдерiн сабақта қолдана алуы.
“Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы”
бөлiмiн оқып-үйрену. Жаңа ұғымдарды қалыптастыру əдiстерi.
59
14-тақырып. Дүниежүзiнің экономикалық жəне əлеуметтiк
географиясы
(оның 10-11 сыныптарға арналған жаратылыстану жəне қоғамдық-
гуманитарлық бағыттары негізінде).
Дүниежүзi экономикалық жəне əлеуметтiк географиясын оқытудың
бiлiмдiк, тəрбиелiк, дамыту мақсаттары. Сыртқы экономикалық саясатымен
таныстырудағы курстың ерекше рөлi. Курстың саяси-идеялық бағыттылығы.
Дүние жүзiнiң саяси картасы. Дүниежүзiлiк табиғи ресурстар, дүние
жүзi халқы, дүние жүзi шаруашылығы географиясы, əр түрлi əлеуметтiк-
экономикалық типтегi елдердiң халқы мен шаруашылығының ерекшелiктерi
туралы жалпы ұғымдар жүйесi. Курс мазмұнындағы типологиялық тəсiл.
Қазақстан экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы курсымен бiлiм
жəне iскерлiк, дүниетану идеясы жағынан пəн iшiндегi байланыстар.
Пəнаралық байланыстар; тарихпен байланыстың ерекше рөлi.
Бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру. Бiлiм мен iскерлiкке қойылатын
талаптар. Оқыту процесiнде жоғарғы сынып оқушыларының жас
ерекшелiктерiн жəне курстың мектепте географиялық бiлiмдi аяқтаушы
екенiн еске алу. Жалпы ұғымдар қалыптастыруда дидуктивтiк жолдардың
басымдығы.
“Дүние жүзiне жалпы экономикалық географиялық шолудың” оқып-
үйрену əдістемесі. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру мен дүние жүзi
шаруашылығы салалары географиясын оқып үйренуде пəн iшiндегi
байланыстарды жасау əдiстерi. Оқушылардың картамен, статистикалық
материалдармен, оқулық мəтiнiмен өз бетiнше iстейтiн жұмыстарын
пайдалану.
15-тақырып. Географиядан факультативтiк курстар
Факультативтiк курстар – мектепте географияны оқыту формаларының
бiрi. Олардың оқушыларға бiлiм, тəрбие жəне кəсiптiк бағдар берудегi ролi.
Географиядан негiзгi факультативтiк курстар: “картография жəне топография
негiздерi”, “өлкетану”, “туризм жəне экскурсия тану негiздерi” “табиғат
қорғау”. Əрбiр факультативтiк курстың құрылымы мен мазмұнындағы
ерекшелiктер,
географияның
мектеп
бағдарламасымен
байланысы.
Факультатив сабақтарын ұйымдастыру əдісі мен формалары. Оқушылардың
шығармашылық белсендiлiгiн дамытудағы өз бетiнше жұмыс iстеу, топ
серуен, сарамандық сабақтарының рөлi. Бiлiм мен iскерлiктi тексеру
ерекшелiктерi.
Сарамандық сабақтың тақырыптары
I-тақырып. Географиядан орта мектеп бағдарламасы
Студенттердiң бағдарламамен жаттығу жəне өз бетiнше жүргiзетiн
жұмыстары. Түсiнiк хатты талдау: мектепте географияны оқытудың мақсаты
мен мiндетi; географияны оқыту процесiне қойылатын негiзгi бағдарлама
талаптары. Бағдарлама құрылымы мен мазмұнын сыныптан сыныпқа
көшудегi бiрiздiлiгi жəне бiлiм мен iскерлiк дамуы тұрғысынан талдау.